ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАТЫН АЙ
Меңдіқара ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 18:19
Меңдіқара ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Меңдіқара ауданы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
06:39 08:20 12:34 14:49 16:38 18:19
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Бас имам блогы

ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАТЫН АЙ

Он екі айдың сұлтаны Рамазан – жақсылықта жарысатын қайырымдылық айы. Бұл айда басқа уақытқа қарағанда анағұрлым көбірек ізгілік пен жақсылық жасауға ұмтылған жөн.

Әли ибн Әбу Толиб (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ақиқатында жәннатта сыртынан іші, ішінен сырты көрінетін (ғажайып сәулетті) үйлер бар», – дейді. Сонда бір бәдәуи: «Уа, Алланың елшісі! Ол үйлер кімге беріледі?» – деп сұрайды. Сол кезде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сөзі жақсы, ас берген, ораза ұстаған және жұрт ұйқыда жатқанда түнде намаз оқыған адамға беріледі», – деп сүйіншілеген екен (Термизи).

Хадисте тізбектелген жақсы да ізгі амалдардың барлығы түгел Рамазанда жасалады. Мұсылман қасиетті айда ораза тұтумен қатар түнгі намаз, садақа беру және көркем сөзді болу құлшылықтарын қатар орындауға барын салады. Бұрынғы ғалымдар: «Намаз адамды жолдың жартысына дейін жеткізеді. Ораза Патшаның (Алла Тағаланың) қақпасына алып келеді. Ал садақа адамды қолынан ұстап, Патша құзырына кіргізеді», – дейді екен. Садақа – ғажайып ғибадат. Құлшылықтың шырайын келтіріп, күнәнің кешірілуіне үлкен шарапаты бар. Ғалымдардың «Садақаның қиындық пен пәлекеттің бетін қайтаруға айрықша әсері бар. Мейлі садақаны беріп жатқан пасық кісі болса да» деген тұжырымы бар. Асыл дініміз садақаны қоғамдағы қарыздану, материалдық қиындыққа тап болу сияқты мәселелерді шешудің бір құралы еткен. Сонымен қатар мақсатқа жетуге кедергі келтіретін және адамдармен қарым-қатынасты бұзатын дүниеқұмарлық пен сараңдық сияқты теріс әдеттен арылтудың таптырмас тәсілі еткен. Ең бастысы «марапаттау да, жазалау да іске сай болады» деген дін заңдылығы бар. Олай дейтініміз сараңдық пен дүниеқұмарлыққа тап болған адамның қиыншылығы да осы мінезінен туындайды. Ал қайырымды да, жомарттық танытқан адамның да ісі табысты, табысы берекетті болады.

Құран Кәрімде: «...Сендер игілік жолында не сарп етсеңдер де, Алла оның орнын толтырады, Ол ризық берушілердің ең қайырлысы», – деген аят («Сәбә» сүресі, 39-аят) қандай жақсылық және қайырымдылық жасаса, оның қайтарымы бар екенін баян етуде. Құдси хадисте: «Уа, Адам баласы! (Жұртқа) көмек бер, Мен де саған жәрдем беремін», (Бұхари, Мүслим) – деп айтылған. Бұл адамдар бір-біріне мейірімді, жанашыр болу үшін қойылған иләһи заң. Адам ағайын-туысқа, көрші-қолаңға жәрдемін тоқтатпаса, оған Алладан келетін жәрдем үзілмейді. Көп жағдайда көмектесу тақырыбындағы насихаттар қаражаты немесе танысы бар адамға қатысты деп ойлап жатамыз. Бұл – қате пікір. Көмектесу үшін бай-дәулетті, қалталы болудың қажеті жоқ. Ең бастысы – жақсылық жасаймын деген ізгі ниет. Кейде
адам ақшаға емес, жылы сөзге, демеп-қолдауға зәру болады. Демек жақсылық ұғымын ақшамен өлшеу, оның аясын тарылту болып қалады.

Жылы сөз, түзу ойдан бастап жақсылықтың түрі көп. Кейде ақшаның емес, ақыл-кеңестің көбірек пайдасы тиеді. Мұндай кеңес алтынға бергісіз бағалы болады. Кейде дос немесе туысқанның күлімсіреп қал-жағдай сұрауы кісіге үлкен күш береді. Иығындағы уайым-қайғы жүгін сілкіп тастап, бойына жеңілдік сыйлайды. Сондықтан қасиетті Рамазанда ізгілікте жарысып, қолдан келген жақсылықтан аянып қалмау қажет.

Екі дүние сұлтаны Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Рамазанда ерекше көңіл бөлген жақсылықтары жайлы Абдулла ибн Аббас (оған Алла разы болсын) еске алып былай дейді: «Алла елшісі адамдардың ең жомарты еді. Ол әсіресе Рамазанда Жәбірейіл періштемен кездескенде айрықша жомарт болатын. Жәбірейілмен Рамазанның барлық кешінде жолығып, Құран оқитын. Алла елшісі Жәбірейілмен кездескенде ескен желден де жомарт болатын», – деген (Бұхари, Мүслим). Имам Науауи (оған Алла разы болсын): «Бұл хадистен көптеген өнеге алуға болады. Хадисте Алла елшісінің асқан жомарт екені айтылуда. Рамазанда жомарттықты көбейту құп саналатыны, ізгі және жақсы адамдармен кездескен соң, олармен басқосудың әсері ретінде жақсылық және жомарттық жасау, Рамазанда Құранды дәріс етіп оқып үйрену», – деген екен (Науауи, Сахих Муслимге шарх, 15/69). 

Имам Шафиғи: «Жұрттың Алла елшісін өнеге тұтып, Рамазан айында ерекше жомарт болуын құп көремін», – деген болатын. Жыл он екі ай қайырымдылық және жомарттықпен айналысатын адамдар Рамазанда өзгелерден артық белсенді болған жөн. Ибн Ражаб (оған Алла разы болсын): «Пайғамбарымыздың Рамазан айында ерекше жомарт болуының көптеген өнегелік тұсы бар. Соның бірі – маусым шарапаты және жақсылық сауабының еселенуі. Ораза тұтқан, түнгі намаз оқыған және Құран тиләуат еткендердің құлшылығына (ас-су және садақа беріп) жәрдемдесу. Жәрдемдескен кісіге де солар алғандай сауапқа лайық болады», – деген (Ибн Ражаб, Латоиф Мағариф, 166-бет).

«Ораза неге парыз етілген?» деген сұраққа бұрынғылар «Бай-дәулетті адамның аштықтың дәмін сезіну үшін, аш-жалаңашты ұмытпауы үшін» деген екен. Әрине бұл – оразаның мың бір сырының біреуі ғана. Табиғин, хадисші ғалым Ибн Шиһәб Зуһри (оған Алла разы болсын): «Шын мәнінде, Рамазан – Құран тиләуат ететін және ас беретін маусым», – деген екен. Әбу Ханифаның ұстазы Хаммад ибн Әбу Сулайман (оған Алла разы болсын) Рамазан айы бойы бес жүз кісіге ауызашар және сәресі беретін. Рамазан айынан кейін айт күні бес жүз кісінің әрбіріне жүз дирһамнан беретін. 

Неліктен мұсылмандар рамазанда көбірек садақа беруге тырысады? Өйткені сахаба Әнас ибн Малик (оған Алла разы болсын) риуаят еткен хадисте: «Ең абзал садақа – Рамазандағы садақа», – делінген (Термизи). Неліктен Рамазанда садақаға басымдық береді? Өйткені бұл – Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткен өнеге. Қоғамдағы көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылар және білім жолындағы шәкірттер, басқа да белгілі топтар жәрдемге мұқтаж. Сонымен қатар садақаның оразаны толықтырушы қасиеті бар. Ораза күндері мейлінше сөз бен іс-әрекетті түзу ұстауға дағдылану қажет. Десе де адам баласы болған соң, қателіктер орын алып жатады. Оразаны қате-кемшіліктен тазалап, мейлінше кемел ете түсетін ізгілік – садақа беру. Рамазандағы пітір садақаның сыры да сол.

Оразада көбірек жасалатын жақсылықтың тағы бірі – ауызашар дастарқанын жаю. Құран Кәрімде: «Өздері мұқтаж болып тұрса да, пақыр-міскінді, жетім мен тұтқынды қуана-қуана тамақтандырады. Һәм оларға: «Біз сендерді тек Алла разылығы үшін тамақтандырудамыз. Бұл жақсылығымыз үшін сендерден ешқандай қарымта да, алғыс та күтпейміз», – деп баян етілгендей («Инсан» сүресі, 8-9 аяттар), сахаба мен табиғиндер дастарқан жайып дәм беруге, ас таратуға ерекше ынталы болған. Ас беру дегенде кедейлер ғана меңзелмейді. Жолаушы, жақсы адамдарға да дастарқан жаю – сауапты іс. Хадисте: «Уа, халайық! Сәлемді дауыстап беріңдер, ас таратыңдар, туған-туыспен араласыңдар! Жұрт ұйқыда жатқанда түнде намаз оқыңдар, сонда амандықпен жәннатқа кіресіңдер», – делінген (Термизи).

Абдулла ибн Омар, Дауд әт-Таи, Малик ибн Динар, Ахмед ибн Ханбал сияқты ізгілер ораза кезінде ауызашар асын мұқтаж және жетім-жесірмен бөліскенді құп көретін. Олар: «Кімде-кім ораза тұтқанға (дәм беріп) ауыз аштырса, оған дәл сондай сауап бар. Одан ораза тұтқанның сауабы ешбір кемімейді», – деген хадисті (Ахмед, Насаи) басшылыққа алатын. Ендеше, тұтас он екі айдың төресі қасиетті Құран айы Рамазанда жақсылық жасаудан шаршамаңыз. Сіздің жақсылығыңыз – Құран айына деген шүкірлік, қоғамның түзелуіне қосқан үлесіңіз. Ең бастысы, адамдарға жасаған жақсылығыңыздың сауабы сізге еселеп қайтады.

 

Төлеби ОСПАН,

Алматы қаласының бас имамы

«Иман» журналы, №3, 2024 жыл

Рамазан ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАТЫН АЙ
Он екі айдың сұлтаны Рамазан – жақсылықта жарысатын қайырымдылық айы. Бұл айда басқа уақытқа қарағанда анағұрлым көбірек ізгілік пен жақсылық жасауға ұмтылған жөн....
Қажылық ҚАЖЫЛЫҚ: БИЫЛ ҚАНДАЙ ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ?
Кімде кім Алланың ризашылығы үшін қажылық парызын өтеу барысында жаман сөзден, теріс қылықтардан, күнәлардан сақтанса, анасынан туылғандай пәк болып қайтады.
Ағымдар мен секталар ШИҒА ШЫҒАРҒАН ШЫРҒАЛАҢ
Имам Маликтің замандасы, хадис ғалымы Шағби: «Уа, Малик! Мен барлық адамның табиғатын зерттедім. Мыналар сияқты ақымақ елді көрмедім. Бұл жануар кейпінде болса есек, құс бейнесінде болса құзғын болар еді», – деп шиғалардың болмысы жайлы ой бөліскен екен....
Қоғам ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
Қазақстан атты елдің Конституциясына негізделген заң бойынша еліміз өзінің тұрақтылық жолын толеранттылықтан бастаған. Толеранттылық ізгілікті, дұрыс іс ретінде қарастырған. Толеранттылық елімізде өмір сүріп жүрген халықты бүтіндікке алып барар жол....
Пайғамбар өмірбаяны МЕЙІРІМ ПАЙҒАМБАРЫ
Ардақты Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі айтқан бес есімінің бірі – мейірімділік пайғамбары. Құран Кәрімде: «Біз сені бүкіл әлемге рахмет (мейірімділік) етіп жібердік», – деп («Әнбия» сүресі, 107-аят) Алла Елшісінің миссиясы мейірімділікке негізделгенін паш етеді....
Қоғам АТА ЗАҢ - ЕЛ ТІРЕГІ
Ата заң – елге қызмет етіп, халықтан құралған мемлекетте ізгі қоғам құру әрбір парасат иесіне жүк.
Ғұламалардың өмірбаяны ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ ӘБУ ХАНИФА МЕН АБАЙ
Бұл дүниеде өмір сүрген кезден бастап дінмен (наныммен) тығыз қарым-қатынаста болған түркілер, Қарахандар кезеңінде, сонымен қатар Саманидтер дәуірінде Ислам дінінің Сүнниттік Ханафи бағытын қабылдаған болатын. Яғни, өздерінің Ислам туралы түсініктерін Ханафилік бағыты шеңберінде құрды. Ханафи мазха...
Ислам тарихы ИСЛАМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА
Жаны саудың – тәні сау демекші, асыл дініміз адамның жан дүниесінің тепе-теңдігімен қатар физиологиялық денсаулығына да ерекше көңіл бөледі.
Рамазан ҚИСАПСЫЗ САУАПҚА КЕНЕЛТЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Қырық жасқа келген шағы. Әдеттегідей Хира үңгірінде бір-екі жұма қылуетте отыратын. Кенет ақ киімді бейтаныс кісі пайда болды. Әй-шай жоқ: "Оқы", - деді. "Мен оқуды білмеймін", - деді....
Рамазан ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-САНАСЫ ДІНМЕН ҮНДЕСЕДІ
Шамалы күннен соң Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мейрамымен қатарласа барша мұсылман жамағаты үшін қасиетті саналатын Рамазан айы басталады. Осы киелі ай қарсаңында халықтың оразаға дайындығы, елдегі діни ахуал, дін мен дәстүрдің сабақтастығы турасында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен сұхбатт...
Қоғам ІЗГІ ҚОҒАМ
Құран Кәрімнің: «Алла пайғамбарларын жіберу арқылы жер бетін түзеп жөнге келтіргеннен кейін онда бүлік шығарып, бұзғыншылық жасамаңдар...[1]», - деген аяты әр пайғамбардың адамзат қоғамына ізгілік қалыптастыратындығы жайлы баян етеді. Бұл аяттағы «түзеп жөнге келтіру» ізгілік жолына салған соң деген...
Мәнһәж СҮННЕТКЕ АМАЛ ЕТУ
Қазақ атам мұсылманшылыққа мойынсұнған күннен бастап, сүннетті салтым деп білген. Салт-дәстүрімізге сүннеттің сіңгенінің арқасында атеистік саясат замандарында да біз асыл дінімізден айырылмадық....
Қажылық «ҚАЖЫ» ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ?
Ислам дінінің бес негізінің бірі – қажылық жасау. Бұл құлшылық қаражаты мен денсаулығы көтеретін мұсылманға парыз. Құран Кәрімде: «Алла разылығы үшін Қағбаны зиярат етіп, (қажылық қылу) жолына (қаражаты мен денсаулығы) шамасы келгендерге парыз...[1]», - деген аят бар....
Қоғам ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) төрт қыздың әкесі. Кенже қызы Фатима жәннат әйелдерінің ханшайымы болатындығы риуаяттарда айтылады.
Пайым-парасат ҚИЫНДЫҚТАН ҚОРҒАЙТЫН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние салғанда кеше ғана ру-ру, ауыл-ауыл болып мұсылмандықты қабылдағандар діннен шыға бастады. Біреулері біржола кетсе, кейбір ауылдар «Зекетті пайғамбарға бердік. Ол бақилық болды, енді ешкімге бермейміз» деп малының ақысын беруден бас тартт...
Ислам күнтізбесі АЙТ - ШҮКІРШІЛІК МЕРЕКЕСІ
Рамазан құлшылық пен шүкіршілік, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, ізінше тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне қуаныш сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке....
Рамазан РАМАЗАННАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙЫМЫЗ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір сүйінші хабарында: «Алла Тағала айт күні періштелерінің алдында Өзінің пенделерін мақтаныш етіп: «Періштелерім! Өз ісін атқарған қызметшінің хақы қандай?», - деп сұрағанда, періштелер: «Уа, Раббымыз! Оның хақы – ақысын толық төлеу», ...
Рамазан ҚҰРАН ТҮСКЕН ТҮН
Қадір түні – түндердің ең қайырлысы. Хадисте айлардың қайырлысы – Рамазан, түндердің қайырлысы – Қадір түні, күндердің қайырлысы Жұма екені айтылған.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 18:19

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние салғанда кеше ғана ру-ру, ауыл-ауыл болып мұсылмандықты қабылдағандар діннен шыға бастады. Біреулері біржола кетсе, кейбір ауылдар «Зекетті пайғамбарға бердік. Ол бақилық болды, енді ешкімге бермейміз» деп малының ақысын беруден бас тартты.

Сындарлы шақта сахабалар «мұсылман болып қалғаны дұрыс, зекетін бермесе бермесін» дегендей ой айтты. Өйткені сол шақта мұсылман қоғамына үлкен қауіп төніп тұрған. Алайда Әбу Бәкір Сыддық (оған Алла разы болсын): «Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) беріп жүрген малының бас жігін маған бермейтін болса, олармен соғысамын. Зекет – малдың ақысы. Намаз бен зекеттің арасын бөлген әрбір адаммен соғысамын», – деп намаз бен зекет егіз құлшылық екенін ұғындырған еді.

Зекет – асыл дініміздің үшінші негізі. Құранның көптеген аяттарында намаз бен зекет қатар жүреді. Зекет «тазару, көбею» деген мағынаны білдіреді. Шынында зекеттің кісінің мал-дүниесін тазартып, оның еселеп көбеюіне зор септігі бар. Алла Тағала Құранда Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Олардың дүние-мүлкінен зекет, садақа ал да, сол арқылы оларды тазартып, күнәларынан арылт әрі сауабы мен ықыласының артуына дәнекер бол...» («Тәубе» сүресі, 103-аят) дейді.

Зекеттің сырын ашатын отызға жуық аят бар. Алла Тағала зекетті адамдардың мүддесі мен игілігі үшін парыз еткен. Зекет – қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық мәселені шешудің тетігінің бірі. Әрі бұл –барлық үмбеттерге ортақ парыз. Құран Кәрімде: «...Сөйтіп, оларға қайырлы да игі істер істеуді, намазды кемеліне жеткізіп оқуды және зекет беруді уахи еттік...» («Әнбия» сүресі, 73-аят) деген аят соны білдіреді.

Зекеттің әлеуметтік мәселемен қатар қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қасиеті бар. Дәулеттілер және кедейлердің арасын жақындату арқылы ұрлық, тонау және басқа да қылмыстардың алдын алады. Бұған қоса қоғамның моралдық келбеті мен адами құндылықтардың дәріптелуіне үлкен септігі бар. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қиын-қыстау кезде бауырына қол ұшын созған адамға Алла Тағала жәрдем береді. Алла мұсылманның уайымын бөліскен адамның қияметтегі қиындығын жеңілдетеді...» деп қоғамда қайырымдылық пен бір-біріне көмек берудің қаншалықты маңызды екенін айтқан.

Абдулла Омарұлы (оған Алла разы болсын): «Алла елшісімен бірге мешітте он кісі болып отырған едік. Ансарлық бір жігіт: «Уа, Алланың елшісі! Мұсылманның қайсысы абзал?» деп сұрады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мінез-құлқы жақсысы» деді. «Ең ақылдысы кім?» дегенде: «Өлімді көп ойлап, соған дұрыс қамын жасайтыны» деп жауап берді. Сосын Пайғамбарымыз: (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, мұхажирлер! Бес қасірет бар. Сол күнді сендер көрмесе екен деп Алладан тілеймін. (Біріншісі) Ел арасында арсыздық пен азғындық ашық белең алса, онда олар бұрын-соңды көрмеген түрлі ауру мен обаға душар болады. (Екіншісі) Сауда-саттықта таразыдан алдайтын болса, азық-түлік жетіспеушілігіне тап болады, (үшінші) мал-мүліктің зекетін бермейтін болса, жаңбыр жаумай қуаңшылық жайлайды...» деген еді. Демек, зекетке салық деп қарау – қателік. Бұл иләһи заңның бір тетігі. Ол бұзылса, зардабын зекет беруден бас тартқан адам емес, жаппай қоғам тартады. Сондықтан бұл парызды дұрыс насихаттау міндетіміз.

Айша анамыз (оған Алла разы болсын): «Пайғамбар әрдайым: «Уа, Алла! Тозақтан, тозақтың азабынан пана тілеймін. Байлықтың бүлігінен және кедейліктің бүлігінен Сенен пана тілеймін» деп дұға етуші еді», – дейді. Кедейліктен көз ашпаған адам Құдайын ұмыта бастайды. Байларға да іштей наразылығы туындап, іштарлық отына өртенеді. Кейде тиын-тебен үшін ар-намысын қор етуге де баруы ықтимал. Міне, осылайша кедейлік пен жоқтық күпірлік болмаса да соған жетелейді.

Демек зекет – дінімізің тірегі. Бұл ғибадаттың ғибратты тұстары өте көп. Жаппай қоғамды түзейтін факторымен қатар жеке адамның да бойындағы сараңдық, дүниеқұмарлық сияқты иманға залалы бар жат мінезді түзейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мал-дүниеңнің зекетін өтегенің – бойыңнан мал-дүниенің зиян тұсын алып тастағаның» деген. Зекетті бай-дәулетті адамның кедейге беретін ақысы деп түсіну керек. Міне, Ислам экономикасының басқа қаржы жүйелерінен ерекшелігі ешбір әлеуметтік жүйеде кездеспейтін жеңілдігінде және адами құндылықтарды сақтауында. Хадистегі «Мал-дүниелеріңді зекетпен қорғаңдар, науқастарыңды садақамен емдеңдер және қиыншылық толқынын дұға және мінәжатпен қарсы алыңдар» деген ереже осының бір көрінісі болмақ.

 

Төлеби ОСПАН,

Алматы қаласының бас имамы

«Мұнара» газеті, №8, 2022 жыл

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір сүйінші хабарында: «Алла Тағала айт күні періштелерінің алдында Өзінің пенделерін мақтаныш етіп: «Періштелерім! Өз ісін атқарған қызметшінің хақы қандай?», - деп сұрағанда, періштелер: «Уа, Раббымыз! Оның хақы – ақысын толық төлеу», - дейді. Сонда Хақ Тағала: «Періштелерім! Менің құлдарым оларға міндеттеген парызымды орындап, Маған дұға ету үшін айт намазына шықты. Өзімнің құдіреттілігім, ұлықтығым, жомарттығым, жоғары мәртебе және дәрежеммен ант етемін! Мен олардың дұғасын қабыл етемін!», - деп, кейін пенделеріне: «Қайта беріңдер! Мен сендердің күнәларыңды кешіріп, жаман істеріңді жақсылықпен ауыстырдым», - дейді. Осыдан соң адамдар күнәлары кешірілген халде қайтады», - делінген.

Мінекей, ораза ұстаушы жан осылайша Жаратушы Иеміздің арнайы сыйына кенелумен рамазанды олжалы аяқтайды. Өкінішке орай, рамазан айымен қимай қоштасамыз. Біз он екі айдың сұлтанын ерекше дайындықпен қарсы алуға әрекет еттік. Құтты айда оразаны мейлінше Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйреткендей етіп тұтуға барымызды салдық. Күндізін оразамен, ал түнін намаз оқып өткіздік. Құран тиләуат ету, тарауих намаздарында сағаттап тұру және дұғамен өткізуге ұмтылдық. Рамазанға дейін қандай болдық, одан кейінгі рухани жағдайымыз қалай өзгерді? Рамазан айында иманның ләззатын біршама сезінгендей болдық. Алайда, осы оразадағы ахуалымызды келесі рамазанға дейін сақтай аламыз ба? Ендеше, рамазан айынан кейін рухани қалпымызды сақтап қалу үшін бірнеше аятты басшылыққа алуға кеңес береміз.

Бірінші аят. Өзгеруді өзімізден бастайық.

إِنَّ اللَّهَ لا يُغَيِّرُ مَا بِقَوْمٍ حَتَّى يُغَيِّرُوا مَا بِأَنفُسِهِمْ

«Расында қандай да бір қауым өз ішінде өзгермейінше, Алла ол қауымды өзгертпейді...» (Рағыд сүресі, 11-аят).

Мәселен, сіз – әкесіз. Сіз – бала-шаға мен жұбайыңызға әрбір іс-әрекетте үлгі тұлғасыз. Отбасы тәрбиесіне қатысты ұл-қызыңызға көптеген жақсы ой салатын сөздерді көп айтатын шығарсыз. Бірақ, сол сөздер сіздің жүріс-тұрысыңыздан көрініс таппаса, айтқан сөзіңіз желге кетеді. Зая болады. Темекі шегіп тұрып, балаңызға «темекі шекпе» дегеніңіз қаншалықты өтімді болмақ. Демек, бала-шаға мен әйеліңіздің жақсы болуын қаласаңыз ең әуелі сол жақсылыққа бейімділік өзіңізден көріну керек. Ұжымда да, ағайын-туыс арасында да осы қағида бойынша әрекет еткеніміз жөн.

Екінші аят. Еңбегіміз зая кетпесін.

وَلَا تَكُونُوا كَالَّتِي نَقَضَتْ غَزْلَهَا مِن بَعْدِ قُوَّةٍ أَنكَاثًا

«Жібін жақсылап иіріп алғаннан кейін қайта тарқатып жіберіп, бүкіл еңбегін еш қылған байғұс әйелге ұқсап...» (Нахыл сүресі, 92-аят).

Бұл керемет жол көрсетуші аят. Иә, рамазанда басқа айларда жасамаған көптеген ізгі амалдарды жасадық. Қайырымдылық не екенін де үйреніп, біраз адамға көмек те бердік. Бірақ, рамазан кетті деп, той бітті дегендей рамазаннан алдыңғы қалпымызға қайта түсу – қателік. Аяттың меңзегені осы. Яғни, күні бойы аш жүріп ауыз бекітіп, Құран оқып, түндерде тарауихта тұрып, жақсы жағынан өзгеруге тырысып жасаған амалдарымыз бейне бір иірілген жібі тарқатылып кеткені секілді еңбегіміз еш кетпесін! Қысқасы, рамазаннан кейін оразадағы алған иман қуаты артпаса кемімеуі тиіс.

Үшінші аят. Туралықтан танбайық.

فَاسْتَقِيمُوا إِلَيْهِ وَاسْتَغْفِرُوهُ

«...Ендеше Оған тұппа-тура бет алыңдар және Одан күнәларың үшін кешірім тілеңдер...» (Фуссылат сүресі, 6-аят).

Рамазан жүректегі иманға серпіліс берді. Рамазан айында рухани ауаны жұтып, оның әсерін айналадан сезіне алдық. Пендешілікпен ағайын-туыс, көрші-қолаң және әріптестің арасына түскен сызатты жойып, қайта татуластық. Көңілдегі реніш кетті. Ендеше, осы алған тура бағытымыздан танбау сіз бен бізге ұлы бір міндет.

Рамазан – бізге нәпсіні тізгіндеуді үйретті. Өзгеге көмектесуді үйретті. Рамазан – бізді Құранға ғашық етті. Сағаттап құлшылық жасауға тәрбиеледі. Рамазан – бізге сабырлы адамның бейнесін көрсетті. Райяан қақпасын қағармыз деген үміт сыйлады. Рамазан – Жаратқанның Өзі ғана өлшеп беретін сауапқа жетеледі. Рамазан арқылы Жаратқанға жақындауға тырыстық.

Ендеше, ораза ұстаған бауырым, рамазаннан кейін осы асыл қасиеттерді бойымызға сіңірген қалпымызда қалуға тырысайық! Құран – әрқашан айнымас досыңыз болсын. Сабыр – әрбір жетістікке жетуге, әр шыңды бағындыруда жәрдемші болсын. Жомарттық – мұқтажға көмек қолын созуға жетелесін. Бойыңыздағы күш-қайрат елді елдестіруге, жақсылық жасауға жұмсалсын. Білім-парасатыңыз – Алланы тануға, жағымды жаңалық ашуға арналсын. Батырлығыңыз – әлсізге күш көрсетуге емес, оларға қорған болуға бағытталсын. Рухани жаңғыруға жол ашқан Рамазанмен қайта қауышуды Алла Тағала баршамызға нәсіп етсін!  Әмин!

Рамазан құлшылық пен шүкіршілік, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, ізінше тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне қуаныш сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке.
Әсілі, Ораза айт қасиетті Рамазан айы аяқталғанының белгісі ғана емес, ол – бір айлық құлшылығымыздың қуанышы мен жемісі. Имам әл-Бағауи: «Екі айт (мереке) күндерінде қуаныш пен шаттық көңіл таныту дін рәміздерінен! Әрі бұл күндер басқа күндерден жөні бөлек!», - деген екен. 
«Айт» араптың «ъид» деген сөзiнен тілімізге икемделіп енген. Айт – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышта басқосу» деген мағыналарды білдіреді. 
Айт – рамазан айындағы ораза амалының аяқталуына орайластырылған мереке. 

Ораза айт мейрамы құтты болсын! 

Алматы қаласының бас имамы Төлеби ОСПАН

 

 

Ардақты ағайын, қадірменді бауырлар! Адамзаттың абзалы, екі дүние сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған айы – мәуліт мерекесі мүбарак болсын.
Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммедтің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты тойланатын мейрам мәуліт мерекесі деп аталады. 
Күллі мұсылман қауымы құрмет тұтар мерейлі мәуліт - салауат пен тәлім-тәрбиеге толы рухани басқосулар айы. Екі дүние сұлтаны: «Кімде-кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он жарылқау береді», - деп сүйіншілеген. Мешіттерімізде Аллаға мадақ, пайғамбарымызға салауат айтылып, Тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалуда.
Мұсылмандардың өміріндегі басты идеал пайғамбардың өнегелі өмірі мен өсиетін, ғибратты ғұмырын халқымызға насихаттау – дін жанашырына ортақ игі іс. Бұл дінімізді насихаттаудың, жас ұрпақты имандылыққа, жақсы мінез-құлыққа шақырудың орайлы сәті. Құран Кәрімде: «Расында, Алла пайғамбарға шексіз нығметі мен рақымын төгіп мерейін өсіруде. Ал, Оның періштелері пайғамбарға үнемі игі тілек тілеп, дұға етуде. Уа, мүміндер! Сендер де оған салауат айтып, құрметпен сәлем жолдаңдар!», - деп ардақты пайғамбарымызға салауат айтуға үндейді.
Тағылымы мол мәуліт айында Алланың қолдауымен әз пайғамбар сүннеттерін жандандырып, туған-туыстарымызға жақсылық жасауды нәсіп етсін. Бүкіл ғаламға Алланың мейірімі етіп жіберген Елшінің есімін ардақтау, сүннетіне амал ету – сауапты іс. Осынау мәуліт мерекесі барша мұсылмандарға құтты, берекелі ай болғай! Алла Тағала тәуелсіз елімізге тыныштық, халқымызға берекет жаудырып, бірліктен айырмасын. Ел үшін игі істерімізді Алла қолдап дұғамыз қабыл болсын!

 

Алматы қаласының бас имамы

Төлеби Оспан
 
 

Бүгінгі күні білім нәрімен сусындауға қадам басушы әрбір шәкіртті һәм ұлағатты ұстаздар қауымын білім күнімен құттықтаймын! 
 Әлем екінші ұстаз деп танитын ғұлама Әл-Фараби бабамыз: «Бүгін, сіздің ыждаһаттылықпен білім алуыңыз отанымыздың дамуына жасалған үлкен үлес», - деп айтқанындай әрбір білім алушының мақсаты да ел игілігіне қызмет етуіне негізделгені абзал. Ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді», - дейді. Расында, білімді терең меңгерген тәлімгер арасынан білікті дәрігер, кәсіби мұғалім, мықты құрылысшы, инженер, ғалымдар шығады. Ал, білімді болмақ үшін сол білім қазынасы болған мұғалімдерді құрметтеу әрі әр сабағын бар ықыласпен оқу қажет. Себебі, ата-бабамыз: «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты», - дейді. Құрметті балалар, оқушылар мен студент шәкірттер!
Сіздерді ең жарқын мереке - Білім күнімен құттықтаймын! 1-қыркүйек білімнің, жаңа жетістіктер мен жеңістердің, достармен және дана тәлімгерлермен кездесудің және қызықты әлемге саяхаттың басталу күні. Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және қуанышты болсын!
 
Алматы қаласының бас имамы Төлеби ОСПАН 

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Ата Заңымыздың алғашқы бабында айқын жазылғандай, мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Тегіне, нәсіліне, ұлтына, тілі мен дініне байланысты ешкімді кемсітуге болмайды. Өйткені, Конституция бойынша адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Сондықтан да бір шаңырақ пен ту астын мекен еткен халықтың тірегі һәм сүйеніші болған Ата заңға құрмет – ұлт болашығы үшін де аманатты іс болмақ. Алла Тағала еліміздің тәуелсіздігін баянды етіп, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын арттырып, жақсылығы мен берекесін жаудырғай. Ел аман, жұрт тыныш болғай! Әмин!


Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан 

Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi