ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-САНАСЫ ДІНМЕН ҮНДЕСЕДІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 05:31
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:31 06:51 11:41 14:43 16:25 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-САНАСЫ ДІНМЕН ҮНДЕСЕДІ

| A | +

Шамалы күннен соң Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мейрамымен қатарласа барша мұсылман жамағаты үшін қасиетті саналатын Рамазан айы басталады. Осы киелі ай қарсаңында халықтың оразаға дайындығы, елдегі діни ахуал, дін мен дәстүрдің сабақтастығы турасында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен сұхбаттасқан едік.

 

– Төлеби қажы Дәділұлы, санаулы күндерден соң қасиетті Рамазан айы басталмақ. Биылғы ораза айына қандай игі істер жоспарлап отырсыздар?

– Айлардың сұлтаны Рама­занды төрткүл дүние мұсылман­дары асы­ға күтті. Бұл – Исламның бес не­гізінің бірі. Құран түскен қасиетті ай. Рамазанда балиғат жасына жет­кен, физикалық және психика­лық денсаулығы дұрыс әрбір мұсылманға ораза ұстау па­рыз. Ардақты пайғамбарымыз­дың (с.ғ.с.) Рамазандағы құл­шы­лығы жайлы сахабалар естелігіне сүйене отырып, ғалымдар бұл айда Құран оқу және қайырымдылық жасауға ерекше басымдық беру керек екенін кеңес еткен. Мәселен, әбу Ханифаның ұстазы Хаммад 500 кісіге ауызашар беріп және оларға айт күні киім-кешек таратқаны жайлы деректер бар.

Біз де ата-бабаларымыз салып берген сара жолмен Рамазанда мешіттерде тарауих намазында Құран хатым оқып, жамағатпен бірлесіп ауызашар дастарқанын жайып, көрші-қолаңға жарапазан айтып өткіземіз. Оразаға қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген са­уалдарды ескеріп, былтыр «Ора­заға қатысты 200 сұрақ» кіта­бын әзірледік. Биыл Алматыда бұл кітап 10 мың таралыммен тегін таратылмақ. Қала мешіт­терінде Рамазан айында «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы аясын­да отбасы құндылықтары, ораза­ның сырла­ры және қайырымдылық ба­ғыттары бойынша бірқатар іс-шара жоспарланған. Дін мен дәс­түрдің сабақтастығын дәріптеу мақсатында Алматы тұрғындары арасында «Жарапазан рarty» бай­қауын жарияладық. Шаһардың бас мешітінде күнделікті 500 адамға ауызашар дастарқаны жайылмақ.

Орталық мешітке қарасты azan.kz сайтына бір күнде 20 мыңнан астам оқырман кіреді. Ал Рамазан айында оразаға қатысты мәлімет іздеушілер саны 50 мың­нан асып жығылады. Сол себепті azan.kz сайтының ресми парақ­шасын қазақ-орыс тілдерінде жүргіземіз.

Осы жерде оқырмандарға ақ­парат үшін айта кетейін, оразаға, жалпы діни мәселеге қатысты қандай да сұрақтар болса, ҚМДБ жанынан ашылған Діни ақпарат беру орталығынан жауап алуға болады. Ол жерде арнайы Call-орталық жұмыс істейтін болады.

– Алматы – жастардың қаласы. Жастар тәрбиесіндегі Ислам ді­нінің орны ерекше екенін білеміз. Жас­тар тәрбиесін дінмен сабақ­тастыру қалай жүргізіліп жатыр?

– Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өске­лең ұр­пақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды мә­селе. Оны бетімен жіберсек, ұлт­тық салт-санамыздан айыры­лып қалуымыз мүмкін», – деп атап өтті. Бұл бағытта Қазақстан мұсыл­мандар діни бірлестігі жастар ісі секторы бар. Аталмыш сектор әр­түрлі санаттағы жастар арасында деструктивті діни ағымның алдын алу және иманды, ұлтжанды, отан­шыл жастарды қалыптастыру жолында жүйелі жұмыс атқарып келеді. Жастар арасында Алаш арыстары, ұлт зиялыларының кі­тап­тарын оқудан жастар арасында тұрақты түрде сайыстар өткізіледі. Біз жастарға діни сауат берумен бірге оларды түрлі волонтерлік, қайырымдылық және әлеуметтік шараларға жұмылдырамыз. Сол арқылы олардың бойына отан­сүйгіштік, мейірімділік, қайы­рымдылық және жанашырлық қасиеттерді қалыптастыруға әре­кет етеміз. Сонымен қатар қала мешіттері жұмылып, белсенді һәм озат студенттердің оқу ақысын төлеу, басқа да материалдық көмек көрсету жоспарда бар.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзінің баян­дамасында ірі қалалардан сту­денттерге арналған жатақхана салуды тапсырған болатын. Қазір осы бағытта Ал­маты қаласындағы мешіт аула­сынан жатақхана салу жұмысы басталып кетті. Міне, бұл жастар­мен жұмыстың бір парасы.

– Осыдан біраз жыл бұрын сіз Ақтөбе облысында бас имам қыз­метінде жүргеніңізде өңірде болған террорлық әрекет Ислам дініне деген көзқарасты өзгерткендей. Дәл сондай жағдай Алматыда да қайталанбас үшін не істеуіміз керек? «Былтырғы Қаңтар оқиғасының артында да дін атын жамылған діни экстремистік ұйымдар тұрды» деген болжамдар айтылды.

– Сол Ақтөбедегі жан түр­шігерлік оқиғадан түйгенімді екі ауыз сөзбен айтар болсам, діни сауатсыздық – діннің де, мемле­кеттік де қас жауы. Олар діннің атын жамылған дүмшелер еді. Экстремизм мен дін – үш қайнаса сорпасы қосылмайтын бір-біріне қарама-қайшы ұғым. Хакім Абай­дың «Адамзаттың бәрін сүй ба­у­ырым деп» деген сөзі – Ислам ді­нінің басты принциптерінің бірі.

Ата-бабалар ұстанған Ханафи бағытындағы төл мұсылмандық мектебімізді теориялық және тәжірибелік тұрғыда дәріптеуден жалықпауымыз қажет.

Бұл бағытта Қазақстан мұсыл­мандары діни басқармасы бірнеше жылдан бері «Дін мен дәстүр» ­жо­басын жұмыс жоспарына енгі­зіп, арнайы іс-шаралар ұйымдас­тырып келеді. Биыл Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын жарыққа шығару және ұлттық құндылықтарды на­си­хаттаудағы ҚМДБ рөлі жобасы және ҚМДБ-ның 2023-2027 жыл­дарға арналған стратегиялық даму бағдарламасы әзірленіп жатыр.

– Конституция бойынша билік пен саясат діни конфессиялардың ішкі мәселелеріне араласпайды. Алайда қоғамда радикалды ағым өкілдерінің кесірінен мемлекет ішінде күмәнді топтар мен теріс ағымдағы ұйымдардың саны артып келеді деген пікір айтылып жатады. Біз қай жерден қателік жібердік?

– Қазақ елі сияқты тәуелсіздігін алған барлық посткеңестік елде мұндай мәселе болды. Бәрі де теріс діни идеологиямен бетпе-бет кел­ді. Тарихи себептермен көпұлтты болған біздің елде бұл мәселенің өзіндік ерекшеліктері болуы заң­дылық. Тәуелсіздік алған жылдары діни маман тапшы болғаны рас. Бірақ бұл діннен басқа барлық салада болды ғой. Десе де, бүгінде мүфтият білікті де білімді діни кадр даярлау саясатын сауатты жүргізу арқылы діни идеология тізгінін өз қолына алды

 

 

Исламтану, дінтану, теология мамандықтарына грант бөліп, діни оқу орындарының ресми түрде тіркеліп, қызмет етуі – мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау. Соның тағы да бір дәлелі таяуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуын айқындайтын жиында дін мәселесін көтеріп: «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теория­лық негізін дамыту қажет», – деп осы бағытта әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін сала­сындағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Бұл ата-бабамыз ұс­танған дәстүрлі дінімізге деген үлкен қолдау деп білеміз.

Қазақта «қара шаңырақ» деген қасиетті ұғым бар. Бүкіл әулет үшін тайлы-тұяғымен жиналатын киелі үлкен үй. Бұл – әкеден балаға, одан немере, шөбереге мирас болатын құтты мекен. Қара шаңыраққа бөг­де жан иелік ете алмайды. Міне, осы секілді Қазақстан мұсыл­мандары діни басқармасы – бабалар ұстанған Ханафи мазхабы негізінде қызмет ететін ел мұсыл­мандарының қара шаңырағы. Діни басқарма қызметкерлері ауысса да, діни басқарма ел мұсылман­да­рының бірлігі мен ынтымағы жо­лында еңбек етеді. Ал енді әртүрлі діни ағым мен жамағаттың көксе­гені ел бірлігі емес, керісінше тә­уелсіздік Туын жығып, тыныштық пен тұрақтылыққа сызат түсіру. Мұның ақ-қарасын ажырата бі­летін жағдайға жеттік деп ойлай­мын. Сол себепті ел мұсылман­да­рын әртүрлі діни ағым мен жама­ғатқа бөлінбей, осы қара шаңырақ аясына топтасуға шақырамын.

– Соңғы кезде Діни басқарма тарапынан уағыздар мен шыға­рылған пәтуалардың көпшілігі біздің ата-бабамыз ұстанған санғасырлық салт-дәстүрімізбен байланыс­тырылады. Бұл, әрине қуантады. Соңғы кезде қоғамда ислам дінінен дәстүрімізді бөлек алып қарайтын­дардың қарасы көбейіп келеді. Осы тұрғыда дәстүр мен діннің сабақ­тастығы жайлы тарқатып айта кетіңізші?

– Жуырда Бас мүфти Нау­рызбай қажы Тағанұлы бір сұх­батында орыстілді жігіттің «Қазақ­тың салт-дәстүрінің бәрі асыл дінімізбен сабақтасып жатқанын мешіттердегі уағыздардан естіп білдім» деп ағынан жарылғанын айтып еді. Рас, дін мен дәстүр егіз ұғым. Өкінішке қарай, екеуін екі бөлек етіп көрсеткісі келетіндер бар. Салт-дәстүр халықтың дүние­танымы негізінде қалыптасады. Қазақтың әр салтының арғы жа­ғында діни тағылым көруге болады. Діни басқарма бұған дейін «Дін мен дәстүр» кітабының І-ІІ томдарын шығарған болса, биыл осы кітаптың ІІІ томын баспаға әзірлеп жатыр.

Ал пәтуаға келсек, бұл – өте күрделі жұмыс. Арнайы ғұламалар кеңесінің иығына артылған ауыр жүк. Пәтуа заман мен елге қарай өзгереді. Мәселен, қазақ жылқы етін жейді. Ал түрік ағайындар құп көрмейді. Бір қарағанда, тілі де, ділі де, тіпті мазхабы да бір түркі халықтар. Түрік ағайындар жыл­қыны ел қорғайтын, әскери мініс құралы ретінде жемеді. Сол бұрын­нан қалыптасқан үрдіс дәстүріне айналған. Қазақта да жылқы – жеті қазынаның бірі. Сондықтан асыл­тұқымды мініс, көкпар және бәйге аттарын жемеген. Бірақ одан басқа тұқымдағы жылқы етін жей бе­реміз. Үйлену мәселесінде де қа­зақта ру институты бар. Ата-бабаларымыз тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін ислам дінінің құндылықтарымен байланыстыра білді. Бұл – бабалар даналығы. Міне, біз осы құндылықтары­мыздан айырылып қалмауымыз қажет. Бізге жаңалық ашудың қажеті шамалы. Тек бар дүниені дамытып, замана көшіне қоса білсек болғаны.

– Осыдан біраз жыл бұрын ҚМДБ «Бір ел – бір мазхаб» деген тұжырымдама жасады. Оның басты мақсаты елдегі діни алауыздықтың алдын алу мен бірлікті нығайту еді. Бүгінде ел ішіндегі діни ахуалға қарап отырып, осы тұжырымдама қаншалықты нәтиже берді деп ойлайсыз?

– Қазір мешітке келетін жастар Ханафи мазхабы негізінде діни сауат ашып жатыр деуге толық негіз бар. 10 жыл бұрын жастар жат ағымды насихаттайтын үгітші­лердің аудио және видео уағыз­дарына ден қоятын. Бүгінде жастар мен жалпы жамағат мүфтият қызметіндегі ұстаздар мен имам­дардың шәкірттеріне айналды. «Бұл бір ел – бір мазхаб» ұстанымы аясында жасалған табанды еңбек­тің жемісі. Десе де, алдағы уақытта атқаратын жұмыс көп.

– Сіздіңше қазақ қандай мұ­сылман болуы керек? Соңғы кезде «Біздің ата-бабамыз ілімсіздіктен адасқан. Олардың таным-түсінігі дұрыс емес, нағыз исламды біз енді ғана әкелдік» деп жүргендердің сөзіне қатысты не айтасыз?

– Қазақ кешегі ата-бабасынан қалған жәдігер мұраны ұстай білсе жолынан адаспайды. Бұл жерде ата-баба деп кімді меңзеп тұрғаны­мыз маңызды. Біз ата-бабамыз деп арысы Ясауи, Хибатулла Тарази, Иүгінеки бастаған ғұлама-әулие­лерді айтамыз. Берісі Абай Құ­нанбайұлы, Шәкәрім, Марал ишан, Науан хазретті айтамыз. Ес­кере кететін жайт, қазақ арасы­нан Ханафи мазхабымен жүріп қана қоймай, Ислам ілімдерінің дамуына үлкен үлес қосқан ғұлама қайраткерлер шығарған. Сон­дықтан қазақтың мұсылман­шы­лығын 90-жылдармен байланыс­тыру тарихқа жасалған қиянат.

Біз – Ясауи бабамыз айтқандай, «тәкаппарлықтан ұзақ болып, қарапайымдылықта жайылған топырақтай бола білетін», Бұқар жырау жырлағандай, «мұсыл­мандығы тек тілінде ғана емес, ділінде болған», Абай атамыз айт­қандай, «айналасындағы адам­дарды мансабына, атақ-абыро­йына қарай бөліп-жармай, бар­лығын бірдей жақсы көре алатын, Алланың әмірлерінің хикметін түсіне білетін» мұсылман бола ал­сақ жетіп жатыр.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Нұрболат Адырбек

 

Дереккөз: Қазақтың салт-санасы дінмен үндеседі – Төлеби Оспан (aikyn.kz)

21.03.2023 жыл.

 

Предыдущий Следующий
РАМАЗАН НҰР ШАШҚАН АЙ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ҚАСИЕТІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ҚАСИЕТІ
Рамазан – жыл он екі айда бір келетін, асыл дінімізде әлемдердің Раббысы, Алланың кәләмі Құрани Кәріммен бекітілген қасиетті ай болып табылады.
Рамазан ОРАЗА ҚАЗАСЫ ҚАЛАЙ ӨТЕЛЕДІ?
Оразаның қазасын қалай өтеу керектігі жөніндегі сауалдардың ең маңызды дегенін сұрақ-жауап айдарымен беруді жөн көрдік.
Рамазан РАМАЗАННАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙЫМЫЗ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір сүйінші хабарында: «Алла Тағала айт күні періштелерінің алдында Өзінің пенделерін мақтаныш етіп: «Періштелерім! Өз ісін атқарған қызметшінің хақы қандай?», - деп сұрағанда, періштелер: «Уа, Раббымыз! Оның хақы – ақысын толық төлеу», ...
Рамазан ЕКІ ҚЫЗДЫҢ ОРАЗАСЫ
Пайғамбарымыз ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, былай дейді: 
Рамазан "Бір жылдық тағдыр жазылатын түн"
"Бір жылдық тағдыр жазылатын түн": Имам Қадір түнін қалай өткізу керек екенін айтып берді
Рамазан ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ
Қадір түні – Рамазан айында түсетін мұсылмандар үшін ең қасиетті түн болып есептеледі. Бұл түн аса қадірлі түн, өйткені араб тіліндегі «لَيلَةُ القَدر» сөзі: «қадірлі түн, құдіретті түн, маңызды түн» деген мағыналарды білдіреді. Бұл түн басқа түндерден орны ерекше. Өзге түндерде жасалған ғибадаттар ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Таң 05:31

Имсакқа дейін 00:11

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi