ҚИСАПСЫЗ САУАПҚА КЕНЕЛТЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:41
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ҚИСАПСЫЗ САУАПҚА КЕНЕЛТЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ

| A | +

Қырық жасқа келген шағы. Әдеттегідей Хира үңгірінде бір-екі жұма қылуетте отыратын. Кенет ақ киімді бейтаныс кісі пайда болды. Әй-шай жоқ: "Оқы", - деді. "Мен оқуды білмеймін", - деді. Ол уахи жеткізуші Жәбірейіл еді. Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатты қысып тұрып босатты да: "Оқы", - деді қайтадан. "Оқуды білмеймін", - дегенде қайта қысты. Үшінші рет: "оқы!", - дегенде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Мен оқуды білмеймін", - деді. Періште қатты құшақтап тұрды да, босатып: "Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды жабысқан жасушадан жаратты. Оқы! Сенің Раббың – асқан жомарт! Ол адам баласына қаламмен жазуды үйретті. Адам баласына білмегенін үйретті"[1], - деп алғашқы аяттарды пайғамбарға уахи етті. Осымен Алла Елшісі жүрегі дірілдеп үйіне оралды[2].

Міне, бұл ең алғашқы аяттардың түсу сәті еді. Бұл ең құтты сәт. Себебі аспан пен жер арасындағы үзілген пайғамбарлық байланысы қайта қалпына келуі еді. Жәбірейіл ең соңғы елшіге Алланың сөздерін жеткізу міндетіне кіріскен сәт. Ғажайып оқиға рамазанда болды. Зұлмат басқан жер бетіне қайтадан нұр жайыла бастады. Адамзатқа аяттар уахи етілуден алдын Құран толықтай бір мезетте лаухул махфуздан бәйтул-иззаға түскен еді. Бұл ғаламат оқиға қадір кешінде болған еді: «Біз оны құт-берекеге толы қасиетті түнде түсірдік[3]», «Біз оны Қадір түнінде түсірдік[4]», - деген аяттар сол оқиғаны баян етеді. Ибн Аббас (р.а.) бұған қатысты: «Құран дүние аспанына тұтас болып қадір кешінде түсірілді. Сосын жиырма жылдан артық уақыт бойы уахи етілді[5]», - деген. Тәпсірші Ибн Жарир (р.а.): «Құран Лаухул-Махфуздан дүние аспанына қадір кешінде, рамазанда түсірілді. Сосын Мұхаммед Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағала қалаған уақытта уахи етіліп тұрды», - деген.

Міне, бұл барша тіршілікті қуаныш пен бақытқа жетелеген түн еді. Жер мен аспан арасын біріктірген кеш. Адамзат тарихы бұрын соңды куә болмаған ғаламат құбылыс орын алған түн. Адам санасы толық танып білуге қауқарсыз құбылыс. Жаратқан Алланың адамзатқа берген нығметінің есебі жоқ. Соның ішіндегі, теңдессіз нығметі – Құран. Құранда: «Бар мадақ пен шүкіршілік таңдаулы құлына Кітапты түсірген және ол Кітапта қандай да бір үйлесімсіз, қайшылықтың орын алуына жол бермеген Аллаға тән[6]», - деп айтылғандай міне, бұл нығметтің шүкірін айтып таусыту мүмкін емес.

Рамазан – Құран мен қайырымдылық айы. Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ең жомарты еді. Рамазанда Жәбірейіл періштемен кездескенде ерекше жомарт болатын. Рамазанның әр кешінде Жәбірейілмен кездесіп, Құран оқитын. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жомарттықта ескен самалдан да қолы ашық сахи болатын[7]». Имам Ибн Ражаб (р.а.): Бұл хадис рамазанда Құранды үйрену және үйрену мақсатында жиналудың мұстахаб екенін көрсетеді. Әрі Құранды жетік меңгерген адамға өзінің қалай оқитынын тексертуді де білдіреді. Сонымен қатар, рамазан айында құранды барынша көбірек тиләуат етудің жақсы амал екені айтылуда», - дейді.

 

Фатима анамыз (р.а.): Пайғамбарымыз Құранды жылына бір рет Жәбірейілге оқып беретінін ал қайтыс болатын жылы екі рет оқығанын[8] риуаят етеді. Ибн Ражаб: Пайғамбар мен Жәбірейіл Құранды түнде оқитын. Бұл риуаят рамазанда Құран тиләуат етуге ең жақсы уақыт түн екенін білдіреді. Өйткені, түнде барлық шаруа тоқтап, адамның ойы жинақы болады. Жүрегі жайланып, тілі оқыған аяттардың мағынасына ден қоя алады.

 

Құранда: «Шүбәсіз, түнгі құлшылық (адамның зейініне, жүрегі мен рухына) әсері әлдеқайда күшті. сондай-ақ, оқу, оқығанды тыңдау, көңілге тоқу тұрғысынан өте берекелі[9]», - дейді. Сахабалардан басталатын ізгі буын өкілдері рамазанда Құран оқуы өте ғажап еді. Тіпті, ғалымдар Құран оқудан басқа ғылымды рамазанда тоқтататын. Табиғин Зухри (р.а.): «Бұл Құран оқитын және жұртқа тамақ беретін ай», - деген екен. Ал, имам Малик рамазан айы кірумен хадис оқуды тоқтататын. Табиғин Суфиян Саури (р.а.) барлық құлшылықтарын доғарып, уақытын Құран оқуға арнайтын. Хадисші табиғин Зубайд Ями (р.а.) рамазан кіргенде Құран кітаптарын алдырып, шәкірттерін Құран оқуға жинайтын.

Рамазанға тән ерекше құлшылық – тарауих намазы. Бұл намаздың ерекшелігі хатым Құран түсірілуінде. Жамағат намазда тұрып Құран тыңдайды. Сондықтан рамазанда намазда Құранды хатым ету мұстахаб. Ғұламалар қасиетті айда көбірек хатым жасайтын. Мәселен, Қатада рамазан айында әр үш түн сайын бір хатым ететін. Ал, рамазанның соңғы он күні кіргенде әр түнде хатым оқитын. Имам Шафиғи (р.а.) рамазанда алпыс хатым жасайтын, барлығын намазда оқитын. Науауи (р.а.): «Бір ракағатта Құранды хатым ететін тұлғалар өте көп еді. Олардың басында Осман бин Аффан, Тамим Дари тұрады. Сағид бин Жубайр Кағбада әр ракағатта бір хатым ететін», - дейді. Қасым  әкесі хадисші Ибн Асакир жайлы былай дейді: «Әкем бес уақыт намазын жамағатпен оқуында әрі Құранды тиләуат етуінде тұрақты еді. Жұмасына бір рет хатым шығаратын. Ал, рамазанда әр күні бір хатым оқитын[10]».

 

Ал енді, осы орайда бір сауал туындайды. Құранды тиләуат етуді көбейткен дұрыс па, әлде азайтып бірақ пікірлеп оқыған абзал ма? Бұған қатысты имам Науауи (р.а.): Адамдарға қарай таңдау әртүрлі болып келеді. Пікірлеуге жақын адамға аяттардың мән-мағынасы терең бойлайтын дәрежеде баяу оқығаны құп. Сол сияқты, білім-ғылым мамандары, дін ісімен және мұсылмандардың мүддесімен айналысатын адам Құранды түсінетін дәрежеде оқығаны дұрыс. Ал, бұдан басқаларға жалықпайтын және қателеспейтін деңгейде мейлінше көбірек оқуға ден қойғаны дұрыс», - деген екен.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Амрұлы Абдуллаға үш күннен қысқа уақытта Құранды тәмамдап отырған адам оны жөнді түсіне алмайды[11] деген. Осы хадисті Ибн Ражаб (р.а.): «Үш күннен қысқа мерзімде хатым етуге тыйым салуы үнемі және тұрақты түрде үш күннен қысқа оқуға қатысты. Ал енді, рамазан сияқты қасиетті маусымда және қадір кеші сияқты мүбәрак түндерде немесе Меккедей құт дарыған мекендерде уақыт пен орынды ғанибет біліп мейлінше көбірек тиләуат ету мұстахаб», - деген екен.

Демек, құтты айда ораза мен Құран бірігеді. Міне, бұл рамазанның Құранмен байланысының ғажайып көрінісі. Шынайы мұсылманға осы айда екі шапағатшы бұйырады. Күндіз тұтқан оразасы, түнде тиләуат еткен Құраны ертең шапағатшы болмақ. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза мен Құран пендеге шапағат етеді. Ораза: "Уа, Раббым! Мен оны күндіз ас-суы мен құмарынан тыйдым. Оған шапағат етуіме рұқсат ет", - дейді. Құран: "Мен оны түнде ұйқысынан қалдырдым, оған шапағат етейін", - дейді. Сосын екеуі шапағат етеді[12]", - деген. Демек, рамазанда мұсылман екі үлкен құлшылықты атқарады. Қос құлшылық та әжептеуір күш-қайрат талап етеді. Күндіз ораза тұтады, ал түнде ұйқысын қиып Құран оқиды. Осы екі үлкен құлшылықты асқан сабырлықпен орындаса, ертеңгі күні оны қисапсыз сауабы күтіп тұр.

[1] Аләқ сүресі, 1-5 аяттар.

[2] Бұхари.

[3] Дұхан сүресі, 3-аят.

[4] Қадір сүресі, 1-аят

[5] Насаи, Хаким.

[6] Кәһф сүресі, 1-аят.

[7] Бұхари, Муслим.

[8] Бұхари, Муслим.

[9] Мүззаммил сүресі, 6-аят.

[10] Сияр Әғләм нубәлә.

[11] Әбу Дауд, Тирмизи.

[12] Ахмед.

 

 

Авторы Төлеби Оспан

Алматы қаласының бас имамы

Предыдущий Следующий
«ҚАЖЫЛЫҚ-2023» МАУСЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҒАЙЫН!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан ҚАДІР ТҮНІ ҰЙЫҚТАМАУ ШАРТ ПА?
Қадір түнін барынша құлшылықпен өткізген дұрыс. Бірақ ұйықтамай өткізу шарт емес.
Рамазан ҚҰРАН МЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ
Алла Тағаланың пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы, сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі амалдар әрі күн мен түн де тұтастай жасаған иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай – Рамазан. Басқа уақытпен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да осы – Рамазан....
Рамазан ӘЛЕМ ЕЛДЕРІ ҚАЛАЙ ОРАЗА ҰСТАЙДЫ?
«Әр елдің салты басқа» демекші, Рамазан күллі мұсылманға ортақ мереке болғанымен, оны өткізу дәстүрі әр елде әрқалай қалыптасқан. Мәселен қазақ даласында Рамазан келді деп жар салып, «Жарапазан» айтылса, Мысыр мемлекетінде адамдарды сәресіне ұрмалы-соқпалы аспаптармен ояту, ал Сауд Арабиясында Пайға...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:41

Ақшамға дейін 01:00

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi