АЛМАТЫДА «МІНБЕР МӘДЕНИЕТІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
«Нұр-Мүбарак» оқу-әдістемелік мешітінде «Мінбер мәдениеті» тақырыбында болашақ дін қызметкерлеріне семинар өткізілді.
Семинар Құран аяттарын оқумен басталды. ҚМДБ бастамасымен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам университеті мен «Нұр-Мүбарак» оқу-әдістемелік мешіті бірлесіп ұйымдастырумен өткен шарада Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Оспан, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам университетінің ректоры Мухаммад Уардани Абду Ар Родый, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам университетінің проректоры Ершат қажы Оңғар, Бостандық ауданының бас имамы Құлмұхамбет қажы Махамбет қатысып, болашақ имамдық қызметке жол тартар шәкірттерге тағылымды насихаттар айтты.
Модератор «Нұр-Мүбарак» мешітінің бас имамы Бауыржан Көптілеуов спикерлерге «Мінбер мәдениеті» аясындағы тақырыпқа қатысты сөз берді. Шәкірттер университет түлегіне арналған бағдарлық сөз, имамдық қызметтің жауапкершілігі, болашақ имамдарға арналған тағылымды сөз және жас маманға арналған өмірлік тәжірибе-кеңестер тыңдады. Шәкірттерге бата беріп, алдағы белестерге сәттілік тіледі.




















