ҚҰРАН ТҮСКЕН ТҮН
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:41
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ҚҰРАН ТҮСКЕН ТҮН

| A | +

Қадір түні – түндердің ең қайырлысы. Хадисте айлардың қайырлысы – Рамазан, түндердің қайырлысы – Қадір түні, күндердің қайырлысы Жұма екені айтылған.

«Анығында, Біз Құранды Қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың айдан да қайырлы. Ол түні періштелер мен Рух Раббыларының әмірімен жерге түседі. Ол таң ағарып атқанша жалғасады», - деп Құранның «Қадір» сүресінде айтылғандай, Қадір түнінің басты ерекшелігі – мың айдан да қайырлы болуында. Мың айды есептеп қарайтын болсақ, 83 жылдан астам уақыт екен. Адам өмірі, орташа есеппен алғанда, 70-80 жыл шамасында. Ал мың айдан да абзал Қадір түнінде Хақты ұлықтаған адам, бүкіл ғұмыр бойы құлшылық еткендей сауапқа кенелмек.

Биыл Қадір түні сәуірдің 17-нен 18-не қараған түнге сәйкес келеді.

 

ҚАДІР ТҮНІ ҚАЙ ТҮН?

Имам Бұхари Айша анамыздан (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Қадір түнін Рамазан айының соңғы он күндігінің тақ түндерінде іздеңдер», - деген. Ғалымдардың басым көпшілігінің пікірінше, Рамазанның соңғы он күндігі, ол жиырма тоғыз немесе отыз күн болсын, жиырма бірінші түннен басталады. Осыған сай Қадір түнін Рамазанның тақ, яғни 21-ші, 23-ші, 25-ші, 27-ші немесе 29-шы түндерінен іздеген жөн. Ай жиырма тоғыз күн болғанның өзінде соңғы он күндік осы айтылған тәртіп бойынша есептеледі.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір өсиетінде: «Қадір түні қай кезде болатыны есімнен шығарылды. Мүмкін бұл сендер үшін жақсы да шығар. Осы себептен Қадір түнін тоғызыншы, жетінші және бесінші түні іздеңдер», - деген.

Ал ғалымдар Қадір түнінің қай түн екені беймәлім болуының бірнеше пайдалы жақтарын айтқан: Біріншіден, Қадір түні нақты белгілі болған жағдайда, біреулер өздерінің жалқаулығы себебінен басқа түндері құлшылығын тастар еді. Екіншіден, Қадір түні мәлім болып, біреу оны кездейсоқ өткізіп алған жағдайда, еңсесі түсер еді. Үшіншіден, адам қанша түнді Қадір түні талабында өткізсе, соның әрбірінің сауабы болады.

Сондықтан, Хақ Тағаланың разылығы үшін Рамазанның соңғы он күндігін, әсіресе, тақ түндерін Қадір түнін іздеп, құлшылықпен өткізген абзал. Жаратушы Иенің разылығы мен ақырет игілігінен шын үміттенген пенде үшін бұл қиынға соқпасы анық.

 

ЫҚЫЛАС ПЕН КЕШІРІМ

Сүйікті пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір сөзінде: «Рамазан айының оразасын шын иман және сауабын Алладан үміттеніп ұстаған адамның бұрын істеген күнәлары кешіріледі әрі Қадір түнін шын иман және сауабын үмiттеніп өткізген адамның да бұрын iстеген күнәлары кешiрiледi», - деген. Хадистегі «шын иман» сөзі Алла Тағаланың ораза үшін, Қадір түні үшін берілетін сауабына қатысты уәдесіне шын сену, ал «сауабын Алладан үміттеніп» сөзі ықылас ұғымында айтылған.

Күнәлардың кешірілуі мәселесіне келер болсақ, бұл жерде кіші күнәлардың кешірілуі жайында айтылған. Өйткені, ғалымдардың пікірінше, күнәлардың кешірілуіне қатысты айтылған хадистің барлығы кіші күнәларға қатысты айтылған. Себебі, үлкен күнәлардың кешірілуіне оны жуып-шаятын амалмен қоса, тәубенің болуы қажет. Дегенмен, жомарттардың жомарты болған Жаратушы Иенің кеңшілігі шексіз. Хақ Тағала қалаған пендесінің күнәсін Өз қалауынша кешіре береді. «Үмітсіз – шайтан».

 

ҚАДІР ТҮНІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ

Бұл түннің белгілеріне қатысты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қадір түнінің белгілері: түн нұрлы және тынық болады. Салқын не болмаса жылы болмайды. Ай ашық болады. Ол түні таң атуға дейін шайтандар жұлдыздармен атқыланбайды. Әрі оның белгілерінен: таңертең күн сәулесі шағылыспай шығып, Бәдр түніндегі толған айдай домалақ болады. Сонымен қатар, Алла Тағала сол күні шайтанға күнмен бірге шығуына тыйым салады», - деген.

Жалпы, Қадір түнінің белгілеріне қатысты басқа да хадистер баршылық. Оқырманның назарын Қадір түнінің белгілерінің ішінде күн сәулесінің шағылыспаған халде шығуы жайына ерекше көңіл аударғым келеді. Себебі, Қадір түніне тән бұл белгі әрдайым болатыны жайында айта кеткен жөн.

 

ҚАДІР ТҮНІНДЕГІ ҚҰЛШЫЛЫҚТАР

Үмбетін ізгілікке үндеген Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде: «Кімде-кім Қадір түнінің артықшылығына сеніп, сауабын Алладан күтіп, ғибадат, құлшылықпен өткізсе, өткен-кеткен күнәлары кешіріледі», —  деп сүйіншілегенін тағы еске сала кетеміз.

Бұл түні орындалатын ғибадаттар: намаз оқу, Құран оқу, өткен күнәлар үшін тәубе етіп, кешірім тілеу, жалбарынып тілек тілеу, т.б. Мойнында қарыз намазы барлар нәпіл намаз оқымай тұрып, әуелі бес уақыттық қаза намаздарын өтеуі ұсынылады. Суфиян Сәури есімді ғалым: «Қадір түні тілек тілеп, кешірім тілеу намаздан ұнамды. Құран оқып, артынан тілек тілеу – ең жарасымдысы», - деген.

Ислам ғұламалары қасиетті Қадір түнін төмендегіше өткізуге үндейді:

  • Бұл түні Алланың ризашылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқу;
  • Құран Кәрімді оқып яки тыңдап оның мағынасына үңілу;
  • Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, шапағат етуінен үміт ету;
  • Уағыз-насихат тыңдап, күнделікті күйбең тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңдерден, көңілге ұялаған реніштен арылуға тырысу;
  • Жаратқанға тәубе етіп, жасаған қателіктер үшін кешірім тілеу;
  • Алланы зікір етіп ұлықтау. Өйткені, Алланы еске алғанда жүрек тынышталады;
  • Жиі-жиі дұға жасау. Өйткені, дұға мұсылманның қорғаны. Дұға – адамды Жаратқанға жақындататын дәнекер;
  • Қадір түнінің күндізін де бейне кеш секілді өткізу. Осылай етсек, мүбәрак түннің шұғыласы сіңімді болып, жүректің төрінен орын алары сөзсіз;
  • Тілектер қабыл етілетін түні –  Қадір түні Жаратушы Жаббардан ұрпақтың амандығы, елдің бірлігі мен ынтымағы үшін дұға тілеуді ұмытпайық.

 

ҚАНДАЙ ДҰҒА ЖАСАҒАН ЖӨН?

Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оразаның соңғы он күніндегі құлшылыққа ерекше мән берген. Жұбайы Айша анамыз (р.а.) бұл түні қандай дұға ету керектігін сұрағанда, Ол кісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  оған мына дұғаны үйреткен екен: «Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіргенді ұнатасың, мені де кешіре гөр!».

Иә, күнәдан алыс Пайғамбардың өзі күніне 70 немесе 100 мәрте кешірім тілеп отыруды әдет еткен. Ендеше, күніне сан түрлі күнәмен бетпе-бет келіп жүрген қазіргі мұсылмандарға күн сайын мың рет, ал Қадір түні таңға дейін кешірім тілесе де, артықтық етпесі анық. Ендеше, қасиетті Қадір түнін қапыда өткізіп алмайық. Алла Тағала Жаратқанға жақындатар игі істеріміз бен барша ғибадаттарымызды және дұға-тілектерімізді қабыл еткей. Әмин! 

 

Төлеби ОСПАН,

Алматы қаласының бас имамы

 

 

Авторы Төлеби Оспан

Алматы қаласының бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҚАДІР ТҮНІНІҢ 10 ЕРЕКШЕЛІГІ ҚАДІР ТҮНІ ҰЙЫҚТАМАУ ШАРТ ПА?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан ҚАДІР ТҮНІ ҰЙЫҚТАМАУ ШАРТ ПА?
Қадір түнін барынша құлшылықпен өткізген дұрыс. Бірақ ұйықтамай өткізу шарт емес.
Рамазан ҚҰРАН МЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ
Алла Тағаланың пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы, сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі амалдар әрі күн мен түн де тұтастай жасаған иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай – Рамазан. Басқа уақытпен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да осы – Рамазан....
Рамазан ӘЛЕМ ЕЛДЕРІ ҚАЛАЙ ОРАЗА ҰСТАЙДЫ?
«Әр елдің салты басқа» демекші, Рамазан күллі мұсылманға ортақ мереке болғанымен, оны өткізу дәстүрі әр елде әрқалай қалыптасқан. Мәселен қазақ даласында Рамазан келді деп жар салып, «Жарапазан» айтылса, Мысыр мемлекетінде адамдарды сәресіне ұрмалы-соқпалы аспаптармен ояту, ал Сауд Арабиясында Пайға...
Рамазан ОРАЗА – НӘПСІМЕН КҮРЕСУ МАУСЫМЫ
Қасиетті Рамазан айы мұсылман баласын рухани тұрғыдан  тәрбиелейді. Рамазандағы рухани тәрбиенің бірі – нәпсі қалауымен күресу.
Рамазан РАМАЗАН НҰР ШАШҚАН АЙ
Жыл сайын мұсылман үмбетін шын қуанышқа бөлеп, иманның ләззатын сезіндіріп, ғибадаттың мәнін ұқтыратын рамазан айы да жақындап келеді. Ол Бақара сүресінің 185 -ші аятында айтылғандай «адамдарға тура жол нұсқаушы, бекем тұтынатын жолбасшы...ретінде түсірілген ай»....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:41

Ақшамға дейін 00:59

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi