ДОМБЫРА ШЕРТУ ХАРАМ БА?
Чапаев
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 05:21
Чапаево
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Чапаево
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:28 05:21 13:43 19:17 21:55 23:43
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
9 Мухаррам 1448
Миләди
25 маусым 2026

Бас имам блогы

ДОМБЫРА ШЕРТУ ХАРАМ БА?

Өкінішке қарай, соңғы кездері кейбір дін ұстанған қауым арасында қазақтың ұлттық аспабын шариғатқа қайшы дейтін сөздер айтылып қалып жатады. «Адам білмегеніне дұшпан» демекші, әдетте мұндай жаңсақ ой домбыра жайлы хабары жоқ жаннан туады. Ендеше, ойын-сауық және музыка жайлы шариғатымызда айтылған бірқатар деректерге назар аударайық. Музыка мен әуенге қатысты риуаят көп. Ең кең тараған деректерге талдау жасап көрейік.

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) бір ансар қызды ұзатады. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ей, Айша! Ойын-сауық (музыка) болды ма? Ансарлар ойын-сауықты жақсы көреді» деген екен (Имам Бұхари). Табиғин Амир ибн Сағд былай әңгімелейді: «Құрада ибн Кағб және Әбу Масғұд Ансари тойда отырғанда кірдім. Сол жерде ән айтылып жатқан. Мен: «Уа, Алла елшісінің қос сахабасы! Бәдір шайқасының батырлары! Сіздер отырған жерде осылай жасалады ма?!» дедім. Екеуі: «Қаласаң отыр, бізбен бірге тыңда. Қаласаң, кет. Бізге тойда ойын-сауық етуге рұқсат етілген» деп жауап берді» (Имам Насаи).

Келесі бір риуаятта: «Некеде адал мен арам арасын дағыра мен дауыс ажыратады» делінген (Тирмизи, Ибн Мажа, Насаи). Бұл хадистегі дағыра музыкалық аспап, ал дауыс ән-күй. Табиғин Нафиғ ұстазы, сахаба Абдулла ибн Омар (Алла оған разы болсын) хақында былай әңгімелейді: «Ибн Омар сырнайдың үнін естігенде екі құлағына саусағын тығып, көлігін басқа бағытқа бұрды да: «Ей, Нафиғ! Естіп тұрсың ба?» – деді. Мен: «Иә» дедім. Осылай жүріп кете бердік. Сосын: «Жоқ, естілмейді» дегенімде құлағынан қолын алып: «Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге болғанымда осындай үнді естігенде осылай еткен еді» дейді (Ахмед, Әбу Дауд, Ибн Мажа). Ал хафиз Ибн Хазм кітабында Мұхаммед ибн Сирин дерегінде Абдулла ибн Омар (Алла оған разы болсын) саз тартатын күң әйелдің әуенін естігендігі жайлы риуаят етіледі. Жоғарыдағы риуаят легін салыстыратын болса, әуенді түбегейлі тыйым салынған деп айтуға келмейді.

Ұқба ибн Амир (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте: «Ер кісінің садақ ату, ат баптау және әйелімен уақыт өткізуінен басқа әрбір нәрсе бос, жалған» делінген.(Ахмед, Тирмизи, Ибн Мажа). Осы хадистегі «жалған» сөзіне сүйеніп, әуенді және музыканы харам дейтіндер бар. Алайда хадистегі «жалған» сөзінің мағынасын ғалымдар «пайдасы жоқ» деп түсіндірген. Соған сүйене отырып, зиянды болмаған және міндетті іске кедергі болмайтын әрбір (спорт, музыка және т.б.) сауық түрі – мубах, яғни ерікті іс түріне жатады деген.

Сахаба Әбу Дардә (Алла оған разы болсын): «Мен ақиқатқа көмек беретін жалған (бос, ешбір зияны жоқ іс-әрекет) бір нәрсемен жанымды тынықтырамын», – дейді екен. Сахабаның «жалған» деп тұрғаны ниетке жараса үкімі өзгеретін жайт. Ойы мен мақсаты жымысқы болса күнәға айналады. Ниеті түзу, ойы таза болса ізгілік болатын іс.

Музыка және әуенге қатысты риуаяттарға талдау жасаған хадисші ғалым Ибн Хазм: «Кісі әуен тыңдауын күнә іске арқау етсе – пасықтық. Әуеннен басқа істе де дәл осылай. Ал (музыка, әуен тыңдаумен) жанын тыныштандырып, құлшылыққа қуат алмақ боп, онымен ізгілікке өзін жігерлендіру болса – ол ізгі адам. Әрі оның бұл әрекеті жақсылық болмақ. Ал енді (музыка тыңдаумен) құлшылықты мақсат етпесе, сондай-ақ күнәні де ниет етпесе, оның бұл әрекеті шариғат кешіретін бос әрекет болмақ. Бұл адамның бау-бақшада серуендеуі, есік алдында демалып отыруы сияқты жай іс-қимылы сияқты болмақ», – деген (Мухаллә 9/60).

«Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді

Тыңдағанда көңілдің өсері бар...» деген хәкім Абайдың сөзі музыка мен әуенге берілген өлшем іспетті.

Десе де шариғат атынан сөйлемес бұрын мына жайтты ескеріп жүрсек игі. Имам Шафиғи «Әл-Үмм» еңбегінде былай жазады: Әбу Ханифаның шәкірті Әбу Юсуф: «Білім иелері болған біздің шейхтардың көзін көрдім. Олар Алланың кітабында ашық және ешбір тәпсірсіз болған мәселеден басқа бұл адал, бұл харам деп пәтуа беруді жақтырмайтын».

Ал Әбу Сәғләбә Хушәни (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте: «Ақиқатында Алла Тағала парыздарды бұйырды, салғырттық етпеңдер. Жазаларды бекітті, шектен шықпаңдар. Тиымдар жасады, одан өтпеңдер. Ал кейбір нәрселер жайлы үндемеді, ұмытқандықтан емес сендерге деген мейірімнен, оны қазбаламаңдар» делінген (Дарақұтни).

Міне, бұл хадис асыл дініміздің болмысын көрсетеді. Бұл жерде Ислам шариғаты толығымен қамтылған. Ислам шариғатының негіздері мен тармақтарына қатысты басты ереже осы хадисте айтылуда.

Исламдағы үлкен ғалымның бірі Имам Шәфиғи: «Өлең ол бір сөз. Сондықтан оның жақсысы жақсы, жаманы жаман», – деген. Имам Әбду әл-Ғани ән-Нәбулуси әл-Ханафи: «Музыкалық аспаптардан шығатын дыбыс харам емес. Өйткені құстардың сайрағаны да әуен. Ғалымдардың бір ауызды келісімімен құстың әуені харам емес. Ал егер ол бекершілік, харам нәрселермен араласса сол уақытта тыйым салынады», – деген.

Ислам ғұламаларының пікірі бойынша, ізгілікті насихаттау, халықты отансүйгіштікке, имандылыққа, бірлік пен адамгершілікке шақыру мағынасында айтылған әнге рұқсат. Ал адамға жаман ой тастайтын, мысалы арақ пен әдепсіз іске үндейтін ән айтуға шариғатымыз тыйым салған.

Ғұлама Абдул-Ғани ән-Нәбулуси өзінің кітабында: «Пайғамбарымыздың кейбір хадистеріндегі әуенге байланысты тыйымдар осындай теріс бағытқа жетелейтін әуендерге байланысты болса керек» (әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет) деп жазады. Ірі ғалым Иззуддин Ибн Абдуссаламнан музыкалық аспаптардың үкімі жайында пәтуа сұрағанда ол кісі: «Бұл – мубах)», – деп жауап берген. Мубах деген сөз орындаса да, орындамаса да сауап не күнә жоқ деген мағынаны білдіреді.

Сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан қазақ халқы ұлттық аспабымыз домбыра арқылы ән, терме-толғау шырқап, тыңдаушыны имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке, Отанды қорғауға, ата-анамызды қадірлеуге шақырған. Жырауларымыз ел басына күн туған шақта батырларымызды жігерлендіру мақсатында қара домбыраны қолға алып, жыр айтып, Отанды қорғауға үндеген. Бұл жырлар жауангерлерімізге рух берген.

«Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!

Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:

Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана!» деп Қадыр Мырза-Әлі ақын айтқандай, домбыра – көненің көзі, бабадан қалған асыл мирас, құнды қазына, ұлттық рухымыз.

 

Төлеби ОСПАН,

Алматы қаласының бас имамы

Мұнара газеті 

 

Қоғам ДОМБЫРА ШЕРТУ ХАРАМ БА?
Өкінішке қарай, соңғы кездері кейбір дін ұстанған қауым арасында қазақтың ұлттық аспабын шариғатқа қайшы дейтін сөздер айтылып қалып жатады. «Адам білмегеніне дұшпан» демекші, әдетте мұндай жаңсақ ой домбыра жайлы хабары жоқ жаннан туады....
Қоғам КӨШБАСШЫҒА ТӘН ҮШ ҚАСИЕТ
Исламдағы көшбасшылық ұғымы тек билікке ие болу деген мағынаны білдірмейді. Көшбасшылық – Алла мен адамдар алдындағы үлкен жауапкершілік. Зайырлы түсініктерде көшбасшы басқарушы ретінде қарастырылса, Исламда ол ең әуелі халыққа қызмет етуші, әділдік, адалдық, тақуалық және мейірімділік қағидаларын ұ...
Рамазан 2026 АЙТ - ШҮКІРШІЛК МЕРЕКЕСІ
Рамазан құлшылық пен шүкіршілік, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, ізінше тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне қуаныш сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке....
Рамазан 2026 РАМАЗАНДА НӘПСІНІ ТІЗГІНДЕУ МӘДЕНИЕТІ
Жаратқан Алланың көркем есімінің бірі – Хаким. Хаким – әр ісінде дархан даналық пен сансыз сыры бар хикмет Иесі. Ақиқатында, Алла Тағала парыз еткен әрбір үкімде даналық пен хикмет тұнып тұрады. Оның бағзысы адам баласына мәлім болса, кейбірі адамзат ақыл-санасы жетпейтіні де хақ. Құран Кәрім мен ха...
Дін мен дәстүр ИМАНДЫ ҰРПАҚ ЕЛІН ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕГЕ ТАНЫТАДЫ
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?» дегеніндей қазақ жастарына бағыт-бағдар көрсету – аға буынның еншісінде. Бүгінгі жастар ертең ел тізгінін ұстайды. Ұлттық құндылығымыз бен бабалар мұрасын арқалау – солардың міндеті. Тарихтың тағылымын бүгінгі...
Рамазан 2026 ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАТЫН АЙ
Он екі айдың сұлтаны Рамазан – жақсылықта жарысатын қайырымдылық айы. Бұл айда басқа уақытқа қарағанда анағұрлым көбірек ізгілік пен жақсылық жасауға ұмтылған жөн....
Қажылық ҚАЖЫЛЫҚ: БИЫЛ ҚАНДАЙ ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ?
Кімде кім Алланың ризашылығы үшін қажылық парызын өтеу барысында жаман сөзден, теріс қылықтардан, күнәлардан сақтанса, анасынан туылғандай пәк болып қайтады.
Ағымдар мен секталар ШИҒА ШЫҒАРҒАН ШЫРҒАЛАҢ
Имам Маликтің замандасы, хадис ғалымы Шағби: «Уа, Малик! Мен барлық адамның табиғатын зерттедім. Мыналар сияқты ақымақ елді көрмедім. Бұл жануар кейпінде болса есек, құс бейнесінде болса құзғын болар еді», – деп шиғалардың болмысы жайлы ой бөліскен екен....
Қоғам ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
Қазақстан атты елдің Конституциясына негізделген заң бойынша еліміз өзінің тұрақтылық жолын толеранттылықтан бастаған. Толеранттылық ізгілікті, дұрыс іс ретінде қарастырған. Толеранттылық елімізде өмір сүріп жүрген халықты бүтіндікке алып барар жол....
Пайғамбар өмірбаяны МЕЙІРІМ ПАЙҒАМБАРЫ
Ардақты Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі айтқан бес есімінің бірі – мейірімділік пайғамбары. Құран Кәрімде: «Біз сені бүкіл әлемге рахмет (мейірімділік) етіп жібердік», – деп («Әнбия» сүресі, 107-аят) Алла Елшісінің миссиясы мейірімділікке негізделгенін паш етеді....
Қоғам АТА ЗАҢ - ЕЛ ТІРЕГІ
Ата заң – елге қызмет етіп, халықтан құралған мемлекетте ізгі қоғам құру әрбір парасат иесіне жүк.
Ғұламалардың өмірбаяны ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ ӘБУ ХАНИФА МЕН АБАЙ
Бұл дүниеде өмір сүрген кезден бастап дінмен (наныммен) тығыз қарым-қатынаста болған түркілер, Қарахандар кезеңінде, сонымен қатар Саманидтер дәуірінде Ислам дінінің Сүнниттік Ханафи бағытын қабылдаған болатын. Яғни, өздерінің Ислам туралы түсініктерін Ханафилік бағыты шеңберінде құрды. Ханафи мазха...
Ислам тарихы ИСЛАМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА
Жаны саудың – тәні сау демекші, асыл дініміз адамның жан дүниесінің тепе-теңдігімен қатар физиологиялық денсаулығына да ерекше көңіл бөледі.
Рамазан 2026 ҚИСАПСЫЗ САУАПҚА КЕНЕЛТЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Қырық жасқа келген шағы. Әдеттегідей Хира үңгірінде бір-екі жұма қылуетте отыратын. Кенет ақ киімді бейтаныс кісі пайда болды. Әй-шай жоқ: "Оқы", - деді. "Мен оқуды білмеймін", - деді....
Рамазан 2026 ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-САНАСЫ ДІНМЕН ҮНДЕСЕДІ
Шамалы күннен соң Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мейрамымен қатарласа барша мұсылман жамағаты үшін қасиетті саналатын Рамазан айы басталады. Осы киелі ай қарсаңында халықтың оразаға дайындығы, елдегі діни ахуал, дін мен дәстүрдің сабақтастығы турасында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен сұхбатт...
Қоғам ІЗГІ ҚОҒАМ
Құран Кәрімнің: «Алла пайғамбарларын жіберу арқылы жер бетін түзеп жөнге келтіргеннен кейін онда бүлік шығарып, бұзғыншылық жасамаңдар...[1]», - деген аяты әр пайғамбардың адамзат қоғамына ізгілік қалыптастыратындығы жайлы баян етеді. Бұл аяттағы «түзеп жөнге келтіру» ізгілік жолына салған соң деген...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
9 Мухаррам 1448
Миләди
25 маусым 2026
Намаз уақыттары
қазір

Күн 05:21

Бесінге дейін 04:59

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Басшылыққа адалдық жоғалса, Қияметті күте бер», – деген. Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміз бойынша діни қызмет аясында «Ислам және адал қоғам» жылы деп жарияланды. Осы игі бастама аясында уағыздар мен ақпараттық түсіндірме жұмыстарында әр істе адал болудың маңызы кеңінен насихатталуда. Өйткені адалдыққа ұмтылған қоғам бақытты болары хақ. 

Мақаланың толық нұсқасы бас имам блогында

КӨШБАСШЫҒА ТӘН ҮШ ҚАСИЕТ (azan.kz)

Аталмыш аятта ізгі қоғамның қалыптасуына қажетті басты себеп айтылуда. Бұл қоғамға бағыт-бағдар беретін, сөзімен және ісімен ізгілікте үлгі болатын жақсылар қалыптасуы керектігін ескертуде.

Хадисші ғұлама «Алла алдындағы пенделік парыздарын толық орындаушы және адамдарға қатысты азаматтың міндетін толықтай атқарушы» дейді. Демек, ізгі адам – иманнан бастап барлық асыл қасиеттерді шама-шарқынша тұла бойына қалыптастыруға тырысқан, әрі сол құндылықтарға сай өмір сүруге ұмтылған жан.

Мақаланың толық нұсқасы осында ІЗГІ ҚОҒАМ

«Айт – Исламның қастерлейтін рәміздерінің бірі және ең ұлы  көріністеріне жатады. Оны қастерлеу – жүректегі тақуалықтың белгісі. Алла Тағала: «Кімде-кім Алланың рәміздерін ұлықтаса күдіксіз бұл жүректегі тақуалықтан», - деген.

Отбасы – алғашқы тәрбие ошағы. Тәрбиедегі ата-ананың үлесі – үлгі бола білуі. Жастар ата-анаға қарап бой түзейді. Осылайша, олардың дүниетанымы мен көз­қарасы қалыптаса бастайды. Жү­сіп­бек Аймауытұлының әйгілі «Тәрбие» мақаласындағы: «Балаға қайырымдылықты, қаталдықты, кішіпейілділікті, күйгелектікті, шын­шылдықты, өтірікшілікті бе­ре­тін кім? Ол, әрине, ата-ана­ның тәрбиесі. Баланың бойына басынан сіңірген мінезді қайта түзету қиын. «Сүтпен сіңген мінез сүйек­пен кетеді» деген сөз ата-ана тәр­биесінің күштілігін көрсетеді...».

 

Мақаланың толық нұсқасы сайттағы Бас имам блогында

Жаны саудың – тәні сау демекші, асыл дініміз адамның жан дүниесінің тепе-теңдігімен қатар физиологиялық денсаулығына да ерекше көңіл бөледі. Құран Кәрімде: «Біз Құранды мүміндер үшін шипа һәм рақым болатын аяттар түсіреміз...»,-деп адамзатқа жан мен тән шипасы жіберілгендігі айтылады. Құран барлық сұрақтарға жауап беретін Алланың сөзі. Сондықтан, Құранда медицинаға қатысты аяттардың болмауы мүмкін емес.

 

мақаланың толық нұсқасы ИСЛАМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

 

 

 

Зекет – асыл дініміздің үшінші негізі. Құранның көптеген аяттарында намаз бен зекет қатар жүреді. Зекет «тазару, көбею» деген мағынаны білдіреді. 

Абдулла Омарұлы (оған Алла разы болсын): «Алла елшісімен бірге мешітте он кісі болып отырған едік. Ансарлық бір жігіт: «Уа, Алланың елшісі! Мұсылманның қайсысы абзал?» деп сұрады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мінез-құлқы жақсысы» деді. «Ең ақылдысы кім?» дегенде: «Өлімді көп ойлап, соған дұрыс қамын жасайтыны» деп жауап берді. Сосын Пайғамбарымыз: (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, мұхажирлер! Бес қасірет бар. Сол күнді сендер көрмесе екен деп Алладан тілеймін. (Біріншісі) Ел арасында арсыздық пен азғындық ашық белең алса, онда олар бұрын-соңды көрмеген түрлі ауру мен обаға душар болады. (Екіншісі) Сауда-саттықта таразыдан алдайтын болса, азық-түлік жетіспеушілігіне тап болады, (үшінші) мал-мүліктің зекетін бермейтін болса, жаңбыр жаумай қуаңшылық жайлайды...» деген еді. Демек, зекетке салық деп қарау – қателік. Бұл иләһи заңның бір тетігі. Ол бұзылса, зардабын зекет беруден бас тартқан адам емес, жаппай қоғам тартады. Сондықтан бұл парызды дұрыс насихаттау міндетіміз.

Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi