ИСЛАМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:23
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ИСЛАМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

| A | +

Жаны саудың – тәні сау демекші, асыл дініміз адамның жан дүниесінің тепе-теңдігімен қатар физиологиялық денсаулығына да ерекше көңіл бөледі. Құран Кәрімде:

وَنُنَزِّلُ مِنَ الْقُرْآنِ مَا هُوَ شِفَاءٌ وَرَحْمَةٌ لِّلْمُؤْمِنِينَ ۙ

«Біз Құранды мүміндер үшін шипа һәм рақым болатын аяттар түсіреміз...[1]»,-деп адамзатқа жан мен тән шипасы жіберілгендігі айтылады. Құран барлық сұрақтарға жауап беретін Алланың сөзі. Сондықтан, Құранда медицинаға қатысты аяттардың болмауы мүмкін емес. Оның ең біріншісі аяты: «…Жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер…[2]». Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде демекші барлық заман дәрігерлері дұрыс тамақтану ауырмаудың басты жолы екенін кеңес еткен. Заманауи медицинаның ұзақ жылдар зерттеулері нәтижесінде қол жеткізген жаңалықтары Құран Кәрімде баян етілген. Соның теңізден тамшы ретінде екі мысалын айта кетейік: Сезу және жүйке жүйесіне қатысты:

كُلَّمَا نَضِجَتْ جُلُودُهُم بَدَّلْنَاهُمْ جُلُودًا غَيْرَهَا لِيَذُوقُوا الْعَذَابَ

«...Терілері әбден күйіп, шыжғырылған сайын орнына жаңа тері қаптап отырамыз[3]» деген аят бар. Адамның жүйке жүйесі, яғни сезуі тері қабатында екенін медицина IXX ғасырда айта бастады. Сондай-ақ:

يَخْلُقُكُمْ فِي بُطُونِ أُمَّهَاتِكُمْ خَلْقًا مِّن بَعْدِ خَلْقٍ فِي ظُلُمَاتٍ ثَلَاثٍ ۚ

«...Сендерді аналарыңның құрсаңында үш бірдей қараңғылық ішінде бірнеше жаратылыс кезеңдерінен өткізіп барып жаратуда...[4]» деп ана құрсағындағы бала үш қабат: қарын, жатыр және плацента ішінде жататындығы баян етілуде. Медицинадағы бұл жаңалық соңғы ғасырларда ашылған.

Сахаба Әбу Зарр (р.а.) «Алла елшісі бізге барлық нәрсенің тіпті аспанда қанат қаққан құс жайлы да бізге ілім берді[5]» деп айтқанында Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) емделу туралы да айтқаны бар. Мәселен: «Бір жерде оба тарағанын естісеңдер онда кірмеңдер. Ал, егер сендер тұрған жерден оба шықса, ол дерттен қашамын деп сыртқа шықпаңдар[6]» деген. Бұл хадис карантин жайлы. Ауада жұқпалы індет тарап жатқан елді мекен тұрғындары мен басқа ауыл-аймақ арасында оқшаулау. Ең алғаш тарихта XIV ғасырда Венецияда қолданылған. Алайда, мұсылмандар бұл әдісті Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйренген.

Сонымен қатар, хижама – теріге майда тілік жасап қан алу әдісі, бал мен қара зере ішу сияқты емдік әдістер заманауи медицина ағзаға өте пайдалы деп мойындауда. Бұдан басқа ерте ұйықтау және таң уақытында тұру, аз тамақтану, қол қозғалыс жасау сияқты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірлік салты бүгінгі таңда мұсылман емес дәрігерлер тарапынан кеңес берілуде.

Ибн Сина – философ, ғалым, ақын және дәрігер. Ол Аристотель және Фарабиден кейінгі үшінші ұстаз деп танылған тұлға. Емдеу және емдеуді үйрену ғылымы медицина осы ғалымның есімімен аталады. Ибн Синаның көп томдық «Әл-Қанун фи Тиб» (Дәрігерлік ілімнің заңы) еңбегі күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан емес. Имам Шафиғи (р.а.) «Расында, ілім екеу: дін және дүние ілімі. Діннің ілімі – фиқһ, дүниенің ілімі - медицина» деп айтқан сөзі ғылымдар ішіндегі медицинаны ауадай қажет ілім деп ой қозғаған. Тағы бір сөзінде: «Фиқһ ғалымы мен дәрігері жоқ қалада тұрушы болма» деген кеңесі де көп нәрсені аңғартады.

Медицина ғылымының мың бір тармағы бар. Еліміздің жастары ғылымның бұл саласын меңгеру керек. Шетелдік озық медицина оқу орындарына түсіп, тәжірибе жинауы уақыт талабы. Аталмыш, ғылым сала студенттері мен дәрігерлер мына хадистерді басшылыққа алғаны жөн:

ما أنْزَلَ اللَّهُ داءً إلَّا أنْزَلَ له شِفاءً.

 «Алла Тағала әрбір дертке бір шипа да түсірген[7]» және

تَدَاوَوْا عِبَادَ اللَّهِ، فَإِنَّ اللَّهَ لَمْ يَضَعْ دَاءً إِلَّا وَضَعَ مَعَهُ شِفَاءً إِلَّا الْهَرَمَ

«Уа, Алланың құлдары, емделіңдер. Алла Тағала қарттыңтан басқа дерттің барлығына шипа берген[8]» және

لكل داءٍ دواءٌ، فإذا أُصيبَ دواءُ الداء، بَرَأ بإذن الله عز وجل

«Әрбір дерттің дауасы бар. Дауа дертке дөп түсе, Алланың қалауымен, сырқатынан сауығады[9]»

إن الله عز وجل أنزل الداء والدواء، وجعل لكل داء دواء، فتداووا ولا تداووا بحرام

«Анығында, Алла дертті де, дауаны да түсірген. Әрбір дертке бір дауа қойған. Емделіңдер, бірақ харам нәрсені емдік үшін пайдаланбаңдар[10]».

Жоғарыдағы хадистерде медицинаға қатысты ең маңызды дүние айтылуда: бірінші, әрбір ауруға ем-дом табуға болады. Екінші, дәрі-дәрмек жасауда пен емдеу тәсілінде харам заттарды қолданбау. Сонымен қатар, медициналық этика ретінде амалсыз жағдайлардан басқа кезде діни және ұлттық тәрбиемізді ескеру. Мысалы, әйел пациентті әсіресе гинекологиялық ауру болған жағдайда әйел дерігердің емдеуі сияқты мәселелерге аса мән беру.

Соңынан айтпағым, дәрігер өмірлік қызметіне адал болуы үшін, емделуші алдындағы міндетті толық атқару үшін оның еңбек ақысы лайықты деңгейде болуы қажет. Бұл мамандық иелерінің жағдайы жақсы болуы елдегі денсаулық мәселесінің оңалуына тікелей ықпал ететіні белгілі. Ал, болашақ дәрігер ұстазы мен әріптестері алдындағы міндеті, зиян тигізбеу принципі, эвтаназия мен түсік жасаудан бас тарту, дәрігерлік құпияны сақтау сияқты басты дәрігерлік ант пен этикаға адал болып қалуына шақырамын.

 

Төлеби ОСПАН

Алматы қаласының бас имамы

 

 

 

[1] Исра сүресі, 82-аят

[2] Ағраф сүресі, 31-аят

[3] Ниса, 56-аят

[4] Зүмәр сүресі, 6-аят

[5] Ахмед

[6] Бұхари

[7] Бұхари

[8] Ибн Мажа, Ахмед

[9] Муслим

[10] Әбу Дауд

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҚҰРБАН ШАЛУДЫҢ ТАРИХЫ ҚАНДАЙ? ЖАРИЯ САДАҚАНЫҢ ТҮРЛЕРІ ҚАНДАЙ?

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат ТӘКӘППАРЛЫҚ - ТЕРЕҢ ҚҰЗ
Тәкәппарлық – адамның өзіне, өзгелерге және өмірге деген қате көзқарастардың бір көрінісі. Бұл мінез-құлық адамның рухани және моральдық дамуына кедергі жасайтын терең құзға айналады. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны білдіре...
Әдеп (этика) КЕЛІННІҢ СӘЛЕМ САЛУЫ
Қазақ халқының рухани мәдениеті мен тұрмысында келіннің сәлем салуы ерекше орын алады. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақы тәрбиенің ажырамас бөлігіне айналған. Келіннің сәлем салуы тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар үлкенге ізет пен кішіпейілділіктің белгісі саналады. Бірақ бұл дә...
Ихсан ілімі ИМАН МЕН ИХСАН МӘСЕЛЕСІ
Дінге сенуші адамдардың арасында көптеген сұрақтар қойылады. Солардың ішінде «дін дегеніміз не?», «ихсан деген не?» «ислам деген не?». Әрине бұл сұрақтарға жауап беру үшін мақалалар, тіпті кітаптар жазылады....
Қоғам ҮШ ДЕРТ: КӨП СӨЙЛЕУ, ТАМАҚТАНУ МЕН КӨП ҰЙҚЫ
Ұлы Жаратушы, кемшіліктерден пәк Алла Тағала адам баласына аманат ретінде оның жаны мен тәнін бергеннен кейін, адам баласына жан мен тәнді тәрбиелеу мен ауру-сырқаудан емдеу жолдарын әділетті Пайғамбарлары арқылы көрсетіп берген. Адам баласының өмірі сынақ ретінде берілгендіктен, сынақтан өтудің жол...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан ілімі адамды немесе адам рухын кемелдендіретін хал ілімі ретінде сипатталады және ол Құран мен сүннеттегі қағидалардың толық орындалуымен түсіндіріледі. Ихсан ілімі қателік пен күнә жасауға себеп болатын адам бойындағы материалдық әрі рухани қуат көздерін тізгіндеп, оның орнына сауап пен ізгіл...
Пайым-парасат ҚҰРАН АЯТАРЫНДАҒЫ "ЖҮРЕК" ҰҒЫМЫ
Жүрек - ақыл, таным, білім, ниет, сенім, даналық және құрбандық тәрізді адам үшін өте маңызды мәселелердің жиынтығы. Егер жүрек тірі болса, бұл сезімдер де тірі болып саналады. Егер ол қандай да бір себеппен тоқтаса не күйзелсе, онда бұл өмірдің саған қойған белгісіз жоспарының сәтсіз жері  немесе қ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам тарихы ҚАСИЕТТІ ҚОС МЕШІТ ИМАМЫ
Діндар мен су сатушы Құдай қосқан көрші боп қатар қоныс тепкен екен. Сушының тері месін көршінің баласы бізбен тесіп тастайтын көрінеді. Алғашында бала ғой деп үндемеген болатын. Алайда, месін қырық тесік етіп жіберген соң амалы таусылған сушы: "Көрші, месімді балаң бірнеше рет тесіп тастады. Айыпқа...
Ислам тарихы ПАЙҒАМБАР МЕШІТІНІҢ КҮМБЕЗІН КІМ ОРНАТТЫ?
Сіз Мәдинадағы Пайғамбар мешітінің күмбезін кім орнатқанын білесіз бе?
Ислам тарихы ИСЛАМ - БЕЙБІТШІЛІК ӘРІ АМАНДЫҚ
Исламда татулық пен ынтымақ тақуалықтың сыңары. Бұл қасиеттер бір-бірінен еш ажырамайды. Құран Кәрімде: «Алладан қорқыңдар әрі өз араларыңды дұрыстаңдар», - деп әмір етілген («Әнфал» сүресі, 1-аят)....
Ислам тарихы МИҒРАЖ ОҚИҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒИБРАТЫ
Исра және Миғраж түні ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккедегі әл-Харам мешітінен Құдыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне исра (яғни түнгі сапар) жасады. Одан миғражға, яғни жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесіп, үнемі құлшы...
Ислам тарихы КӨКТЕ ПАРЫЗ БОЛҒАН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Аса қамқор ерекше мейірімді Алла Тағаланың бастаймын. Алла Тағалаға мадақ, мақтаулар болсын. Адамзат баласына Алланың хақ жолын көрсеткен сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын....
Ислам тарихы ПАЙҒАМБАР ДЕГЕН МЕШІТТІ ҚИРАТТЫ немесе ДИРАР МЕШІТІ
Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны, дәлірек айтқанда исламның насихатталуы шартты түрде екі кезең: Мекке және Мәдина кезеңі деп қарастырылады. Хижрет, яғни пайғамбар бастаған ұлы көш Мәдина қаласында жаңа қоғам іргетасын қалады....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:23

Құптанға дейін 00:13

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi