ҚАРИЯЛАР – ДАРХАН КӨҢІЛ ӨЛШЕМІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:42
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:45 07:07 11:47 14:38 16:20 17:42
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
16 Джумада-сани 1447
Миләди
07 желтоқсан 2025

Мақалалар

ҚАРИЯЛАР – ДАРХАН КӨҢІЛ ӨЛШЕМІ

| A | +

Қазақ халқының болмысында қарияға деген құрмет пен ізет – ұлттың рухани тірегіне айналған асыл дәстүр. «Қариясы бар үй – қазыналы үй» деп бекер айтылмаса керек. Өйткені қария – елдің өткенін көрген, бүгініне бағыт беріп, болашағына бағдар сілтер рухани шамшырағы. Ұлттың шежіресін, елдің тарихын, халық даналығын бойына сіңірген абыз ақсақалдар – қоғамның алтын қазығы. Олар өмірдің ащысы мен тұщысын қатар татып, талай ұрпаққа өнеге болған жандар.

Адамзат тарихына көз жүгіртсек, үлкенге құрмет көрсету – тек дәстүр ғана емес, дін тұрғысынан да парыз. Исламда жасы үлкенге ізет көрсету, ақылын тыңдау – имандылықтың нышаны. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім кішілерге мейірімділік танытпай, үлкендерді құрметтемесе – ол бізден емес» (Әбу Дауд риуаяты) – деп ескерткен. Бұл хадис қарияға деген құрметтің иман мен адамгершіліктің өлшемі екенін айқындайды.

Қария – ұлттың өткенін болашаққа жалғайтын алтын көпір. Олардың жүрегі – мейірімге, ақылы – даналыққа, сөзі – ғибратқа толы. Әр қария – бір кітап. Өмірдің сан тарауынан өткен, талай тағдырды көрген, әрбір сөзін өмір тәжірибесінен өрген. Халық даналығында «Жас білсе – іске, кәрі білсе – сөзге» деп бекер айтылмаған. Себебі, қарияның сөзі – өмір сабағы, оның өнегесі – ұрпаққа жол. Құран Кәрім де үлкендерге құрмет көрсетудің маңызын айқын баяндайды. Алла Тағала «Исра» сүресінің 23-аятында: «Раббың Өзінен басқаға құлшылық етпеуді және ата-анаға (үлкендерге) жақсылық жасауды бұйырды. Егер олардың бірі немесе екеуі сенің қасыңда кәрілік жасқа жетсе, оларға «туф» (жек көру) деме және зекіме, оларға сыпайы сөз сөйле» – деп әмір етеді.

Бұл аят үлкенге құрмет – Жаратушының бұйрығы екенін көрсетеді. Қарияға жылы сөз айту, көңілін көтеру – сауапқа, ал ренжіту – күнәға себеп. Қазақ қоғамында қарияның орны – төр. Ол отбасындағы берекенің бастауы, ауылдың ақылшысы, елдің абызы. Қарияның батасы – ұрпақтың ырысы. «Қария батасы – елдің шаттығы» деген сөз тегін емес. Бата – рухани күш, ұлттың ұлағаты. Қариясы сыйлы қоғамда ақсақалдардың сөзі мен өнегесі халықты ынтымаққа, сабырға, ізгілікке үндейді.

Қарияның дархан көңілі – кең даладай. Олар өкпеге орын бермейді, ызаға жол таптырмайды. Өмір бойы кешірім мен мейірімге сүйеніп, ұрпағына ізгілік тілейді. Қазақы дүниетанымдағы ең асыл қасиет – кең пейіл мен кешірімділік. Бұл қасиет көбіне қарттардың бойынан табылады. Себебі олар өмірдің өткінші екенін, дүниенің сынақ екенін терең түсінеді. Бүгінгі таңда қарияларымыздың қоғамдағы рөлі бұрынғыдан да маңызды. Олар – рухани тұтастық пен ұлттық бірліктің тірегі. Мешіттер мен қоғамдық ұйымдар жанындағы ақсақалдар кеңесі – халықтың бірлігін сақтауда, жастарды дұрыс жолға бағыттауда ерекше рөл атқарады. Ел ішінде үлгі болар қарияның болуы – ұлттың болашағына сенім ұялатады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде былай дейді: «Үлкенге құрмет көрсеткен мұсылманға, Алла Тағала қартая бастағанда, өзі де құрметке бөленетін адамды нәсіп етеді» (Тирмизи). Бұл хадис үлкенге көрсетілген ізеттің – ертеңгі өз тағдырымызға жасалған жақсылық екенін ұқтырады.

Қарияны сыйлау – дәстүр мен діннің тоғысқан тұсы. Ол – тек мәдени мұра емес, рухани борыш. Қарияны құрметтеген ұлт – тарихын қадірлеген ұлт. Қариясын қадірлеген елдің рухы биік, берекесі мол, болашағы жарық. Бүгін қарияға көрсетілген мейірім – ертең өзімізге қайтатын сауап.

Қазақтың ұлы даласы секілді кең жүректі, кемел ойлы ақсақалдарымыз барда ел еңсесі түспейді. Өйткені қария – елдің айнасы, рухтың тірегі, мейірімнің бастауы. Сол үшін де әрбір шаңырақтың төрінде ақ сақалды абыздың отыруы – сол үйдің ырысы мен бақытының нышаны.

Қарияны сыйлау – адамдықтың ең асыл белгісі. Ол – дініміздің талабы, дәстүріміздің діңгегі, ұлт рухының шамшырағы. Қариясын қадірлеген елдің көкжиегі кең, келешегі кемел болады.

 

 

Ғазиз Жүсіпов

Әл-Азим мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
НАМАЗ - ТӘРБИЕ НЕГІЗІ ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ МӘСЕЛЕСІ

Тақырып аясындағы мақалалар

Исламдағы отбасы БАЛАЛЫ ҮЙ - БАЗАР
Қазақ дүниетанымында бала – өмірдің жалғасы, шаңырақтың шуағы, ұлттың болашағы. Ислам дінінде де балаға деген көзқарас ерекше, өйткені ұрпақ – Алланың аманаты әрі нығметі....
Ислам тарихы ИСЛАМДАҒЫ САУДА-САТТЫҚ ӘДЕБІ
Сауда — тек дүниелік пайда табу жолы емес, ол — адам мен Алла арасындағы сенімнің бір көрінісі. Исламда сауда тек адал жолмен, әділдікпен және шыншылдықпен жасалуы тиіс....
Исламдағы отбасы ОТБАСЫЛЫҚ ҚАҒИДА ҚАЖЕТ ПЕ?
Ата-бабамыздан «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөз қалған. Расымен де, Отанның берік болуы отбасының бекемдігінен бастау алады. Өйткені ол – ең негізгі және ең маңызды әлеуметтік институт. Отбасының нақты қағидаларға сүйеніп, дамуы еліміздің де жүйеленіп, алға қарай қадам басуына тікелей әсер...
Мәнһәж ҚҰҚЫҚ ПЕН ДІННІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Ислам дінінің Алла Тағала тарапынан адамзатқа түсірілуінің негізгі мақсаты адам баласының құқығының қорғалуы. Адам өмір сүруге, бас бостандығы, сөз бостандығы, білім алу мен табыс табу, не нәрсені иемдену мен әділдікке қақылы....
Пайым-парасат ҚОРШАҒАН ОРТА - ҚОРҒАНЫҢ
Адам мен табиғат — ажырамас егіз ұғым. Табиғат — тіршіліктің қайнар көзі, ал қоршаған орта — адамзаттың өмір сүру ортасы, демі мен тынысы. Сол себепті табиғатты қорғау, оны аялау — әр адамның адамдық борышы....
Пайым-парасат БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНЫҢ СЫРЫ
Жалғыздық тек Аллаға ғана жарасқан. Ұлы Жаратушы жалғыз болуды дара Өзіне тән етіп, жаратылыс атаулысын жұп-жұбымен тіршілік етуге мұқаж етіп жаратты. Сондай-ақ, бұл мұқтаждықты жаратылған махлуқат атаулысы бастан кешіріп табиғатындағы әлсіздікті екінші жартысын тауып толықтыруға зәру....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат АНАНЫҢ КӨҢІЛІ – БАЛАДА, БАЛАНЫҢ КӨҢІЛІ...   
Қазақ халқының мақал-мәтелдері – ғасырлар бойы жинақталған өмірлік тәжірибесі мен ұлттық дүниетанымның айнасы. Солардың ішінде «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада» деген мақал адам мен қоғам арасындағы ең іргелі моральдық қатынастардың, аналық махаббат пен ұрпақ жауапкершілігінің  терең...
Пайым-парасат АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ РУХАНИ ТӘРБИЕ КӨЗДЕРІ
Жеке адам болу дегеніміз — тұлға болып қалыптасуда бойына сіңірген игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасы, күнделікті тұрмысқа енгізу. ...
Пайым-парасат РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Қазақстанның егеменді ел ретінде дамуы жолында рухани жаңғырудың маңызы ерекше. Ұлт болып қалыптасу үшін ұлттық құндылықтар мен мәдени дәстүрлерді сақтап, оларды жаңаша көзқараспен бағалау қажет. ...
Пайым-парасат ИМАНДЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ: ЕКІ ҚАНАТТЫ РУХАНИЯТ
Имандылық пен ұлттық тәрбие – бұл қазақ халқының сан ғасырлық рухани өмірінің қос қанаты. Бірін-бірі толықтырып, өзара қабыса дамыған бұл құндылықтар ұлтты ұйыстырып, қоғамды біріктіріп келген. ...
Пайым-парасат ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН РУХАНИ КЕЛІСІМ ЕЛІ
Бейбітшілік – адамзаттың ғасырлар бойғы аңсаған арманы, рухани үйлесім мен тұрақты дамудың кепілі. Бұл ұғым тек соғыстың жоқтығы ғана емес, ол – адамдардың еркін өмір сүруі, діни сеніміне, мәдениетіне, тілі мен ұлтына құрметпен қарау, әртүрлі пікірлерге төзімділік таныту....
Пайым-парасат ЖҰМА КҮНІ ЖӘНЕ ЖҰМА ӘДЕПТЕРІ
Аптаның ішінде күндердiң ең ұлығы – жұма күні. Мұсылмандар үшін жұма күні бейсенбі күні шам намазынан басталып жұма күні шам намазына дейін жалғасады. «Жұма» сөзі жинау, бас қосу деген мағыналарды береді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
16 Джумада-сани 1447
Миләди
07 желтоқсан 2025
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:42

Урок 23: Переселение в Медину

(++++++++++)

Амир Холматов
22 сағат. бұрын

Урок 126. Глава 13. 129 хадис

Ваши ответы по теме урока - верные. Но мы не можем их оставить в комментарии, т.к. тогда пропадает с

Администратор Azankz
27 қар. 2025

Назначен новый руководитель отдела по делам религии и анализа ДУМК

Timely report — this article highlights the recent leadership change at a major religious-anal

X
26 қар. 2025

О приоритетах

Great meaningful piece reflecting on one’s true priorities and obligations — very though

X
4 қар. 2025

22 урок: О дополнительных земных поклонах

"В случае, если молящийся выполнил 5 ракаат, т.е. совершил и руку и саджда, а затем вспомнил, что ош

Al Almaty
7 қыр. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi