ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН РУХАНИ КЕЛІСІМ ЕЛІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:39
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:59 06:15 11:39 15:13 16:57 18:13
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
4 Джумада-авваль 1447
Миләди
25 қазан 2025

Мақалалар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН РУХАНИ КЕЛІСІМ ЕЛІ

| A | +

Бейбітшілік – адамзаттың ғасырлар бойғы аңсаған арманы, рухани үйлесім мен тұрақты дамудың кепілі. Бұл ұғым тек соғыстың жоқтығы ғана емес, ол – адамдардың еркін өмір сүруі, діни сеніміне, мәдениетіне, тілі мен ұлтына құрметпен қарау, әртүрлі пікірлерге төзімділік таныту.

Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап, дәл осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, әлемге бейбіт өмір мен рухани келісімнің озық үлгісін көрсетіп келе жатқан ел ретінде танылды. Еліміз – көпэтносты және көпконфессиялы қоғам. 130-дан астам ұлт өкілдері мен түрлі діни сенімді ұстанатын азаматтардың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі – бұл кездейсоқтық емес, саналы түрде жүргізілген мемлекеттік саясаттың жемісі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанған «алдымен ел бірлігі, рухани келісім, ішкі тұрақтылық» қағидасы тәуелсіз елдің даму жолындағы басты бағдарға айналды. Қазақстанда түрлі діни конфессиялар мен этностарға заң аясында тең құқықтар берілген. Азаматтар діни сенім бостандығын еркін пайдалана алады. Бұл – еліміздің Конституциясында да нақты көрсетілген. Сонымен қатар, елімізде 3 800-ден астам діни бірлестік заңды тіркеуден өтіп, өз қызметтерін еркін жүзеге асыруда. Бұл – зайырлы мемлекет пен діни кеңістік арасындағы үйлесімді диалогтың, өзара түсіністіктің нәтижесі.

Қазақстанның бейбітсүйгіш саясаты мен рухани келісімге негізделген ұстанымдары халықаралық деңгейде де мойындалды. 2003 жылдан бастап елордамызда тұрақты түрде өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі – соның айқын дәлелі. Бұл форум тек діни диалог алаңы ғана емес, сонымен қатар жаһандық сын-қатерлерге қарсы бірлесіп әрекет етуге шақыратын халықаралық платформаға айналды. Мұндай бастамалар – Қазақстанның бейбітшілікті нақты іспен қолдап келе жатқан ел екенін көрсетеді. Діни келісім мәселесінде мемлекет пен қоғамның өзара түсіністікпен жұмыс істеуі аса маңызды. Дін – әр адамның ішкі рухани әлеміне тиесілі қасиетті кеңістік. Сол себепті дінді дұрыс түсіндіру, әсіресе жастарға оның шынайы құндылықтарын жеткізу – уақыт талабы. Елімізде осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен өзге конфессиялардың жетекші органдары халыққа дәстүрлі діни құндылықтарды жеткізіп, рухани тұрақтылықты сақтау жолында еңбек етуде.

Қазақстанда қалыптасқан рухани келісім моделі – өзара құрметке, түсіністікке және сабырға негізделген. Бұл – ғасырлар бойы қалыптасқан дала өркениетінің, қазақ халқының төзімділік пен қонақжайлыққа құрылған дүниетанымының көрінісі. Қазақ халқы ежелден өзге ұлт пен ұлысты жатсынбаған, керісінше, құрметтеп, ортақ шаңырақ астында бейбіт өмір сүрудің озық үлгісін көрсете білген. Тәуелсіздік жылдары еліміздің әр түкпірінде мәдениет үйлері, этноорталықтар, діни ұйымдар, бейбітшілікті насихаттайтын қоғамдық бірлестіктер құрылып, азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға жол ашты. Бұл құрылымдардың барлығы діни төзімділік пен рухани келісімді нығайтатын, ел ішіндегі бірлікті бекемдей түсетін құралға айналды. Жастар – ел болашағы. Сондықтан оларды рухани ізгілікпен, адамгершілік құндылықтармен тәрбиелеу, радикализм мен экстремизмнің ықпалынан қорғау – баршамыздың міндетіміз. Бұл тұрғыда дінтану пәнінің мектеп бағдарламасына енгізілуі, имамдар мен ұстаздардың ағартушылық қызметі, медиа мен әлеуметтік желідегі сапалы контент – жастарды діни және рухани тұрғыда тәрбиелеудің маңызды тетіктері.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің елімізде діни төзімділік пен рухани келісім – мемлекеттің тұрақты дамуының негізі. Бұл – Қазақстан қоғамының басты жетістіктерінің бірі» деп атап көрсеткен болатын. Бұл сөздер ел басшысының рухани қауіпсіздік пен бейбіт өмірге баса назар аударатынын дәлелдейді. Сонымен қатар, Президент жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, ұлттық құндылықтарға сүйенетін жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруды маңызды деп есептейді. Бейбітшілік пен келісім – тек мемлекетке қатысты ұғым емес. Ол – әрбір адамның, әрбір отбасының санасында орнығуы тиіс қағидат. Төзімділік, сабырлылық, өзара түсіністік – осындай қасиеттер қоғамда орнықса ғана тұрақтылық сақталады. Діни сенім мен зайырлы мемлекеттің үйлесімді жұмыс істеуі – рухани келісімнің кілті.

Бүгінгі әлемде әртүрлі қақтығыстар мен діни алауыздықтар жиі орын алуда. Осындай жағдайда Қазақстанның бейбіт өмір салты мен діни келісімді сақтаудағы тәжірибесі – өзге елдер үшін де үлгі бола алады. Еліміздің бұл бағыттағы жетістігі – кез келген мемлекеттің басты құндылығы болып табылатын ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етудің нақты жолы. Сондықтан да біз бейбітшіліктің, рухани келісім мен татулықтың бағасын түсініп, оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Бұл тек бүгінгі ұрпақ үшін емес, болашақ ұрпақ үшін де маңызды. Бірлігі бекем, руханияты биік ел ғана жаһандану заманында өз болмысын сақтап, өркениет көшінің алдыңғы қатарынан көріне алады. Қазақстан – тек табиғи ресурстары мен географиялық орналасуымен емес, рухани келісімімен, бейбітшілік сүйгіш саясаты арқылы да әлемге танылған ел. Бұл жетістікті сақтау – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы. Себебі бейбіт өмір мен рухани тұрақтылық – ұлттық қауіпсіздіктің де, әлеуметтік дамудың да негізгі тұғыры.

 

Алматы Орталық мешітінің наиб имамы

Руслан Қайыргелді

 

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Тақырып аясындағы мақалалар

Қоғам РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән, Оның Пайғамбары Мұхаммедке салауаттар мен сәлемдер болсын!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ЖҰМА КҮНІ ЖӘНЕ ЖҰМА ӘДЕПТЕРІ
Аптаның ішінде күндердiң ең ұлығы – жұма күні. Мұсылмандар үшін жұма күні бейсенбі күні шам намазынан басталып жұма күні шам намазына дейін жалғасады. «Жұма» сөзі жинау, бас қосу деген мағыналарды береді....
Пайым-парасат КӨРШІҢІЗБЕН ТАТУСЫЗ БА?
Алла Тағала адам баласын қоғамда, адамдармен бірге өмір сүруге бейім етіп жаратқан. Жаратылысы адаммен тығыз байланысты жандардың бірі – көрші.
Пайым-парасат ҚАРИЯҒА ҚҰРМЕТ - АСЫЛ ІС
Әрдайым үлкенге ізет көрсеткен халқымыз: «Қариясы бардың - қазынасы бар», - деген қанатты сөз қалдырған. Бұл үлкенін ізеттейтін, кішісін құрметтейтін елге ғана тән құбылыс десек артық айтқандық емес....
Пайым-парасат САДАҚА БЕРУДІҢ СЫРЫ
Садақа – зекет беру һәм қайырымдылық жасау деген мағынаны білдіреді. Сондықтан зекет, садақа депте аталады. Парыз болған зекет пен нәпіл болған садақа Құран да және хадистерде «садақа» сөзімен аталуда....
Пайым-парасат САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНАСЫЗ БА?
Ислам діні адамның ішкі және сыртқы саулығына бірге мән беруімен қатар, олардың мүмкін болған ауруларын дұрыс жолмен емдуге әрекет ететіні де белгілі. Ішкі рухани ауруларды емдеу және оның алдын алу жолдары мен сыртқы түйткілдерді шешу әдістерін де Құран мен сүннет ұсынатынын ұмытпаған жөн. Пайғамба...
Пайым-парасат ҚОНАҚ КҮТУ ӘДЕБІ
Үйіне келген адамға құрмет көрсету, қонақжайлылық танытып төрге шығару біздің ұлттық салт-дәстүріміз. Үйінің табалдырығын аттаған  адамның тіліне, дініне, ұлтына қарамай «Қош келдіңіз!», - деп, достық ықылас таныту, ас-дәм беріп, қамқорлық білдіру үй иесінің адамгершілігі мен имандылығының белгісі....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
4 Джумада-авваль 1447
Миләди
25 қазан 2025
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:39

Екінтіге дейін 02:21

22 урок: О дополнительных земных поклонах

"В случае, если молящийся выполнил 5 ракаат, т.е. совершил и руку и саджда, а затем вспомнил, что ош

Al Almaty
7 қыр. 2025

Урок 22: Вторая клятва при Акабе

(+++++)

Амир Холматов
2 қыр. 2025

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам уа рахматуллахи уа баракатух! Если они развелись через суд и бывший муж подпи

Администратор Azankz
31 там. 2025

105. Ростовщичество (Риба)

Получается депозит, кредиты и ипотека запреты?

Al Almaty
23 там. 2025

Деобанды - кто они?

Поправили, спасибо за внимательность.

Администратор Azankz
15 там. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi