АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ РУХАНИ ТӘРБИЕ КӨЗДЕРІ
Сауран ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 15:39
Сауран ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Сауран ауданы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:40 06:58 12:13 15:39 17:22 18:39
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
10 Джумада-авваль 1447
Миләди
31 қазан 2025

Мақалалар

АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ РУХАНИ ТӘРБИЕ КӨЗДЕРІ

| A | +

Жеке адам болу дегеніміз — тұлға болып қалыптасуда бойына сіңірген игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасы, күнделікті тұрмысқа енгізу. Адам немесе жеке тұлға өзінің сана-сезімін, көзқарасын, рухани-саяси дүниетанымын үнемі білім мен еңбектің арқасында жетілдіріп отыруы керек.  Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері — оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Осы орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық" деген ұғымымен толықтырылуы қажет. Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі және шығармашылық қызмет — әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Даралық ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиеттерден тұрады. Бүкіл адамзат тегіне тән, жалпы белгілермен қатар, оның өзгелерден ерекшеленетін өздеріне тән қасиеттері бар. Әлем әрқашан түрлі дауыстар, түрлі үндерден тұрады. Бір-біріне даралығы жағынан ұқсамайды әр адамның бойы, түрі, салмағы, дене бітімі, әлеуметтік дамуының интеллектуалдық деңгейі, психологиялық қатпары, рухани мәдениеттің әр түрлі-деңгейі сияқты ерекшеліктер болып табылады. 

Адам - дүниедегі ең басты құндылық. Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт – әр адамның көздейтін мақсаты. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамның үш түрлі тамаша табиғи қабілеті болады: 1) ерекше жасалған дене құрылысы; 2) жан құмарлықтары; 3) ой-парасаты. Бұл қабілеттер өзінен-өзі табииғат берген қалпында бақытқа жеткізбейді. Бірде жақсылық толық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқты жеңуді жолы – аталған үш қабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, сол арқылы адамның мінез-құлқы мен ой-парасаты оларды саналы түрде үнемі дұрыс нәтиже туғызатын дәрежеге жеткізу. Мұны іске асыру: адамға және мемлекет басындағы саяси қайраткерлердің міндеті. Әл-Фараби былай деп үйретеді: қандай болса да іс-қимылын жасағанда адам біржақтылықтан, үшқаралықтан сақтану керек. Себебі әрбір жақсы қасиет бір-біріне қарама-қарсы екі жаман қасиеттің аралығынан туады. Оның бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын айтылған ойлары бүгінге дейін маңызын жойған жоқ [1].

Кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығының өлшемін, оның адамгершілік санасын білдіреді. Құндылықтар қоғам мен адамға жақсы мен жаманды, пайда мен зиянды, ақиқат пен жалғанды, сұлулықпен ұсқынсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, тиым салынған мен рұқсат етілмегенді, маңыздылық пен мәнсіздіктің ара жігін ашуға көмектеседі. Яғни, құндылықтар табиғатында адамзат тегінің өзі өмір сүріп отырған әлемді рухани-практикалық тұрғыдан игерудің тәжірибесі жинақталған.

Тұлғаның рухани өлшемі адамгершілік қасиеттермен анықталады және ол адам тұлғасының даму-деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Кең мағынасында алсақ, құндылықтар әлемі - тәлім мен тәрбие әлемі. Адам әрқашан кез-келген құбылысқа немесе обьектіге өзінің бағасын береді. Бір затты немесе құбылысты бағалау сана жұмысын талап етеді. Сондықтан құндылықтар адамның рухани әрекет саласы, оның санасының (өзіндік санасының) жетілгендігінің, тұлғалық қалыптасу деңгейінің, рухани байлығының көрсеткіші болып табылады. Адамның еркін таңдауына байланысты құндылық адами қажеттіліктердің қанағаттануын да білдіреді. Шынайы құндылықтар деп — адамға игілік әкелетін, оның бойында адамдық қасиеттерді қалыптастыратын, бақытқа бастайтын, қоғам мен жеке адамның ілгерлей дамуына ықпал ететін құндылықтарды айтамыз. Алдамшы жалған құндылықтар, уақытша жылтырап көрінгенімен, қоғам мен жеке индивидтің дамуына пайдасын тигізбейді. Шынайы құндылықтар уақыт өткен сайын жарқырай береді, сан ғасырлар өтседе өзінің мәні мен мағынасын жоғалтпайды. Шынай құндылықтар өмір мектебінің дәрістері тәрізді, онда бізге дейінгі адамзаттың маңдай алды өкілдерінің рухани ізденістері, ой-толғамдары, аңсаған армандары мен күңіренген күрсіністері көрініс табады. Адам өз мінез-құлқын, әрекетін басқа адамдардың қылықтарымен салыстыра отырып, өзінің кім екенін түсінеді, өзін-өзі тану қабілетіне жетеді. Руханилық — ізгі, ақылдың шешімі, ізгі жүрек өмір ізгі сезім, жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі болса, Абайдың айтуынша «адамгершілік — махаббат пен әділдік, олар барлық нәрседе болады және шешіледі», яғни рухани тәрбие — адамдарды адамгершілікке, білімге, еңбек пен имандылыққа, бір сөзбен айтқанда жан дүниелерінің сұлулылығына тәрбиелеу деген сөз. Адам үшін жаудың үлкені оның өзінің бойындағы нәпсілік басылымдықтары болып табылады. Егер адам өзінің нәпсісін игеріп, оны руханилығымен көмкеріп отырса, онда оның рухы тазарады, халықтың ішкі бірлігі нығайып, адамға бауырмал бола түседі [2].

Діни құндылықтар Құдайға сенуге негізделеді және әрбір дін адамның Жаратушымен рухани-практикалық байланысын анықтап қана қоймай, оның жалпы қоғамдағы және тұтас әлемдегі орнын реттейді. Жоғары діни құндылықтар адамдардың өмірінің мәні мен қамын айқындайды. «Құндылықтық фактор» Құдай идеясының өзінде болады, өйткені құндылықтық басымдылықтардың мазмұны мен мәртебесі Жаратушының өзінен туындайды. Көптеген діни жүйелерде этикалық, яғни моральдық-адамгершілік қасиеттердің эталоны Құдайдың аты мен затынан, сипаттарынан алынады, содан әрбір діни ағым құндылықтық императивтерді, парыздар мен тыйымдарды қалыптастырады.

Бір Құдайға табынушылықтың тәухид концепциясы мейлінше жетілген соңғы дін ислам діні болып табылады. Оның негізгі қайнар көздері – қасиетті кітап Құран және Пайғамбардың өсиеттері - Сүннет. Осы қайнарлардан шыға отырып, мұсылманның тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл отбасылық және қоғамдық өмір қамын Шариғат айқындайды. Шариғаттағы ақида иман негіздерімен айналысса, фыкх мұсылмандардың жүріс-тұрыс ережелері мен қалыптарын қамтиды.

Адам осы өмірге жоқтан бар етіліп жаратылған. Бірақ ол өз-өзінің иесі емес. Оның иесі жаратқан Алла. Сондықтанда адамға берілген рух және тән аманат болып саналады. Адам өзінің материалдық және рухани болмысын әрдайым қорғап оған қиянат жасамауға тиіс. Өз-өзін азаптау, өз жанына қол жұмсау Исламда ауыр күнә болып табылады. Ол қандай жағдайда жаратылса да (дені сау немесе мүгедек, сырқат, бай, кедей) өз жаратылысына шүкір етіп Аллаға разы болуы қажет. Сонымен қатар Ислам этикасы қоғамдық тәртіпті сақтайтын барлық ережелерді өз мазмұнына дәстүр етіп алған. Адамның адамға деген көзқарасы қаншалықты дұрыс болса, олардың өзара қатынасы да соншалықты дұрыс болады. Ислам діні ең алдымен адамның Алла алдындағы теңдігін уағыздайды. Екіншіден, әрбір тұлғаның қаны, жаны, мал-мүлкі, ар-намысы басқасына харам болып табылады. Оған қол жұмсау зұлымдықпен тең етілген.

Ислам дiнiнде «жақсылық» пен «жамандық» жайлы ұғымдарды анықтайтын көптеген аяттар мен хадистер бар. Бұл аяттар мен хадистердiң қоғамдық өмiрдегi тәрбиелiк мәнi ерекше. Адам жақсылықты сыртта емес, өзінде іздеуі қажет. Жақсылыққа қол жеткізу үшін «жақсы» болуы қажет. Бұл мәселе мынадай аятта ескертілген. «Елді ізгілікке бұйырып өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқисыңдар, ойламайсыңдар ма?». Сахабалардан Нәууас ибн Сәмған пайғамбардан «жақсылық» пен күнәнi сұрағанда: «Жақсылық» - көркем әдеп, «жамандық» - жүрегiңнiң ұнатпаған және адамдардың естулерiн қаламаған нәрсең» деп жауап берген. Бұл хадистің анықтауы бойынша «жақсылық» пен көркем әдеп тең мағынада, яғни әдептi iстердiң бәрi де «жақсылық», ал кiмде-кiм қандайда бiр «жамандық» жасайтын болса, оны өзi де iштей сезiнiп, басқа бiреулерден iстеген жамандықтарын жасырғысы келедi.
Пайғамбар басқа хадисiнде де «Сендердiң ең қайырлыларың көркем әдептi болғандарың» деп, адамдарды көркем әдептiлiкке шақырған.
Құран Кәрімде, ізгі істердің достастырушы, жарастырушы қасиеттері де белгіленген. Бұл жайында мынадай аят бар: «Жақсылық» пен «жамандық» тең емес. «Жамандықты» ең көркем түрде жолға сал. (жамандыққа қарсы жақсылық қыл) сол уақытта сенiмен екеуiң араңда дұшпан болған бiреу, өте жақын достай болып кетедi. Бұл қасиет, сабыр еткендерге ғана нәсiп болады. Сондай-ақ бұл сипатқа зор несiбелілер ғана ие бола алады». Құран кәрiмде жақсы адамдар мынадай аяттармен белгiленген: «Олар Аллаға, ахирет күнiне сенедi де дұрысқа қосып бұрыстан тосады. Сондай-ақ қайырлы iстерде жарысады. Мiне солар iзгiлер»[3].

Біріншіден, ислам көзқарасы бойынша «жақсылық» таза діни дүниетанымдық сипатта болып, ислам негіздеріне болған имандылықпен көрінеді. Екіншіден, Құран кәрім жақсылықты әлеуметтік тұрғыдан бағалайды. Олар: өзара көмектесу, қарайласу, шапағаттылық болғаны сияқты, ауру, сырқат, соғыс т.б. әлеуметтік немесе жеке бастың қауіп-қасіреттеріне деген төзімділік пен шыдамдық. Сондықтан да әрбір адам рухани болмыстың субъектісі ретінде оны орындаумен ғана шектелмей, оны дамытып, қоғам ішінде өсиеттей білуі қажет.

Исламда толеранттылық қағидалары тек тұлғааралық қатынастарда ғана емес, сонымен қатар этникааралық тәжірибеде де қажет деп танылған. Ислам діні сенушілерден тек мұсылман қоғамдастығында ғана емес, сонымен бірге басқа этностар мен конфессиялар арасында да мейірімді, қайырымды, төзімді болуды талап етеді. Басқа ұлт адамдарына толеранттылықпен, құрметпен қарау олардың діндерінің шынайы деп танылатынын білдірмейді, бірақ Ислам діні қабылдаған адамға деген төзімділік пен құрмет құрметтеледі.

Адамның болмысы рухани құндылықтар арқылы байып, тәрбиеленіп отыратыны белгілі. Ислам діні шынайы рухани құндылықтың биік шыңы, тәрбиенің сарқылмас бұлағы іспеттес. Көптеген дәуірлерде оның көлеңкесінде тәрбиеленген қоғам мен халықтардың моральдық реттеушісі ретіндегі Исламның тарихи жайларын зерттеу, этикалық ойдың дамуы, Исламның  дін ретінде пайда болуының басынан басталатынын көрсетті. Жақсылық дегеніміз – адамның бақытын білдіреді, ол өз кезегінде білімге, сенімге, денсаулыққа, бостандыққа, әділеттілікке, әдептілікке және жеке адам мен қоғамның басқа да жағымды сипаттамаларына, егер адамдар мен ұлттар арасында тұрақты татулық болса ғана мүмкін болады. Ислам - бұл Алла тағаланың нұсқау тәсілі, адамзат табиғатта үйлесімділікті бұзбауы үшін жүруі керек және ол қасиетті Құранда түпкілікті және соңғы түрде баяндалған «ақыл діні» деп аталады. Мұсылман қоғамы 8 ғасырдың ортасында ислам идеалдарын философиялық, теологиялық, педагогикалық және этикалық негіздеу қажеттілігін сезінді. Дәл осы сәттен бастап Исламдық ілімді, атап айтқанда оның моральдық-этикалық жағын дамытуда күрделі рухани жұмыс басталады.

Қазіргі кезде жаңартылған əлеуметтік қоғам дамуындағы жеке адамның қалыптасуы, рухани мəдениеттің артуындағы әлемде діннің бүгінгі жағдайы орасан зор рөл атқарады. Рухани мəдениет — бұл ескіден қалған тарихи мұра, ол қазіргі кездегі қоршаған өмірге, адамгершілікке, тəрбиелікке, бірігіп қимыл жасауға  діннің шарттарын үйренуге жəне өркендеудегі əлеуметтік мұра ретінде қарастырылады. Діннің жағдайы қоғам дамуына тікелей қатынасы бар. Расындада бүгінгі күні дінге деген адамдардың көзқарасының сенімдерінің өзіндік ерекшелігі байқалады. Діннің жағдайы бүгінгі күнгі əрбір адамға таныс. Діни тұжырым барлық діни-ғұламалық жəне діни-философиялық əдебиеттерде қарастырылған. Оның негізгі мəні діннің құдіретті күшінен туындап отыр.

 

Айнұр Шәймерденқызы

«Әл-Мәдина» мешітінің ұстазы

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Алтаев Ж .  Әл-Фарабидің рухани әлемі // Қазақ әдебиеті Алматы 2015
  2. Нұрмұратов С.Е., Сағиқызы А. Ұлттық рух мәселесі хақында // Халықаралық конференция материалдары. Алматы 2006. 176 б.
     
  3. Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі. Аударған: Халифа Алтай. – Сауд Арабиясы: Екі харамның қызметкері фаһд патшаның Құран шәриф басым комбинаты, 1991
ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тегтер: мақала 2025
Предыдущий Следующий
НАШАҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМДЫ ҚҰРДЫМҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ДЕРТ ҚАЗАҚ ҰЛТЫНДАҒЫ ИМАНДЫЛЫҚ ПЕН ЖАТ АҒЫМ

Тақырып аясындағы мақалалар

Қоғам НАШАҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМДЫ ҚҰРДЫМҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ДЕРТ
Адам баласына берілген ең үлкен нығметтердің бірі – денсаулық. Денсаулықтың қадірін түсініп, дені сау болған  мықты жан ғана еңбек етіп, отбасын асырайды, білім алады, қоғамға пайдасын тигізеді. Сол үшін де халқымыз: «Бірінші байлық – денсаулық» деп сау жүрудің өлшенбес байлық екендігін ертеден ұққа...
Пайым-парасат РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Қазақстанның егеменді ел ретінде дамуы жолында рухани жаңғырудың маңызы ерекше. Ұлт болып қалыптасу үшін ұлттық құндылықтар мен мәдени дәстүрлерді сақтап, оларды жаңаша көзқараспен бағалау қажет. ...
Пайым-парасат ИМАНДЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ: ЕКІ ҚАНАТТЫ РУХАНИЯТ
Имандылық пен ұлттық тәрбие – бұл қазақ халқының сан ғасырлық рухани өмірінің қос қанаты. Бірін-бірі толықтырып, өзара қабыса дамыған бұл құндылықтар ұлтты ұйыстырып, қоғамды біріктіріп келген. ...
Қоғам ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ – ИМАНДЫЛЫҚ БЕЛГІСІ
Табиғатты қорғау – экологиялық саясаттың ғана емес, иман мен этиканың іргелі тақырыбы. Ислам дүниетанымында адам – жердің халифасы (өкілетті қамқоршысы), ал әлем – аманат. ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Қазақстанның егеменді ел ретінде дамуы жолында рухани жаңғырудың маңызы ерекше. Ұлт болып қалыптасу үшін ұлттық құндылықтар мен мәдени дәстүрлерді сақтап, оларды жаңаша көзқараспен бағалау қажет. ...
Пайым-парасат ИМАНДЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ: ЕКІ ҚАНАТТЫ РУХАНИЯТ
Имандылық пен ұлттық тәрбие – бұл қазақ халқының сан ғасырлық рухани өмірінің қос қанаты. Бірін-бірі толықтырып, өзара қабыса дамыған бұл құндылықтар ұлтты ұйыстырып, қоғамды біріктіріп келген. ...
Пайым-парасат ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН РУХАНИ КЕЛІСІМ ЕЛІ
Бейбітшілік – адамзаттың ғасырлар бойғы аңсаған арманы, рухани үйлесім мен тұрақты дамудың кепілі. Бұл ұғым тек соғыстың жоқтығы ғана емес, ол – адамдардың еркін өмір сүруі, діни сеніміне, мәдениетіне, тілі мен ұлтына құрметпен қарау, әртүрлі пікірлерге төзімділік таныту....
Пайым-парасат ЖҰМА КҮНІ ЖӘНЕ ЖҰМА ӘДЕПТЕРІ
Аптаның ішінде күндердiң ең ұлығы – жұма күні. Мұсылмандар үшін жұма күні бейсенбі күні шам намазынан басталып жұма күні шам намазына дейін жалғасады. «Жұма» сөзі жинау, бас қосу деген мағыналарды береді....
Пайым-парасат КӨРШІҢІЗБЕН ТАТУСЫЗ БА?
Алла Тағала адам баласын қоғамда, адамдармен бірге өмір сүруге бейім етіп жаратқан. Жаратылысы адаммен тығыз байланысты жандардың бірі – көрші.
Пайым-парасат ҚАРИЯҒА ҚҰРМЕТ - АСЫЛ ІС
Әрдайым үлкенге ізет көрсеткен халқымыз: «Қариясы бардың - қазынасы бар», - деген қанатты сөз қалдырған. Бұл үлкенін ізеттейтін, кішісін құрметтейтін елге ғана тән құбылыс десек артық айтқандық емес....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
10 Джумада-авваль 1447
Миләди
31 қазан 2025
Намаз уақыттары
қазір

Аср 15:39

Ақшамға дейін 00:10

22 урок: О дополнительных земных поклонах

"В случае, если молящийся выполнил 5 ракаат, т.е. совершил и руку и саджда, а затем вспомнил, что ош

Al Almaty
7 қыр. 2025

Урок 22: Вторая клятва при Акабе

(+++++)

Амир Холматов
2 қыр. 2025

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам уа рахматуллахи уа баракатух! Если они развелись через суд и бывший муж подпи

Администратор Azankz
31 там. 2025

105. Ростовщичество (Риба)

Получается депозит, кредиты и ипотека запреты?

Al Almaty
23 там. 2025

Деобанды - кто они?

Поправили, спасибо за внимательность.

Администратор Azankz
15 там. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi