АНАНЫҢ КӨҢІЛІ – БАЛАДА, БАЛАНЫҢ КӨҢІЛІ...   
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:43
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:51 07:14 11:50 14:38 16:20 17:43
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1447
Миләди
15 желтоқсан 2025

Мақалалар

АНАНЫҢ КӨҢІЛІ – БАЛАДА, БАЛАНЫҢ КӨҢІЛІ...   

| A | +

Қазақ халқының мақал-мәтелдері – ғасырлар бойы жинақталған өмірлік тәжірибесі мен ұлттық дүниетанымның айнасы. Солардың ішінде «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада» деген мақал адам мен қоғам арасындағы ең іргелі моральдық қатынастардың, аналық махаббат пен ұрпақ жауапкершілігінің  терең философиялық мәнін ашады.

Бұл мақал арқылы қазақ халқы ананың рөлін тек отбасылық деңгейде емес, рухани және мәдени тұтастықтың негізі ретінде көрсетеді.  Сондықтан да «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада» мақалынан ұлттық философияны, мәдени кодты және психологиялық парадигманы көруге болады. Мысалы, мақалдың бірінші бөлігіндегі – «Ананың көңілі – балада» сөзі – аналық махаббаттың бағытын білдіреді. Мұндағы «көңіл» ұғымы жай сезім емес, жүрек, жан, мейірім, қамқорлық, өмірдің мәні ұғымдарының жинақталған символы. Ал екінші бөлігіндегі – «Баланың көңілі – далада» – адам дамуының табиғи заңдылығын, яғни жас буынның сыртқы дүниеге, кеңістікке, еркіндікке ұмтылысын көрсетеді. Бұл жердегі «Дала» ұғымы – қазақ мәдениетінде кеңдік, еркіндік, өмір кеңістігі деген ұғымдарымен ұштасады. Осылайша, мақалдың құрылымында ішкі әлем (ана) мен сыртқы кеңістік (дала) арасындағы үйлесімді байланыс бейнеленген. Осыншама үйлесімді сөздердің артында «Ислам» тұрғанын мақалдар мен хадистердің үйлескен тұстарынан көріп жатамыз. Мәселен, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мейірімділік пен аналық махаббаттың ұлылығын түсіндіру үшін айтқан сөздері көптеген хадисте баяндалады. Солардың бірі ретінде мына оқиғаны алсақ, бірде Бәдір соғысынан кейін қолға түскен тұтқындардың арасында бір әйел баласын жоғалтып алып, қатты шырылдап іздеп жүреді. Ол көрген әрбір баланы бауырына қысып, өз баласы ма деп тексереді. Ақыры өзінің баласын тауып, оны құшақтап, мейіріммен бауырына басып, сүйе бастайды. Сол сәтті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларымен бірге көріп тұрады да, сахабаларына қарап былай дейді:

«Мына әйел өз баласын отқа тастай алады деп ойлайсыңдар ма?»

Сахабалар:
— «Жоқ, Уа, Расул Алла! Әсте тастамайды!» –  деп жауап береді.

Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:

«Алла Тағала Өз құлдарына бұл ананың баласына деген мейірімінен де артық мейірімді» (Бұхари мен Мүслим риуаят еткен).

Бұл оқиға – аналық махаббаттың адам баласындағы ең ұлы, ең табиғи, ең шынайы сүйіспеншілік екенінің дәлелі. Алайда, күнімізде осы айтылған «мейірім», «махаббат» деген сөздер үлкен бос ыдыстың сыртын қатты ұрғанда шығатын даңғырақ үн сияқты естіліп жүр десек, кем айтпаймыз. Иә, осы сезімдерден ішіміз босап бара жатқандай күн кешудеміз. Көзімізбен көлденең көріп, куә болып жатқан жағдайларға байланысты жоғарыда айтылған мақалды күнімізге сай екі түрге түрлендірдім. Себебі XXI ғасырдың ақпараттық қоғамында бұл табиғи байланыс өзге формаға енді. Қазіргі заманның шындығын дәл бейнелейтін екі жаңа нұсқа пайда болды:

  1.       «Ананың көңілі – айфонда, баланың көңілі – жайфонда (смартфонда)»

  2.       «Ананың көңілі – жұмыста, баланың көңілі – төрт бұрышты қуыста»

Бұл екі заманауи мақал – дәстүрлі отбасы құндылықтарының цифрлық және экономикалық қажеттілік жағдайында рухани трансформацияға ұшырағанын көрсететін әлеуметтік диагноз іспетті. Бірінші жағдайға назар аударсақ ана мен бала арасындағы байланыстың көпірін экран бөліп тұрғандай. Ана баласымен көзбе-көз сөйлесуден гөрі, телефон экранынан жаңалық қарап, әлеуметтік желідегі бейнелерге назар аударады. Ал бала да соны қайталайды: ол да өз әлемін виртуалды кеңістіктен іздейді. Нәтижесінде отбасы мүшелерін біріктіретін жылы әңгіме мен жанды қарым-қатынас орнын «онлайн үнсіздік» басып отыр.

1. «Ананың көңілі – айфонда, баланың көңілі – жайфонда» цифрлық тәуелділік үлкен белгісі.

Қазіргі қоғамда ана мен баланың арасындағы коммуникация үлкен өзгеріске ұшырады. Смартфон – ақпарат алу мен байланыс орнатудың әмбебап құралына айналғанымен, ол біртіндеп рухани арақашықтықтың себебіне айналып отыр. Ана өз уақытын телефон экранында өткізеді, бала – өз смартфонында.  Екеуі де ақпараттық кеңістікте бар, бірақ бір-бірінің жан дүниесінде жоқ. Психологиялық тұрғыдан бұл құбылыс цифрлық эгоцентризмнің белгісі. Әр адам өз «экран  әлемінде» өмір сүріп, шынайы эмоциялық қатынастан алыстайды. Нәтижесінде отбасындағы жылулықтың орнын виртуалды байланыс, ал мейірімнің орнын «қаралым» мен «лайк» басады. Бұл – рухани үзіліс. Ана – рухани тәрбие көзі, ал егер ол назарының басым бөлігін экранға бағыттаса, онда ұрпақ тәрбиесі жанды байланыссыз қалыптасады. Абайдың «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деген сөзі бұл тұрғыда ерекше өзекті. Қазіргі «ұстаз» – көбіне интернет, ал ол мейірім емес, мәлімет береді.

2. «Ананың көңілі – жұмыста, баланың көңілі – төрт бұрышты қуыста» әлеуметтік уақыт пен рухани жалғыздық.

Баланы тәрбиелеу – тек материалдық қамқорлық емес, ол ең алдымен жүректен жүрекке жол тартқан жылулық. Ана баласының жан дүниесіне уақыт бөлуі тиіс: бірге кітап оқу, табиғатқа шығу, әңгімелесу –  бұлар баланың рухани иммунитетін қалыптастырады. Смартфон уақыт өлшеуге, байланыс орнатуға қажет құрал, бірақ ол ешқашан ана мейірімінің орнын баса алмайды.

Алайда экономикалық қажеттілік себебімен ананың басты мақсаты – отбасын материалдық тұрғыда қамтамасыз ету болып отыр. Жұмыс –  қажеттілік, бірақ ол рухани уақыттың ұрлығы. Ал бала болса, өзіне арналған көңіл мен жылылықты таба алмай, «төрт бұрышты қуыста», яғни бөлмесінде, экран алдында өсіп келеді. Бұл кеңістік – тар, жалғыз, бірақ интернет арқылы шексіз көрінетін виртуалды әлем. Әлеуметтанушы З. Бауманның «Сұйық қоғам» (Liquid Modernity) концепциясы дәл осыны түсіндіреді: «қазіргі өмірде байланыстар тұрақсыз, эмоциялар үстірт, қатынастар уақытша. Адам қарым-қатынастың мәнін емес, жылдам әсерін іздейді. Сондықтан баланың бөлмесі – сырттай қауіпсіз, бірақ ішкі жағынан рухани бос кеңістік». Дәстүрлі қазақ қоғамында ананың мейірімі – ұлттың рухани өзегі еді. «Ел анадан басталады» деген сөз кездейсоқ айтылмаған.

Бірақ бұл мәселені біржақты «құндылық дағдарысы» ретінде бағалау жеткіліксіз. Технология мен жұмыс бастылықты толықтай терістеу емес, оларды саналы түрде қолдану – бүгінгі тәрбиенің басты ұстанымы болмақ. Демек, ананың айфонға, баланың смартфонға бағытталған назары – егер ол мазмұнды және рухани құндылықты игеруге арналса, бұл рухани құлдырау емес, өркениеттік эволюция болуы мүмкін. Яғни, техника – адамды жатсындырмай, қайта оның рухани қабілеттерін толықтырушы құралға айналуы тиіс. Егер ана смартфон арқылы баласына ізгілік, иман, білім, жылы сөз жеткізсе – онда технология рухани қызмет атқарады. Ал егер ол байланыс орнын басса – онда ол жатсыну құралына айналады. Бүгінгі ұрпақ үшін нағыз жаңғыру – смарфоннан емес, жүректен байланыс орнату арқылы жүзеге асуы керек. Сонда ғана ұлттың ұлы даналығы қайта тіріліп, мақалдың бастапқы мәні өз орнын табады.

 

«Дархан» мешітінің бас имамы

 Бердібеков Айдос

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ИСЛАМДА АҢШЫЛЫҚ ҮКІМІ НАШАҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМДЫ ҚҰРДЫМҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ДЕРТ

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат САБЫР МЕН СЕНІМ - РУХАНИ ИММУНИТЕТ
Адам баласы өмірінде түрлі ситуацияларға, жағымды не жағымсыз жайттарға тап боп жатады. Алайда ол сынақтармен дұрыс қарым-қатынас орнату үшін оның бойындағы сабыр мен сенім көрсеткішіне жіті мән берген жөн. Өйткені бұл екеуі – адамға кезігетін рухани дерттердің, өмірлік жантүршігерлік жайттардың алд...
Исламдағы отбасы БАЛАЛЫ ҮЙ - БАЗАР
Қазақ дүниетанымында бала – өмірдің жалғасы, шаңырақтың шуағы, ұлттың болашағы. Ислам дінінде де балаға деген көзқарас ерекше, өйткені ұрпақ – Алланың аманаты әрі нығметі....
Ислам тарихы ИСЛАМДАҒЫ САУДА-САТТЫҚ ӘДЕБІ
Сауда — тек дүниелік пайда табу жолы емес, ол — адам мен Алла арасындағы сенімнің бір көрінісі. Исламда сауда тек адал жолмен, әділдікпен және шыншылдықпен жасалуы тиіс....
Исламдағы отбасы ОТБАСЫЛЫҚ ҚАҒИДА ҚАЖЕТ ПЕ?
Ата-бабамыздан «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөз қалған. Расымен де, Отанның берік болуы отбасының бекемдігінен бастау алады. Өйткені ол – ең негізгі және ең маңызды әлеуметтік институт. Отбасының нақты қағидаларға сүйеніп, дамуы еліміздің де жүйеленіп, алға қарай қадам басуына тікелей әсер...
Мәнһәж ҚҰҚЫҚ ПЕН ДІННІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Ислам дінінің Алла Тағала тарапынан адамзатқа түсірілуінің негізгі мақсаты адам баласының құқығының қорғалуы. Адам өмір сүруге, бас бостандығы, сөз бостандығы, білім алу мен табыс табу, не нәрсені иемдену мен әділдікке қақылы....
Пайым-парасат ҚОРШАҒАН ОРТА - ҚОРҒАНЫҢ
Адам мен табиғат — ажырамас егіз ұғым. Табиғат — тіршіліктің қайнар көзі, ал қоршаған орта — адамзаттың өмір сүру ортасы, демі мен тынысы. Сол себепті табиғатты қорғау, оны аялау — әр адамның адамдық борышы....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ РУХАНИ ТӘРБИЕ КӨЗДЕРІ
Жеке адам болу дегеніміз — тұлға болып қалыптасуда бойына сіңірген игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасы, күнделікті тұрмысқа енгізу. ...
Пайым-парасат РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Қазақстанның егеменді ел ретінде дамуы жолында рухани жаңғырудың маңызы ерекше. Ұлт болып қалыптасу үшін ұлттық құндылықтар мен мәдени дәстүрлерді сақтап, оларды жаңаша көзқараспен бағалау қажет. ...
Пайым-парасат ИМАНДЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ: ЕКІ ҚАНАТТЫ РУХАНИЯТ
Имандылық пен ұлттық тәрбие – бұл қазақ халқының сан ғасырлық рухани өмірінің қос қанаты. Бірін-бірі толықтырып, өзара қабыса дамыған бұл құндылықтар ұлтты ұйыстырып, қоғамды біріктіріп келген. ...
Пайым-парасат ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН РУХАНИ КЕЛІСІМ ЕЛІ
Бейбітшілік – адамзаттың ғасырлар бойғы аңсаған арманы, рухани үйлесім мен тұрақты дамудың кепілі. Бұл ұғым тек соғыстың жоқтығы ғана емес, ол – адамдардың еркін өмір сүруі, діни сеніміне, мәдениетіне, тілі мен ұлтына құрметпен қарау, әртүрлі пікірлерге төзімділік таныту....
Пайым-парасат ЖҰМА КҮНІ ЖӘНЕ ЖҰМА ӘДЕПТЕРІ
Аптаның ішінде күндердiң ең ұлығы – жұма күні. Мұсылмандар үшін жұма күні бейсенбі күні шам намазынан басталып жұма күні шам намазына дейін жалғасады. «Жұма» сөзі жинау, бас қосу деген мағыналарды береді....
Пайым-парасат КӨРШІҢІЗБЕН ТАТУСЫЗ БА?
Алла Тағала адам баласын қоғамда, адамдармен бірге өмір сүруге бейім етіп жаратқан. Жаратылысы адаммен тығыз байланысты жандардың бірі – көрші.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1447
Миләди
15 желтоқсан 2025
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:43

Урок 126. Глава 13. 129 хадис

Да конечно, без проблем!

Al Almaty
8 жел. 2025

Урок 23: Переселение в Медину

(++++++++++)

Амир Холматов
6 жел. 2025

Назначен новый руководитель отдела по делам религии и анализа ДУМК

Timely report — this article highlights the recent leadership change at a major religious-anal

X
26 қар. 2025

О приоритетах

Great meaningful piece reflecting on one’s true priorities and obligations — very though

X
4 қар. 2025

22 урок: О дополнительных земных поклонах

"В случае, если молящийся выполнил 5 ракаат, т.е. совершил и руку и саджда, а затем вспомнил, что ош

Al Almaty
7 қыр. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi