ЖҰМА КҮНІ ЖӘНЕ ЖҰМА ӘДЕПТЕРІ
Есик
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 18:34
Есик
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Есик
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:40 05:55 11:40 15:33 17:19 18:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Раби-сани 1447
Миләди
10 қазан 2025

Мақалалар

ЖҰМА КҮНІ ЖӘНЕ ЖҰМА ӘДЕПТЕРІ

| A | +

Аптаның ішінде күндердiң ең ұлығы – жұма күні. Мұсылмандар үшін жұма күні бейсенбі күні шам намазынан басталып жұма күні шам намазына дейін жалғасады. «Жұма» сөзі жинау, бас қосу деген мағыналарды береді. Жұма күні мүминдердің мейрамы болып жарияланған және артықшылығы туралы көптеген хадис-шәріптер риуаят етілген.  Бұл күннің басқа күндерден артықшылығы көп. Мысалы, құлшылықтың абзалы саналған әрі мұсылмандардың басын құраған жұма намазы да, дұға-тілектер қабыл болатын ерекше  уақыт та, көптеген айтулы оқиғалар да тек жұма күні жүзеге асқан. Сонымен қатар, Хақ Тағала жұма күні құлдарының жамағат болып жиналып құлшылық етулеріне дән риза болады. Осы себепті жамағатпен намаз оқу, жұма намазы, айт намаздары және қажылық сияқты көпшілік болып орындайтын құлшылықтар жеке орындағанға қарағанда анағұрлым абзал саналған.

Жұма күні туралы былай делінген Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Жұма күні намазға шақырылған (азан айтылған)  уақытта дереу Алланың зікіріне асығыңдар және сауда-саттықты тастаңдар. Егер біле-білсеңдер, бұл әрине сендер үшін ең қайырлысы»  (Жұма сүресі, 9-аят).

Әбу Һұрайра (радиаллаһу анһу)  жеткізген дерекке қарағанда Алланың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген:

 «Бір адам Жұма күні жүніптіктен тазаланғандай ғұсыл дәретін алған соң, ертемен жұма намазына барса, бір түйе құрбандыққа шалғандай сауап табады. Екінші сағатта намазға баратын болса, бір сиыр, үшінші сағатта баратын болса, бір мүйізді қошқар құрбандыққа шалғандай сауапқа кенеледі. Төртінші сағатта барар болса, бір тауық, ал бесінші сағатта барса, бір жұмыртқа садақа бергендей сауапқа ие болады. Имам мінберге шыққанда періштелер құтпаны тыңдау үшін сол жерге барады» (Бұхари, Жұма, 4).

Жұма намазына әзірленіп, мүмкіндігінше мешітке ертерек барса, оның сауабы тіпті мол болады. Хадисте соны ұғындыру үшін қолданылған «екінші сағат, үшінші сағат» сияқты тіркестер өзіміз білетін сағат мағынасында қолданылмаған, ол керісінше жамағат жинала бастаған уақыттан имамның мінберге шыққанға дейінгі аралықтағы қысқа уақыт өлшемі болып табылады.  Хадисте осы секілді тіркестерді қолданудың мақсаты – адамдарды сондай маңызы зор ұлы құлшылыққа шақырып, ықыластарын күшейту болса керек.

Жұма намазына дайындалғанда әуелі ғұсыл дәреттен бастау керектігін хадис баяндап тұр. Адамдардың құт-берекесін қашырып мазасын алмау үшін жұма намазынан бұрын тісін тазалап, тырнағын алып, шашын ретке келтіріп, сақал-мұртын басып дегендей әр түрлі тазалық жасаған абзал және таза киімдерін киіп, жағымды иіссулар себінген дұрыс.

Жұма күні мешіттерді тазалап, хош иіспен ауасын жаңарту керек. Ыңғайы келсе таң намазында Сәжде және Дәһр сүрелерін, Жұма намазында Жұма және Мұнафиқун немесе Ағлә және Ғашия сүрелерін, сол күн ішінде Кәһф сүресін оқыған жөн, көбірек дұға оқып, зікір айтумен Алланы еске алу керек, Алла Елшісіне салауат, сәлемді мол айту керек. Өйткен себебі Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Күндердің ең абзалы – Жұма күні... Сол себепті де сол күні маған көбірек салауат, сәлем айтыңдар; Себебі сендердің салауат, сәлемдерің маған ұсынылады» деген болатын (Әбу Дәуіт, Салат, 201/1047).

Әбу Һұрайра (радиаллаһу анһу) жеткізген дерек бойынша Алланың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген:

«Бір адам жақсылап дәрет алып, Жұма намазына келсе және құтпаны зер салып тыңдаса, сол арқылы келесі Жұма арасындағы күнәлары кешіріледі әрі бұған үш күн тағы қосылады. Кімде-кім құтпа оқып жатқанда қиыршық тастармен ойнаса, болмашы нәрсемен шұғылданған болады әрі  Жұманың артықшылығынан құр алақан қалады»  (Мүслім, Жұма, 27;

Хадисте шарттары толық орындалған жұма намазының он күндік кішігірім күнәлардың кешірілетіндігі айтылған. Яғни Хақ Тағала бір жақсылыққа он есе сыйын беріп, құлдарына деген мейірім-шапағатын төгеді деген сөз. Өткен-кеткен қателіктердің кешірілуі мәселесінде Жұма намазына тағы үш күннің қосылуы оның басқа құлшылықтардан үстем екенін көрсетеді. Осы және осыған ұқсас хадистерден Ұлы Раббымыздың кез келген сәтте құлдарын кешіруге дайын екенін байқауға болады. Сондай-ақ хадисте құтпа оқылған кезде қиыршық тастарды ермек етіп ойнаған адамның пайдасыз іспен шұғылданып, жұма намазының артықшылығынан құр алақан қалатыны айтылған. Бұл хадис арқылы мұсылмандардың құтпаға бар назарын сала тыңдап, білгендерін қуаттау, білмегендерін үйрену арқылы қоғамның өзекті мәселелеріне бей-жай қарамай, әрдайым жұрт болып бірге шұғылданулары көзделген.

Бұл айтылып отырған мәселе бүгінгі таңда да өзектілігін сақтауда. Құтпа оқылу кезінде қандай да бір іспен шұғылданып, имамның сөзіне көңіл аудармай, басқалардың назарын өзіне аударуды меңзеп тұр. Ермек қылып ойнаған нәрсесі ол кезде қиыршық шағыл тас болса, қазіргі таңда ұялы телефон, кілемнің ою-өрнегі, шашағы немесе басқа бір нәрсе болуы мүмкін. Алла Елшісінің ескертуі жұма намазының сауабынан құр алақан болып қалмауымыз үшін еді.

Мақаламызды қорытындылай келе соңғы кездері үлкен қалаларда орын алып жатқан, ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жиі қайталанып жүрген жұма намазына келген жамағаттың көліктерін дұрыс қоймауы, жамағаттың халық жүретін жолдарды жауып намазға тұруы т.б. өзекті мәселелер.

Құрметті жамағат! Жұма намазы аптада бір-ақ рет келетін ерекше құлшылық. Жоғарыда аят-хадистерде жұма күнінің және намазының артықшылығы жайлы тоқталдық, сауабынан құр қалмау үшін мұқият болғанымыз абзал. Сондықтан жұма күні адам баласының ешбіріне ешқандай зиянымыз тимеуі керек. Дініміз бойынша өзіңе де өзгеге де зиян тигізуге тыйым салынған. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Нағыз мұсылман – өзгелерге тілімен де, қолымен де зиян тигізбеген адам» деген бір хадисінде. Жұма намазына дайындалған мұсылман шамасы жеткенше мешітке көлікпен емес, жаяу барғаны жөн. Пайғамбармыз  (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адамдардың  намаздан ең көп сауапқа ие болатыны – алыстан жаяу келгені», - деген. Мешіттің ішінен және ауласынан орын тауып жайғасайық. Жұма намазына келгеннің жөні осы екен деп мешіттің ауласынан ұзақ, микрофоннан имамның дыбысы әрең естілетін жерде намаз оқуға әдеттенбейік. Әрине алыс жақтардан көлікпен келетіндеріміз бар, жұма намазынан кейін шаруасына асығатындар болады. Қандай жағдай болмасын ешкімге зиянымызды тигізбей жұма күнінің рухани берекетінен нәр алып, келесі жұмаға деген қимай қоштасумен шыққанымыз дұрыс болады.

 

Бостандық ауданы

        «Байкен» мешітінің

       наиб имамы Жолдас Жетпісбаев 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тегтер: жұма
Предыдущий Следующий
ЖҰМАҚ – МҰСЫЛМАННЫҢ МӘҢГІЛІК МЕКЕНІ НАМАЗДЫҢ ҚАСИЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАМАҒАТПЕН ОҚУДЫҢ САУАБЫ

Тақырып аясындағы мақалалар

ҚМДБ ПӘТУАЛАРЫ МЕШІТТЕН ТЫС ЖЕРДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ОҚУҒА БОЛА МА?
Шариғат бойынша жұма намазының дұрыс өтелуі үшін белгілі шарттар орындалуы керек. Атап айтқанда, жұма намазы жалпыға рұқсат етілген жерде оқылуы шарт. Белгілі жамағатқа ғана рұқсат етіп, басқаға келуге тыйым салынса, жұма намазы дұрыс болмайды....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат КӨРШІҢІЗБЕН ТАТУСЫЗ БА?
Алла Тағала адам баласын қоғамда, адамдармен бірге өмір сүруге бейім етіп жаратқан. Жаратылысы адаммен тығыз байланысты жандардың бірі – көрші.
Пайым-парасат ҚАРИЯҒА ҚҰРМЕТ - АСЫЛ ІС
Әрдайым үлкенге ізет көрсеткен халқымыз: «Қариясы бардың - қазынасы бар», - деген қанатты сөз қалдырған. Бұл үлкенін ізеттейтін, кішісін құрметтейтін елге ғана тән құбылыс десек артық айтқандық емес....
Пайым-парасат САДАҚА БЕРУДІҢ СЫРЫ
Садақа – зекет беру һәм қайырымдылық жасау деген мағынаны білдіреді. Сондықтан зекет, садақа депте аталады. Парыз болған зекет пен нәпіл болған садақа Құран да және хадистерде «садақа» сөзімен аталуда....
Пайым-парасат САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНАСЫЗ БА?
Ислам діні адамның ішкі және сыртқы саулығына бірге мән беруімен қатар, олардың мүмкін болған ауруларын дұрыс жолмен емдуге әрекет ететіні де белгілі. Ішкі рухани ауруларды емдеу және оның алдын алу жолдары мен сыртқы түйткілдерді шешу әдістерін де Құран мен сүннет ұсынатынын ұмытпаған жөн. Пайғамба...
Пайым-парасат ҚОНАҚ КҮТУ ӘДЕБІ
Үйіне келген адамға құрмет көрсету, қонақжайлылық танытып төрге шығару біздің ұлттық салт-дәстүріміз. Үйінің табалдырығын аттаған  адамның тіліне, дініне, ұлтына қарамай «Қош келдіңіз!», - деп, достық ықылас таныту, ас-дәм беріп, қамқорлық білдіру үй иесінің адамгершілігі мен имандылығының белгісі....
Пайым-парасат ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ІЗГІЛІКТЕ ЖАРЫСУ
Аллаға және ақырет күніне толық иман келтірген мұсылман, амал дәптерін жақсылықтармен, ізгі амалдармен толтыру үшін өмірінің әрбір сәтін тиімді және жемісті өткізуге күш салады....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Раби-сани 1447
Миләди
10 қазан 2025
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 18:34

22 урок: О дополнительных земных поклонах

"В случае, если молящийся выполнил 5 ракаат, т.е. совершил и руку и саджда, а затем вспомнил, что ош

Al Almaty
7 қыр. 2025

Урок 22: Вторая клятва при Акабе

(+++++)

Амир Холматов
2 қыр. 2025

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам уа рахматуллахи уа баракатух! Если они развелись через суд и бывший муж подпи

Администратор Azankz
31 там. 2025

105. Ростовщичество (Риба)

Получается депозит, кредиты и ипотека запреты?

Al Almaty
23 там. 2025

Деобанды - кто они?

Поправили, спасибо за внимательность.

Администратор Azankz
15 там. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi