ДІНДІ ҚАДІР ТҰТ, ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕ
Май ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:43
Май ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Май ауданы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:24 06:54 11:39 14:25 16:13 17:43
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-авваль 1447
Миләди
11 қараша 2025

Мақалалар

ДІНДІ ҚАДІР ТҰТ, ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕ

| A | +

Біз өмір сүріп отырған заманда дін мен дәстүр – ұлт руханиятының қос қанаты. Екеуі де адамның адамдық болмысын, қоғамның тұтастығын, ұлттың рухани байлығын қалыптастырады. Дінді қадір тұту – Аллаға деген ықыласты, жүректегі иманды күшейту болса, дәстүрді дәріптеу – ата-баба аманатына адалдықтың, ұлттың өзегін сақтау жолының көрінісі.

Ислам діні – адамды тәртіпке, мейірім мен әділдікке шақыратын кемел жүйе. Ал дәстүр – сол құндылықтардың халық өміріндегі көрінісі. Қазақ халқы ғасырлар бойы ислам дінін қабылдап, оны өз өмір салтына сіңіре білді. Намаз оқу, ораза тұту, жақсылық жасау, жетім мен жесірге қамқор болу – бәрі де қазақ дәстүрінің өзегіне айналған. Сол себепті дін мен дәстүр – өзара қабысқан рухани тірек.

Қазақтың көптеген салт-дәстүрлері исламның негізгі қағидаларымен үндеседі. Мәселен, «Ассалаумағалейкум» деп сәлем беру Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – шариғатта бекітілген әдеб қағидасы. Қонақ күту, жетім мен жесірге қамқор болу, аманатқа адалдық таныту сияқты дәстүрлер де исламның басты құндылықтарымен үйлеседі. Осының бәрі халқымыздың рухани дүниесінің дінмен тығыз байланыста екенін айғақтайды. Алайда кез келген дәстүрдің шариғатқа сай болуы маңызды. Егер бір әдет дін қағидаларына қайшы келсе, оны жалғастыру дұрыс емес. Мысалы, ырымшылдық немесе Алладан басқаға табыну секілді әрекеттер – ислам сеніміне қайшы. Сол себепті дәстүрді дәріптеу дегеніміз – оны сын көзбен қарап, дін өлшемімен таразылау. Дін – негіз, дәстүр – соның өрнегі. Егер дәстүр діннің шеңберінде сақталса, ол халықтың рухани байлығын арттырады.

Бүгінгі қоғамда кейде дін мен дәстүрді бір-біріне қарсы қою үрдісі байқалады. Алайда бұл қате түсінік. Дін мен дәстүр егіз ұғым. Дін – адамның Алла алдындағы жауапкершілігін арттырса, дәстүр – сол жауапкершіліктің қоғамдағы көрінісі. Мысалы, «жеті атадан қыз алмау» салты – тек биологиялық ұстаным емес, исламдағы туыстық қатынасты сақтаудың, нәсілді таза ұстаудың даналық үлгісі. Ал «қонақ келсе, құт келеді» деген ұғым –қонақжайлық пен жомарттыққа үндеген пайғамбар сүннетінің өміршең нышаны. Дінді қадір тұтқан адам – иманды, әділ, сабырлы, ұстамды болады. Дәстүрді дәріптеген жан – елін, жерін, ата-баба жолын құрметтейді. Екеуінің тоғысқан жерінде кемел тұлға қалыптасады. Исламда адамның ең жақсысы – адамдарға пайдасы тигені делінеді. Демек, шынайы мұсылман болу – тек құлшылықпен шектелмейді, ұлттық рухты, мәдени мұраны, жақсы дәстүрді сақтап, оны келесі ұрпаққа жеткізумен өлшенеді.

Қазіргі таңда дін мен дәстүрді ұштастыра білу – рухани жаңғырудың өзегі. Жастарға иман мен ұлттық сана қатар берілсе, қоғам берекелі, ұлт болашағы нұрлы болмақ. Сондықтан әр мұсылман өз ұлтының тамырынан ажырамай, ислам ілімін дұрыс түсініп, дәстүрге сүйене өмір сүрсе – бұл шынайы рухани кемелдікке апарар жол.

Қорытындылай келгенде, дінді қадір тұту – Аллаға мойынсұну, дәстүрді дәріптеу – ата-бабаның рухани аманатына адал болу. Бұл екеуі – имандылық пен ұлт бірлігінің кепілі. Дін мен дәстүрді тең ұстанған ел ешқашан азбайды, керісінше рухани тұрғыда кемелденіп, жаратқанның разылығына бөленеді. Сондықтан әрқайсымыз «дінді қадір тұт, дәстүрді дәріпте» деген қағиданы өмірлік ұстанымға айналдырсақ, қоғамымыз мейірім мен берекеге толы болмақ.

 

 

 

Қаленов Кенжебек

Алатау аудандық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тегтер: мақала 2025
Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы ИСЛАМДА АҢШЫЛЫҚ ҮКІМІ

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат АНАНЫҢ КӨҢІЛІ – БАЛАДА, БАЛАНЫҢ КӨҢІЛІ...   
Қазақ халқының мақал-мәтелдері – ғасырлар бойы жинақталған өмірлік тәжірибесі мен ұлттық дүниетанымның айнасы. Солардың ішінде «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада» деген мақал адам мен қоғам арасындағы ең іргелі моральдық қатынастардың, аналық махаббат пен ұрпақ жауапкершілігінің  терең...
Қоғам НАШАҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМДЫ ҚҰРДЫМҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ДЕРТ
Адам баласына берілген ең үлкен нығметтердің бірі – денсаулық. Денсаулықтың қадірін түсініп, дені сау болған  мықты жан ғана еңбек етіп, отбасын асырайды, білім алады, қоғамға пайдасын тигізеді. Сол үшін де халқымыз: «Бірінші байлық – денсаулық» деп сау жүрудің өлшенбес байлық екендігін ертеден ұққа...
Пайым-парасат АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ РУХАНИ ТӘРБИЕ КӨЗДЕРІ
Жеке адам болу дегеніміз — тұлға болып қалыптасуда бойына сіңірген игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасы, күнделікті тұрмысқа енгізу. ...
Пайым-парасат РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Қазақстанның егеменді ел ретінде дамуы жолында рухани жаңғырудың маңызы ерекше. Ұлт болып қалыптасу үшін ұлттық құндылықтар мен мәдени дәстүрлерді сақтап, оларды жаңаша көзқараспен бағалау қажет. ...
Пайым-парасат ИМАНДЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ: ЕКІ ҚАНАТТЫ РУХАНИЯТ
Имандылық пен ұлттық тәрбие – бұл қазақ халқының сан ғасырлық рухани өмірінің қос қанаты. Бірін-бірі толықтырып, өзара қабыса дамыған бұл құндылықтар ұлтты ұйыстырып, қоғамды біріктіріп келген. ...
Қоғам ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ – ИМАНДЫЛЫҚ БЕЛГІСІ
Табиғатты қорғау – экологиялық саясаттың ғана емес, иман мен этиканың іргелі тақырыбы. Ислам дүниетанымында адам – жердің халифасы (өкілетті қамқоршысы), ал әлем – аманат. ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Дін мен дәстүр ҰЛТТЫҚ КИІМ - ҰЛТ МӘДЕНИЕТІ
Ұлттық киім – халықтың мәдени мұрасы мен ұлттық рухының көрінісі. Әр халықтың өзіндік мәдениеті, дәстүрі мен дүниетанымы оның ұлттық киімінен көрініс табады. Ұлттық киім – түркі халықтары үшін маңызды орынға ие....
Дін мен дәстүр ТӘРБИЕГЕ ТОЛЫ ДӘСТҮРЛЕР
Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық. Ғасырлар бойы ұлтымыздың өмір сүру мәдениеті - әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен ырым-тыйымдарға негізделенгі белгілі. Ата-бабаларымыз салт-дәстүрді берік ұстанып, әдет-ғұрыптан аспай, ырым-тыйымдар арқылы өнегелі ұрпақ тәрбиеледі....
Дін мен дәстүр ИМАНДЫ ҰРПАҚ ЕЛІН ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕГЕ ТАНЫТАДЫ
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?» дегеніндей қазақ жастарына бағыт-бағдар көрсету – аға буынның еншісінде. Бүгінгі жастар ертең ел тізгінін ұстайды. Ұлттық құндылығымыз бен бабалар мұрасын арқалау – солардың міндеті. Тарихтың тағылымын бүгінгі...
Дін мен дәстүр ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Ұлттық бірегейлікті сақтап, әлеуметтік мәдени дамуда дәстүр құндылықтарының алар орны ерек. Бұл құндылықтар атадан балаға берілетін, әр ұлттың өзіндік болмысын, руханияты мен дүниетаным, тарихы мен мәдениетін танытатын асыл мұра....
Дін мен дәстүр АТА ДӘСТҮРІМІЗ БАҒА ЖЕТПЕС ҚАЗЫНАМЫЗ
Дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне байланысты ғасырлар бойы жүйеленген, өмір сүру салты негізінде туындаған ғұрыптардан жиналған, әрбір халық пен қоғамда болатын мінез-құлықтар үлгісі....
Дін мен дәстүр ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ
Ата-бабадан аманат болып жеткен салт-дәстүрлердің бір парасы сан ғасырлардан бері ұласып келе жатқан ұғым-ұстанымдар болса, ал басым бөлігі асыл дініміздің әсерінен пайда болған дағды-әдеттер. Қазіргі аласапыран кезеңде біртұтас халық болып қалуымыз үшін алдымен тіліміз бен дінімізге һәм салт-дәстүр...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-авваль 1447
Миләди
11 қараша 2025
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:43

О приоритетах

Great meaningful piece reflecting on one’s true priorities and obligations — very thoughtfully writt

X
4 қар. 2025

22 урок: О дополнительных земных поклонах

"В случае, если молящийся выполнил 5 ракаат, т.е. совершил и руку и саджда, а затем вспомнил, что ош

Al Almaty
7 қыр. 2025

Урок 22: Вторая клятва при Акабе

(+++++)

Амир Холматов
2 қыр. 2025

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам уа рахматуллахи уа баракатух! Если они развелись через суд и бывший муж подпи

Администратор Azankz
31 там. 2025

105. Ростовщичество (Риба)

Получается депозит, кредиты и ипотека запреты?

Al Almaty
23 там. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi