ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ

| A | +

Ата-бабадан аманат болып жеткен салт-дәстүрлердің бір парасы сан ғасырлардан бері ұласып келе жатқан ұғым-ұстанымдар болса, ал басым бөлігі асыл дініміздің әсерінен пайда болған дағды-әдеттер. Қазіргі аласапыран кезеңде біртұтас халық болып қалуымыз үшін алдымен тіліміз бен дінімізге һәм салт-дәстүрімізге берік болуымыз қажет. Ұлттық құндылықтарымызды лайықты қадірлеп, құнттай алмасақ, таным-түсінігіміз бен бітім-болмысымызға жат өзгелердің әспеттеп жүрген адамды арсыздыққа жетелейтін мәдениеті күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге әсер етуі мүмкін.

 Ұлттың сақталуында діннің басым рөл атқаратындығын мұсылман халықтарының тұрмыс-тіршілігінен көруге болады. Әрбір ұлтты ұлт ретінде сақтап қалатын нәрсе тілі мен мәдениеті және осылардың негізі болып табылатын діні. Қазақ халқының сан ғасырлардан бері сақталып келе жатқан мәдени құндылықтарының негізгі мұрасы дініміз – ислам. Халқымыздың салт-санасы, әдет-ғұрпы исламдық тұрғыда, мұсылмандық таным негізінде қалыптасты. Ислам дінінің қағидаларын халқымыз әрбір мақал-мәтеліне, аңыз-әңгімесіне, жыр-дастанына, ертегісіне, шешендік сөзіне, даналық нақылына, тұрмыс-салт өлеңдеріне сіңіріп, күнделікті тұрмысында басшылыққа алар рухани және имани құндылықтарына айналдырды. Қазақ қоғамы үшін ұлттық салт-дәстүрлік құндылықтар мен діни құндылықтар ажырағысыз байланыста болды. Исламның негізгі қағидаларын халықтың жүрегіне жақын, санасына қонымды тілмен түсінікті етіп жеткізе білген ұлттың ағартушы ұстаздары мен дін ғұламаларының үлесі зор. Солардың ерен еңбегінің нәтижесінде қазақ халқы исламның рухын сезініп, жанымен қабылдап, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрімен ұштастыра білді. Осының айғағы ретінде кеңестік кезеңде өмір сүрсе де, дініміздің қағидаларын жүрегіне түйіп, естіп-көргенін көзінің қарашығындай сақтап, халықына өнгелі болып отырған қариямыздан көруге болады.

Бір асқа жиналғанымызда егде жастағы қария ақсақал былай деп сөзге бастады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінімізбен салт-дәстүріміздің қанат жайып дамуына ерекше үлес қосып келеді. Өз басым діни басқармадан шығатын басылымдар мен ақпарат құралдарын жібермей қараймын. Кезінде «Ислам және Өркениет» газеті, «Асыл арна» телеарнасы, қазіргі таңда  «Мұнара» газеті, «Иман» журналы және «MUNARA TV» телеарнасы дінімізді дәріптеумен қатар ұлттық салт-дәстүрімізге, тілімізге мән беріп барлығын бірге сабақтастырып, ұштастырып келе жатқан бұқаралақ ақпарат құралдары. Сөзін ары қарай былай деп сабақтады қария: «Біздің балалық шағымыз ауылда өтті. Ата-әжемізге ілесіп, ауызашарға барып, айт мерекелерін тойлап, мәре-сәре болушы едік. Ауылдағы мешіттің ауласында ойнап, азан дауысын естіп өстік. Мешіт көріп өскен бала жамандыққа жуымайды. Өйткені, мешіт ауылға береке кіргізеді. Мешіт ешуақытта көптік етпейді. Менің ойымша, бір ауылда бір мешіт міндетті түрде болу керек. Ата мен әженің тәрбиесін көріп мешіт ауласында өскен баланың бойында имандылық құндылықтары қалыптасады. Кез келген мемлекет даму үшін оның алғы-шарттары болады. Соның бірегейі – имандылық. Адам рухани тұрғыдан бай болмаса, оның қолындағы байлықтан да, биліктен де қайыр жоқ. Имансыз адам әділетсіздікке жол береді. Әділетсіз адам  қоғамға қиянат жасайды. Айта берсек, зардабы өте көп. Ислам озық ой мен алға дамыудың діні ретінде қай кезде де ғылыми-ағартушылық бағытты негіз етіп алды. Сондықтан да адамзатты білімге, оқуға үндеді. Ислам діні қоғамдағы кез келген келеңсіз мәселені шешуге қауқарлы. Қазір әлем елдері қарақшылықтан, ұрлық-қарлықтан, жезөкшелік пен нашақорлық дертінен айығудың жолын таппай, сарсаңға түсуде. Ал Ислам діні мұндай қатігездік пен күнәға жол бермейді. Сондықтан біз өз ата дінімізге деген көзқарасымызды түзеуіміз керек. Біз қанша жыл дінге қарсы саясатты бастан кештік. Сонда да Аллаға деген сенімге селкеу түсірмедік. Расында, рухани құндылықсыз болашаққа қадам баса алмаймыз. Дін бен салт-дәстүріміз – қос қанатымыз. Осы қос құндылықты халық арасында көбірек насихаттасақ, қоғам ізгілікке ұмтыла бастайды. Осы ретте асыл дініміз бен салт-дәстүрімізді сабақтастырып дәріптеп келе жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына ұжымына, имамдарына алғысымды айтамын».

Бүгінде әлем мұсылмандарының басым бөлігі ұстанатын, Қазақстан мұсылмандары үшін де дәстүрлі болып табылатын ханафи мазһабының іргесін қалаған имам Ағзам Әбу Ханифа ілімінде ислам дінін қабылдаған жергілікті халықтардың салт-дәстүріне баса мән берілді. Ханафи мазһабында әдет-ғұрыптар исламдағы пәтуа шығарудың, яғни белгілі бір мәселеге қатысты діни үкім берудің бір негізі ретінде саналады. Демек, жергілікті халықтың дәстүріне тән қандай да бір әдет немесе ғұрып ислам шариғатына қайшы келмесе, оны қолдануға, сол бойынша іс-әрекет етуге ешбір шектеу қойылмайды.

 

 

Бостандық ауданы

        «Байкен» мешітінің

       наиб имамы Саясат Көкенай 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
АЛМА АҒАШТЫ БЕРГЕНІНЕ ҚАРАП БАҒАЛА, АДАМДЫ ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАП БАҒАЛА БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ РӨЛІ

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат ТӘКӘППАРЛЫҚ - ТЕРЕҢ ҚҰЗ
Тәкәппарлық – адамның өзіне, өзгелерге және өмірге деген қате көзқарастардың бір көрінісі. Бұл мінез-құлық адамның рухани және моральдық дамуына кедергі жасайтын терең құзға айналады. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны білдіре...
Әдеп (этика) КЕЛІННІҢ СӘЛЕМ САЛУЫ
Қазақ халқының рухани мәдениеті мен тұрмысында келіннің сәлем салуы ерекше орын алады. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақы тәрбиенің ажырамас бөлігіне айналған. Келіннің сәлем салуы тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар үлкенге ізет пен кішіпейілділіктің белгісі саналады. Бірақ бұл дә...
Ихсан ілімі ИМАН МЕН ИХСАН МӘСЕЛЕСІ
Дінге сенуші адамдардың арасында көптеген сұрақтар қойылады. Солардың ішінде «дін дегеніміз не?», «ихсан деген не?» «ислам деген не?». Әрине бұл сұрақтарға жауап беру үшін мақалалар, тіпті кітаптар жазылады....
Қоғам ҮШ ДЕРТ: КӨП СӨЙЛЕУ, ТАМАҚТАНУ МЕН КӨП ҰЙҚЫ
Ұлы Жаратушы, кемшіліктерден пәк Алла Тағала адам баласына аманат ретінде оның жаны мен тәнін бергеннен кейін, адам баласына жан мен тәнді тәрбиелеу мен ауру-сырқаудан емдеу жолдарын әділетті Пайғамбарлары арқылы көрсетіп берген. Адам баласының өмірі сынақ ретінде берілгендіктен, сынақтан өтудің жол...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан ілімі адамды немесе адам рухын кемелдендіретін хал ілімі ретінде сипатталады және ол Құран мен сүннеттегі қағидалардың толық орындалуымен түсіндіріледі. Ихсан ілімі қателік пен күнә жасауға себеп болатын адам бойындағы материалдық әрі рухани қуат көздерін тізгіндеп, оның орнына сауап пен ізгіл...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Дін мен дәстүр ДӘСТҮР ДІҢГЕГІ - ДІНДЕ
Аса қамқор, Ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Дін мен дәстүр ДӘСТҮРДЕГІ ДІНИ РӘСІМДЕР
Дін – дүниедегі әрбір жан иесінің өмір сүру үлгісі, екі дүниеде де бақытты болуға жетелер нәзік жол. Дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы....
Дін мен дәстүр ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРЕМІЗ
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!...
Дін мен дәстүр ДӘСТҮР МЕН ИМАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Қазақ халқының тарихы мұсылмандық ұстанымнан ажырамай келе жатқандығы күмән тудырмайтын ақиқат. Сондықтан халқымыздың болмысына сіңіп, өмірінен ойып орын алған рухани дүние танымы мен салт-дәстүрін исламнан бөліп қараудың өзі үлкен қателік....
Дін мен дәстүр ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ
Әрбір халықтың өздеріне тән ұлттық ойындары бар. Мысалы біздің қазақ халқында ежелден келе жатқан «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Тоғыз құмалақ», «Асық ойыны», «Ине-жіп және түйіншек», «Теңге ілу» т.ағы басқа да ұлттық ойындары бар....
Дін мен дәстүр ТӘРБИЕ НЕГІЗІ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТА
. Бесікте жатқан балаға бесік жыры, өсе келе үйретілетін батырлар жыры және баланың өміріндегі жүзеге асырылған басқа да салт-жоралар адам өмірінде тұлға болып қалыптасу үшін ең қажетті элементтер....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 04:15

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi