ДОСТЫҚТЫҢ КІЛТІ ҚАЙДА БАР?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 19:16
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:46 04:21 11:52 17:02 19:16 20:52
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Зуль-каада 1446
Миләди
19 мамыр 2025

Мақалалар

ДОСТЫҚТЫҢ КІЛТІ ҚАЙДА БАР?

| A | +

Қазіргі күні кейбір құндылықтарымыз жойылып, кейбір жақсы әдеттеріміз азайып барады. Бүгінде адамдардың өмірі жұмыс пен шаруаға байланып, отбасы мен жақындарына, құрбы-достарына арналатын уақыттың көлемі қысқаруда. Бүгінде адамдардың жымың қағып күлуі азайып, одан бұрын шекесі тырысып, ашуға бой алдыруы артуда. Бүгінде адамдардың өзіне жасалған жақсылыққа айтар алғысы кеміп, ұнамаған дүниеге көңіл толмаушылық білдіруі көбеюде. Бүгінде адал достықтың мәні кетіп, орнын есепке құрылған амал достық басқандай. Иә, бір қарағанда көңілді дүниелердің орнын көңілсіз дүниелер алмастырғандай көрінеді. Алайда, ден қойып қарасақ, Алла Тағаланың мейірімділігі арқасында бұл әлем әлі де болсын жарқын сәттердің, шуақты кезеңдердің куәсіне айналуда.

Әлемді көлеңкелі көріністердің сұрқай тартқан бейнесінен арылтып, оның орнын мейірімділік пен сүйіспеншіліктің жарқын бейнесімен толтыратын құндылықтарымыз аз емес. Алла Тағала адамзат баласының бойына түрлі мінез-құлық қасиеттері мен адамгершілік құндылықтарын сыйдырған. Бүгінгі күні кез келген қоғамды оң жолға бастап, түрлі кеселдерден сақтауға ықпалын тигізетін жақсы қасиеттер мен рухани кемелдік әрбір адамның бойында болуы мүмкін маңызды құндылықтарға айналып отыр.  Сондай құндылықтың бірі адамдар арасындағы достық қарым-қатынасы.

Достықтың маңызына әр сөзіне даналық дәнегін ұялатқан бабаларымыз «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», - деп үлкен мән берген. Иә, адамның қиналғанда қасынан табылып, жығылғанда сүйеніш болатын жақын жандарының бір парасын достары құрайды. Адалдыққа құрылған достық қандай қуаныш немесе қандай қиындық болмасын, темірдей төзімді, болаттай берік келеді. Шынайы досы бар адамды нағыз бақытты адам десе болады.

Қазақ халқының ұлы тұлғасы дана Абай:

«Біріңді, қазақ, бірің дос,

Көрмесең – істің бәрі бос», -

деп, қазақ қоғамына бірлік пен ынтымаққа негізделген достық құндылығын насихаттайды. Нағыз достық көреалмаушылық пен қызғаныштан ада, екіжүзділік пен сатқындықтан алыс бағалы құндылық. Асыл тастай құнды достықты табу қиын, жоғалту оңай. Достықтың кілтін табу үшін адамға шынайылық, адалдық, жанкештілік, бауырмалдық, мейірбандық, көпшілдік сынды қасиеттер қажет. Бұл қасиеттер бойында бар жан өзі секілді жандарды да оп-оңай досына айналдыра алады.  Өйткені, өзің қандай болсаң, айналаң да сондай болатыны өмір заңдылығы.

Асыл дініміз – Исламда да достықтың мәні терең, маңызы үлкен. Дініміздің өзі адамдарға дұшпандық пен қастықтан аулақ болып, бауырластық пен достыққа бағыт алуын бұйырады. Мәселен, «Хужурат» сүресінің 10-аятында: «Шын мәнінде мүміндер бір-біріне бауыр», - делінген. Бұл аяттан түйетініміз, мұсылман адамдар қандай жағдай болмасын бір-біріне дос, бауыр болуы тиіс. Ислам адамдар арасындағы қастық пен жаулықты құптамайды.

Исламда достықтың ең хайырлысы Алла разылығы үшін болған достық. Алла бұйырған нәрселерге шақырып, тыйғандарынан тыйылған ортада жүрген адамдар бір-біріне нағыз мейірімді, шынайы жанашыр достар. Себебі,  бұл дүниеде жасалған әрбір әрекеттің, айтылған сөздің сұрауы бар. Ал амалдарымыздың әсем, әрекеттеріміздің қайырлы болуына біздің айналамыздағы адамдар да тікелей әсерін тигізетіні анық.  Бұл туралы «Зухруф» сүресінің 67-аятында: «Достардың тақуаларынан басқалары сол күні (Қиямет күні) бір-біріне дұшпан болады», - делінген. Демек, осы дүниеде достарымыздың сауапты іске шақыратын игі жақсылардан болуы өзіміздің ақыретіміз үшін маңызды. Сол себепті, достықтың тат баспайтын алтын кілтін Алласын ұмытпаған қайырлы ортадан іздегеніміз абзал.

Менің ойымша,  достық сынды асыл құндылық әр адамның ең аяулы ағзасы – жүрегінен ойып орын алатын мейірімділік, жақсылық, адалдық, қамқорлық сынды қасиеттерден бастау алса, риясыз шынайылыққа құрылған адал достыққа айналмақ.

Ойымды қорытындылайтын болсам, жүрегімізді жылылыққа, көңілімізді жақсылыққа қарай бағыттайтын адал достықтың кілтін ең әуелі өз бойымыздан іздеуіміз керек. Өз бойымызда жақсы қасиеттер мен рухани кемелдік үйлесімді астасса, біздің айналамыз да өзіміз секілді жандармен толығады.

 

Алматы қаласы Бостандық ауданы 

«Орбита-3» мешітінің наиб имамы

 Тұрғараев Алмас Рахымбердіұлы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ҺӘМ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ЖАҚСЫЛЫҚ ҺӘМ ЖАМАНДЫҚ

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат ЖАҚСЫЛЫҚ ҺӘМ ЖАМАНДЫҚ
Ислам дінінде жақсылық пен жамандық ұғымдары адам өмірінің негізгі бағыт-бағдарын айқындайтын маңызды. Құран мен сүннетте бұл ұғымдарға кеңінен тоқталып, мұсылмандарға дұрыс жолды нұсқайды. Яғни, мұсылмандар үшін жақсылық пен жамандық ұғымдарына келгенде толығымен өмірлік практикада қолдануға болаты...
Дін мен дәстүр ҰЛТТЫҚ КИІМ - ҰЛТ МӘДЕНИЕТІ
Ұлттық киім – халықтың мәдени мұрасы мен ұлттық рухының көрінісі. Әр халықтың өзіндік мәдениеті, дәстүрі мен дүниетанымы оның ұлттық киімінен көрініс табады. Ұлттық киім – түркі халықтары үшін маңызды орынға ие....
Дін мен дәстүр ТӘРБИЕГЕ ТОЛЫ ДӘСТҮРЛЕР
Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық. Ғасырлар бойы ұлтымыздың өмір сүру мәдениеті - әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен ырым-тыйымдарға негізделенгі белгілі. Ата-бабаларымыз салт-дәстүрді берік ұстанып, әдет-ғұрыптан аспай, ырым-тыйымдар арқылы өнегелі ұрпақ тәрбиеледі....
Пайым-парасат ПАЙҒАМБАР ﷺ ПЕДАГОГИКАСЫНДА БАЛАНЫ ҚИССАМЕН ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Адам жаратылыс тұрғысынан қисса тыңдауды және түсіндіруді жақсы көреді. Қиссада рухтарды баурайтын  бір ерекше тәлім бар. Бұл шындықты балалардан өте айқын көруге болады. ...
Дін мен дәстүр ИМАНДЫ ҰРПАҚ ЕЛІН ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕГЕ ТАНЫТАДЫ
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?» дегеніндей қазақ жастарына бағыт-бағдар көрсету – аға буынның еншісінде. Бүгінгі жастар ертең ел тізгінін ұстайды. Ұлттық құндылығымыз бен бабалар мұрасын арқалау – солардың міндеті. Тарихтың тағылымын бүгінгі...
рамазан 2025 ОРАЗАНЫҢ ПАРЫЗ БОЛУ ТАРИХЫ
Рамазан айындағы ораза – исламның бес парызының бірі және барлық балиғат жасына жеткен мұсылмандарға міндетті құлшылық.

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам КИБЕРБУЛЛИНГ - ҚОҒАМ ДЕРТІ
Кибербуллинг - әлеуметтік желі арқылы біреуді қорқыту, айыбын ашу, қорлау, кемсіту. Бұл дерт өкінішке орай қоғамымызда үлкен дертке айналып отыр. Өйткені аталмыш әрекет жас талғамайтын жағдайға жетті. Қазіргі таңда жасөспірімдердің осындай зиянды әдетпен құмар болуы қатты алаңдатады....
Қоғам ЖҰМЫСШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП – ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН СЕНІМ
Бірде Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар әйгілі Ніл өзенін артқа тастап, шөл далада жаяу келе жатты. Аяқ киімі жыртылып, жарамай қалғандықтан, жалаңаяқ жүруіне тура келеді. Жолай ішіп-жемге ештеңе таппай, нәр тартпай, ағаштың жапырағын жеуге мәжбүр болады. Осылайша Шұғайып (оған Алланың сәл...
Қоғам ҮШ ДЕРТ: КӨП СӨЙЛЕУ, ТАМАҚТАНУ МЕН КӨП ҰЙҚЫ
Ұлы Жаратушы, кемшіліктерден пәк Алла Тағала адам баласына аманат ретінде оның жаны мен тәнін бергеннен кейін, адам баласына жан мен тәнді тәрбиелеу мен ауру-сырқаудан емдеу жолдарын әділетті Пайғамбарлары арқылы көрсетіп берген. Адам баласының өмірі сынақ ретінде берілгендіктен, сынақтан өтудің жол...
Қоғам АДАЛ АС
Адам бойына керекті дәрумендер дұрыс тамақтану арқылы берілетіні әлдеқашан дәлелденген. «Дені саудың- жаны сау» деген ұстанымға берік һәм осы негізді бойға үйретуге бекіген жастар бүгінде адал ас тұтынушылар қатарын толықтыруда....
Қоғам ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақстан – зайырлы мемлекет, ол діни мекемелердің мемлекеттен бөлінуін білдіреді. Бұл еліміздің конституциясында бекітілген, барлық діни және діни топтардың заң алдында теңдігіне кепілдік беретін және барлық азаматтардың діни сенім бостандығын қамтамасыз ететін маңызды қағидат. Қазақстанда ресми ді...
Қоғам БІЛІМ – БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти 
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Зуль-каада 1446
Миләди
19 мамыр 2025
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 19:16

Құптанға дейін 00:20

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Мужчины в намазе должны стоять впереди женщин. Если нет ограждения, то женщины н

Администратор Azankz
8 мам. 2025

Вопрос устазу: новые вопросы о посте

ранее задавала вопрос пишу повторноПо поводу своего вопроса хочу разъяснений так как данный вопрос

X
4 сәу. 2025

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Вы в чате задайте вопрос, вам устаз ответит

Администратор Azankz
2 сәу. 2025

44. Аль-Муджиб - Отвечающий на мольбы

Вам предписано сражаться, хотя это вам неприятно. Быть может, вам неприятно то, что является благом

X
5 нау. 2025

23. Вопрос о том, что деяния Аллаха являются результатом воли (выбора)

Да смилостивится над нами Аллаһ. Спасибо за предоставленную книгу

X
5 ақп. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi