ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ҺӘМ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 19:16
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:46 04:21 11:52 17:02 19:16 20:52
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Зуль-каада 1446
Миләди
19 мамыр 2025

Мақалалар

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ҺӘМ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

| A | +

Ұлттың болашағын қа­лыптастыратын ең маңыз­ды құнды­лық­тар­дың бірі – ұрпақ тәрбиесі. Ұлағатты ұрпақ тәрбие­леу – баршамыздың ор­тақ асыл міндетіміз. Өйт­кені өскелең жас буын­ның бойындағы рухани дағдарысты болдыр­мау – бүгінгі күннің өзек­ті мәселесінің бірі. Жуыр­да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Бу­рабайда өт­кен Ұлттық құрылтай­да осы ұрпақ тәрбиесіне ерекше тоқталды. 

Президент игі бас­қосуда: «Былтыр мектептерде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қолға алынды. Бағдарламаны қабыл­дау – істің басы ғана. Енді жаңар­ған құжатты еліміздегі барлық мем­лекеттік білім ошағына енгізу керек. Оны алдағы уақытта жеке­меншік мектептер де басшы­лыққа алуға тиіс. Себебі тәрбие жұмысы балаларды түгел қам­туы қажет. Сонда ғана бұл бас­тама жалпыұлттық ауқымға ие болады. Жобаның түпкі мақсаты – отаншыл, білімді, жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Мұның бәрі – адал азаматқа тән қасиеттер», деді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда отбасы құндылығын арттыруға ерек­ше мән беріп келеді. Өйт­кені әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Өкінішке қарай, қазіргі жаһандану заманында қоғамға қауіпті жағымсыз әрекеттер көрініс тауып отыр. Есірт­кіге еліту, құмар ойындары­нан шыға алмау, электронды те­мекіге тәуелділік секілді мәселе­лер жастар арасында тез тара­лып, үлкен зиянын тигізіп жатыр.

Лудомания кесірінен талай шаңырақтың берекесі қашты. Талай азамат қылмыс жасады. Бұл дерт жас ұрпақтың бола­шағына балта шауып отыр. Жас балалар онлайн ойындарға да әуес­теніп барады. Президент бұл мәселелерді былтырғы Ұлттық құрылтайда да көтерген еді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазіргі қоғамда осы мәселенің өзектілігін еске­ріп, отбасындағы өзара мейірімді­лік, ізгілік, адамгершілік сынды құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында 2025 жылды діни қызмет аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялады.

Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бекер айтылмаса керек. Бала – біз­дің айнамыз. Оған қандай тәр­бие берсек, ертең-ақ жемісін көре­міз. Бүгінде төл баспамыз­дан шыққан кітаптарға деген сұраныс күн санап артып келеді. Бұл – қуантарлық жағдай. Осы орайда «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында балаларға арнал­ған «Менің сүйік­ті отбасым» кітабын шыға­руды қолға алдық. Әр отбасы­ның бақытты болуы маңызды болғандықтан «Отбасы бақыты» тақырыбындағы еңбекті де оқырманға ұсынамыз.

Президент Ұлттық құрыл­тайда мектептерде, түрлі мекемелерде, сондай-ақ ірі компа­нияларда ұлттық киімге мән беріле бастағанын ерекше атап өтіп, кейінгі кездері қазақ үлгісіндегі киімдерге сұраныс­тың артқанын айтты. Сұранысқа сай тігін цехтары ашылып, жаңа брендтер, дүкендер пайда болғанын жеткізді. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Әйел-қыздар секторы және оның аймақтағы өкілдері мешітке келуші қыз-келіншектерге рухани білім берумен қатар олардың шариғат аясында ұлттық дәстүрі­мізге сай киім кию әдебіне де айрықша мән беріп жатыр.

Бұған дейін Әйел-қыздар секторы «Әсем киім – әйел ажары» тақырыбында респуб­ликалық іс-шаралар ұйымдас­тырып келді. Оған көптеген сән киім үлгісін жасайтын отандық дизайнерлер де атсалысты. Бұл іс-шара биыл да жүзеге асады. Әйел-қыздар секторы осы тәжірибені еске­ріп, «Дәстүрлі кимешек» көр­месін және сән киім байқауын ұйымдастырады. Ұлттық киімнің дініміз бен дәстүрімізге сай заманауи үлгісі қоғам тарапынан қол­дауға ие болады деп ойлаймыз.

Діни басқарма қызметкер­лері жамағат арасында ұлт­тық киімімізді, ұлттық құнды­лықтарымызды насихаттауға сүбелі үлес қосып келеді. Қа­сиетті Рамазан айы бойы қо­ғам­дық орындарда жарапазан жыры айтылды. Ауызашар дастарқанында терме-толғаулар орындалды. Жуырда ғана өткен Ораза айт мерекесін ұлттық нақышта ұйымдастырдық. Ме­шіт аулаларында киіз үйлер тігі­ліп, ұлттық ойындар мен мәде­ни іс-шаралар өткізілді. Айт намазына келген жамағатқа нау­рыз көже мен бауырсақ таратылды. Мүф­тият еліміздегі мұсылман қауы­мын қашан да ұлттық құнды­лық­тары­мызды дәріптеуге үндей береді.

Осы ретте жастарға қатысты тағы бір өзекті мәселеге тоқталып кеткен жөн. Өйткені халықтың діни сауатын ашып, әсіресе дінге бет бұрған жастарды деструк­тивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру – аса маңызды жұмыстардың бірі. Бұл мәселеге де Мемлекет басшысы Ұлт­тық құрылтайда айрықша назар аудар­ды.

Құрылтай отырысында Пре­зи­дент: «Теріс ағымдарға, қа­зақ­тың болмысына жат идеоло­гияларға тосқауыл қою қажет екеніне еш күмән жоқ. Елімізде дін бостандығына кепілдік бе­ріл­ген. Бірақ жүгенсіздікке, тәр­тіпсіздікке жол беруге болмайды. Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру», деді.

Шын мәнінде, асыл дініміз сан ғасырдан бері ұлтымызды ынтымаққа ұйыстырып, халқы­мыз­дың рухани тірегіне айналды. Имандылыққа бет бұрған жас­тар қашан да жақсылық жасауға құштар. Алайда діни үкімдердің түпкі мәніне терең үңілмейтін кейбір жас буын өкілдерінің деструктивті діни ағымдардың арбауында кетіп жатқаны жасырын емес.

Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – халықты жат діни ағымдардан сақтандыру. Осы бағыттағы жұмыста дін қызметкерлерінің алатын орны ерекше екені бел­гілі. Бұл ретте Діни басқарма қыз­меткерлері кешенді жұмыс­тарды жүзеге асырып келеді.

Мүфтияттың діни оңалтуға жауапты мамандары былтыр жамағат арасында 10 854 жеке ық­пал ету акциясын, яғни жеке кез­десулер өткізді. Діни бас­қарма осынау жауапты жұмысқа жыл бойы 4 мыңнан аса дін қызмет­керін жұмылдырды. Нәтиже­сінде, 526 адам радикалды діни райынан қайтып, дәстүрлі Ислам құндылықтарына бейім­делді. Сонымен қатар 557 азамат діни көзқарасы мен діни ұстанымы­на оң ықпал жасалды. Жалпы айт­қанда, түрлі дес­трук­тивті діни ағым­дардың ықпа­лында жүрген 1 083 адамға нәтижелі ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Еліміздің батыс аймақта­рында және бірнеше өңірде «Ислам лаңкестікке қарсы» атты халықаралық ғылы­ми конференциялар ұйымдас­тырылды. Басқосуда отандық және шетелдік сарапшылар маз­мұнды баяндама жасап, түрлі ағымдар мен топтардың теріс пиғылдары мен діни тұрақ­тылыққа келтірер зияны туралы айтып өтті.

Дін қызметкерлері жамағат­пен жүйелі жұмыс жүргізумен қатар Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі ко­ми­тетіне қарасты 50 мекемеде жазасын өтеп жатқан азамат­тарға да жеке түсіндіру іс-шара­ларын ұйымдастырды. Оларға «Muftiyat» баспасынан шық­қан 1 400 дана кітап берілді. Дінге қызығушылық білдірген жастардың қандай діни әдебиет­тен мәлімет алатыны өте маңыз­ды. Сондықтан мүфтият осы ба­ғыт­та өткен жылдың өзінде 23 кі­тапты 100 мыңнан аса данамен шы­ғарып, халыққа таратты. «Бабалар ізімен: Қазақ даласын­дағы мұсылмандық мектеп», «Ислам энциклопедиясы», «Қалып», «Ой салар оқиғалар», «Иман­ды­лық әліппесі» сынды маңыз­ды еңбектер жамағаттың қолына тиді.

Отандастарымыздың ға­лам­тор беттерінен дінді өз бет­терінше үйренуі – қауіпті үрдіс. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер теріс пиғылдағы ағымдар мен топтар үшін қолжетімді мін­бер болып отырғаны жасырын емес. Бұл ретте мүфтият жа­нын­дағы Діни оңалту және Ақпарат бөлімдерінің мамандары жат діни ағымдардың ұстаным­дарына қарсы сапалы материалдар әзірлеп, әлеуметтік желідегі ақпарат-насихат жұмыстарын күшейтіп жатыр.

Былтыр Шариғат және пә­туа бөлімінің маманда­ры және оның аймақтағы өкіл­дері ха­лық­­тан келіп түскен 194 536 сұ­рақ­қа жауап берді. Бұл ба­ғыт­­­тағы жұмыстар ұдайы жал­ғаса береді. Өйткені мүф­тият­тың қоғам алдындағы бас­ты қыз­метінің бірі – діни сұрақ­тар­ға жауап беру, пәтуа шығару. Дес­труктивті діни ағымдардың ықпалына түсіп қалған орыстілді жамағат көп жағдайда өздеріне қажетті сұрақтардың жауабын шетелдік діни ақпарат көздерінен алатыны белгілі. Осыған орай Пәтуа және шариғат, Діни оңалту бөлімдері ақпарат саласындағы тиісті жобаларды қолға алып, өнімді еңбек етіп келеді.

Осы ретте жастарға, жалпы ха­лыққа деструктивті діни ағым­дардың ықпалына түсіп қалмау үшін бірнеше кеңес айтқанды жөн көрдік. Ең бірінші дұрыс діни білім алуға көңіл бөлген жөн. Дұрыс діни білім – діни радикализмге қарсы қуатты күш. Аллаға шүкір, қазір елімізде Діни басқарманың қызмет жүйе­сінде жұмыс істейтін діни білімі терең ұстаздар аз емес. Діни сұрақтардың жауабын сол кісілерден алуға болады.

Бұған қоса мүфтият жанында тәулік бойы жұмыс істейтін сall орталық бар. Орталықтың нөмірі – 8 707 233 30 30. Ұялы байланыс арқылы туындаған жедел сұрақтарға жедел жауап аласыз. Сall орталық 24 сағат бойы екі тілде (қазақ, орыс) қызмет көрсетеді. Біздің білікті мамандарымыз діни сұрақтарыңызға жауап беруге дайын.

Діни ақпараттарды сыни тұрғыдан саралауға дағдыланған дұрыс. Діни ақпаратарды әлеу­мет­тік желілерден оңай алуға бо­лады. Ол ақпараттың сенімді еке­ніне көз жеткізу керек. Егер күмән болса, мүфтияттың ресми қыз­меткерінен кеңес алуға болады. Еліміз бойынша Діни бас­­қар­маның Шариғат және пә­туа, Діни оңалту бөлімдерінің ай­мақ­­тағы өкілдері жұмыс істейді. Ұс­таз­дардан кеңес алуға шақырамыз.

Деструктивті діни ағымдар­дың белгілерін тануға назар аудар­ған абзал. Кез келген кү­мән­ді топ өздеріне жақын тартса, олардың әрекеттеріне назар аударыңыз. Олар көп жағдайда өздерін «ақиқаттың жолындамыз» деп айтады. Басқа барлық діни бағыттарды терістеп, өздерін ғана дұрыс жолдамыз деп санайды.

Деструктивті діни ағым­дар адамдардың дербес шешім қабылдауына шектеу қоя­ды. Әсі­ресе жастарды бас­қару­ды, олардың әрбір әре­кетін бақы­лауды өз қолдарына алуға тырысады. Қоғамнан оқшаулануға үндейді. Отбасыңыздан, доста­рыңыздан алшақ жүруге ша­қырады. Тек өздерінің ортасымен араласуға көндіруге барын салады.

Сондықтан балаларға, жас­тар­ға дұрыс тәрбие беруге көңіл бөлейік. Деструктивті діни ағым жақтастарының негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастарды өз қатарына қосу. Мұны естен шығармайық. Сол үшін балаларымызбен жиі қарым-қатынас орнатуымыз керек. Олардың қы­зығушылықтары мен ортасын қадағалау – ең әуелі ата-ананың басты міндеті. Дін туралы дұрыс ақпаратты ерте жастан үйретуді қолға алған дұрыс.

Қолданыстағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң бойынша заңсыз діни үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынған. Діни әдебиеттерді заңсыз таратуға шектеу қойыл­ған. Экстремистік және терро­ристік әрекеттерге шақыру – үлкен қылмыс. Бұл ретте бір­ден күмәнді ақпаратқа тап бол­саңыз немесе өзіңізге, жақын­дарыңызға қауіп төнген болса, бірден құзырлы мекеме өкілдеріне қоңырау шалу керек.

Жастар қай кезде де қоғамның негізгі қозғаушы күші болған. Егер жас буын өкілдерінің қайраты мен қажырын, білімі мен жігерін жақсы істерге бағыттай білсек, көптеген игілікке кенелеріміз хақ.

 

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы ДОСТЫҚТЫҢ КІЛТІ ҚАЙДА БАР?

Тақырып аясындағы мақалалар

Қоғам ЖҰМЫСШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП – ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН СЕНІМ
Бірде Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар әйгілі Ніл өзенін артқа тастап, шөл далада жаяу келе жатты. Аяқ киімі жыртылып, жарамай қалғандықтан, жалаңаяқ жүруіне тура келеді. Жолай ішіп-жемге ештеңе таппай, нәр тартпай, ағаштың жапырағын жеуге мәжбүр болады. Осылайша Шұғайып (оған Алланың сәл...
ҚҰРБАН АЙТ 2024 ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Рамазан ОРАЗАНЫҢ СЫРЫ МЕН САУАБЫ
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Ислам тарихы ЕҢ АБЗАЛ САДАҚА – ДІН ЖОЛЫНДА ДҮНИЕ ЖҰМСАУ
Ислам дінін сан ғасырдан бері рухани тірегі еткен халқымыз қайырымдылық істерді ерекше ыждағаттылықпен, ықыласпен, барын салып, беріле атқарған. Қамыққанға қамқор, жабырқаған жанға демеу болу – қанымызға сіңген қасиеттің бірі. Сондықтан болар халық арасында асар, жылу, шүлен тарату, сыбаға, кеусен, ...
Мәнһәж АНАМНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ
Қамшының сабындай болған мына жалған өмірде анаңнан асқан қамқор, әрбір ісіңе тілеулес боп отыратын нағыз жанашыр адам жоқ екен. Ананың аялы алақанынан асқан жұмсақ нәрсе жоқ. Мұны уақыт өткен сайын сезініп келемін......
Ғұламалардың өмірбаяны ДЕШТІ ҚЫПШАҚТЫҢ ДАРА ПЕРЗЕНТІ – БЕЙБАРЫС СҰЛТАН
Қос харамның қорғаны болған Бейбарыс сұлтанның туғанына биыл 800 жыл толып отыр. Баба ерлігін ұлықтап, еңбектерін жас ұрпаққа паш ету мақсатында бабамыздың ата қонысы Атырау топырағында «Ұлы дала барысы – Бейбарыс сұлтан» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткіздік. ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ДОСТЫҚТЫҢ КІЛТІ ҚАЙДА БАР?
Қазіргі күні кейбір құндылықтарымыз жойылып, кейбір жақсы әдеттеріміз азайып барады. Бүгінде адамдардың өмірі жұмыс пен шаруаға байланып, отбасы мен жақындарына, құрбы-достарына арналатын уақыттың көлемі қысқаруда. ...
Қоғам КИБЕРБУЛЛИНГ - ҚОҒАМ ДЕРТІ
Кибербуллинг - әлеуметтік желі арқылы біреуді қорқыту, айыбын ашу, қорлау, кемсіту. Бұл дерт өкінішке орай қоғамымызда үлкен дертке айналып отыр. Өйткені аталмыш әрекет жас талғамайтын жағдайға жетті. Қазіргі таңда жасөспірімдердің осындай зиянды әдетпен құмар болуы қатты алаңдатады....
Қоғам ЖҰМЫСШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП – ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН СЕНІМ
Бірде Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар әйгілі Ніл өзенін артқа тастап, шөл далада жаяу келе жатты. Аяқ киімі жыртылып, жарамай қалғандықтан, жалаңаяқ жүруіне тура келеді. Жолай ішіп-жемге ештеңе таппай, нәр тартпай, ағаштың жапырағын жеуге мәжбүр болады. Осылайша Шұғайып (оған Алланың сәл...
Қоғам ҮШ ДЕРТ: КӨП СӨЙЛЕУ, ТАМАҚТАНУ МЕН КӨП ҰЙҚЫ
Ұлы Жаратушы, кемшіліктерден пәк Алла Тағала адам баласына аманат ретінде оның жаны мен тәнін бергеннен кейін, адам баласына жан мен тәнді тәрбиелеу мен ауру-сырқаудан емдеу жолдарын әділетті Пайғамбарлары арқылы көрсетіп берген. Адам баласының өмірі сынақ ретінде берілгендіктен, сынақтан өтудің жол...
Қоғам АДАЛ АС
Адам бойына керекті дәрумендер дұрыс тамақтану арқылы берілетіні әлдеқашан дәлелденген. «Дені саудың- жаны сау» деген ұстанымға берік һәм осы негізді бойға үйретуге бекіген жастар бүгінде адал ас тұтынушылар қатарын толықтыруда....
Қоғам ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақстан – зайырлы мемлекет, ол діни мекемелердің мемлекеттен бөлінуін білдіреді. Бұл еліміздің конституциясында бекітілген, барлық діни және діни топтардың заң алдында теңдігіне кепілдік беретін және барлық азаматтардың діни сенім бостандығын қамтамасыз ететін маңызды қағидат. Қазақстанда ресми ді...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Зуль-каада 1446
Миләди
19 мамыр 2025
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 19:16

Құптанға дейін 00:49

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Мужчины в намазе должны стоять впереди женщин. Если нет ограждения, то женщины н

Администратор Azankz
8 мам. 2025

Вопрос устазу: новые вопросы о посте

ранее задавала вопрос пишу повторноПо поводу своего вопроса хочу разъяснений так как данный вопрос

X
4 сәу. 2025

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Вы в чате задайте вопрос, вам устаз ответит

Администратор Azankz
2 сәу. 2025

44. Аль-Муджиб - Отвечающий на мольбы

Вам предписано сражаться, хотя это вам неприятно. Быть может, вам неприятно то, что является благом

X
5 нау. 2025

23. Вопрос о том, что деяния Аллаха являются результатом воли (выбора)

Да смилостивится над нами Аллаһ. Спасибо за предоставленную книгу

X
5 ақп. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi