НӘПСІМЕН КҮРЕСУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

НӘПСІМЕН КҮРЕСУДІҢ ЖОЛДАРЫ

| A | +

Алдымен Аллаға мадақ, Пайғамбарымыз Мұхаммедке салауаттар болсын. Нәпсімен біз не үшін күресуіміз керек және онымен күресу бізге нендей пайда алып келеді деген сауалға жауап іздеп көрейік.

Онымен үнемі күресуіміздің себебі Алланың алдындағы құлдық мәртебемізді және адам деген атқа лайықты дәрежемізді сақтау болмақ. Сондай-ақ бұл күрестен бізге келер пайда, Раббымыздың құзырында құлдық дәрежеміздің жоғары болып, Оның разалағына қол жеткізу. Осы тұрғыда кейбір ғалымдарымыз ахлақты үш түрге бөліп, баяндаған:

Бірінші: Шайтани ахлақ: тәкаббарлық, көреалмаушылық, өзін жоғары санау, жамандық, бұзақылық, өтірік, т.б.

Екінші: Жануарға тән ахлақ: шәһуат (қатты қалау)

Үшінші: Періштеге тән ахлақ: жақсылық, шынайылық, кішіпейілдік, итағатшылық, т.б.

Ал адамның бойына Алла Тағала жоғарыда аталған ахлақтарға деген бейімділікті салып қойған. Алла Құранда: «Содан соң күнәның жолдарын әрі одан сақтану, арылу жолдарын оның көкейіне салып, білдіргенге серт» - деген (Шәмс сүресі 8-аят).

Сондай-ақ Алла Тағала періштеге ақыл беріп, жануарларға шәһуат беріп ал адамға ақылды да шәһуатты да беріп жаратты. Бұлай берілудің мәні адам үшін сынақ болды. Қашан адам баласы шәһуатқа қатты иілсе жануар дәрежесіне түсіп, ал ақылға қарай иілсе періште дәрежесіне көтерілетінін білдіреді. Ислам діні бізге адамды кері тартып, кісіліктен бездіретін екі қуаттың: ой-сезім салып азғыратын шайтан мен «жамандыққа бастаушы нәпсінің» бар екенін айтып, ескертеді. Бұл жайлы Шәкәрім мен Мәшһүр Жүсіп аталарымыз: «Табылды өз бойымнан екі дұшпан, бірі іштен болғанда, бірі - тыстан» деп айтып кеткен.  Нәпсімен күресудің маңыздылығын білдіретін хабарларға тоқталсақ: Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды. Әлде кім оны кірлетсе, қор болды» - деген (Шәмс сүресі 9-10 аяттар).

Ал «Тәбук» шайқасынан кейін, сахабалар сусыз шөл далада шаршап-шалдығып, қарындары аш күйде кері қайтып бара жатқанда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кіші жиһадтан (жорықтан) үлкен жиһадқа (нәпсімен күресуге) оралдық», - деп айтқан (Суюти «Жамиғ әс-сағиру»).

Нәпсімен күресудің көптеген жолы бар, міне солардың біршамасына тоқтала кетейік:

  1. (Муроқаба) Алла Тағаланың әркез көріп, бақылаушы екендігін есте ұстау.

Қасиетті Құран Кәрімде: «Біліп қойыңдар. Алла іштеріңе бүккен ойларыңды түгелдей біледі. Ендеше, (Оның бұйрығына қарсы келуден) сақтаныңдар», - деп ескертеді («Бақара» сүресі, 235-аят). «Сүннеттің анасы» деп танылған хадисте Жәбірейіл періште Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «ихсан» туралы сұрағанда, Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын); «Ихсан дегеніміз – Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету. Сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұрады», - деп жауап береді. Демек, оқитын намазымыз, ұстайтын оразамыз, беретін зекетіміз, орындайтын қажылық, т.б. амалдарымыз ихсан жағдайында болса, нәпсінің жақсы жағына қарай тәрбиеленуін жеңілдетеді.

 

2.Нәпсіні жаман қалауларынан тыю

Мұсылман адам ішкі қалауы әлдебір ой салғанда, сол істің дұрыс-бұрыстығын саралап барып істеу қажет. Әйтпесе, нәпсісінің қалауын орындай беру адамды орға жығары сөзсіз.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тәлімін алған сахабалар нәпсілерімен қандай қатынаста болғандығын мысал арқылы келтіретін болсақ, хазреті Осман (р.а) бір күні ет жегісі келіп, базарға барып сатып алайын деген ниетпен үйінен шығады. Жолда кетіп бара жатқанында алдынан Али сахаба (р.а) кезігіп қалады.  Екеуі сөйлесіп қалып, Али (р.а) оның қайда кетіп бара жатқанын сұрайды.  Сонда Осман (р.а): «Ет жеуге аңсарым ауып, соны сатып алайын деп базарға кетіп бара жатырмын», - дейді. Али (р.а) оған: «Сонда сіз нәпсіңіз не қаласа, соны сатып ала бересіз бе?» - деп сұрақ қояды. Осы кезде Осман (р.а) қателігін түсініп, сол жерден кері бұрылып, үйіне қарай кеткен екен. Нәпсісін тиған жанның қияметте орны жәннат екендігі Құранда былайша баяндалады: «Ал енді кім Раббысының құзырында тұрудан қорқып, нәпсісін жаман қалауларынан тыйған болса, негізінде оның баратын жері жәннат», - деп айтылған (Назиғат сүресі, 40-41аяттар).

 

3.Нәпсіні әсте-әсте тәрбиелеу

«Мұсылман болу әсте-әсте» деп айтылғандай нәпсімізді сатылап, дәрежелеп тәрбиелеудің мәнісі өте үлкен. Шәкәрім бабамыз былай деп айтқан: «Сөзіңді түзе – әдетіңе айналады, әдетің – мінезіңе айналады, мінезің – сенің тағдырың».

 

4.Ізгі адамдармен (ортамен) бірге болу

Адамның жақсылық атаулыға бой үйретіп, жамандықтан жиренуіне ізгі ортаның әсері өте үлкен. Себебі адам ізгі адамдармен бірге болған сайын бойындағы ізгілік сипаттары оянып, жақсы істерге бейімделеді. Алла Тағала Мұхаммед Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «(Мұхаммед) таңертең және кешке Раббыларына, Оның (разылығын қалап) дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де барынша сабырлық таныт. Дүние тіршілігінің сән-салтанатына көңіл ауып, оларды көзіңе де ілме. Сондай-ақ, жүрегін Бізді еске алудан қаперсіз еткен, нәпсінің әуесіне ерген және бүкіл ісі шектен шыққан әлдебіреулерге бағынба (ерме)», - деп Алланы еске алған, оның разылығын іздеген жандармен бірге болуды әмір еткен (Кәһф сүресі, 28-аят).

Мақаламыздың соңын Серік Қалиев ағамыз жыр шумағымен аяқтауды жөн көрдік:

«Шақырғандай аштықтың мол азабы,

Жақтырмайды қу нәпсі оразаны.

Өмір бойы өтеді ол арпалысып,

Өзің өлмей, оның да жоқ ажалы.

Күресуге ол итпен икем керек,

Тіл табысып кетем деп сүйкенбе көп.

Садақалар беруге ниеттенсең,

Сараңдыққа тұрады итермелеп.

Намазды да бұл нәпсі ұнатпайды,

Қырық есектік қырсығын кім ақтайды?

Рахаттары болмаса бұ дүниенің,

Жұмақ жайлы аяттар жұбатпайды.

Жұмақ жайлы ұқпаса, тамұқ жайлы,

Келеді деп күте бер анық қайғы.

Нәпсісіне бағынған бақытсыздар

Жаратқанға құл болып жарытпайды».

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Құран Кәрім:
  2. Хадис кітаптар
  3. «Ихсан - рухани тәрбие негізі» 

 

«Орбита-3» мешітінің бас имамы

 Сүлейменов Орынбасар

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
АТА ДӘСТҮРІМІЗ БАҒА ЖЕТПЕС ҚАЗЫНАМЫЗ ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ҚҰРАН АЯТАРЫНДАҒЫ "ЖҮРЕК" ҰҒЫМЫ
Жүрек - ақыл, таным, білім, ниет, сенім, даналық және құрбандық тәрізді адам үшін өте маңызды мәселелердің жиынтығы. Егер жүрек тірі болса, бұл сезімдер де тірі болып саналады. Егер ол қандай да бір себеппен тоқтаса не күйзелсе, онда бұл өмірдің саған қойған белгісіз жоспарының сәтсіз жері  немесе қ...
Пайым-парасат АЛМА АҒАШТЫ БЕРГЕНІНЕ ҚАРАП БАҒАЛА, АДАМДЫ ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАП БАҒАЛА
Еңбек қай ғасырда да қай заманда да адамзаттың дамуы жолында өзінің мәні мен маңызын жоймайтын ең басты күш. Адам былай тұрсын кішкене жәндіктер де ала жаздай тынымсыз еңбек етіп тіршілік етіп өмірін жалғастырып келе жатыр. Осыған қарап-ақ еңбекті тіршіліктің көзі деу де артықтық етпейді. Сол себепт...
Пайым-парасат «ЖАСЫМДА ҒЫЛЫМ БАР ДЕП ЕСКЕРМЕДІМ»
Қазіргі уақытта білім-ғылым адам өмірінде басты рөл атқаратын маңызды құндылық. Өйткені, дана бабаларымыз айтып өткендей: «Білімдіге дүние жарық. Білімсіздің күні ғаріп»....
Пайым-парасат АДАМ МЕН ТАБИҒАТТЫҢ ТІЛДЕСКЕНІ - ӨМІРДІҢ ҮНДЕСКЕНІ
Алла Тағала қасиетті кітабында жердің асты-үстіндегі бүкіл нәрсені адам баласы үшін жаратып және оны адам баласына бағынышты қылғандығын баяндайды (Бақара 29; Жасия 13). Демек бізді қоршаған әсем табиғат, жайқалып өскен ну ормандар және сол ормандардың ішіндегі сан мыңдаған тіршілік атаулы Алла Таға...
Пайым-парасат ШҮКІРДІҢ БАСЫ - АЛЛАҒА МАДАҚ АЙТУ
Пендеге рахмет айта алмаған, Аллаға шүкір айта алмайтынын Пайғамбарымыздың (оған алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде айтылған. Осы тұста Аллаға мадақ айтудың маңыздылығын айқындаған жөн. Діни сауаты бар адам, сөз бастар алдында Аллаға «Хамд-сана» болсын деп бастайды. Бұл қандай ұғымды біл...
Пайым-парасат АЛЛАНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСЫНА МЕЙІРІМДІЛІК КӨРСЕТУ
Барлық жаратылысқа мейірімділік таныту, жылы шырай көрсету иманның кемелдігіне ишарат етеді. Кәміл мүмін қараңғы түндегі толған ай секілді нұрын шашады. Халықшыл, көпшіл болады. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 03:35

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi