АДАМ МЕН ТАБИҒАТТЫҢ ТІЛДЕСКЕНІ - ӨМІРДІҢ ҮНДЕСКЕНІ
Арысь
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 05:48
Арысь
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Арысь
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:29 05:48 12:29 17:08 19:05 20:23
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Шавваль 1447
Миләди
11 сәуір 2026

Мақалалар

АДАМ МЕН ТАБИҒАТТЫҢ ТІЛДЕСКЕНІ - ӨМІРДІҢ ҮНДЕСКЕНІ

| A | +

Алла Тағала қасиетті кітабында жердің асты-үстіндегі бүкіл нәрсені адам баласы үшін жаратып және оны адам баласына бағынышты қылғандығын баяндайды (Бақара 29; Жасия 13). Демек бізді қоршаған әсем табиғат, жайқалып өскен ну ормандар және сол ормандардың ішіндегі сан мыңдаған тіршілік атаулы Алла Тағаланың құлдарына берген үлкен нығметі.

Осы нығметтің қадірін біліп, табиғатқа аманат және жауапкершілік сезімімен қарау біздің міндетіміз. Ортасының тазалығы мен табиғатының әсемдігіне мән беріп қарайтын ұрпақтан болашағы жарқын салауатты азаматтардың шығатыны күмәнсіз. Осы бір құндылықты түсінген дана халқымыз “бұлақ көрсең көзін аш”, “бір тал кессең он тал ек” деп табиғатты қорғауға және аялауға шақырған.

Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ағаш отырғызудың маңыздылығын айқындап: “Қиямет қайым басталған сәтте қайсы біріңіздің қолында ағаштың көшеті болып, сол ағашты отырғыза алуға шамасы келетін болса, міндетті түрде отырғызсын” (Имам Ахмад) деп баяндайды.

Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабасы Абу Дарда Шам аймағында жүрген кезінде бір ағаш отырғызған еді. Оның бұл әрекетін байқап қалған бір кісі оған жақындап: “Сіз Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабасы бола тұра ағаш отырғызып жүргеніңіз қалай?” деп таңдана сұрайды. Сонда Абу Дарда: “Мен туралы үкім шығаруға асықпа! Мен Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын естігенмін: “Бір адам бір ағаш отырғызып, кейін сол ағаштың жемісінен адам баласы немесе Алланың жаратқандарынан қандай да бір мақұлық жейтін болса, сол ағашты отырғызған адам үшін садақа” деп түсіндіреді (Имам Муслим, Имам Ахмад).

Ағаштар мен ормандар – пайдасы орасан зор елдің байлығы іспетті. Адам баласының денсаулығына және қоршаған ортамыздың әсемдігіне, ауамыздың тазалығына беретін пайдасын айтып жеткізе алмаймыз.  Аңдар мен құстарға, біз білмейтін қаншама өсімдік түрлері мен тіршілік атаулыға пана болатыны да бар. Сол себепті жақсы ұрпақ тәрбиелеу сияқты ағаш өсірудің қайырлы іс екендігінде дау жоқ. Ағаш отырғызып, өсіру қаншалықты сауапты болса, ағашты кесіп, орманды қирату да соншалықты күнә іс. Елімізде ормандар салыстырмалы түрде аз аумақты алып жатыр. Елдің ормандылығы небәрі 5%. Сондықтан да орманды алқаптардың өртке оранып күлге айналуы, ластануы мен орынсыз қолданылуы арқылы ысырап етілуі - салдары мен зардабы өзімізге тиетін үлкен қателік.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: “Кімде-кім шөл даладағы жолаушылар мен жан-жануарлардың көлеңкелейтін бір ағашты еш себепсіз кессе, Алла Тағала сол адамды қиямет күні аяғынан алып жәһаннамға тастайды” (Тәфсиру әл-Қуртуби). Бұл хадис мұсылмандар үшін маңызды ескерту.

Мұсылман ретінде біздің міндетіміз: Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әмірлері мен өсиеттерін орындап, ағаш отырғызып, өсіру, ағаштарды баладай мәпелеу, ормандарды көзіміздің қарашығындай қорғау. Ағаш отырғызу құлшылық дәрежесінде өте жақсы іс, сонымен бірге патриоттық міндет. Сондықтан мұндай сауапты амалға бей-жәй қарамай, жақсылық ретінде дағдымызға айналдыру табиғатымызға деген құрметіміз және өз өміріміздің берекесі екендігін есте сақтауымыз тиіс.

 

Абай Құнанбайұлы

мешітінің ұстазы Қалибек Біржан

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ЖАТ ДІНИ АҒЫМ ҰСТАНЫМДАРЫ МЕШІТ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ – БАРШАҒА МІНДЕТ

Тақырып аясындағы мақалалар

Жұма уағызы СУИЦИД – АУЫР КҮНӘ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз.
Пайым-парасат ДІН НЕ ҮШІН КЕРЕК?
Ең жақсы сөз Алла Тағаланың сөзі, адамзаттың абзалы пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жаман нәрсе дінге жаңалық енгізуге тырысу және дінге қарсы болу, тиісу, мазақ ету - ол күнә. Алла Тағала адамзатқа тақуа болуды бұйырды. «Әй, мүминдер! Алладан шынайы қорқынышпен қ...
Рамазан 2026 АЙТ - ШҮКІРШІЛК МЕРЕКЕСІ
Рамазан құлшылық пен шүкіршілік, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, ізінше тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне қуаныш сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке....
Рамазан 2026 РАМАЗАН - ҚҰРАН АЙЫ
Қасиетті Рамазан – мұсылман жүрегі сағына күтетін, иман нұры күшейетін, Алланың шексіз мейірімі төгілетін ай. Бұл ай – пенденің Раббысына қайта оралып, рухани жаңғыратын кезең. Рамазан тек оразаның айы ғана емес, сонымен қатар Құранның да айы....
Рамазан 2026 РАМАЗАН - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ
Рамазан тұтастай ғибадатпен өткізілетін уақыт. Материалдық, әрі рухани тұрғыдан жылдың ең берекетті күндері. Мейірім мен қайырымдылық айы.
Рамазан 2026 РАМАЗАНДА НӘПСІНІ ТІЗГІНДЕУ МӘДЕНИЕТІ
Жаратқан Алланың көркем есімінің бірі – Хаким. Хаким – әр ісінде дархан даналық пен сансыз сыры бар хикмет Иесі. Ақиқатында, Алла Тағала парыз еткен әрбір үкімде даналық пен хикмет тұнып тұрады. Оның бағзысы адам баласына мәлім болса, кейбірі адамзат ақыл-санасы жетпейтіні де хақ. Құран Кәрім мен ха...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ШҮКІРДІҢ БАСЫ - АЛЛАҒА МАДАҚ АЙТУ
Пендеге рахмет айта алмаған, Аллаға шүкір айта алмайтынын Пайғамбарымыздың (оған алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде айтылған. Осы тұста Аллаға мадақ айтудың маңыздылығын айқындаған жөн. Діни сауаты бар адам, сөз бастар алдында Аллаға «Хамд-сана» болсын деп бастайды. Бұл қандай ұғымды біл...
Пайым-парасат АЛЛАНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСЫНА МЕЙІРІМДІЛІК КӨРСЕТУ
Барлық жаратылысқа мейірімділік таныту, жылы шырай көрсету иманның кемелдігіне ишарат етеді. Кәміл мүмін қараңғы түндегі толған ай секілді нұрын шашады. Халықшыл, көпшіл болады. ...
Пайым-парасат САУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ, САПАРҒА ШЫҚ!
Адам баласының рухтар әлемінен басталған сапары ақыретке дейін жалғасады. Күнделікті күйбең тірлікте жасап жатқан жолаушылығымыз осы сапардың бір бөлігі іспетті. Сапар дегеніміз –жолаушылық. Адам тұратын жерінен алыс жерге жолға шыққаннан бастап жолаушы саналады. Кез келген сапардың мақсаты мен себе...
Пайым-парасат САЛАУАТТЫЛЫҚ – ЖАН МЕН ТӘННІҢ ҮЙЛЕСІМІ
Кез келген адам өмірінің берекелі және жақсылыққа толы болғанын қалайды. Өмірде жетістікке жету үшін жан-жақты ізденеді. Салауатты өмір сүруге дағдыланады. Әркім салауаттылықты әр түрлі түсінеді. Кейбір адамдар үшін салауаттылық денінің саулығы болса, басқалар салауаттылықты білімді болу деп ұғады. ...
Пайым-парасат ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ АСЫЛ ҚАСИЕТ
Тауазу – қарапайым, кішіпейіл болу, Алланың ұлылығының алдында өзіңің түкке тұрмас әлсіз екендігіңді білу деген мағынаны білдіреді. Адам баласы өзіне берілген ілім, мансап және байлық сияқты кез келген бір нығметтің арқасында бұлардан мақрұм болған кісілердің алдында өзін олардан жоғары санап, зұлым...
Пайым-парасат АДАЛ АС – ЖАНҒА ШИПА
Тағам – адамның дене жасушаларын қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етіп, ағзаның дұрыс өсуі мен дамуына тікелей әсер ететін негізгі қажеттіліктің бірі. Адам баласының туу және өліміне дейінгі барлық өмірлік циклі тікелей тағаммен байланысты....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Шавваль 1447
Миләди
11 сәуір 2026
Намаз уақыттары
қазір

Күн 05:48

Бесінге дейін 04:48

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026

22 урок: О дополнительных земных поклонах

Ассаламу алейкум, я не автор поста, но мне кажется, что разница в том, что:1. в первом случае, молящ

Ерсайын
7 қаң. 2026

04. Ощущения

Ассаламу алейкум. Да, этот материал требует уже некоторой базы. Медресе старших курсов, или учеба в

Администратор Azankz
22 жел. 2025

Урок 126. Глава 13. 129 хадис

Да конечно, без проблем!

Al Almaty
8 жел. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi