АЛЛАНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСЫНА МЕЙІРІМДІЛІК КӨРСЕТУ
Бейнеу
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 21:26
Бейнеу
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бейнеу
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:15 06:39 13:23 18:03 20:03 21:26
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Шавваль 1447
Миләди
11 сәуір 2026

Мақалалар

АЛЛАНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСЫНА МЕЙІРІМДІЛІК КӨРСЕТУ

| A | +

Раббымыз Құран Кәрімде жиі-жиі өзінің кешірімшіл, мейірімділігіне қатысты көптеген сипаттарын атап көрсеткен. Тіпті Рақымдылардың ең рақымдысы екендігін, рақымдылығының барша нәрсені қамтитындығын айтады. Әлемдегі барлық рақымдылық Алла Тағаланың шексіз мейірімділігінен бастау алады.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла  Тағала мейірімділігін жүзге бөлді. Оның тоқсан тоғызын өзінің құзырында алып қалды. Ал қалған бір бөлікті жер жүзіне жіберді. Міне осы бір пайыз мейірімділік арқасында барша махлұқат бір-біріне мейірімділік танытады. Тіпті биенің құлынына зиянын тигізбеу үшін аяғын көтеруі, осы бір рақымдылықтың әсері», - дейді асыл Пайғамбарымыз "оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын).

Мейірімділігі  шексіз Раббымыз, құлдарының бір-біріне рақымдылық пен мейірімділік танытуларын мұрат етеді. Әлемнің мақтанышы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мейірімді  жан болатын. Бұл оның басты сипаттарының бірі еді. Алла Тағала оны жер жүзіне «рақымдылықты таныту» үшін жіберді. Алла Тағала өзінің көркем есімдері болып табылатын «раууф» (аса рақымды) және «рахим» (ерекше мейірімді) сипаттарын Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) нәсіп етті.

Барлық жаратылысқа мейірімділік таныту, жылы шырай көрсету иманның кемелдігіне ишарат етеді. Кәміл мүмін қараңғы түндегі толған ай секілді нұрын шашады. Халықшыл, көпшіл болады. Оның басты ұстанымдарының бірі жомарттық, сақилық. Сонымен қатар бойынан сезімталдық, сыпайылық, биязылық байқалады. Рақымдылық пен мейірімділік оның ажырамас серігіне айналады. Мейірімділік пен рақымдылық атаулыдан жұрдай жандар, кеудесінен жаны шыққан өлік секілді жылу алмайды.

Хадис-шәріптерде былай деп айтылады: «Рақымдылық танытқанға Алла Тағала рақымдылық көрсетеді. Жер жүзіндегілерге рақымдылық танытсаңдар, көк жүзіндегілер де сендерге рақымдылық танытады»(Тирмизи). «Мейірімділік танытпағанға, мейірімділік көрсетілмейді» (Бұхари, Әдеп). «Мейірімділік тек бақытсыздың жүрегінен алынады» (Тирмизи, Бирр).


Жаратушының назарымен, жаратылысқа рақымдылықпен назар салу Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) төмендегі мына хадисінде айтылған.
Бір күні Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына қарап: «Жанымды қолында ұстап тұрған Аллаға ант етейін, бір-біріңе мейірімділік танытпасаңдар жәннатқа кіре алмайсыңдар» деді. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Баршамыз мейірімді жанбыз», – десті. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Менің айтып тұрғаным, сендердің түсінгендерің секілді бір-біріңе деген мейірімділік емес. Керісінше күллі махлұқатты қамтитын мейірімділік. Иә, «күллі махлұқатты қамтитын мейірімділік» деп сөзіне түсініктеме берді.


Мүминдердің иман сезімін толқытатын, нәпсі өзімшілдігінен құтқаратын, рухани деңгей тұрғысынан кемелдендіретін ең басты қасиеттердің бірі мейірімділік болып табылады. Мейірімділіктің жемісі жомарттық, қарапайымдылық, еңбектену және күңшілдіктен құтылу. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Мүминдер бір-біріне деген сүйіспеншілікте, бір-біріне деген жанашырлықта және бір-бірін қорғауда бір денеге ұқсайды. Дененің кез келген ағзасы ауырғанда, өзге ағзалар да ұйқысыздыққа тап болады. Мазасы қашып, қызуы көтеріледі» (Бұхари )

Мейірімділік, бұл дүниеде ар-ождан тыныштығы. Жәннаттың сүйіншісі. Ал ақыретте бақытты болудың кепілі. Бір кісі Мұғаз ибн Жәбалға келіп: «Маған насихат айтшы», – деген екен. Сонда Мұғаз: «Мейірімді бол! Пейішке кіруіңе мен кепіл болайын», – деп жауап беріпті.

 

Медеу ауданы Әл-Хамит мешітінің бас имамы

Асылхан қажы Аманқұлов

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРЕМІЗ ДӘСТҮР МЕН ИМАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Тақырып аясындағы мақалалар

Жұма уағызы СУИЦИД – АУЫР КҮНӘ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз.
Пайым-парасат ДІН НЕ ҮШІН КЕРЕК?
Ең жақсы сөз Алла Тағаланың сөзі, адамзаттың абзалы пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жаман нәрсе дінге жаңалық енгізуге тырысу және дінге қарсы болу, тиісу, мазақ ету - ол күнә. Алла Тағала адамзатқа тақуа болуды бұйырды. «Әй, мүминдер! Алладан шынайы қорқынышпен қ...
Рамазан 2026 АЙТ - ШҮКІРШІЛК МЕРЕКЕСІ
Рамазан құлшылық пен шүкіршілік, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, ізінше тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне қуаныш сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке....
Рамазан 2026 РАМАЗАН - ҚҰРАН АЙЫ
Қасиетті Рамазан – мұсылман жүрегі сағына күтетін, иман нұры күшейетін, Алланың шексіз мейірімі төгілетін ай. Бұл ай – пенденің Раббысына қайта оралып, рухани жаңғыратын кезең. Рамазан тек оразаның айы ғана емес, сонымен қатар Құранның да айы....
Рамазан 2026 РАМАЗАН - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ
Рамазан тұтастай ғибадатпен өткізілетін уақыт. Материалдық, әрі рухани тұрғыдан жылдың ең берекетті күндері. Мейірім мен қайырымдылық айы.
Рамазан 2026 РАМАЗАНДА НӘПСІНІ ТІЗГІНДЕУ МӘДЕНИЕТІ
Жаратқан Алланың көркем есімінің бірі – Хаким. Хаким – әр ісінде дархан даналық пен сансыз сыры бар хикмет Иесі. Ақиқатында, Алла Тағала парыз еткен әрбір үкімде даналық пен хикмет тұнып тұрады. Оның бағзысы адам баласына мәлім болса, кейбірі адамзат ақыл-санасы жетпейтіні де хақ. Құран Кәрім мен ха...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат САУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ, САПАРҒА ШЫҚ!
Адам баласының рухтар әлемінен басталған сапары ақыретке дейін жалғасады. Күнделікті күйбең тірлікте жасап жатқан жолаушылығымыз осы сапардың бір бөлігі іспетті. Сапар дегеніміз –жолаушылық. Адам тұратын жерінен алыс жерге жолға шыққаннан бастап жолаушы саналады. Кез келген сапардың мақсаты мен себе...
Пайым-парасат САЛАУАТТЫЛЫҚ – ЖАН МЕН ТӘННІҢ ҮЙЛЕСІМІ
Кез келген адам өмірінің берекелі және жақсылыққа толы болғанын қалайды. Өмірде жетістікке жету үшін жан-жақты ізденеді. Салауатты өмір сүруге дағдыланады. Әркім салауаттылықты әр түрлі түсінеді. Кейбір адамдар үшін салауаттылық денінің саулығы болса, басқалар салауаттылықты білімді болу деп ұғады. ...
Пайым-парасат ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ АСЫЛ ҚАСИЕТ
Тауазу – қарапайым, кішіпейіл болу, Алланың ұлылығының алдында өзіңің түкке тұрмас әлсіз екендігіңді білу деген мағынаны білдіреді. Адам баласы өзіне берілген ілім, мансап және байлық сияқты кез келген бір нығметтің арқасында бұлардан мақрұм болған кісілердің алдында өзін олардан жоғары санап, зұлым...
Пайым-парасат АДАЛ АС – ЖАНҒА ШИПА
Тағам – адамның дене жасушаларын қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етіп, ағзаның дұрыс өсуі мен дамуына тікелей әсер ететін негізгі қажеттіліктің бірі. Адам баласының туу және өліміне дейінгі барлық өмірлік циклі тікелей тағаммен байланысты....
Пайым-парасат АҒАЙЫННЫҢ АРЫЗЫ - ЕЛДІҢ СӘНІН КЕТІРЕР
Бұқар жырау; «Ағайынның арызы елдің сәнін кетірер, абысынның арызы ауыл сәнін кетірер», – деп айтқандай, ағайын-туғанның араздасып, арадағы байланыстарын үзуі Алланың қаһарына ұшыратып, елдің берекесін кетіреді....
Пайым-парасат СӨЗ ТҮЗЕЛСЕ, АДАМ ТҮЗЕЛЕДІ
Сөз түзелсе - жүрек түзеледі. Жүрек түзелсе - иман түзеледі. Иман түзелсе - дінің түзелер. Дінің түзелсе - ақыретің түзеледі...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Шавваль 1447
Миләди
11 сәуір 2026
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 21:26

Бамдатқа дейін 00:29

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026

22 урок: О дополнительных земных поклонах

Ассаламу алейкум, я не автор поста, но мне кажется, что разница в том, что:1. в первом случае, молящ

Ерсайын
7 қаң. 2026

04. Ощущения

Ассаламу алейкум. Да, этот материал требует уже некоторой базы. Медресе старших курсов, или учеба в

Администратор Azankz
22 жел. 2025

Урок 126. Глава 13. 129 хадис

Да конечно, без проблем!

Al Almaty
8 жел. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi