БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТЫ ҚАТЕЛІК
Сырым ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 13:38
Сырым ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Сырым ауданы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:24 05:17 13:38 19:12 21:49 23:37
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
14 Мухаррам 1448
Миләди
30 маусым 2026

Мақалалар

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТЫ ҚАТЕЛІК

| A | +

Бала – ата-ананың аманаты, отбасының қуанышы, қоғамның болашағы. Әрбір ата-ана баласының тәрбиелі, білімді, иманды болып өсуін қалайды. Алайда кейде жақсы ниетпен жасалған әрекеттердің өзі тәрбиеде үлкен қателіктерге алып келуі мүмкін. Бала тәрбиесіндегі ең үлкен қателіктің бірі – балаға жеткілікті көңіл бөлмеу және оны тек материалдық қажеттіліктермен қамтамасыз етуді тәрбие деп түсіну.

Қазіргі заманда көптеген ата-аналар баласына жақсы киім, сапалы тамақ, қымбат ойыншықтар беруді басты міндеті санайды. Бірақ баланың жүрегіне жылу сыйлау, оны тыңдау, бірге уақыт өткізу, дұрыс бағыт көрсету көбіне назардан тыс қалып жатады.

Балаға тәрбие берудегі ата-анада кездесетін қателіктер көп. Олар:

  1. Қорқыту

Баланы айыптау, ұялту, қорқыту ертеңгі күні баланың үнемі өз ісіне ұялып, өзіне деген сенімсіздігіне алып келеді.

  1. Нақтылық пен бір бағытты ұстанбау

Тыйымды күнде өзгерте бермеңіз. Мысалы, анасы тәтті жемеуді ескертіп, ал әкесі дүкеннен қорабымен әкеліп берсе, бала екеуіне де сенімін жоғалтады.

  1. Көңіл-күйдің құрбаны ету

Бала да сезімсіз жан емес. Ештеңе бүлдірмей тыныш жүрген баланы бір күн еркелетіп, ертеңінде себепсіз айқайлау, баланың болашағын қолдан құрту екенін ұмытпаңыз.

  1. Шектен тыс қадағалау

Үнемі бақылауда жүрген баланың өзіне деген сенімділігі болмайды. Тіпті, өз бетімен бір нәрсе істеуге де ынтасы болмайды.

  1. Үнемі артық талап қою

Баланы әрбір әрекеті үшін, үлкен болсын, кіші болсын жазалай берсеңіз, нәтижесінде сізді тыңдамайтын қыңыр болып шығады. Балалар да өз пікірі бар екенін дәлелдеу үшін үлкендермен қарсыласады.

  1. Махаббатқа бөлемеу

Балаға ата-ананың жылы құшағы мен мейірімі ауадай қажет. Балаңызды құшақтап, сүюден қашпаңыз. Тек әсіре сілтеп, қатты еркелетіп жібермеңіз. Бала өзінің ең сүйікті екеніне сеніп өсуі керек.

  1. Ойыншықпен алдарқату

Баланың қажетін қамтамасыз етіп, алдына ойыншық толтырып қойып баланың қиялын шектемеңіз. Ананың махаббатын ешқандай да ойыншық алмастыра алмайды. Жансыз зат емес, жылы мейірім беріңіз.

  1. Дәлелсіз сөйлеу

Балаға тыйым салғанда оның неге болмайтынын түсіндіріп, нақты дәлелдер келтіріңіз. Өзіңіз оны білмесеңіз, бала қолын бір-ақ сілтеп, сізге көрсетпей ісін жалғасытра береді.

9. Толық уақыт бөлмеу

Балалар үшін сізбен бірге ойнау, уақыт өткізу өте маңызды. Бала үнемі бала болып жүрмейді, ертең-ақ өсіп кетеді. Сондықтан үнемі балаңызға уақыт бөліңіз.

  1. Көр нәрсе күту

Бала сіз орындай алмағанды орындап, жете алмаған жетістікке жетуге міндетті емес. Ол да жеке тұлға. Сондықтан балаңыздың жеке пікірін құрметтеу маңызды.

 

Асыл дінімізде бала тәрбиесі жайында не айтқан? Ендеше, бала тәрбиесіндегі Бірінші қағида – имани тәрбие. Яғни бір Аллаға сену, иман негіздерін үйрету, Аллаға серік қоспау секілді дұрыс сенімде болу адамның өмірлік ұстанымын бекемдейді.

Екінші қағида – жақсы үлгі бола білу. Көзін ашып, бұл өмірде алғашқы қадам жасаған сәби үшін ең ұлы тұлға – әкесі, анасы. Бұл өмірде сіз әке, ана атанған болсаңыз біліп қойыңыз, өміріңізде жаңа белеске қадам бастыңыз. Сіз перзентіңіз үшін ең жақын, бейкүнә адамсыз, сіздің әрбір әрекетіңіз, сөзіңіз балаңыздың бақылауында. Бала үшін мың сөзден бір жақсы іс әлдеқайда өтімді.

Үшінші қағида – жауапкершілікке үйрету. Қазақта «он үште отау иесі» деген қанатты сөз бар. Он жастан асқан баланы атам қазақ үлкен топқа қосып, ерте кезден қоғамшыл қылып өсірген. Баланың жастайынан әртүрлі отырыстарға қатысуы, үлкеннің батасын алуы, қалың топтың алдында өз ойын айта алуының тұлға ретінде қалыптасуына әсері мол.

Төртінші қағида – жігітке жеті өнер де аз. Кез келген пайдалы істі игеруге деген талпыныс болу керек. «Жігітке жеті өнер аз» демекші, қазіргі заман мұсылмандары тек діни біліммен шектелмей, заманауи технологияны меңгеріп, жан-жақты білімді болуы тиіс.

Бесінші қағида – отансүйгіштік қасиетті сіңіру. Туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік − әрбір жан үшін аса киелі ұғым, ыстық сезім. Отан дегеніміз – туып-өскен отбасымыз, ата-анамыз, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, кең-байтақ атамекеніміз. Міне, осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу – әрбір мұсылманның діни әрі азаматтық борышы. Отанды сүю – сөзбен ғана жүзеге аспайды, іспен дәлелдеуің керек.

Алтыншы қағида – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Адамның қоғамда өз орнын табуы, көпшілік құрметі мен сеніміне ие болуы, кемел ғұмыр кешуі, орнымен, дәмді, дәйекті сөйлей білуі, тауып айтатын тапқырлығы үлкен рөл атқарады. Өйткені ақылы кемел, кісілігі зор, білімі мол, адам ғана солай сөйлей алады. Ондай дәмді, қисынды, қысқа қайыратын қызықты, айшықты да әділ сөзді халық ұйып тыңдап, тура сөз құдайы сөз деп тоқтаған.

Жетінші қағида – денсаулыққа мән беру, спортпен шұғылдану. Ислам діні қоғамы қуатты да айбынды болуы үшін спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу Һұрайра жеткізген хадис-шәріпте Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы мәселеге байланысты: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмин Аллаға, әлсіз мүминнен жақынырақ және сүйіктірек», – деген. 

Сегізінші қағида – білімге деген махаббатын ояту. Жас баланың ерте кезден әртүрлі үйірмелерге, курстарға қатысқаны құптарлық іс. Дегенмен ең алдымен сол ілімге деген махаббатын оятқан ләзім. Махаббатсыз алынған ілім жаттанды болып, адам жадында ұзақ сақталмайды. Әр баланың өзіне тән қызығушылығы, қабілеті болады. Баланы сіз ұнатқан білімге емес, бала өзі таңдаған білімді алуға ықпал жасап, қолдау білдіру керек.

Тоғызыншы қағида – еңбекке баулу. Дүниедегі һәм ақыреттегі мақсаттарға жетудің бірден бір жолы – адал еңбек ету. Қазақта «Баланы аясаң, аяма» деген сөз бар. Баланың ерте кезден еңбекке араласуы болашақта еңбек жолын дұрыс таңдауға жол ашады. Ертерек қоғамға сіңісіп, үлкен өмірге ерте бейімделуіне мүмкіндік туғызады. Әке-шешесімен бірге жұмысқа ерте араласқан бала ата-анасының қадірін біліп өседі.

Мұхтаров Темірлан

Орбита мешітінің наиб имамы

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
АДАЛ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ Кейіннен мүлікті иелену құқығымен жалға алу (Ijarah) үкімі

Тақырып аясындағы мақалалар

Қоғам АДАЛ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ
Барлық мақтау әлемдердің Раббысы болған Алла Тағалаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), оның отбасы мен сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын!...
Ағымдар мен секталар ЖАТ АҒЫМНАН ЖАТ ЖҮР
Қазіргі жаһандану дәуірінде ақпарат кеңістігінің қарқынды дамуы адамдардың діни танымына тікелей әсер етуде. Интернет желісі арқылы әртүрлі діни көзқарастар мен бағыттар еркін таралып, кей жағдайда діннің шынайы мазмұнын бұрмалап жеткізетін жат ағымдардың ықпалы күшейіп келеді....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат МЕШІТ ІШІНДЕГІ МЕШІТТІ ҚАЗ-ҚАЛПЫНДА ҚАЛДЫРДЫҚ 
Ділмұрат ПІРМҰХАММЕДҰЛЫ, танымал кәсіпкер: Кейде бір адамның бір ауыз сөзі немесе ізгі амалы айналасындағы жандардың өмірін өзгертіп, тағдырына әсер етіп жатады. Сондай жанның бірі Пірмұхаммед қажы еді. Оның салып кеткен мешіті әлі күнге дейін үш буынның жүрегін ізгілікке біріктіріп келеді. Пірмұ...
Пайым-парасат ДІН НЕ ҮШІН КЕРЕК?
Ең жақсы сөз Алла Тағаланың сөзі, адамзаттың абзалы пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жаман нәрсе дінге жаңалық енгізуге тырысу және дінге қарсы болу, тиісу, мазақ ету - ол күнә. Алла Тағала адамзатқа тақуа болуды бұйырды. «Әй, мүминдер! Алладан шынайы қорқынышпен қ...
Пайым-парасат ЕКІ ТҮРЛІ СТАНДАРТ
Алты жасар бала түнде ата-анасымен кино көріп отыр. Ең әуелі, мұның өзі өрескел қателік. Бірақ, айтпағым басқа жайт. Кенет анасы: «Тұр, төсегіңе жат. Бұл үлкендер көретін кино», - дейді. Немесе кино барысында, «көзіңді жұм, қарама, ұят болады» дейді. Көруге болмайды деп өздері емін-еркін тамашалауда...
Пайым-парасат САБЫР МЕН СЕНІМ - РУХАНИ ИММУНИТЕТ
Адам баласы өмірінде түрлі ситуацияларға, жағымды не жағымсыз жайттарға тап боп жатады. Алайда ол сынақтармен дұрыс қарым-қатынас орнату үшін оның бойындағы сабыр мен сенім көрсеткішіне жіті мән берген жөн. Өйткені бұл екеуі – адамға кезігетін рухани дерттердің, өмірлік жантүршігерлік жайттардың алд...
Пайым-парасат ҚОРШАҒАН ОРТА - ҚОРҒАНЫҢ
Адам мен табиғат — ажырамас егіз ұғым. Табиғат — тіршіліктің қайнар көзі, ал қоршаған орта — адамзаттың өмір сүру ортасы, демі мен тынысы. Сол себепті табиғатты қорғау, оны аялау — әр адамның адамдық борышы....
Пайым-парасат БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНЫҢ СЫРЫ
Жалғыздық тек Аллаға ғана жарасқан. Ұлы Жаратушы жалғыз болуды дара Өзіне тән етіп, жаратылыс атаулысын жұп-жұбымен тіршілік етуге мұқаж етіп жаратты. Сондай-ақ, бұл мұқтаждықты жаратылған махлуқат атаулысы бастан кешіріп табиғатындағы әлсіздікті екінші жартысын тауып толықтыруға зәру....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
14 Мухаррам 1448
Миләди
30 маусым 2026
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 13:38

Екінтіге дейін 04:05

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026

22 урок: О дополнительных земных поклонах

Ассаламу алейкум, я не автор поста, но мне кажется, что разница в том, что:1. в первом случае, молящ

Ерсайын
7 қаң. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi