АНАМНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

АНАМНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ

| A | +

Қамшының сабындай болған мына жалған өмірде анаңнан асқан қамқор, әрбір ісіңе тілеулес боп отыратын нағыз жанашыр адам жоқ екен. Ананың аялы алақанынан асқан жұмсақ нәрсе жоқ. Мұны уақыт өткен сайын сезініп келемін...

Анам Алланың қалауымен өмірге 11 перзент әкелген жан еді. Әр намазында балаларының бәрінің атын атап, ұзақ дұға жасайтын. Қазір біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп, өсіп-өніп келе жатқанымыз сол анамыздың дұғасы екені сөзсіз. Өйткені ата-ананың баласына жасаған дұғасы кері қайтарылмайды.

Адам баласы осы өмірде қандай жетістікке жетсе немесе түрлі сынақтардан, қауіп-қатерден аман болса, мұндай нығметке ата-анасының разылығы, яғни дұғасы арқылы ие болғанын түсінуі тиіс. Жақсылыққа қол жеткізуді қалаған адам ата-анасын үнемі қуанышқа бөлеп, алғысын алуға тырысатыны сондықтан. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ата-ананың баласына жасаған дұғасы кері қайтарылмайды», – деген. Ғалымдарымыз бұл нәрсе қарғысқа да қатысты екенін айтқан. Алла бізді мұндай қорлықтан сақтасын!

Анам өте қонақжай болатын. Үйден кісі үзілмейтін. Анамның тандырға пісірген тәтті нанын ауыл адамдары әлі күнге дейін тамсана айтып жүреді. Үйге кісі келсе құрдай жорғалап, дастарқан қамына кірісіп, қонақтардың бабын жасауға асығып тұратын. «Мың сіз-бізден бір шыж-быж артық» деп қазан көтеріп, ас әзірлеуге кірісетін. Мұндайда халқымыз «От жағылмаған үй – қора, кісі келмеген үй – мола» деп бекер айтпаса керек.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қонақ күтпейтін жанда қайыр жоқ», – деген хадисі әрбір жанға өмірлік өнеге болуы керек деп санаймыз. Расында қазір адамдар қонаққа келгенде үй иелерінің тамағына емес, қабағына қарайтыны белгілі. Осы сәтте аналарымыздың ашық жарқын жүзбен қонақты құшақ жая қарсы алуы қандай жарасымды. Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде кім Аллаға, ақырет күніне иман келтірген болса, қонағын құрметтесін, жақсылап күтсін», – деген өсиеті анамыздың жадында сақталып қалса керек, қонақ келсе оны танымай қалатынбыз. Қазір ойлап отырсам, бұл діннен бастау алған қанымызға сіңген қасиет, дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз екен.

Анам дін жолында, діни қызметте жүрген азаматтарды өте қатты сыйлайтын, қадірлейтін. Үйге имамдардың бірі келсе, барын алдына қоятын. Расында асыл дінімізде халықты имандылыққа үндеп жүрген дін қызметкерлердің орны ерекше. Оларға құрмет көрсетудің де сауабы мол. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Ілім үйреніңдер, ілімге қажетті байыптылық пен байсалдылықты да қоса үйреніңдер. Сендерге ілім үйреткен кісіні құрметтеңдер, сыйлаңдар», – деген. Ілім, дін жолындағы адамды ардақтаған кісі тек жақсылыққа кенеледі. Расында, ұстазға құрмет – игі іс. Біз анамыздан осындай игі істі, тектілікті үйрендік.

Қонақ дегеннен шығады, шынында көпшілікпен ішкен аста береке болады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екі адамға жеткен ас үш адамға жетеді. Үш адамға жеткен ас төрт адамға жетеді», – деп көпшілікпен жеген астың берекелі болатынын меңзеген. Ата-анамыз бізді жалғыз тамақ ішпеуді, керісінше ортақ табақтан тамақ жеуді үйретті. Сол кісілердің бізге берген тәрбиесінің арқасында алдымызға келген нығметті өзгелермен бөлісуді үйрендік. Жоғарыда анам марқұм 11 құрсақ көтергенін айттым. Бала кезде бәріміз бір табақтан таласып тамақ жейтінбіз. Осы тәрбие біздің бір-бірімізге деген бауырмалдық сезімді оятып, жанашыр болуға баулыды. Қазір бұл қасиет өмірлік дағдымызға айналды. Аллаға шүкір деймін.

Өздеріңізге белгілі, қазір қоғамда ене мен келін арасындағы қарым-қатынас жайлы жиі айтылады. Жас келінді өмірге баулу көп жағдайда енеге байланысты екені анық. Менің таңғалатыным, ауылда кейбір ата-аналар келіндерімен сөзге келіп, ұрыс-керіс болып жатқанда біздің анамыз ешбір келініне дауыс көтеріп сөйлемейтін. Керісінше, келіндер биязы, ұстамды, ибалы болуды анамыздан үйренді. Ол кісінің тәрбиесін көрген жастар әлі күнге дейін оның ұлағатты істерін айтып жүреді. Бала тәрбиесінде «айтпа – үйрет, үндеме – көрсет» деген тәсіл бар. Анамыз келіндеріне көрсетіп, үйретіп кетті.

Анам бізге үнемі әкемізді қадірлеуді, оған құрмет көрсетуді, оның шешіміне тоқтауды үйретті. «Бұған әкең не дейді екен? Әкең қандай шешім қабылдайды, сол болады» деген сөзді бала кезден құлағымызға құйып өсірді. Аллаға шүкір, қазір соның жемісін көріп келе жатырмыз. Алла Тағала «Ниса» сүресінің 34-аятында: «Жақсы әйелдер Аллаға мойынсұнады және күйеуінің ақысын орындайды. Күйеуі жоқ кезде оның намысын және мал-мүлкін Алланың көмегімен қорғайды», – деп баяндаған. Менің өмірден түйгенім: күйеуіне мойынсұнған, оны қадірлеген әйел бақытқа бөленеді. Бұл ретте күйеуі де, әйеліне жақсы қарым-қатынас жасап, көркем мәміледе болуы тиіс. Хадистердің бірінде «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында, Алланың қаһары – ата-ананың ашуында» деп ескертілген. Иә, жақсылық жасауға ең бірінші лайық жан – ата-анамыз. Өйткені бұл игі ісіміз бізді жәннатқа жетелейді. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл жайында: «Кімде кім күнін Алла ризалығы үшін ата-анасына бойұсынған күйде бастаса, оған екі бірдей жәннаттың есігі ашылады. Егер біреуі тірі болса, бір есігі ашылады», – деп сүйіншілеген. Сондықтан біз қысқа ғұмырымызда ата-анамыздың дұғасы мен алғысын алуға тырысуымыз қажет. «Үш дұға міндетті түрде қабыл болады, оған еш күмән жоқ: зұлымдыққа ұшырағанның дұғасы, жолаушының дұғасы, ата-ананың баласына дұғасы» деген хадисті өміріміздің басты ұстанымына айналдырғанымыз абзал. Ата-анамыздың разылығын алып, Алланың разылығына бөленейік!
 

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

«Иман» журналы, №8, 2023 жыл 

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
СӨЗ ТҮЗЕЛСЕ, АДАМ ТҮЗЕЛЕДІ НҰРШЫЛАР

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат ТӘКӘППАРЛЫҚ - ТЕРЕҢ ҚҰЗ
Тәкәппарлық – адамның өзіне, өзгелерге және өмірге деген қате көзқарастардың бір көрінісі. Бұл мінез-құлық адамның рухани және моральдық дамуына кедергі жасайтын терең құзға айналады. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны білдіре...
Әдеп (этика) КЕЛІННІҢ СӘЛЕМ САЛУЫ
Қазақ халқының рухани мәдениеті мен тұрмысында келіннің сәлем салуы ерекше орын алады. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақы тәрбиенің ажырамас бөлігіне айналған. Келіннің сәлем салуы тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар үлкенге ізет пен кішіпейілділіктің белгісі саналады. Бірақ бұл дә...
Ихсан ілімі ИМАН МЕН ИХСАН МӘСЕЛЕСІ
Дінге сенуші адамдардың арасында көптеген сұрақтар қойылады. Солардың ішінде «дін дегеніміз не?», «ихсан деген не?» «ислам деген не?». Әрине бұл сұрақтарға жауап беру үшін мақалалар, тіпті кітаптар жазылады....
Қоғам ҮШ ДЕРТ: КӨП СӨЙЛЕУ, ТАМАҚТАНУ МЕН КӨП ҰЙҚЫ
Ұлы Жаратушы, кемшіліктерден пәк Алла Тағала адам баласына аманат ретінде оның жаны мен тәнін бергеннен кейін, адам баласына жан мен тәнді тәрбиелеу мен ауру-сырқаудан емдеу жолдарын әділетті Пайғамбарлары арқылы көрсетіп берген. Адам баласының өмірі сынақ ретінде берілгендіктен, сынақтан өтудің жол...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан ілімі адамды немесе адам рухын кемелдендіретін хал ілімі ретінде сипатталады және ол Құран мен сүннеттегі қағидалардың толық орындалуымен түсіндіріледі. Ихсан ілімі қателік пен күнә жасауға себеп болатын адам бойындағы материалдық әрі рухани қуат көздерін тізгіндеп, оның орнына сауап пен ізгіл...
Пайым-парасат ҚҰРАН АЯТАРЫНДАҒЫ "ЖҮРЕК" ҰҒЫМЫ
Жүрек - ақыл, таным, білім, ниет, сенім, даналық және құрбандық тәрізді адам үшін өте маңызды мәселелердің жиынтығы. Егер жүрек тірі болса, бұл сезімдер де тірі болып саналады. Егер ол қандай да бір себеппен тоқтаса не күйзелсе, онда бұл өмірдің саған қойған белгісіз жоспарының сәтсіз жері  немесе қ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мәнһәж ЖЕРЛЕУ РӘСІМДЕРІ
Мұсылманшылықта мәйітті жерлеудің шариғи үкімі ижмағ бойынша - парыз кифая. Алайда мәйіт көмілмей қалса, сол аймақтың адамдары жауапты болады. Мәйіттің ер немесе әйел кісі, нәресте немесе жасы үлкен кісі шаһид немесе шаһид болмауы үкімді өзгертпейді. Бәрі де жерленуі тиіс....
Мәнһәж ҚАБІР БАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ - ЫСЫРАП
Қабір – Алла алдындағы өз міндетін орындаған, өзгелерге ізгілік еткен кісілерге тынығып, рахат көретін жәннат бақшаларының бірі. Ал өз міндетін орындамаған пенделер үшін азап тартатын жәһаннам шұңқыры болмақ....
Мәнһәж САБЫР МЕН ШҮКІР ИМАННЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ
Жалпы сабырлық жөнінде мақала жазбастан бұрын осы сөздің негізі мағынасына тоқталып өткеніміз жөн.
Мәнһәж «ТОЛЫҚ АДАМ» ҚАНДАЙ АДАМ?
Аса Рақымды ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Мәнһәж АЛЛАНЫ ТАНУ (ИХСАН)
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас нәрсе ешқашанда жалған болмас» Абай
Мәнһәж СҮННЕТКЕ АМАЛ ЕТУ
Қазақ атам мұсылманшылыққа мойынсұнған күннен бастап, сүннетті салтым деп білген. Салт-дәстүрімізге сүннеттің сіңгенінің арқасында атеистік саясат замандарында да біз асыл дінімізден айырылмадық....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 01:28

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi