САБЫР МЕН ШҮКІР ИМАННЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

САБЫР МЕН ШҮКІР ИМАННЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ

| A | +

Жалпы сабырлық жөнінде мақала жазбастан бұрын осы сөздің негізі мағынасына тоқталып өткеніміз жөн.

Сонымен сабырлық дегеніміз ол өзін харам нәрселерден тыйып, оқшаулау және Алланың әмірлерін орындауға бекіну ,осы арқылы ол шағымдану  сияқты сипаттардан тыйылып, Алланың берген тағдырына риза болу болып табылады. Жалпы сабырлық жөнінде орын алған жағдайларға байланысты ашуға болады .

Сабырлық бұл ұлы құлшылық. Құран кітабында бірнеше аяттармен нақты дәлелдер келтірілген.

Мысалы мына аятта Юсуф сүресі 90 аятта:  «Егер ол тақуалыққа бет бұрса және сабыр етсе алла тағала жақсы амалдардың сауабын жоймайды», - делінген. Бұрынғы заманнан адамзат баласы сабырлықты қуанышпен байланыстырып келген. Өйткені сабырлық арқылы адам баласы өзінің өмір тағдырына Алла берген риза болып, ешқандай қайғырмай қайта керісінше Алладан болатын жақсылықты сабырлықпен күткен. Сөйтіп ол дүниедегі және ақыреттегі жеңіске сабырлықтың шыңымен жетіп отырған.

Сабырлықтың түрлері

Сабырлықтың негізі түрлері өте көп. Солардың ішінде сабырлықтың ең ұлысы деп айтуға болатыны - ол Алланың әмірлерін орындау үшін болатын сабырлық. Сондай-ақ сабырлықтың арасында ораза айында аштықпен шөлдегенде болатын сабырлық. Түнде тұрып дәрет алып, құлшылық жасауға сабырлық. Жалпы құлшылыққа байланысты сабырлықты кең тарқатып айтуға да болады. Адамзат баласы осы сабырлық арқылы сауабын бір Алладан үміттеніп шексіз ризашылыққа бөленеді. Алла Тағала Құран кітабында Бақара сүресі 153 аятта: «Ей иман келтіргендер! сабырлықпен және құлшылықпен жәрдем сұраңдар, әлбетте Алла Тағала сабырлы болғандармен бірге» –делінген.

Сабырлықтың тағы бір маңызды 2 түрі: ол күнәлі  істерді орындамауға сабыр ету. Сабырлықтың осы түрі арқылы адам баласы өзін нәпсісімен күресу арқылы адамзаттың дұшпаны болған шайтанның арбауына түспейді. Осылайша ол қиыншылыққа сабыр етіп, бүлінушіліктен қорғалады. Бұл әрекеті әрине Алланың разылығы үшін орындалады. Бұл жөнінде мысалдар өте көп. Юсуф пайғамбардың зинақорлықтан сақтануы, арақ ішімдіктерінен алыста болуы, тағы басқа мысалдар өте көп екенін білеміз. Міне осы жағдайлар адам баласына Алладан қорқу сипаттарын ұялату арқылы қорлықтан өзін сақтайды.

Сабырлықтың келесі 3 түрі - ол бақытсыз тағдырға сабыр ету. Адамзат баласы өзінің өмірінде неше түрлі қайғыларға ренішке кенеледі. Кейде адам Алланың берген тағдырына сабырлық танытпай іс-әрекеттерге, болымсыз сөздерге жол береді. Құран кітапта Алла адамзат баласын әртүрлі жағдайлармен сынайтыны баяндалады. Бақара сүресінде 155 аятта: «Мен сендерді қорқынышпен, аштықпен, дүние мүліктеріңмен, нәпсілеріңмен, еккен егіндеріңмен сынаймын.  Бірақ та сабыр еткендер үшін қуанышты сый бар», - деп аяқтайды. Осы мысалдар арқылы адам баласы өмірінде кедейлікке душар болуы, аш болуы, ауруға шалдығу, жақсы көретін адамымен қоштасуы т.б мысалдар өте көп. Егер осы сәттерде адам баласы сабыр етіп, Алладан үмітін үзбей жақсылық болатынына сенсе, оған шексіз Алладан жақсылықтар болады. Әрине сабырлық оңай емес, айтуға оңай болғанмен іс түскенде сабыр ету ыждаһаттылықты талап етеді. Кейбір адамдар сабыр етпей тағдырға наразы болып, Аллаға қарсы әрекеттер жасап кетеді. Сондықтан да адам баласы қандай жағдай болмасын сабыр етіп, Алладан үмітін үзбей, түбінде жақсылық болатынына сену керек.

Сабырлықтың сауабы

Сабыр етуші адамға Алладан ерекше сауабы болады. Өйткені ол Алланың берген сынағы деп қабылдады. Сол үшін де Алла оған разы болады. Алланың алдында хақысы болады және Алла сабыр етушіні ерекше жақсы көреді. Ақыретте ізгі қошеметке ие болып, жаннатта орны болады. Сабыр еткендер басқаларға үлгі болады. Пайғамбарлар сабырлықтың шыңын көрсетіп адамзат баласына үлгі болды. Сабыр етушілер жөнінде Алла Құранда бірнеше аяттарда баяндауының өзі құрметтің ерекшілігін көрсетеді.

Әрине сабырлық жөнінде бірнеше кітаптар жазылса да артық етпейді, бірақ та мақаламыздың қорытындысында өмірдің қас қағым сәт екенін білеміз, сондықтан да өмірімізде болып жатқан сынақтарға төтеп беріп, Алланың разылығына бөленейік. Жақында бауырлас Түркия және Сирия елдеріндегі жағдай адамзат баласына үлкен ғибрат берді. Қаншама адамдар жақындарынан, дүние-мүліктерінен айырылды. Бірақ та үміт үзілген жоқ, көшеде шашын жайып, айқайлап жатқандар жоқ, керісінше сабырлықтың жоғары үлгісін көрсетті. Алланың берген тағдырларына сабырлық танытты.

Алла Тағала баршамызға амандық берсін отбасымызды елімізді түрлі сынақтардан сақтасын.

Жүректерімізге имандылық мінездерімізге көркемділік нәсіп етсін! Әумин!

Алматы қаласы

Әл-Хамид мешітінің бас имамы

Асылхан қажы Өмірзақұлы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҚҰРАНДАҒЫ НӘПСІ ТҮРЛЕРІ АЛЛАНЫҢ РАЗЫЛЫҒЫН ҚАЛАЙ ТАБАМЫЗ?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мәнһәж «ТОЛЫҚ АДАМ» ҚАНДАЙ АДАМ?
Аса Рақымды ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Мәнһәж АЛЛАНЫ ТАНУ (ИХСАН)
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас нәрсе ешқашанда жалған болмас» Абай
Мәнһәж СҮННЕТКЕ АМАЛ ЕТУ
Қазақ атам мұсылманшылыққа мойынсұнған күннен бастап, сүннетті салтым деп білген. Салт-дәстүрімізге сүннеттің сіңгенінің арқасында атеистік саясат замандарында да біз асыл дінімізден айырылмадық....
Мәнһәж СҮННЕТКЕ САЙ АМАЛ ЕТУ
Қазақ атам мұсылманшылыққа мойынсұнған күннен бастап, сүннетті салтым деп білген. Салт-дәстүрімізге сүннеттің сіңгенінің арқасында атеистік саясат замандарында да біз асыл дінімізден айырылмадық....
Мәнһәж МЕШІТ – ИМАНДЫЛЫҚ ҰЯСЫ
Аса рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Мәнһәж ҚАБІР ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ҚАБІР ЗИЯРАТЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ
Қасиетті Құранда айтылғандай Алла Тағала адам баласын тіршілік иелерінің ең ардақтысы етіп жаратқан. Сондықтан тірі адам қандай құрметті болса, қайтқан кісілер де сондай қадірлі. Сол себепті адам тәні көмілген зираттарды құрметтеу, таза ұстау, қорғау, бүлінген жерін түзету секілді бірқатар әдептерді...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 01:22

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi