ҚАСИЕТТІ ҚОС МЕШІТ ИМАМЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ҚАСИЕТТІ ҚОС МЕШІТ ИМАМЫ

| A | +

Діндар мен су сатушы Құдай қосқан көрші боп қатар қоныс тепкен екен. Сушының тері месін көршінің баласы бізбен тесіп тастайтын көрінеді. Алғашында бала ғой деп үндемеген болатын. Алайда, месін қырық тесік етіп жіберген соң амалы таусылған сушы: "Көрші, месімді балаң бірнеше рет тесіп тастады. Айыпқа бұйырма, бір шарасын қарастыр", - дейді.

Діндар шығынын өтеп, баламен сөйлесемін деп кешірім сұрайды. Кешкісін болған жайтты әйеліне айтып: "Баланың мұндай ерсі қылығы сен екеуімізден", - дейді. Сонда әйелі: "Жүкті кезімде көршінің әйелімен бірер уақыт әңгімелесіп отырған едім. Сонда дастарқандағы қып-қызыл анарға көзім түсіп, жемісті жегім кеп құмарттым. Бірақ, көрші әйелден сұрауға ұялдым. Ол бөлмеден шығып кеткенде анарды тесіп, шырынын сорған болатынмын", - дейді. Мұны естіген діндар баланың теріс әдетінің себебі осы екенін түсінеді.

Бұл хикая әйелдің жүктілік кездегі жағдайы балаға тікелей әсер ететіні хақында. Демек, жүкті әйелдің көңілі қалаған жеміс-жидекті жегені дұрыс. Әйелдің қалауы баланың физиологиялық дамуына қажетті дәрумен керектігінен туындайды. Сонымен қатар, баланың да жүріс-тұрысына белгілі дәрежеде әсерін білдіруде.

Ал енді, имам Жуайни (419һ/1028ж) оқиғасы осының дәл өзі. Имам Жуайни білімді әрі діндар әулеттен шыққан. Әкесі имам Әбу Мұхаммед Абдулла бин Юсуф Жуайни. Нисабурдағы үлкен ғалымдардың бірі болды. Фиқһ саласында айтулы жетістіктерге жеткен. Ғалымның қаламынан бірқатар құнды еңбектер туындаған. Шафиғидің «Рисала» кітабына түсіндірме еңбек жазған. Біліміне қоса ерекше тақуа еді. Ал, немере ағасы Әбу Хасан Әли бин Юсуф Жуайни «Хижаз шейхы» атымен танымал. Ол хадис пен тасаууф ілімін зерттеуші ғалым еді. Тасаууф саласында «Китаб Салуа» атты еңбек қалдырған. Һижраның 463 жылы Нисабурда дүниеден озды. Әкесі – фиқһ, ал немере ағасы – хадис пен тасаууф ғалымы.

Имам Жуайнидің әулетін суреттей келе Ибн Асакир: «Ол имамдық құшағында тәрбие көрді. Бесігін бақыт қолы тербетті. Ер жетіп есейгенше білім мен тақуалық омырауынан нәр алып өсті», - деп суреттеген. Имам Жуайнидің аты-жөні – Абдулмалик бин Абдулла бин Юсуф. Һижраның 419 жылы Жуайн шаһарында туған. Ғалымның әкесі үлкен шейх. Кітап көшіріп жазуды кәсіп етеді. Кәсібімен біршама қаражат жинайды. Шаңырақ көтерер шақта жақсы әулеттің қызына құда түседі. Ғалым әйеліне тек адал табысынан ғана азық-түлік әкелетін. Уақыт өте келе келіншегі құрсақ көтеріп, шекесі торсықтай ұл туады. Туған нәресте болашақ «имам харамайн», яғни қос қасиетті қаланың имамы еді. Абдулла жұбайына баланы ешбір әйел емізбеуін шегелеп тапсырады. Күндердің күні жұбайы ауырып қалады. Сол күні көрші әйелдің бірі жағдай сұрап үйге бас сұғады. Жөргектегі нәрестенің шырылдаған дауысына шыдай алмай баланың аузына омырауын тосады. Түзден келген әкесі Абдулла мұны көрген бойда нәрестені етпетінен жатқызып, емген сүтін құстырады. Міне, осындай дәрежеде баласының адал аспен қоректенуін жіті қадағалаумен өсіреді.

Жылдар өтіп Абдулмалик бин Абдулла ер жетеді. Бала күнінен әуелі әкесінен, соңыра маңайдағы ғалымдардан білім алады. Ол атыраптағы үлкен ғалымдардың біріне айналады. Қос қасиетті қала имамы Жуайни ғылыми пікір-талас кезінде кейде біршама сәт кідіріп қалатын кездері болады екен. Мұның себебін ғұлама: «Бұл сол емген сүттің қалдықтары», - дейтін көрінеді. Баланың адал ас ішуі оның барлық асыл қасиетінің ашылуына септігі тиеді. Имам Ағзамның әкесінің оқиғасы есіңізде болар. Сұраусыз жеген бір алманың өтеуі ретінде үш жыл бел бүкпей қызмет етеді. Адал табысты ұстаным еткен Сәбиттен заманының заңғар ғалымы туады. Аталмыш хикаяның да айтпағы салихалы ұрпақты тәрбиелеудегі басты талаптардың бірі астың адалдығы.

Имам Жуайнидің шығармасы шариғаттың барлық дерлік саласын қамтиды. Ғалымның еңбектерінің көлемін, яғни парақтарын өмір сүрген күндеріне бөлген екен. Сонда, ғұлама ғұмыр сүрген күнінен жазған еңбектерінің парағы әлде қайда көп боп шыққан деседі. Имам Жуайни елу жеті жасында дүние салады. Елу жеті жыл, һижра бойынша 20 235 күнді құрайды. Демек, қос қасиетті қала имамы қаламынан жиырма мың беттен артық ғылыми еңбек туындаған.

Оның ең алғашқы ұстазы әкесі еді. Әкесі тәпсір, хадис, фиқһ, фиқһ негіздері және әдебиет салаларын оқытты. Сонымен бірге, өз қаламынан туған барлық шығармаларынан дәріс берді. Нәтижеде имам Жуайни әкесінің еңбектерін жіті зерттеп, қажетті мәселелерді толықтырып дамытты. Имам Жуайни жиырма жасқа жетпей әкесі көз жұмды. Мұнан соң әкесінің ұстаздық қызметін жалғастырды.

Ойды түйіндей келе, бүгінде Абайды зерттеушілер оның феноменінің сырын ашты ма деген сұрақ қойғым келеді. Семейде жатып Сократпен тілдескен Абай даналығының бастауы қайда жатыр деген сауал талайды толғандырды. Қазақ топырағынан шықпай-ақ әлемдік ойшыл, хәкім болуының сыры неде? Ахат Шәкәрімұлы «Құнанбай» туралы естелігінде: "1804 жылы Құнанбай дүниеге келеді. Ол туғанда өте ірі, толық, зор болады. Бұл туарда анасы түс көреді. Ол түсінде ері Өскенбай алтын сақаны үйіріп отырғанын көреді. Анасы ол алтын сақа – Құнанбай деп жориды. Оны бір күн дәретсіз емізбейді. Зеренің өзі бертінде айтыпты: «Мен Құнашты бір күн дәретсіз емізіп көргем жоқ және омырауымды тазалап жумай, бісмілла айтпай емізген мезгілім болған жоқ", - дейді. Құнанбайдың денесі өте сымбатты, толық, бойы зор, жүзі нұрлы, бота көз, маңдайлы қыр мұрын, сұлу болған. Балғын зор денесі балуандыққа өткір көзі ерлікке, басы ақылдылыққа сәйкестене біткен. Әкесі молдадан оқытып, Құнанбай шала хат танып қалса да әкесі Өскенбайға келген хаттарды біріне-бірін салыстырып, өз талабымен хатты толық танып, түрікше жазылған кітаптарды еркін оқи алатын болған", - деп жазады. Демек, Абайдың даналығы әкесі Құнанбайдың тазалығынан бастау алады. Абай – әке тәрбиесінің жемісі. Ал, ол алып ағаш – Құнанбай. Оның арғы жағы Өскенбай.

 

 

Авторы Руслан Қамбар

Дінтанушы, Қалқаман-2 мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
"ЙАКЫН ИНКАР" ЭКТРЕМИСТІК ҰЙЫМЫ ҒАЛАМТОРДАҒЫ ШЕТ ЕЛДІК ДЕСТРУКТИВТІ УАҒЫЗШЫЛАР ЕЛДІ НЕ НӘРСЕГЕ ШАҚЫРУДА?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам тарихы ПАЙҒАМБАР МЕШІТІНІҢ КҮМБЕЗІН КІМ ОРНАТТЫ?
Сіз Мәдинадағы Пайғамбар мешітінің күмбезін кім орнатқанын білесіз бе?
Ислам тарихы ИСЛАМ - БЕЙБІТШІЛІК ӘРІ АМАНДЫҚ
Исламда татулық пен ынтымақ тақуалықтың сыңары. Бұл қасиеттер бір-бірінен еш ажырамайды. Құран Кәрімде: «Алладан қорқыңдар әрі өз араларыңды дұрыстаңдар», - деп әмір етілген («Әнфал» сүресі, 1-аят)....
Ислам тарихы МИҒРАЖ ОҚИҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒИБРАТЫ
Исра және Миғраж түні ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккедегі әл-Харам мешітінен Құдыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне исра (яғни түнгі сапар) жасады. Одан миғражға, яғни жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесіп, үнемі құлшы...
Ислам тарихы КӨКТЕ ПАРЫЗ БОЛҒАН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Аса қамқор ерекше мейірімді Алла Тағаланың бастаймын. Алла Тағалаға мадақ, мақтаулар болсын. Адамзат баласына Алланың хақ жолын көрсеткен сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын....
Ислам тарихы ПАЙҒАМБАР ДЕГЕН МЕШІТТІ ҚИРАТТЫ немесе ДИРАР МЕШІТІ
Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны, дәлірек айтқанда исламның насихатталуы шартты түрде екі кезең: Мекке және Мәдина кезеңі деп қарастырылады. Хижрет, яғни пайғамбар бастаған ұлы көш Мәдина қаласында жаңа қоғам іргетасын қалады....
Ислам тарихы ИСЛАМ ТАРИХЫНДАҒЫ «БІРЛІК ЖЫЛЫ»
Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмырында мұсылмандар ауызбіршілігі жайлы көптеген ғажайып оқиғалар кездеседі. Алла елшісі әр кез мұсылмандардың бірлігі мен ынтымағына жіті көңіл бөлген. Алауыздық тудыратын, адамдардың қарым-қатынасына сызат түсіретін әрбі...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi