РАМАЗАН ШУАҒЫ
Тайынша
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:56

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
06:19 08:01 12:13 14:25 16:14 17:56
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Мақалалар

РАМАЗАН ШУАҒЫ

| A | +

Көгілдір күмбезді көк аспан әлемінде жаңа ай туып жер бетіне шуағын шаша бастады. Бұл айдың тууын мүміндер аңсап, асыға күтуде еді. Дәл осы ай туғанда он төрт ғасыр бұрын Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарды былайша сүйіншілеген:  «Ей, адамдар, ұлы және қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көлеңкесі түсті. Бұл айда мың айдан да қайырлы Қадір түні бар. Алла сол қасиетті айдың күндізінде оразаны парыз қылды, түндерінде нәпіл намазын заңды қылды. Бұл айда үлкенді кішілі жақсылық жасаған адам басқа айларда бір парызды орындағандай сауап алады. Бұл айда бір парызды орындау — басқа айлардағы жетпіс парыз болып есептеледі. Бұл  ай – Алла үшін аштық пен шөлдің, құлшылық пен тағаттың машақаттарына сабыр мен төзімділіктің айы. Сабырдың қайтарымы – жұмақ. Бұл ай – жәрдемдесу айы. Бұл ай – мүміндердің ризығын арттыратын ай. Бұл айда кім ораза тұтқан мүмінге аузын ашатын бір нәрсе беретін болса, жасаған бұл  ісі күнәларының кешірілуіне және тозақтан құтылауына себеп болады. Ораза тұтқан адамның сауабы азаймастан соның алатындай сауабына ие болады». Иа, бұл – әрине, барша мұсылманды сағындырып жеткен қасиетті Рамазан айы!

Күні бойы аузын астан, шөлден тыйған адам ауызашар сәтте жүрегі дүрсілдеп,  көңілі қуанышқа кенеледі. Дәл осы сияқты он бір ай бойы біздің рухымыз да шөлдеп, ашығып, рамазан айының келуін асыға күтеді. Рамазан айы жақындаған сәтте көңілі қобалжып, бейне-бір зарығып күткен қонағы есігін қағып тұрғандай күй кешеді. Иә, бұл иманның ләззатын сезген құлдың бойында болатын сезім. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұндай адамдар жөнінде : «Кімде-кім Рамазан айының келуіне қауанатын болса, Алла Тағала оның денесін тозақ отына харам қылды», — деген. Алланың сүйікті Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мен оның саңлақ сахабалары да рамазан айына аман есен жеткізуін сұрап Раббысына жалбарынатын еді.

Рамазан айының әрбір сәті төгілген інжу-маржан секілді. Оны жинаған да, жинамаған да өкінеді. Жинамағандар «неге жинамадым», — деп өкініштен өртенетін болса, жинағандар «неге көбірек жинамадым», — деп өкінеді. Себебі, тастың алтынға айналғаны секілді бұл айда жасалған әрбір жақсы амалдың сауабы еселеніп беріледі. Алла Елшісі: Тіпті, Раббымыз «оразаның сыйлығын пенделеріне Өзім берем» деп ескерткен. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Алла Тағаланың көздерің көрмеген, құлақтарың естімеген және ешкімнің ойына да келмеген нығмет толған дастарханына тек ораза ұстағандар отырады.», (Табарани)  — делінген.

Таң сәріден жақсылыққа ұмтылған, намаз бен Құраннан ләззат алып, мұқтаж жандарға қол ұшын беру, ораза ұстағандарға ауыз аштыру сияқты ізгі амалдардан інжу-маржан терген шынайы мүміндер  туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Рамазан береке айы. Алла Тағала бұл айда күнәларды кешіреді, дұғаларды қабыл етеді. Бұл айдың құнын біліңдер! Тек жаһаннамға баратын адам бұл айда рахметтен мақұрым қалады» (Табарани), — деген.

Әсіресе, мың айдан қайырлы болған Қадір түні жасырынған соңғы он күндігінің түндерінде Раббымыздан дұға сұрап, таң атқанша құлшылық етудің маңызы зор. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер кімде-кім иман келтіріп, сауабын Алла Тағаладан тілеп, Қадір түнін таң атқанша көз ілмей ғибадатпен өткізсе, онда мың ай Алла Тағалаға ғибадат жасағандай болады және жасаған күнәлары кешіріледі», — деген. Періштелер жер әлеміне түсіп, Алла Тағала құлдарының дұғаларын қабыл етеді.

Бізді жоқтан бар еткен, жүрегімізге иман нұрын құйып, хақ жолына салған Алла Тағалаға сансыз мақтау мен мадақтар болсын. Осындай нығметтерге толған айдың әрбір сәтінен мол несібе алып, Мейірім мен Рақым Иесі барша дұға тілектерімізді, құлшылықтармызды қабыл еткей!

АЙНҰР ШӘЙМЕРДЕНҚЫЗЫ

“Әл-Мәдина” мешітінің ұстазы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
РАМАЗАН - РУХАНИ ТАЗАРУ АЙЫ СӘРЕСІН ІШУГЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР

Тақырып аясындағы мақалалар

Ихсан ілімі ИМАН МЕН ИХСАН МӘСЕЛЕСІ
Дінге сенуші адамдардың арасында көптеген сұрақтар қойылады. Солардың ішінде «дін дегеніміз не?», «ихсан деген не?» «ислам деген не?». Әрине бұл сұрақтарға жауап беру үшін мақалалар, тіпті кітаптар жазылады....
Қоғам ҮШ ДЕРТ: КӨП СӨЙЛЕУ, ТАМАҚТАНУ МЕН КӨП ҰЙҚЫ
Ұлы Жаратушы, кемшіліктерден пәк Алла Тағала адам баласына аманат ретінде оның жаны мен тәнін бергеннен кейін, адам баласына жан мен тәнді тәрбиелеу мен ауру-сырқаудан емдеу жолдарын әділетті Пайғамбарлары арқылы көрсетіп берген. Адам баласының өмірі сынақ ретінде берілгендіктен, сынақтан өтудің жол...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан ілімі адамды немесе адам рухын кемелдендіретін хал ілімі ретінде сипатталады және ол Құран мен сүннеттегі қағидалардың толық орындалуымен түсіндіріледі. Ихсан ілімі қателік пен күнә жасауға себеп болатын адам бойындағы материалдық әрі рухани қуат көздерін тізгіндеп, оның орнына сауап пен ізгіл...
Пайым-парасат ҚҰРАН АЯТАРЫНДАҒЫ "ЖҮРЕК" ҰҒЫМЫ
Жүрек - ақыл, таным, білім, ниет, сенім, даналық және құрбандық тәрізді адам үшін өте маңызды мәселелердің жиынтығы. Егер жүрек тірі болса, бұл сезімдер де тірі болып саналады. Егер ол қандай да бір себеппен тоқтаса не күйзелсе, онда бұл өмірдің саған қойған белгісіз жоспарының сәтсіз жері  немесе қ...
Пайым-парасат АЛМА АҒАШТЫ БЕРГЕНІНЕ ҚАРАП БАҒАЛА, АДАМДЫ ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАП БАҒАЛА
Еңбек қай ғасырда да қай заманда да адамзаттың дамуы жолында өзінің мәні мен маңызын жоймайтын ең басты күш. Адам былай тұрсын кішкене жәндіктер де ала жаздай тынымсыз еңбек етіп тіршілік етіп өмірін жалғастырып келе жатыр. Осыған қарап-ақ еңбекті тіршіліктің көзі деу де артықтық етпейді. Сол себепт...
Дін мен дәстүр ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ
Ата-бабадан аманат болып жеткен салт-дәстүрлердің бір парасы сан ғасырлардан бері ұласып келе жатқан ұғым-ұстанымдар болса, ал басым бөлігі асыл дініміздің әсерінен пайда болған дағды-әдеттер. Қазіргі аласапыран кезеңде біртұтас халық болып қалуымыз үшін алдымен тіліміз бен дінімізге һәм салт-дәстүр...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан РАМАЗАН БЕРЕКЕ МЕН РАҚЫМ АЙЫ
Адамзатқа тура жолдың нұрын төккен Алланың ұлы сөздері «Құран Кәрім түскен қасиетті Рамазан айы сағындырып, қуандырып бізге жетті. Он бір ай бойы шөлдеп, шаршаған рухымызға азық, нәпсімізге тыю болатын тәрбие айын әрбір мұсылман асыға күтуде. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Тақ...
Рамазан ҚИСАПСЫЗ САУАПҚА КЕНЕЛТЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Қырық жасқа келген шағы. Әдеттегідей Хира үңгірінде бір-екі жұма қылуетте отыратын. Кенет ақ киімді бейтаныс кісі пайда болды. Әй-шай жоқ: "Оқы", - деді. "Мен оқуды білмеймін", - деді....
Рамазан ҚАДІР ТҮНІ ҰЙЫҚТАМАУ ШАРТ ПА?
Қадір түнін барынша құлшылықпен өткізген дұрыс. Бірақ ұйықтамай өткізу шарт емес.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:56

Бамдатқа дейін 01:14

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi