ОРАЗА - ИСЛАМДАҒЫ БЕС ПАРЫЗДЫҢ БІРІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:41

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ОРАЗА - ИСЛАМДАҒЫ БЕС ПАРЫЗДЫҢ БІРІ

| A | +

Асыл дініміз исламның бес парызының бірі - ораза. Затында кемшілік болмаған Алла Тағала күллі мұсылман баласына рамазан айында ораза ұстауды һижраның екінші жылы шағбан айының бірінші дүйсенбісінде парыз етті. Бұған «Бақара» сүресінің «Әй, мүміндер! Сендерден бұрынғыларға парыз қылынғандай сендерге де ораза парыз қылынды. Әрине, сақтанарсыңдар» деген аяты дәлел.

Содан бері иісі мұсылман он бір ай бойы нәпіл ораза ұстап қамданып, рамазан айын асыға күтеді. Оразаның өзге құлшылықтардан жөні бөлек, ерекше құлшылық түрі. Себебі Алла Тағала: «Адам баласының тек оразадан басқа амалының барлығы өзі үшін. Ал, ораза Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін» деген. Ораза үшін Алла Тағаланың дайындаған сыйынан бөлек  адам баласының жаны мен тәніне бірдей шипа бар.

Ораза-рухани тәрбие мектебі. Ораза үнемі Алланы есімізге салып, Оның алдындағы жауапкершілік сезімімізді арттырады. Көптеген жаман әрекеттерден тосқауыл болып, жақсы істерге баулитын құлшылық. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім ораза ұстаса, ол күні арсыздық жасамасын, дауыс көтермесін. Егер оған біреу ұрысса немесе онымен дауласқысы келсе: «Мен оразамын!», - деп айтсын» деген хадисі ораза ұстаған жанды төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Осылайша отыз күн ораза ұстаған жанның руханияты дамып қана қоймай, Алла тағаланың сүйіктілерінің біріне айналады. Өйткені Алла тағала құран кәрімде: «Олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла Тағала жақсылық етушілерді сүйеді» деген.[1] Ешкімді ренжітпей, ғайбаттамай, жаман іске бармай бір Алланың разылығы үшін өзін ренжітсе де үндемей нәпсісін отыз күн тізгіндеген адам жақсы әдеттерді бойына сіңіріп, көркем мінез иесі атанады.

Сондай-ақ, ораза - жанашырлық пен сабырлылыққа үйретеді. Үнемі тоқ жүретін адам аш адамның жағдайын ешқашан түсінбейді. Тек Алла разылығы үшін өзіне адал болған астан бас тартқан адам ғана қолындағы нығметтің қадірін түсініп өзгенің мұқтаждығын сезініп, қол ұшын созуға асығады. Тек қана аштық пен шөлге сабыр етіп қоймай, қандай жағдай болмасын ашу мен ызаға бой алдырмай бәрінің бір Алладан екенін еске түсіріп сабыр еткен адам ең мықтылардың қатарынан табылады. Себебі, Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Біреуді жерге жығып, жеңіске жеткен адам мықты емес, алайда бойындағы ашуына ұстамды бола білген нағыз мықты»-деген.

Ораза - қалқан. Алладан сыйын үміт етіп, ораза ұстаған жанның күнәлары кешіріліп, оразасы қиямет күні оттан қалқан болады делінген. Алладан басқа ешкімге көрсете алмайтын құлшылықтың бұл түрі адамды түрлі тіл мен тән кесеапаттарынан тосқауыл болып, ораза ұстаушыларға арналған жәннат қақпасынан кіруге себеп. Қаблиса жыраудың:

–Бақыт қайда барасың?
–Сәресі, сахар ішетін,
Хақ жолына түсетін,
Иманды елге барамын, - деген өлеңіндегі мәңгілік бақытқа жету жолы осы емес пе?!

Ораза - құлшылық есігі. Зерттеу бойынша тамақтану тәулігіне 4-5 сағат уақытты алады екен. Ораза ұстаған жан үшін бұл уақытта құран оқу, нәпіл намаз, зікір мен салауат айту арқылы көптеген сауап жинап қалуға болатын үлкен мүмкіндік. Өйткені, Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында шайтан адам баласының қан тамырымен жүреді. Ендеше шайтанның жолын аштықпен тарылтыңдар»-деген. Адам нәпсісімен жеке қалып, оны жаман әдеттерден арылтып, ізгі істерге баулып, иманды күшейтуге ең  қолайлы кез.

Ораза - жанымызбен қатар тәніміздің саулығын қамтамасыз етеді. Алланың әмірімен жыл он екі ай бойы бір сәтке тоқтамай мүлтіксіз жұмыс істеп тұрған ағза үшін үлкен тазару. Имам Ғазали (Алла оны рақымына алсын): «Ораза-жанға тазалық, денеге рахат және жақсылықты шақырады. Аш денеде жүрек бір қалыпты жұмыс істейді, ми тынығады, көз нұры өткірленеді. Тоқтық - жалқаулық тудырады, жаттау қабілетін кемейтеді. Аз ұйқы, аз тамақпен жүректеріңіздің ғұмырын ұзартыңыздар», - деген. Ең алдымен, ораза мидың тыныштығына алып келеді, аш адамның зейіні жоғарылайды. Тоқтаусыз тамақтану ұйқы шақырып, адамның есте сақтау, шешім шығару қабілеттерін төмендетіп, енжарлыққа бастау болады. Сонымен қатар, асқазан-ішек жолдарының жиналған қалдықтарынан тазаруына көмектестеседі. Ауыз ашқанда сүннет бойынша ең алдымен сумен ашу және ақшам намазын оқып болғанша асқа отырмау - күні бойы жұмысын баяулатқан ағзаның оянуын қамтамасыз етеді. Бұл медицинаның бастауы. Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінен бастау алатынын тағы бір дәлелдейді. «Ауру - астан, дау - қарындастан» демекші, ашығу - артық салмақпен қатар тері, асқазан-өт жолдары, бауыр, қант, диабеті секілді көптеген ауруларға шипа. Ең бастысы, ораза ұстаудағы ниетіміз дұрыс болса, Алла Тағала күнәларымызды кешіріп, барлық мұң-мұқтажымыз бен қажеттіліктерімізді өтеп қояры сөзсіз.

[1] «Әли имран» сүресі, 134-аят

Әуезов ауданы «Ақсай» мешітінің бас имамы

Бақтияр Қасымалиев

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ИСЛАМ КЕДЕЙ БОЛУҒА ҮНДЕМЕЙДІ, БАЙ БОЛУДЫҢ ПАЙДАСЫ ҚҰРАН МЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан ҚҰРАН МЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ
Алла Тағаланың пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы, сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі амалдар әрі күн мен түн де тұтастай жасаған иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай – Рамазан. Басқа уақытпен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да осы – Рамазан....
Рамазан ӘЛЕМ ЕЛДЕРІ ҚАЛАЙ ОРАЗА ҰСТАЙДЫ?
«Әр елдің салты басқа» демекші, Рамазан күллі мұсылманға ортақ мереке болғанымен, оны өткізу дәстүрі әр елде әрқалай қалыптасқан. Мәселен қазақ даласында Рамазан келді деп жар салып, «Жарапазан» айтылса, Мысыр мемлекетінде адамдарды сәресіне ұрмалы-соқпалы аспаптармен ояту, ал Сауд Арабиясында Пайға...
Рамазан ОРАЗА – НӘПСІМЕН КҮРЕСУ МАУСЫМЫ
Қасиетті Рамазан айы мұсылман баласын рухани тұрғыдан  тәрбиелейді. Рамазандағы рухани тәрбиенің бірі – нәпсі қалауымен күресу.
Рамазан РАМАЗАН НҰР ШАШҚАН АЙ
Жыл сайын мұсылман үмбетін шын қуанышқа бөлеп, иманның ләззатын сезіндіріп, ғибадаттың мәнін ұқтыратын рамазан айы да жақындап келеді. Ол Бақара сүресінің 185 -ші аятында айтылғандай «адамдарға тура жол нұсқаушы, бекем тұтынатын жолбасшы...ретінде түсірілген ай»....
Рамазан ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-САНАСЫ ДІНМЕН ҮНДЕСЕДІ
Шамалы күннен соң Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мейрамымен қатарласа барша мұсылман жамағаты үшін қасиетті саналатын Рамазан айы басталады. Осы киелі ай қарсаңында халықтың оразаға дайындығы, елдегі діни ахуал, дін мен дәстүрдің сабақтастығы турасында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен сұхбатт...
Рамазан РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ҚАСИЕТІ
Рамазан – жыл он екі айда бір келетін, асыл дінімізде әлемдердің Раббысы, Алланың кәләмі Құрани Кәріммен бекітілген қасиетті ай болып табылады.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:41

Ақшамға дейін 01:24

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi