СУИЦИД – АУЫР КҮНӘ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 05:14
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:55 05:14 11:56 16:36 18:33 19:53
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Шавваль 1447
Миләди
11 сәуір 2026

Мақалалар

СУИЦИД – АУЫР КҮНӘ

| A | +

اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ، وَالصَّلَاةُ وَالسَّلَامُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَصَحْبِهِ أَجْمَعِينَ، أَمَّا بَعْدُ

Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз.

Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

 

Адам баласының өмірі жай ғана уақыттың өтуінен тұрмайды, бізге берілген ғұмыр – Раббымыздың алдында есеп беретін қасиетті сапар. Әрбір тыныс – аманат, әрбір жүрек соғысы – мүмкіндік, ал әрбір күн – мәңгілікке жазылатын тағдыр беті. Жаратушы Иеміз адамды ардақтап, оған жан берді, сол жан арқылы өмірдің мәнін, сынақтың сырын, сабырдың шынайы қадірін танытуды қалады. Алайда бүгінгі қоғамда жүректі ауыртатын бір қасірет белең алып барады. Ол – үміттің үзілуі, жанның қажуы, адамның өз өмірінен безінуі. Қиындықтың қапасынан шыға алмай, қараңғылықты жалғыз жол деп ойлап, өзіне қол салуға дейін баратын жағдайлар тек бір адамның емес, тұтас қоғамның рухани жарасы. Мұсылман адам ең қою түннің артынан ағарып таң ататынын, ең ауыр сынақтың артында жеңілдік бар екенін әрдайым жадында сақтауы тиіс. Алла Тағала пендесіне көтере алмайтын жүк жүктемейді, әрбір сынақты оның сабырына сай береді. Мұсылман үшін өмір – қашып құтылатын жүк емес, керісінше, сауап жинайтын мүмкіндік. Қандай ауыр хәл болса да, ол – уақытша. Ал мәңгілік өмір ақыретте. Сондықтан адам баласы бір сәттік күйзелістің жетегінде кетіп, мәңгілік бақытын қауіпке тігуі орны толмас қателік.

Ендеше, бұл тақырып жүрекке жететін үндеу және үмітті қайта тірілтуге, сабырды бекітуге, өмірдің қадірін ұғындыруға шақыратын насихат. Ислам діні адам өмірін аса жоғары бағалайды. Өйткені өмір – Алланың адамға берген аманаты. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресі, 29-аятында: 

وَلاَ تَقْتُلُوا أَنْفُسَكُمْ إِنَّ اللهَ كَانَ بِكُمْ رَحِيمًا

«Өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында Алла сендерге ерекше мейірімді», – деп айтқан.

Тәпсір ғалымдары Жаратушы Раббымыздың: «өз-өздеріңді өлтірмеңдер», – деген тыйымында бірнеше мағына бар екендігін айтады. Ең әуелгі тура мағынасы адамның өзіне-өзі қол жұмсауына, қазіргі заманның тілімен айтқанда «суицидке» тыйым салу. Одан соң: «Расында, Алла сендерге ерекше мейірімді», – деген сөздердің келуі тегін емес. Өйткені адамның өзін өлтіруіне ең алдымен үмітсіздік себеп болады. Сондай-ақ, Алланың адамзатқа нәсіп еткен сан мыңдаған нығметтеріне көз жұма қараудан туындап отыр. Ал Жаратушымыз Алла Тағала адамзат баласын мейіріммен әрі махаббатпен жаратқан. Ендеше, бұл аяттан Алла Тағала сендерге осынша мол нығметті үйіп-төгіп беріп, ерекше мейірім танытқанда, қалайша сендер өздеріңе қол жұмсайсыңдар дегендей мағынаны аңғаруға болады.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

مَنْ قَتَلَ نَفْسَهُ بِشَيءٍ عُذِّبَ بِهِ فِي نَارِ جَهَنَّمَ

«Кім өзін қандай нәрсемен өлтірсе, тозақ отында сол нәрсемен азапталады», – деген (имам Мүслим).

Ибн Хажар (Алла оны рақымына алсын): «Бұл хадистен адамның өзіне жасаған қылмысы, басқаға жасаған қылмысындай күнә екені түсініледі. Өйткені оның жаны толық өзіне тиесілі емес, ол Алланың меншігі. Сондықтан ол жанымен тек Алла рұқсат еткен нәрселерде ғана әрекет ете алады», – деген.

Адам баласы өмірдің шынайы құндылығы мен мәнін түсінуі үшін мына жайттарды біліп, іске асырғаны жөн. Олар:

Бірінші: өмір – аманат

Адам баласының дәрежесі өзге жаратылыстардың бәрінен де жоғары әрі ардақты. Сондықтан адам өмірі сұраусыз, мәнсіз, босқа берілмеген. Ол Алла Тағаланың берген қасиетті аманаты, қадірі мен жауапкершілігі зор нығмет. Яғни оның сұрауы бар. Алла Тағала қасиетті Құранның «Исра» сүресі, 70-аятында:

وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِي آدَمَ  

«Біз адам баласын ардақты еттік ...», – деген. Оның өміріне қол сұғуға, ар-намысына тиюге, малына зұлымдық жасауға, еркінен айыруға дінімізде рұқсат жоқ. Тіпті, адам өмірінің қымбаттығы сонша – жазықсыз бір адамды өлтіру бүкіл адам баласын өлтірумен пара-пар. Алла Тағала қасиетті Құранның «Мәидә» сүресі, 32-аятында:

مَن قَتَلَ نَفْسًا بِغَيْرِ نَفْسٍ أَوْ فَسَادٍ فِي الأَرْضِ فَكَأَنَّمَا قَتَلَ النَّاسَ جَمِيعًا وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا

«Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда ол барлық адамды өлтіргенмен тең. Ал кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең», – деп айтқан.

Адам баласының өзге жаратылыстардан артықшылығы – оның ақыл-ойында, ар-ожданы мен әр нәрсенің мәнін түсініп, жақсы мен жаманды айыра білуінде. Осындай ұлы нығметтерді нәсіп еткен Жаратушысына шүкірлік етіп, адам өз өмірінің қадірін терең ұғынуы тиіс.

Өмір – Алла Тағаланың адамға аманат етіп берген ең қымбат сыйы. Сондықтан бұл аманатқа қиянат жасап, өз-өзіне қол жұмсау – аса ауыр күнәлі іс. Әсіресе, қиындыққа тап болған сәтте шайтанның азғыруына еріп, үмітсіздікке бой алдыруға болмайды. Мұндай жағдайда мұсылман адам сабыр сақтап, шариғаттың шеңберінен шықпай, Алла Тағаладан жәрдем сұрап, дұрыс жол іздеуі қажет. Өйткені Жаратушы Иеміз әрбір қиындықпен бірге жеңілдікті де береді. Шынайы тәуекел етіп, үмітін үзбеген жанға Алла міндетті түрде шығатын жол нәсіп етеді.

Адам өмірінде түрлі сынақтар болады. Кейде қиындық жанды қысып, жүректі қажытады. Осындай сәттерде кейбіреулер үмітсіздікке беріліп, тіпті өлімді тілеуі мүмкін. Бірақ Ислам діні мұндай күйден сақтанып, сабыр етіп, Алладан үміт үзбеуге шақырады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

لا يَتَمَنَّيَنَّ أحَدٌ مِنْكُمُ المَوْتَ لِضُرٍّ نَزَلَ بِهِ

«Сендерден біреулерің басына түскен қиындық үшін өлімді тілемесін», – деген (имам Бұхари).

 

Қисса

Бірде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахаба Амр ибн Асты «Зәт әс-Суласил» жорығына жібереді. Жорық қиын, түн суық еді. Сол түндердің бірінде Амр (Алла оған разы болсын) жүніп болып қалады.

Амр (Алла оған разы болсын) «Егер жуынсам, өзіме зиян келтіремін», – деп қауіптеніп, тәйәммум жасайды. Сосын таң атқанда ол сахабаларға имам болып таң намазын оқиды. Жорық аяқталған соң, бұл жағдай Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткізіледі. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Амрға қарап:

  • Уа, Амр! Сен жүніп күйде бола тұра имам болып, жолдастарыңа намаз оқыттың ба? – деп сұрайды.

Сонда Амр (Алла оған разы болсын):

  • Уа, Алланың Елшісі! Қатты суық түнде жүніп болдым. Егер жуынсам, өліп қалам ба деп қорықтым. Сөйтіп Алланың:

وَلاَ تَقْتُلُوا أَنْفُسَكُمْ إِنَّ اللهَ كَانَ بِكُمْ رَحِيمًا

«Өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында Алла сендерге ерекше мейірімді», – деген аятын есіме алдым. Сондықтан тәйәммум жасап, имам болып намаз оқыдым», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған: күлімсіреп, ештеңе демейді (имам Әбу Дәуід).

Екінші: өзіне қол жұмсаудың – жазасы ауыр

Өмір адамға берілген үлкен нығмет болғандықтан, ол нығмет жайында міндетті түрде сұрау болады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәкәсүр» сүресі, 8-аятында:

ثُمَّ لَتُسْأَلُنَّ يَوْمَئِذٍ عَنِ النَّعِيمِ

«Ол күні берілген нығметтерден міндетті түрде сұраққа тартыласыңдар», – деген.

Өмірдің қадірін түсінбей, Алланың берген ұлы нығметін бағаламай, өз өміріне өзі қол салған жандар үшін ақыреттегі жаза да ауыр болмақ. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

مَنْ قَتَلَ نَفْسَهُ بِحَدِيدَةٍ فَحَدِيدَتُهُ فِي يَدِهِ يَتَوَجَّأُ بِهَا فِي بَطْنِهِ فِي نَارِ جَهَنَّمَ خَالِدًا مُخَلَّدًا فِيهَا أَبَدًا ، وَمَنْ شَرِبَ سُمًّا فَقَتَلَ نَفْسَهُ فَهُوَ يَتَحَسَّاهُ فِي نَارِ جَهَنَّمَ خَالِدًا مُخَلَّدًا فِيهَا أَبَدًا

«Кімде-кім өзін-өзі қандай да бір темірмен өлтірсе, жәһаннамда қолына темір алып мәңгі-бақи өзін-өзі түйреумен болады. Ал, кімде-кім у ішіп өлсе, жәһаннам отында мәңгілік у ішумен қалады», – деп ескерткен (имам Бұхари). Ислам шариғатының ең ұлы мақсаттарының бірі – адам жанын сақтау. Өйткені жан жай ғана тіршілік емес, ол – Алланың бізге берген аманаты. Ал сол аманатқа қол сұғу, оны қию – үлкен күнәлардың бірі. Хадистегі «мәңгілік қалады» деген сөз бұл істің қаншалықты ауыр екенін білдіреді. Кей ғалымдар бұл – істі халал санағандарға қатысты десе, енді бірі азаптың өте ұзақ болатынын білдіреді дейді.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жоғарыдағы хадисінде «Өзін-өзі қандай да бір темірмен өлтірсе», – деп темірге қатысты заттарды білдірген. Сондай-ақ, у ішіп, дәрі-дәрмекті мөлшерден тыс көп қолданып немесе газ жұтып, өзге де химиялық заттармен уланып, өзіне қастандық жасайтындарды хадисте: «Кімде-кім у ішіп өлсе», – деп бұған да ишара жасалған. Ал өзін-өзі көп қабатты үйлерден, басқа да биіктіктен тастап, өз жанын қиятындардың да көп кездесетінін ескерсек, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл хадисі сонау жетінші ғасырдың өзінде бұл қатерлі дерттің негізгі түрлерін қамтитын ескерту екенін көреміз. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:

مَن تَرَدَّى مِن جَبَلٍ فقَتَلَ نَفسَهُ فَهُوَ فِي نَارِ جَهَنَّمَ يَتَرَدَّى فِيهِ خَالِدًا مُخَلَّدًا فيها أبَدًا

«Кімде-кім өзін таудан тастап өлтірсе, ол жәһаннам отында да өзін қайта-қайта тастап, онда мәңгілік азапта болады», – деген (имам Бұхари).

Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұдан өзге бірқатар хадистерінде өзін-өзі өлтірген адамның ақыреттегі азабы ауыр болатындығы айтылған.

كَانَ فِيمَنْ قَبْلَكُمْ رَجُلٌ بِهِ جُرْحٌ فَجُزِعَ . فَأَخَذَ سِكِّينًا فَحَزَّ بِهَا يَدَهُ، فَمَا رَقَأَ الدَّمُ حَتَى مَاتَ، فَقالَ اللهُ : بَادَرَني عَبْدِي بِنَفْسِهِ، فَحَرَّمْتُ عَلَيْهِ الْجَنَّةَ

«Сендерден бұрын өткен қауымдардың ішінде бір адам ауыр жарақатқа душар болды. Ол бұл сынаққа сабыр ете алмай, шыдамсыздық танытты. Ақыры қолына пышақ алып, өз қолын кесіп жіберді. Қаны тоқтамай ағып, сол күйі жан тапсырды. Сонда Алла Тағала: «Құлым жанын Менен бұрын алды, сондықтан Мен оған жәннатты харам еттім», – деді» (имам Бұхари).

Үшінші: үмітсіздікке салынбау

Жаратушыға иман келтірген жан әрқашан болашаққа үмітпен қарайды. Үмітсіздік адамды қайғыға душар етіп, күйзеліске түсіріп, оның бұл дүниеде өмір сүруге деген ынта-ыждаһатын, ерік-жігерін, құлшынысын құрықтап тастайды. Жеке адам да, қоғам да үміттің арқасында алға басып, дамиды. Осы себепті қандай сынақ келмесін, әрбір сынақтан кейін жеңілдік келетінін ескеріп, еш уақытта үмітсіздікке салынуға болмайды. Жер бетін басқан түннің қара түнегінен кейін атқан таңның шуағымен айналаның нұрға бөленетіндігі қандай ақиқат болса, қайғы-мұңға батқан жанның да қайғысы сейіліп, артынан жеңілдік келері хақ. Сол келетін жеңілдіктен үмітін үзіп, қайғыға салыну мұсылман адамға жараспайтын іс. Алла Тағала қасиетті Құранның «Жүсіп» сүресі, 87-аятында:

وَلاَ تَيْأَسُوا مِن رَّوْحِ اللهِ إِنَّهُ لاَ يَيْأَسُ مِن رَّوْحِ اللهِ إِلاَّ الْقَوْمُ الْكَافِرُونَ

«Алланың мейірімінен үміт үзбеңдер. Анығында, Алланың мейірімінен қарсы болған қауым (кәпірлер) ғана үмітін үзеді», – деп айтқан.

Келешекке үмітсіздік танытып, күмәнмен қараған адам жақсылыққа жете алмайды. Халқымызда: «Үмітсіз шайтан», «Шықпаған жанда үміт бар», «Үмітсіз жаннан без, қайырсыз малдан без», – делінген нақыл сөздер біздерді үмітсіздікке салынбауға шақырады. Бұқар жырау бабамыз да:

Жақындап ажал тұрса да,                                                                          

Жанына қылыш ұрса да,

Қалжырап, көңіл қарайып,

Қарауытып көзі тұрса да –

Үмітін жоймас адамзат! – деп, ешқашан жақсылықтан үмітті үзбеу керектігін айтқан. Хакім Абай: «Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де бір антұрғандық», – деп, қайғы-мұңға салынып, әрекетсіз жатуды антұрғандық деп атаған. Кейбір дана адамдар басына сынақ келгенде, оған мойымай, мән де бермей: «Өмір болмашы нәрсеге көңіл бөлу үшін өте қысқа», – дейді екен. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының: «Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады», – деуі осыдан болса керек.

 

Құрметті жамағат!

Өмір – адам баласына берілген басты құндылық. Адам баласы Алла Тағаланың сыйлаған ғұмырының әр сәтін бағалап, оны өзіне ізгі амалдар жасауға берілген мүмкіндік деп түсінуі қажет. Алла  Тағала қасиетті Құранның «Мүлік» сүресі, 2-аятында:

الَّذِي خَلَقَ الْمَوْتَ وَ الْحَيَاةَ لِيَبْلُوَكُمْ أَيُّكُمْ أَحْسَنُ عَمَلَا

«Ол сондай Алла, қайсыларың жақсырақ амал жасайтындарыңды сынау үшін өлім мен өмірді жаратты», – деп айтқан.

Пендеге Жаратушы тарапынан берілген ғұмырды, уақыт мерзімі жеткенде Алла Тағаланың Өзі ғана алуға хақылы. Сол себепті де асыл дініміз Исламда адамдардың бір-бірін өлтіруі немесе адамның өз-өзіне қол жұмсауы – харам етілген іс. Тіпті  кейбір Ислам ғұламалары өзін-өзі өлтіру біреуді өлтіруден де ауыр қылмыс іс деп айтқан.

Адам ғұмыры ізгілікке толы әрі ұзақ болғандығы жақсы. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

خَيْرُ النَّاسِ مَنْ طَالَ عُمْرُهُ وَ حَسُنَ عَمَلُهُ

«Адамдардың жақсысы өмір жасы ұзақ әрі амалдары ізгі болғандары», – деген (имам Термизи).

Адамның өз-өзіне қол жұмсауының негізгі себептерінің бірі өмірлік қиыншылықтарға сабыр ете алмауынан туындауда.  Ал Жаратушыға иман келтірген жан бұл өмірдің уақытша берілген сынақ екендігін түсініп, өзіне берілген сан түрлі тағдыр тауқыметтеріне сабыр ету арқылы Алла Тағала тарапынан зор сыйлыққа бөленетіндігін біледі. Құранның «Бақара» сүресі, 155-аятында:

وَلَنَبْلُوَنَّكُمْ بِشَيْءٍ مِّنَ الْخَوْفِ وَالْجُوعِ وَنَقْصٍ مِّنَ الأَمْوَالِ وَالأنفُسِ وَالثَّمَرَاتِ وَبَشِّرِ الصَّابِرِين

«Әрине сендерді қауіп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан, сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз. Сабыр етушілерді қуандыр», – деп айтылған.

Өмір – тек ауыртпалықтан ғана тұрмайтын, жақсылық пен сынақ қатар өрілетін ғажайып сапар. Кейде жүрекке қуаныш ұялатқан жеңілдіктер келсе, кейде сабырды талап ететін қиындықтар жолығады. Осындай сәттерде мұсылман адам нығмет келгенде шүкір етіп, жүрегін ризашылықпен толтырады. Ал сынақ келгенде мойымай, сабырмен қарсы алып, оны Раббысына жақындататын мүмкіндік деп біледі. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

عَجَبًا لِأَمْرِ الْمُؤْمِنِ إِنَّ أَمْرَهُ كُلَّهُ خَيْرٌ، وَلَيْسَ ذَاكَ لِأَحَدٍ إِلَّا لِلْمُؤْمِنِ؛ إِنْ أَصَابَتْهُ سَرَّاءُ شَكَرَ فَكَانَ خَيْرًا لَهُ، وَإِنْ أَصَابَتْهُ ضَرَّاءُ صَبَرَ فَكَانَ خَيْرًا لَهُ

«Мүмин адамның жағдайына таң қаласың! Шындығында, оның кез-келген ісінде хайыр бар әрі бұл мүминнен басқа ешкімге берілмеген. Егер оған бір жақсылық келсе, ол Аллаға шүкірлік айтады және оның сол айтқанында хайыр бар. Ал егер оған бір қайғы келсе, ол оған сабыр етеді, оның бұл ісі де өзіне хайыр болып оралады», – деген (имам Мүслим).

Сондықтан да нағыз мұсылман адам бұл сынақ өмірде қандай бір қиын жағдай туындамасын ұстамдылық танытып, сабыр етеді.

Алла Тағала баршамызға ізгі де салиқалы ғұмыр нәсіп етіп, қасиетті жұма күнгі ниет-тілектерімізді қабыл еткей!

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН РАДИКАЛИЗМНЕН САҚТАНУҒА АРНАЛҒАН 10 КЕҢЕС

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат ДІН НЕ ҮШІН КЕРЕК?
Ең жақсы сөз Алла Тағаланың сөзі, адамзаттың абзалы пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жаман нәрсе дінге жаңалық енгізуге тырысу және дінге қарсы болу, тиісу, мазақ ету - ол күнә. Алла Тағала адамзатқа тақуа болуды бұйырды. «Әй, мүминдер! Алладан шынайы қорқынышпен қ...
Рамазан 2026 АЙТ - ШҮКІРШІЛК МЕРЕКЕСІ
Рамазан құлшылық пен шүкіршілік, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, ізінше тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне қуаныш сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке....
Рамазан 2026 РАМАЗАН - ҚҰРАН АЙЫ
Қасиетті Рамазан – мұсылман жүрегі сағына күтетін, иман нұры күшейетін, Алланың шексіз мейірімі төгілетін ай. Бұл ай – пенденің Раббысына қайта оралып, рухани жаңғыратын кезең. Рамазан тек оразаның айы ғана емес, сонымен қатар Құранның да айы....
Рамазан 2026 РАМАЗАН - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ
Рамазан тұтастай ғибадатпен өткізілетін уақыт. Материалдық, әрі рухани тұрғыдан жылдың ең берекетті күндері. Мейірім мен қайырымдылық айы.
Рамазан 2026 РАМАЗАНДА НӘПСІНІ ТІЗГІНДЕУ МӘДЕНИЕТІ
Жаратқан Алланың көркем есімінің бірі – Хаким. Хаким – әр ісінде дархан даналық пен сансыз сыры бар хикмет Иесі. Ақиқатында, Алла Тағала парыз еткен әрбір үкімде даналық пен хикмет тұнып тұрады. Оның бағзысы адам баласына мәлім болса, кейбірі адамзат ақыл-санасы жетпейтіні де хақ. Құран Кәрім мен ха...
Жұма уағызы МҰСЫЛМАННЫҢ МҰРАТЫ – КӨРКЕМ МІНЕЗ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз. Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы ЖҮРЕК ТАЗАЛЫҒЫ – ИМАН НҰРЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз. Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын....
Жұма уағызы МҰСЫЛМАННЫҢ МҰРАТЫ – КӨРКЕМ МІНЕЗ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз. Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын....
Жұма уағызы ТӘРТІПСІЗДІК – БҮЛІККЕ, ТӘРТІП БЕРЕКЕГЕ БАСТАЙДЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз. Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын....
Жұма уағызы МӘШҺҮР ЖҮСІП ЖӘНЕ ОНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз. Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын....
Жұма уағызы НАМАЗДЫҢ ҚАСИЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАМАҒАТПЕН ОҚУДЫҢ САУАБЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауат пен сәлем болсын!  
Жұма уағызы УАҚЫП – САРҚЫЛМАС САУАПТЫ ІС
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауат пен сәлем болсын!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Шавваль 1447
Миләди
11 сәуір 2026
Намаз уақыттары
қазір

Күн 05:14

Бесінге дейін 03:05

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026

22 урок: О дополнительных земных поклонах

Ассаламу алейкум, я не автор поста, но мне кажется, что разница в том, что:1. в первом случае, молящ

Ерсайын
7 қаң. 2026

04. Ощущения

Ассаламу алейкум. Да, этот материал требует уже некоторой базы. Медресе старших курсов, или учеба в

Администратор Azankz
22 жел. 2025

Урок 126. Глава 13. 129 хадис

Да конечно, без проблем!

Al Almaty
8 жел. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi