ЖАРАПАЗАН ЖЫРЫ
Шымкент
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 18:15
Шымкент
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Шымкент
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
06:02 07:21 12:12 15:14 16:56 18:15
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Мақалалар

ЖАРАПАЗАН ЖЫРЫ

| A | +

Жарапазан - он екі айдың сұлтаны Рамазанның келгенін хабарлайтын және халықты жақсылыққа, ізгілікке шақыратын жыр. Кейбір өңірлерде "жарамазан" деп те атайды. Араб тілінен аударғанда "жә рамазан", "Рамазан келді" деген мағынаны білдіреді.

Жарапазан ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп Жарапазан жырын айтады. Оны ешкім ерсі санамайтын болған, қайта үйден шама-шарықтарына қарай сыйлық алып шығып,  жарапазаншыларды риза етіп жіберетін болған. Жарапазан үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлімі – желдірме деп аталады. Үй иесінің ұйқысын ашып, өздерін жарапазаншылар екендігін айғақтау мақсатында айтылады. Екінші бөлімде жастар ислам дінінің шарттарын уағыздап, имандылыққа шақырып, өсиеттер айтады. Ал, үшінші бөлімінде үй иесіне тілек тілеп, бата берумен аяқталады. Жарапазан желдірмесі:

Үйің үйің үй екен,

Үйдің көркі ши екен.

Саба көркі бие екен,

Сандық көркі түйе екен.

Ақтөбедей көрінген,

Қандай байдың үйі екен!

 

Жарапазан сөзі:

Айтайын айт дегенде жарапазан,

Бір келген он екі айда ораза иман!

Ассалаумағалейкум, дәуіт ғалам,

Ағаға осы үйдегі бердік сәлем.

Ағаға осы үйдегі берсек сәлем,

Сәлемді қабыл көрсін хақ Тағалам!

Меккеде бір ағаш бар иіп тұрған,

Мәуесі жер мен көкке тиіп тұрған,

Ораза намазыңды күтіп барсаң,

Алдыңда НұрМұхаммет күліп тұрған.

Мінгені Пайғамбардың жирен дейді,

Намазды он екіңде үйрен дейді.

Намазды он екіде үйренгесін,

Тіліңе қызыл істік түйрелмейді.

Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,

Ораза намазыңның несі жұмыс.

Ораза намазыңды күтіп барсаң,

Бейіштен құрма жейсің уыс-уыс.

Меккеде бір ағаш бар иіп тұрған,

Бұтағы жер мен көкке тиіп тұрған.

Ораза намазыңды тұтып барсаң,

Алдыңда НұрМұхаммет күліп тұрған.

Біреуі бес намаздың таң намазы,

Оқыған тал түстегі қай намазы.

Ораза намазыңды күтіп барсаң,¬

Терісі шұбар киіктен-жайнамазы.

 

(әр шумақтан кейін қайырма қайталанады.)

Жарапазан сөзінен кейін кезек жарапазан батасына келіп жетеді:

Үйіңіздің артында шатыр болсын,

Балаңыздың үлкені батыр болсын.

Жау жағадан алғанда, бөрі етектен,

Балаңның батырлығы татыр болсын!

Айтайын жарапазан есігіңе,

Ұл берсін қошқардай ғып бесігіңе.

Ұл берсе қошақардай ғып бесігіңе,

Береді Алла бірге нәсібін де.

Айтайын жарапазан есігіңе,

Қыз берсін құндыздай ғып бесігіңе.

Қыз берсе құндыздай ғып бесігіңе,

Береді Алла бірге нәсібін де.

Аллаху әкбар, - деп бет сипайды.

 

Ақиқатында, «Жарапазан жыры» – елімізге асыл дініміз Ислам арқылы келіп, бүкіл ұлысқа кеңінен таралып, берік орныққаннан кейін тұрмыс-салт жырларының қатарынан көрініс тапқан. Хақ Тағала қасиетті Құранда: «(Ей, Мұхаммед) Олар Алланың кеңшілік-нығметімен мархаматымен болған осыларға қуансын. Өйткені, олардың жиған-тергенінен сол қайырлы де», – дейді (Юнус, 58).

Ал «Дұха» сүресінің 11-аятында: «Раббыңның (саған арнаған) жақсылықтарын (жұртқа) жария ет», – деп келеді. Бұл аяттарда Алланың берген нығметтерін жұртқа жар сал деп тұр. Ал, «Баймұхамед үмметіңе жарапазан, Қабыл болсын оразаң ұстаған жан» деген жыр жолдары – адамзаттың асылы, он сегіз мың ғаламның сардары болған Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтылған салауат белгісі. Халық жарапазан айту арқылы сауаптар еселенетін Рамазан айын сүйіншілеп, оразамен аман-есен қауышқанын қуанып жеткізеді.

Жарапазанның негізгі мақсаты — ораза айында ел көңілін көтере жүріп, ислам дінін насихаттау, жұртты шариғатқа, иманға ұйыту, береке-бірлікке, ізгілікке шақырудан туған. Оған, әсіресе, жастар мен балалар белсенді ат салыса жүріп, өздері де үлгі-өнеге алған.

Ел ішіндегі діни білімі бар жыршылар Алланы мадақтап, мұсылманның бес парызының бірі боп табылатын оразаның маңызын, басқа да мұсылмандық шарттарды жырмен кестелеп жеткізіп отырған. Дала мәдениетіне ұласқан жарапазан жырын арнайы дін оқымыстылардан көрі көбіне-көп ақындар мен өнерпаздар һәм қарапайым жұртшылық айтқан.

Жарапазан туралы М.Ж.Көпейұлы, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамбетовтан бастап, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев секілді әдебиет алыптары және К.Матжанов, А.Тойшан, Н.Уәли және т.б. зиялылар өз еңбектерінде жазып қалдырды. Ахмет Байтұрсынұлы: «Жарапазан "рамазан" деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түн­де үйдің тұсында тұрып жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп, жарапазан айт­қандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазанды екі адам жүріп айтады. Бірі, жарапазан айтқанда екіншісі, қостаушысы болады. Мысалы:

Айтушы:

Жарапазан айтушының сауалы бар,

Отыз күн оразаға жауабы бар. Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар, Боз шұбар астымдағы, шу, жануар!

 

Қостаушы:

Жарапазан, жарапазан!

Алла, Құдай би рамазан!», деп жазады.

 

Жарапазан жыры исламнан бұрын ескі заманда пайда болған деушілерлердің бірі – Х.Досмұхамедұлы. Ол: «Бұл жырлар жартылай діни сипатты: жарапазаншылар өз өлеңдерінде шариғатқа иек арта отырып, қайыр-садақа, сый сұрайды. Әдебиеттің бұл түрі орыстардың «Колядованиесін» еске түсіреді», – деп жазады.

 

Жарапазанның бір нұсқасы:

Үйің, үйің үй екен,

Үйдің көркі ши екен.

Саба көркі бие екен,

Сандық көркі түйе екен.

Ақтөбедей көрінген,

Қандай байдың үйі екен!

Ассалаумағалайкум, мұсылмандар,

Мойынын хақ жолына ұсынғандар.

Құт орнап отбасыңа, бағың артсын,

Құдайым қабыл етсе, ісіңді оңдар.

Айтамыз жарапазан ауылыңа,

Бақ қонсын бар мұсылман қауымына.

Береке, құт әкелсе, Ораза айы,

Жаз жайлау, жарық енсін ауылыңа!

Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,

Бір келген он екі айда ораза иман.

Балалардың мінгені,

Жорға-жорға тай болсын.

Жорғалатып келгенде,

Байдың көңілі жай болсын.

Ай жағыңа қарасаң,

Алтыннан терек орнасын.

Күн жағыңа қарасаң,

Күмістен терек орнасын…

Бөлшіл-бөлшіл, бөлшіл бол,

Бозторғайдай төлшіл бол.

Бәйтеректей бүрлі бол,

Пайғамбардай нұрлы бол.

Бисмилла, аллаһу акбар!

Бұрама темір, сым темір,

Отқа салса жанбасын,

Суға салса батпасын.

Тәңір берген нәсібе

Тепкілесе кетпесін! Әумин!

 

"Ақсай" мешітінің бас имамы

Бақтияр Қасымалиев

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ІЗГІЛІК БАСТАУЫ - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ, БЕРЕКЕ КІЛТІ - САДАҚА САДАҚА - ІЗГІЛЕРДЕН БОЛУҒА СЕБЕПКЕР

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан САХАБАЛАР ОРАЗАСЫ
Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айы – нәпсіні тәрбиелеп, рухты тазартып, тақуалықтың жаңа сатысына көтерілетін – ай.  Ораза - құрметті құлшылық. Құл мен Раббысы арасындағы – сыр.  Себебі бұл айда рия араласпайды. Сол себепті де Алла Тағала «Адам баласының тек оразадан басқа амалының барлығы өзі ...
Рамазан ОРАЗАНЫҢ ОН ТҮРЛІ ПАЙДАСЫ
Ораза дегеніміз, біріншіден - Алла Тағалаға бойсұну. Ораза мұсылманның бойына бұйрықты орындатып, тыйымынан қайтаратын тақуалықты егеді. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ей иман келтіргендер,  алдарыңда өткен қауымдарға парыз етілгендей сендерге де ораза парыз етілді. Мүмкін, тақуа боларсыңдар»,- деген. ...
Рамазан СӘРЕСІ ТУРАЛЫ ҮЗІК СЫР
Сәресінің уақыты таң намазы уақыты кірместен 10-15 минут алдын аяқталады. Шариғатымызда сәресі ішу мандуб-мустахаб (ерікті-жақсы көрілген) амал. Сәресі ішуді соңғы уақытына дейін кешіктіру, ал ауыз ашуды уақыты кірген бойдан кешіктірмей ашуда мустахаб амалдарға жатады....
Рамазан ҚҰРАН МЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ
Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы, сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай жасаған иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Басқа уақытпен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да осы – Рамазан. Осы қ...
Рамазан РАМАЗАН - ҚҰРАН АЙЫ
Рамазан – Құран мен қайырымдылық айы. Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ең жомарты еді. Рамазанда Жәбірейіл періштемен кездескенде ерекше жомарт болатын. Рамазанның әр кешінде Жәбірейілмен кездесіп, Құран оқитын. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты ме...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 18:15

Бамдатқа дейін 00:59

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi