ОРАЗАНЫҢ ОН ТҮРЛІ ПАЙДАСЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:34 06:55 11:42 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Мақалалар

ОРАЗАНЫҢ ОН ТҮРЛІ ПАЙДАСЫ

| A | +

Ораза дегеніміз, біріншіден - Алла Тағалаға бойсұну. Ораза мұсылманның бойына бұйрықты орындатып, тыйымынан қайтаратын тақуалықты егеді. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ей иман келтіргендер,  алдарыңда өткен қауымдарға парыз етілгендей сендерге де ораза парыз етілді. Мүмкін, тақуа боларсыңдар»,- деген. [1]


Оразаның  мұсылманға берер сауабы да шексіз. Алла Тағала ораза ұстаушы мұсылман құлдарын тозақ азабынан құтқарып, «Раййан атты» арнайы есіктен кіргізеді. Сәһіл (р.а.) Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, жәннатта «Раййан» деп аталатын есік бар. Ораза ұстаушылар қиямет күні сол есіктен кіреді. «Ораза ұстағандар қайда?», - деп шақырылғанда олар орындарынан тұрады да олардан басқа ешкім одан кірмейді. Олар кіріп болған сәтте есік жабылып, басқа ешкім одан кіре алмайды», - деп айтқанын жеткізген.[2]
Оразаның мұсылман баласының тәні мен жанына, рухани өміріне әсер ететін бірнеше пайдасы бар:
1.  Ораза  мұсылманға өнегелі мінезді үйрететін тәрбие мектебі. Оның көмегімен мұсылман өз бойындағы жағымсыз сипаттардан арылады. Ораза бізді сабырлы болуға тәрбиелейді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Ораза – сабырдың жартысы» деген. Расында, ораза шыдамдылыққа үйретеді. Күн ыстықта ораза ұстаған адамды шөл қысады. Ал ораза төзімділікке тәрбиелейді.
2. Ораза мұсылманның ерік күші мен шешімділігін күшейтіп, сабырлыққа үйретеді. Зейінін тазартып, жақсы ойларға жетелейді. Лұқман баласына: «Балақайым, асқазан толы болса, ойлану қабілетің ұйқыға шомады, даналық үні өшіп, дене мүшелерің құлшылыққа жарамай қалады»,- деген. Шын мәнінде адам асқазаны толы болғанда ұйқы қысады. Ал ұйқы адамды көп нәрседен мақұрым етеді. Адам қарны тоқ кезінде қабілеті де төмендейді екен. Аш құрсақ кезде адам миының белсенділігі артып, ақпаратты қабылдау деңгейі жақсарады.
3.  Ораза мұсылманға жүйелік пен тәртіпті үйретеді. Өйткені ауыз бекіту мен ауыз ашу белгілі уақытқа бағынады. Әр жылдың рамазан айында әр мұсылман әлемнің түкпір – түкпіріндегі мұсылмандардың бір жүйені ұстанатынын, олардың бір дене екенін сезеді. 
4.  Ораза мұсылманды айналасындағы аш адамдардың күйіне енгізіп, мұсылманның бойына мейірімділік, жанашырлық, бауырмашылық секілді сезімдерді оятып, пақырларға, жетімдерге және жесірлерге қарайласуға итереді.  
5. Ауыз бекіту – ас қорыту жүйесінің дем алуына мүмкіндік береді. Дегенмен адам организімі өзінің табиғи функцияларын атқарады және тамақ қорытуға арналған сөл әдеттегіден аз мөлшерден бөлінгенімен сөл бөлу процессі қалыпты жағдайда өз қызметін атқара береді. Бұл адамның сөл бөлу жүйесін жақсартып, бір қалыпқа түсіреді. 
6.  Ораза мұсылманның ағзаларындағы артық және улы нәрселерді қуып шығарып, жаңартады және асқазанына демалыс береді. Әбу һурайра (р.а.) Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Ораза ұстаңдар – сау боласыңдар!», - деп айтқанын жеткізген. 
Қазіргі кезде тағам өнімдерін ұзақ мерзімге сақтау үшін құрамына химиялық қоспалар қосылатынын баршамыз білеміз. Бұл өнімдер адам асқазанына түскен кезде улы заттарға айналып денедегі майдың ішіне сақталып қалады. Адам ұзақ уақыт тамақтан тыйылуы әлгі майдағы улы заттардың еруіне әкеледі. Оған қоса адам организімін улы заттардан қорғауға жауапты бүйрек, бауыр сияқты ағзаларға өз фунцияларын атқаруға көмектеседі. Сондай-ақ ауыз бекіту кезінде дұрыс тамақтанып, артық тағамнан бас тартатын болса бұл организмның иммунитетін күшейтеді. 
7. Ораза – адам организміндегі қажетінен артық және ескі жасушаларды жоюшы қызметін атқарады. Оразаның тәртібі бойынша адам жылына бір ай толығымен ауыз бекітеді. Күніне кем дегенде 14 сағат жеп-ішуден тыйылып, одан кейін бірнеше сағатқа ауызын ашып әл жинап алу қажет. Бұл – адам ағзасындағы жасуларды жандандырып, керек еместерін жою процессіне қажет уақытқа дәлме-дәл келеді. Адам қарны ашқан кезде әлсіз жасушалар өздігінен жойылып, аштыққа қарсы тұру үшін адамның ішкі организмдері белсенділікпен жұмыс істейді. Осы сәтте адам ағзаларының белсенділігі артып, өміршеңдігі күшейе түседі. Сондай-ақ ораза адам организімін тас, артық ет, май мөлшері сияқты зиянды заттардан арылтады.
8. Ораза – сондай-ақ нәпсімен күресу. Адамның табиғатына сай жағымсыз қасиеттердің ең зияндылары – қарын тойдыру мен жыныстық құмарлықтары. Ораза мұсылманға ең алдымен, осы екеуімен күресуге дағдыландырады. Әсіресе, жастардың жыныстық сезімдерінде сабырлылық орнайды. Бұл жастардың жүйкелік және физикалық қажуын тоқтатып, оларды тәртіптен ауытқызбайды. 
9. Бір ай бойы нәпсісімен күресіп үйренген мұсылман бұл күрестің салиқалы дүниесі мен бақытты ақиреті үшін маңыздылығын түсініп, бірте-бірте нәпсісін толық билеуге ұмтылады. Рамазан айының оразасы мұсылманды осы күресті нығайтуға жетелейді. Күрестің алдында нәпсісі оның билеушісі болған болса, енді, әрине, оразаның талаптарына  сабырлық танытса, ол нәпсісі мен құмарының әміршісіне айналады.

10. Құмарлық күші үздіксіз тәрбиені қажет етеді. Сол себептен рамазан оразасының бір айға созылуы тәрбиенің үздіксіз жалғасуын білдіреді. Оразаның нәтижесінде мұсылманның жамандыққа бұйырушы нәпсісі басылып, тыйылады және жуасиды. Сондай-ақ көру, есту, сөйлеу мүшелеріне жаман әсері тоқтайды. 

Алла баршамыздың тұтқан оразаларымызды қабыл етсін, Рамазан айы мүбарак болсын!

 

Түрксіб ауданының бас имамы 

Ержан Абдыраманов


 
 
[1] Бақара сүресі, 183-аят.
[2] Әл-жамиғ әс-Сахих  Әл-Бұхари

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
САХАБАЛАР ОРАЗАСЫ СӘРЕСІ ТУРАЛЫ ҮЗІК СЫР

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан СӘРЕСІ ТУРАЛЫ ҮЗІК СЫР
Сәресінің уақыты таң намазы уақыты кірместен 10-15 минут алдын аяқталады. Шариғатымызда сәресі ішу мандуб-мустахаб (ерікті-жақсы көрілген) амал. Сәресі ішуді соңғы уақытына дейін кешіктіру, ал ауыз ашуды уақыты кірген бойдан кешіктірмей ашуда мустахаб амалдарға жатады....
Рамазан ҚҰРАН МЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ
Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы, сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай жасаған иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Басқа уақытпен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да осы – Рамазан. Осы қ...
Рамазан РАМАЗАН - ҚҰРАН АЙЫ
Рамазан – Құран мен қайырымдылық айы. Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ең жомарты еді. Рамазанда Жәбірейіл періштемен кездескенде ерекше жомарт болатын. Рамазанның әр кешінде Жәбірейілмен кездесіп, Құран оқитын. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты ме...
Рамазан ТАРАУИХ НАМАЗЫ
Араб тіліндегі «тарауих» сөзінің қазақ тіліндегі мағынасы: «дем алдыру», «тынығу», «үзіліс беру» деген ұғымдарды білдіреді. Шариғат терминінде рамазан айында құптан намазы мен үтір уәжіп намазы арасында сүннет болып белгіленген намазды тарауих намазы дейді....
Рамазан АУЫЗАШАР ӘДЕБІ
Ауызашар берудің сауабы мен әдебі айлардың сұлтаны Рамазан айында Алла Тағаланың пенделеріне нәсіп еткен шексіз мейірімінің бір айғағы.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 05:22

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi