ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ САУАБЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ САУАБЫ

| A | +

 الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Ислам шариғатында бес негіздің бірі намаз құлшылығы. Намаз кәмелетке толған барша ер мен әйелге парыз болғанымен, орындалуы міндет болмаған намаздар да бар. Оларды шариғи тілмен нәпіл намаздар деп атайды. Бұл намаздарды оқыған адам көп сауапқа кенелсе, орындамаған кісіге күнә тағылмайды.

Ол нәпіл намаздардың өзіндік деңгейлері мен ерекшеліктері бар. Соның бірі түнде оқылатын таһажжуд намазы.«Таһажжуд» сөзі араб тілінде «ұйқыдан тұру, ояну» немесе «ұйқыны бұзу» деген мағыналарды берсе, шариғаттағы терминдік мағынасы: Құптан намазынан кейін ұйықтап, түннің үштен екінші бөлігінде тұрып, намаз оқу дегенді білдіреді.Алла Тағала қасиетті Құранның «Инсан» сүресі, 26-аятында:

وَمِنَ ٱلَّيْلِ فَٱسْجُدْ لَهُۥ وَسَبِّحْهُ لَيْلًا طَوِيلًا

«Сондай-ақ түннің бір бөлігінде Оған сәжде ет және түнде ұзақ уақыт Оны дәріпте», – деп айтқан.

Әсіресе, қасиетті Рамазан айының күндізін ораза, түндерін намаз оқып, құлшылықпен өткізудің сауабы өте үлкен. Ардақты Пайғамбарымыз (оғанАлланыңсалауаты мен сәлеміболсын):

مَنْ قَامَ رَمَضَانَ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا، غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ

«Рамазан айында шынайы сеніммен әрі ықыласпен түнді намаз оқып өткізген адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі», – деген. Мұқағали ақынның:

Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған,

(Ұйықтасын сапарларын тамамдаған).

Алдымда сапар жолы тарам-тарам,

Ұйықтасам, барлығынан қараң қалам, – деп айтқанындай, бұл айдың күндізінде ораза ұстаумен қатар, түнде атқарылатын құлшылықтардың да сауабын жіберіп алмауымыз қажет.

Парыз етілген намаздардан бөлек, түнгі намазды оқуға ұқыптылық танытуы үшін мұсылман адам түнгі намаздың мынадай артықшылықтарын білуі қажет. 

 

Бірінші: Түнгі намаз оқу– ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұйырылған ең алғашқы әмір.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Мүзаммил» сүресінің алғашқы аяттарында ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

قُمِ اللَّيْلَ إِلاَّ قَلِيلاًنِصْفَهُ أَوِ انقُصْ مِنْهُ قَلِيلاًأَوْ زِدْ عَلَيْهِ وَرَتِّلِ الْقُرْآنَ تَرْتِيلاً

«Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта. Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт. Не оған біраз қос», – деп бұйырған. Ғалымдарымыз арнайы себеп болған жағдайларды айтпағанда, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеден озғанша түнгі намазды тастамағандығын айтқан.

Себебі, таһажжуд намазы – ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) міндет болып бекіген құлшылық. Бұл туралы Алла Тағала қасиетті Құранның«Исра» сүресі, 79-аятында Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

وَمِنَ اللَّيْلِ فَتَهَجَّدْ بِهِ نَافِلَةًلَّكَ عَسَىٰ أَن يَبْعَثَكَ رَبُّكَ مَقَامًا مَّحْمُودًا

«Түннен оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі», – деп бұйырған. Тәпсір ғалымдары аталған аяттардың тікелей Алла елшісіне бұйрық райда нәзіл болуына байланысты, таһажжуд намазын ардақтыПайғамбарымыз үшін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) міндет болған құлшылық деп есептейді.

 

Қисса

Бірде Ата есімдітабиғин  Хазіреті Айша анамыздан былай деп сұрайды: «Алла Елшісінің ерекше бір жағдайынайтып бересіз бе?» Сонда Хазіреті Айша: «Оның ерекше болмаған халі бар ма? Бірде түнде бөлмеме келді. Аздан кейін маған қарап: «Бүгін маған рұқсат бер, Раббыма құлшылық етейін?» – деді. Дәрет алып, намазға тұрды. Ол қиямда (түрегеп) тұрып көп жылады. Жанарынан аққан көз жасы көкірегіне сорғалап жатты. Рүкүғке барғаннан кейін де ұзақ тұрып, егіле жылады. Сәждеге барған кезде де халі солай болды. Алла Елшісінің көз жасы Біләлдің таң намазына хабар берген азан даусына дейін толастамады. Сонда мен: «Пайғамбарым! Алла Тағала сенің барлық күнәларыңды кешіре тұра, сен неге осыншама жылайсың? – деп едім, ол: «Шүкір еткен құл болмайын ба? Қалай ғана жыламаймын. Алла осы түні маған:«Шексіз көктер мен жердің жаратылуында және түн мен күннің өзгеріп, кезектесіп алмасуында ақыл-ой иелері үшін дәлелдер бар...», – делінген аяттарды түсірді.Осы аяттарды оқып, терең ойға батпаған адамның жағдайы  неткен өкінішті!» –деді».

 

Екінші: Түнгі намаз оқу – сауабы мол амал.

Түнде тұрып намаз оқу нәпсіге ауырлық туғызатындықтан, нәпсісін жалқаулықтан тыйып, Жаратушысының разылығы үшін деп сол уақытта құлшылық жасау – сауабы шексіз болатын құлшылыққа жатады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Сәжде» сүресі, 16-17-аяттарында:

تَتَجَافَىٰ جُنُوبُهُمْ عَنِ الْمَضَاجِعِ يَدْعُونَ رَبَّهُمْ خَوْفًا وَطَمَعًا وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنفِقُونَ  فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَّا أُخْفِيَ لَهُم مِّن قُرَّةِ أَعْيُنٍ جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ

«Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, (түнде ұйқыдан тұрып) Раббыларынан қорқа-дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. Жасаған жақсы істеріне орай (Құдай иелігінде) сақталған, оларды қуантатын зор сыйлықбарын ешкім білмейді»,– деп айтқан. Кейбір ғалымдар аяттағы «...оларды қуантатын зор сыйлықбарын ешкім білмейді», – делінуінің сырын, түнгі намаз көбіне өзге адамдардың көзінен таса, жасырын оқылатындықтан, оларға қияметте берілетін зор сыйлық та өзгелерден жасырын түрде берілетіндігін айтқан.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

إِنَّ فِي الْجَنَّةِ غُرَفًا، يُرَى ظَاهِرُهَا مِنْ بَاطِنِهَا، وَبَاطِنُهَا مِنْ ظَاهِرِهَا أَعَدَّهَا اللَّهُ لِمَنْ أَلَانَ الْكَلَامَ، وَأَطْعَمَ الطَّعَامَ، وَتَابَعَ الصِّيَامَ، وَصَلَّى بِاللَّيْلِ وَالنَّاسُ نِيَام

«Пейіште бөлмелер бар. Олардың ішінен сырты, сыртынан іші көрініп тұрады. Алла Тағала ол бөлмелерді сөзі жұмсаққа, адамдарды тамақтандыратынға, (қосымша нәпіл) оразасын ұстайтынға және түнде адамдар ұйықтап жатқанда тұрып намаз оқитын кісіге дайындап қойды», – деген (имам Бәйһақи).

 

Үшінші: Түнгі намаз оқу – тақуа жандардың сипаты.

Алла Тағала қасиетті Құранның көптеген аяттарында тақуа құлдардың сипаттары жөнінде баяндаған. Сондай тақуа жандардың бір сипаты олар түн ұйқысын бөліп, құлшылық жасайды. Алла Тағала қасиетті Құранның «Зәрият» сүресі, 15-17-аяттарында:

إِنَّ الْمُتَّقِينَ فِي جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ  آخِذِينَ مَا آتَاهُمْ رَبُّهُمْ إِنَّهُمْ كَانُوا قَبْلَ ذَلِكَ مُحْسِنِينَ  كَانُوا قَلِيلاً مِنَ اللَّيْلِ مَا يَهْجَعُونَ

«Расында тақуалар бақшаларда, бұлақтарда болады. Олар өздеріне Раббыларының бергенін алады. Өйткені олар бұдан бұрын ізгілік істеушілерден болды. Олартүнде аз ғанаұйықтайтынеді», – деп айтқан.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

عَلَيْكُمْ بِقِيَامِ اللَّيْلِ فَإِنَّهُ دَأَبُ الصَّالِحِينَ قَبْلَكُمْ ، وَهُوَ قُرْبَةٌ لَكُمْ إِلَى رَبِّكُمْ ، وَمَكْفَرَةٌ لِلسَّيِّئَاتِ ، وَمَنْهَاةٌ عَنِ الْإِثْمِ

«Түнгі намазға аса маңыз беріңдер. Оны сендерден алдыңғы өткен ізгі кісілер үнемі орындап жүретін. Түнгі намаз – Жаратушыларыңа жақындатады, жамандықтарыңды өшіреді және күнәлі істерге баруға тосқауыл болады», – деген.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

نِعْمَ الرَّجُلُ عَبْدُ اللهِ، لَوْ كَانَ يُصَلِّيمِنَاللَّيلِ

«Абдулла қандай жақсы адам, егер ол түнгі құлшылыққа тұрса, тіпті жақсы болар еді», – деп, Абдулла ибн Омарды меңзеген. Осыдан кейін Абдулла түнде өте аз ұйықтап, оның көп бөлігін құлшылықпен өткізетін болған.

Өзінің тақуалығымен танылған ізгі жандардың барлығы да осылайша түнгі намазға деген үлкен ұқыптылықпен қарайтын еді. Мысалы, имам Әбу Ханифаны (Алла оны рақымына алсын) түндері тапжылмай қиямда ұзақ тұратындықтан, адамдар оған «Діңгек» деп ат қойған екен.

Әбу Сулайман (Алла оны рақымына алсын): «Егер түнгі құлшылық болмағанда бұл дүниеде қалуды еш ұнатпаған болар едім» десе, Мухаммад ибн әл-Мункадир (Алла оны рақымына алсын): «Дүниеде үш нәрседен басқадан еш лаззат таппадым. Олар: түнгі құлшылық, дін жолында бауырларыммен жүздесу және  жамағат намазы», –деген екен.

 

Қисса

Әшәб ибн Абдулазиз Имам Малик(Алла оны рақымына алсын) туралы былай дейді: «Бірде ел жатқан уақытта сыртқа шықтым. Малик ибн Әнәстің үйінің жанынан өтіп бара жатып, оның намаз оқып жатқанын байқап қалдым. «Фатиханы» оқып болған соң, «Тәкәсүр» сүресін оқи бастады. Сүредегі: «Сол күні берілген ырыс-береке мен несібелерден сөзсіз сұраласыңдар», – делінген аятқа жеткен кезде ол солқылдап, жылай бастады. Әлгі аятты қайта-қайта қайталап жылай берді. Мен баратын жеріме де бармай, көз алмай тыңдап тұрып қалдым. Осылайша ол таң намазына дейін жылады. Шапақ атқанда ғана, рүкүғке барып, намазын бітірді. Мен де үйге барып, дәрет алып, таң намазын оқу үшін мешітке бардым.Кейіннен күн шығып, айнала жарыққа толып, оның айналасына ілім алқасы жиналды. Мен жақындап барып қарағанымда, оның жүзінен нұр шашылып тұрды. Сол кезде мен «Түнгі намазы көп болғанның күндіз жүзі нұрлы болады», –деген хадисті есіме алдым».

 

Қадірменді жамағат!

Нәпіл құлшылықтар біздерді Жаратушымыздың сүйіспеншілігіне жетелейді. Сол нәпіл амалдардың ішіндегі ең абзалы – түнгі намаз. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

نِعْمَ الرَّجُلُ عَبْدُ اللهِ، لَوْ كَانَ يُصَلِّي مِنَ اللَّيلِ

«Парыз амалдардан кейінгі ең абзал намазы – түнгі намаз», – деген (имам Мүслим).

Ендеше, әсіресе осы қасиетті Рамазан айында күндізгі оразамен қатар, түндерімізді де тағат-құлшылықпен өткізуге тырысайық.

Алла Тағала ұстаған оразаларымызды, тілеп жатқан дұғаларымызды қабыл етіп, бұл Рамазаннан келесі Рамазанға баршаларымызды амандықта жеткізгей!

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
СӘРЕСІ ТУРАЛЫ ҮЗІК СЫР ШАШТЫ ТРАНСПЛАНТТАУ ЖАЙЛЫ ШАРИҒАТ НЕ ДЕЙДІ?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан ҚҰРАН МЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ
Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы, сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай жасаған иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Басқа уақытпен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да осы – Рамазан. Осы қ...
Рамазан РАМАЗАН - ҚҰРАН АЙЫ
Рамазан – Құран мен қайырымдылық айы. Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ең жомарты еді. Рамазанда Жәбірейіл періштемен кездескенде ерекше жомарт болатын. Рамазанның әр кешінде Жәбірейілмен кездесіп, Құран оқитын. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты ме...
Рамазан ТАРАУИХ НАМАЗЫ
Араб тіліндегі «тарауих» сөзінің қазақ тіліндегі мағынасы: «дем алдыру», «тынығу», «үзіліс беру» деген ұғымдарды білдіреді. Шариғат терминінде рамазан айында құптан намазы мен үтір уәжіп намазы арасында сүннет болып белгіленген намазды тарауих намазы дейді....
Рамазан АУЫЗАШАР ӘДЕБІ
Ауызашар берудің сауабы мен әдебі айлардың сұлтаны Рамазан айында Алла Тағаланың пенделеріне нәсіп еткен шексіз мейірімінің бір айғағы.
Рамазан ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ
Рамазан - Алла Тағала тарапынан бүкіл адамзатқа тура жол ретінде Құран түсірілген ұлы ай. Құранда: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, бекем тұтынатын жолбасшы, ақ пен қараны айырушы ретінде Құран түсірілген ай [1]»...
Рамазан РАМАЗАН - БЕРЕКЕТ ПЕН МҮМКІНДІК АЙЫ
Осыдан 15 ғасыр бұрын мубарәк рамазан айының жақындап қалған күндерінің бірінде. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құтпа оқып, сөздерін былай бастаған еді: «Уа, мұсылмандар! Ұлы әрі мүбарәк болған бір айдың көлеңкесі үстеріңізге түсіп тұр»....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 02:42

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi