САХАБАЛАР ОРАЗАСЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

САХАБАЛАР ОРАЗАСЫ

| A | +

Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айы – нәпсіні тәрбиелеп, рухты тазартып, тақуалықтың жаңа сатысына көтерілетін – ай.  Ораза - құрметті құлшылық. Құл мен Раббысы арасындағы – сыр.  Себебі бұл айда рия араласпайды. Сол себепті де Алла Тағала «Адам баласының тек оразадан басқа амалының барлығы өзі үшін. Ал, ораза –  Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін” деген.

Бұл айда  ізгі амалдардың сауабы екі еселенеді. Бірақ осындай сауабы мол, жақсылықта жарысатын Ұлық айды және ондағы оразаны өз дәрежесінде атқарып жүрміз бе?
Бұл сұраққа жауап алу үшін Құранды негізгі қайнар етіп, Алла Елшісін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) іс жүзінде үлгі еткен, Құранда Алланың мақтауына ие болған ақиық саңлақ сахабалардың оразасына және олар өткізген Рамазан айына үңілсек.


Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):  “Менің сахабаларым көктегі жұлдыз секілді. Қайсысына ерсеңіз де тура жолды табасыз”, - дей келе жан серіктерінің өздерінен кейінгі ұрпақтар үшін қай жағынан алсақ та үлгі-өнеге екенін білдірген. Ұлы тәлімгер екі дүние Сардарының (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мектебінен тағылым алған саңлақ сахабалар Рамазан айының қадір қасиетін, абзалдығын тереңінен ұғынып, қандай жағдай болмасын, ыстық күндердегі 30 күн оразаны тұтуда, намаздарын кемеліне келтіріп оқуда, Алланың кәламы Қасиетті Құранды хатым етіп, оған сай амал етуде ықтияттылық танытқан жандар. 


Ораза құлшылығы мұсылмандарға һижреттің 2ші жылы Мәдина қаласында парыз етілді. Алғашқы оразалары мұсылмандардың басына түскен, “ақ пен қараны ажыратқан күн”, яғни, Бәдір соғысымен өткен болатын. Бұл күресте екі ғана атты әскері бар, 313 адамнан тұратын батыл да, батыр сахабалар өздерінен сан жағынан үш есе көп Мекке мүшіріктеріне Алланың жәрдемімен төтеп берді. Осы соғыс кезінде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) екі қолын барынша көкке созып, егер осы аз ғана мұсылман қырылатын болса, дінді жаятын ешкім қалмайтынын айтып, жалбарынған болатын. Әз Пайғамбардың бұл дұғасынан аптап ыстықта аузы берік жандардың қандай сынаққа тап болғанын көре аламыз. Ұлы Раббы ең ауыр күндерде діні үшін күрескендердің күнәларын кешіріп, екі дүниеде де дәрежелерін көтерді.
Кейінгі бірнеше Рамазан айларында жанкешті сахабалар осы секілді дін жолындағы ұлы соғыстарға дайындық үстінде өткізген болатын. Жорықта жүрсе де құлшылықтарына немқұрайлылық танытпастан, әсіресе Рамазан айында бар жан-тәнімен ғибадаттарына берік болған үмбеттің озаттары, әрине, біз үшін керемет үлгі.


Өз қара бастарынан гөрі кісі ақысын жоғары қойған қадірлі сахабалар  Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ораза ұстаушының аузын аштырса, ораза ұстаған адамның сауабындай сауап алады» деген хадисіне жарыса амал етіп, өзге ораза ұстаушылардың ауыздарын аштыруға тырысқан. Кейде кедей-кепшіктер тіске басар сұрай келсе, қолдарындағы барын беріп, өздері аш қалған. Тіпті кейбір сахабалардың бірнеше күн қатарынан сәресін ішпестен ораза тұтқан кездері болған екен.
 Ибн Омардың (р.а.) таңғажайып шарттарының бірі – Рамазанда оразасын кедейлерден басқалармен ашпайтындығы және ол мұны тұрақты түрде сақтауы болды. Егер ауыз ашар уақытында оған бір қайыршы келсе, ол тамақтан өз үлесін алып, қайыршыға беріп, ыдыста қалған асты отбасына ұсынған. Ал өзі нәр тартпаған хәлде оразасын жалғастырған. Ибн Омардың (р.а) бұл мінез-құлқы тек оған ғана тән емес еді. Бұл Рамазандағы сахабалар мен олардың ізбасарларына да тән қасиет еді.


Рамазан  Құран айы болғандықтан, сахабалар Алланың кәламын әсерлене оқып, түпкі мағынасына үңіліп, соған сай амал етуде де ыждаһаттылық танытатын. Үмбеттің озаттары Құранды бұл қасиетті айда он күнде, кейде әр жеті сайын немесе үш күнде бір хатым ететін. Тіпті, олардың кейбіреулері Құранды бір күнде хатым етіп отыратын. Соның бірі -  ұлы сахаба, үшінші тура жолдағы халифа Осман бин Аффан (р.а.) еді.
Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Рамазанда сеніп және сауабын ойлап тарауих намазын оқығанның өткен күнәлары кешіріледі», - деген сөзі бар. Және «Алла Тағала сендерге Рамазан оразасын парыз, түндерін ғибадатпен өткізуді сүннет етті»  деген хадистеріне амал ете отырып, өнегелі сахабалар түнгі құлшылықтары мен тарауих намаздарын да қалдырған емес.


Қорыта айтсақ, “Жол көрсететін жұлдыз іздесең - Сахабаларды өнеге қыл!” демекші, Хасан әл-Басри деген табиғин айтады: 
«Кімде кім еліктейтін өнеге іздейтін болса, Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына еліктесін. Өйткені олар - жүректері ең таза адамдар еді. Білімдері ең терең адамдар - солар еді. Оларда ешқандай жасандылық, рия жоқ еді. Таза Алланың ризашылығы үшін істеген. Жолдары түзу еді. Мінездері ең жақсы еді. Ішкі дүниелері ең таза еді. Алла Тағала соларды таңдады, Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың салауты мен сәлемі болсын) қасына сахабалары ету үшін. Солар арқылы дінді көтерді. Солардың артықшылықтарын ешқашан ұмытпаңдар. Солардың ізіне ілесіңдер. Олар – нағыз тура жолдағылар», – дейді


Міне, біздің өнегеміз! Олар ешқашан ескірмейтін өнеге. Ешбір заманның технологиясы да, модасы да өзгерте алмайтын өнеге. Рамазан айында қандай қиыншылық болмасын сылтауратуға келмейтінін ұғынуға болады.

 

"Бақыткелді" мешітінің бас имамы

Қаңлыбаев Бауыржан

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ЖАРАПАЗАН ЖЫРЫ ОРАЗАНЫҢ ОН ТҮРЛІ ПАЙДАСЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан ОРАЗАНЫҢ ОН ТҮРЛІ ПАЙДАСЫ
Ораза дегеніміз, біріншіден - Алла Тағалаға бойсұну. Ораза мұсылманның бойына бұйрықты орындатып, тыйымынан қайтаратын тақуалықты егеді. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ей иман келтіргендер,  алдарыңда өткен қауымдарға парыз етілгендей сендерге де ораза парыз етілді. Мүмкін, тақуа боларсыңдар»,- деген. ...
Рамазан СӘРЕСІ ТУРАЛЫ ҮЗІК СЫР
Сәресінің уақыты таң намазы уақыты кірместен 10-15 минут алдын аяқталады. Шариғатымызда сәресі ішу мандуб-мустахаб (ерікті-жақсы көрілген) амал. Сәресі ішуді соңғы уақытына дейін кешіктіру, ал ауыз ашуды уақыты кірген бойдан кешіктірмей ашуда мустахаб амалдарға жатады....
Рамазан ҚҰРАН МЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ
Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы, сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай жасаған иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Басқа уақытпен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да осы – Рамазан. Осы қ...
Рамазан РАМАЗАН - ҚҰРАН АЙЫ
Рамазан – Құран мен қайырымдылық айы. Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ең жомарты еді. Рамазанда Жәбірейіл періштемен кездескенде ерекше жомарт болатын. Рамазанның әр кешінде Жәбірейілмен кездесіп, Құран оқитын. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты ме...
Рамазан ТАРАУИХ НАМАЗЫ
Араб тіліндегі «тарауих» сөзінің қазақ тіліндегі мағынасы: «дем алдыру», «тынығу», «үзіліс беру» деген ұғымдарды білдіреді. Шариғат терминінде рамазан айында құптан намазы мен үтір уәжіп намазы арасында сүннет болып белгіленген намазды тарауих намазы дейді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 01:37

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi