ЗЕКЕТТІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ПАЙДАСЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:15
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:48 06:03 12:04 16:12 18:00 19:15
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
14 Рамазан 1446
Миләди
14 наурыз 2025

Мақалалар

ЗЕКЕТТІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ПАЙДАСЫ

| A | +

 الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

 

Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауат пен сәлем болсын!  

Зекет – Ислам дінінің негізгі бес тірегінің бірі. Зекет тілдік тұрғыда: «тазару, өсу, өну, арту және береке» деген мағыналарды білдіреді. Ал шариғатымызда зекет деп – нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылман кісінің Алла разылығы үшін байлығының бір бөлігін жылына бір рет Құранда көрсетілген топтағы адамдарға беруді айтады.

Алла Тағала Қасиетті Құранның көптеген аяттарына зекетті намаз құлшылғымен бірге бұйырған. Қасиетті Құрандағы «Бақара» сүресінің 110-аятында:

وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ وَمَا تُقَدِّمُوا لِأَنْفُسِكُمْ مِنْ خَيْرٍ تَجِدُوهُ عِنْدَ اللَّهِ إِنَّ اللَّهَ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ

«Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар және зекетті толық беріңдер. Дүниеде өздерің үшін (Алланың разылығына бөлену мақсатында) қандай да бір жақсылық  жасап, (ақыретке) жолдасаңдар, Алланың құзырына барғанда міндетті түрде алдарыңнан шығады. Шүбәсіз, Алла сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңнің бәрін көруде», – деп айтылған.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) зекетті бес парыздың ішінде атап:

بُنِيَ الإِسْلامُ عَلَى خَمْسٍ : شَهَادَةِ أَنْ لا إِلَهَ إِلا اللَّهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، وَإِقَامِ الصَّلاةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَصَوْمِ شَهْرِ رَمَضَانَ، وَحَجِّ الْبَيْتِ

«Ислам бес нәрсеге құрылған: Алладан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Оның Елшісі екендігіне куәлік беру, намазды орындау, зекет беру, рамазан оразасын ұстау, шамасы келген кісіге Алланың үйіне қажылық ету», – деген.

Бұған қатысты Хакім Абай:

Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс... – деп, мұсылман адам бес парызын толығымен орындау керектігін айтқан. 

Зекет – адамдардың жанын тазартуда, мінез-құлықтарын жақсартуда ерекше бір әсері бар құлшылық. Ол – қоғамдағы түрлі дерттерге, қарым-қатынастардағы салқын қабақтылыққа қарсы таптырмас дауа. Ол – үмбеттің ішкі байланыстарын нығайта түсетін берік жіп. Зекеттің қоғамға және адамдарға, сонымен қатар зекет берушіге қатысты пайдалары да мол.  

 

Бірінші: зекет адам нәпсісін менмендіктен тазартады

Қолында бар дүниені өзгеге беру адам нәпсісіне өте ауыр келетін іс екені белгілі. Алайда Алла Тағалаға иман келтіріп, екі дүние бақытын қалаған адам қалайда бойындағы жаман мінездерін тастап, жүрегіндегі рухани дерттерін емдеуі қажет. Адам баласының осындай арылуы керек болған сипаттардың бірі – сараңдық. Шәкәрім бабамыз: «Құдай Тағаланың пақырлар үшін жүз қойдан бір қой зекет бізге осынша ауыр көрінгені қалай? Тегінде байқасаңыз бізге көрінбей тұрса да бізді теріс жолға қызықтырып, оң жолдан жиіркендіріп тұрған бір нәрсе бар емес пе? Сол шайтан деген жауыңыз. Не қылсаңыз соған алдатпа», – деп сараңдықтың шайтан мен нәпсіден екендігін айтқан. Ал шайтанның азғыруына ермей, сараңдық дертін емдеудің бірден-бір жолы – Алла жолында мал дүниенің белгілі бір мөлшерін сарп етіп үйрену. Алла Тағала қасиетті Құранда:

وَمَن يُوقَ شُحَّ نَفْسِهِ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ

«Кім өзінің сараңдығынан құтылса, міне, солар – табысқа жеткендер», – деп айтқан («Хашр» сүресі, 9-аят).

Зекет пен садақа – оны берушінің де, алушының да нәпсісін тазартады. Ауқатты адам қолында барын Алла жолында жұмсау арқылы жүрегіндегі сараңдықты жойса, мұқтаж адам оны алу арқылы дүниесі бар адамға деген көреалмаушылық, қызғаныш, жек көру сияқты дерттерден арылады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресі, 103-ші аятта:

خُذْ مِنْ أَمْوَالِهِمْ صَدَقَةً تُطَهِّرُهُمْ وَتُزَكِّيهِم بِهَا

«Олардың дүние-мүлкінен (малдары көбейіп, берекет табуы үшін) зекет, садақа ал. Сол арқылы тазартып, күнәларынан арылт», – деген.

Қаблиса жырау бабамыз да:
Әй, мұсылман жарандар,
Малыңнан зекет беріңіз.
Бірлігін Хақтың біліңіз.
Хақ жолымен жүріңіз,
Пәк болады дініңіз, 
– деп, зекеттің адамның руханиятын тазартатынын айтқан.

 

Қисса

Бірде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзін қоршай отырған сахабаларға: «Зекет – қолдағы мал мен байлықтың қорғаушысы», – дейді. Дәл сол мезетте өзге дін өкілінен болған саудагер де айтылғандарға құлақ салып отырады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзін айтып бітер-бітпестен әлгі саудагер барған бойы малының зекетін береді. Сол уақытта саудагердің досы Мысырға саудамен жол тартқан болатын. Екеуі бірге сауда жасайтын. Ол кездерде сауда үлкен керуенмен жасалатындықтан жол бойы қарақшылар қармағына түсу қаупі де жоқ емес-тін. Әлгі өзге дін өкілінен болған саудагер ішінен былай деп ойлайды: «Егер Мұхаммедтің айтқаны рас болса, мен берген зекеттен досым қарақшылар құрығынан аман есен келеді, онда мен де мұсылмандықты қабылдаймын. Ал егер Мұхаммед жалған айтып жұртты алдаған болса, онда мен де қылышымды алып Мұхаммедтің сазайын беремін».

Бір уақытта жолдағы керуеннен хат келеді. Хаттың бас жағын оқи сала саудагер бірден қылышына қол жүгіріп, жолға жиналмақ болады. Бірақ артынша досының «Керуеннің алдыңғы жағына қарақшылар шабуыл жасап, бар мал-байлықты ту-талапай жасағанда, мен керуеннің соңында едім. Маған ештеңе болған жоқ. Бар мал-байлығымыздың еш шашусыз аман-есен келе жатқан жайы бар. Алаң болма! Жақында барып қаламын», – деген сәлемдемесін алады. Бұдан кейін пайғамбардың ақиқат сөйлеп, рас айтқанына саудагердің зәредей шүбәсі қалмайды. Дереу Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі) алдына тізе бүккен күйі: «Уа, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)! Маған исламды түсіндіріңіз, иманға келейін», – дейді. Осылайша исламды қабылдап, мұсылман болады.     

 

Екінші: зекет арқылы адамдар арасында сүйіспеншілік орнайды

Зекет беру арқылы мұқтаж адам мен ауқатты адамның арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілік артады. Осыны терең түсінген халқымыз «Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін, бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін», «Қайырсыз адам – сараң, құм ішінде шөлмен тең, қайыры мол адам – суаты шалқар көлмен тең»,  – деп, ауқатты адамдарды мал-дүниесі арқылы қоғамға пайда тигізуге шақырған. Өзгелер үшін қолындағы барын аямай, жомарттық таныта білген ауқатты адамдардың халық дәрежесін көтеріп, «Атымтай жомарт», «Ақ пейіл жан» деген түрлі атаулармен атайтын болған. Абай Хакім де өзінің әкесі Құнанбай қажыны:

Мұсылманға қоймаған,

Орынсыз жанжал шатақты.

Зекет жиып, егін сап,

Тойдырған ғаріп, жатақты, – деп сипаттаған.

Ахат Шәкәрімұлы да өз естелігінде Құнанбай қажы жайында: «Бұрын зекет беруді білмейтін байларға малынан зекет беруді орындатып, оларды нағыз нашар, кемтар, жетім-жесірлерге бергізген», – деп жазған.

Зекет пен садақаның қоғамда осындай үлкен маңызды орны болғандықтан бұрынғы ақсақалдарымыз, зиялы қауым өкілдері оны әрдайым насихаттап отыратын болған. Мысалы, Ыбырай Алтынсарин бабамыз: «Біреудің еңбегі дүниеде пайда болып табылып, бай болады. Біреудегі пайда бола алмай жарлы болады. Соның үшін де пақыр, міскіндерге байлардан Құдай Тағала зекет, хайыр-садақалар бұйырды. Бірақ осындай рахымды болуды Құдай Тағала сүйемін һәм ақыретте бұл қайырларының орнына жұмақ бұйырып, мәңгі рахатта қалдырамын деп уағда етті. Егер дүниедегі малды Құдай бергеніне түсінбей, жалғыз өз малым деп, бар зекет-хайырдан тоқталған адамдар, яғни өзі қолынан келіп тұрғанда бөтенге хайыр етуді білмеген адам өзгеден һәм хайыр үміт етпесе керек», – деген.

 

Үшінші: зекет беру арқылы мал-дүниеге береке кіреді

Алла жолында мал сарп етушінің мал-дүниесі кемімейді. Керісінше, оған береке кіріп, молая түседі. Себебі мұқтаж жандарға зекет беру мал-мүлік берген Жаратушыға шүкірлік етудің көрінісі болып табылады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 261-аятында:

مَّثَلُ الَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمْوَالَهُمْ فِي سَبِيلِ اللّهِ كَمَثَلِ حَبَّةٍ أَنبَتَتْ سَبْعَ سَنَابِلَ فِي كُلِّ سُنبُلَةٍ مِّئَةُ حَبَّةٍ وَاللّهُ يُضَاعِفُ لِمَن يَشَاء وَاللّهُ وَاسِعٌ عَلِيمٌ

«Алла жолында мал сарп қылғандардың  мысалы – жеті бірдей масақ шығарған, әр масағында жүз дәні бар дәнек тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Алла тым кең, әр нәрсені білуші».

Бұған қоса зекет мал-мүлікті арам көзден, көре алмаушыдан, ұрыдан, ит-құстан қорғап тұрады. Демек, осы уақытқа дейін зекетін берген пенделердің мал-мүлкі зекет беру салдарынан кемімейді. Керісінше зекет берушілердің мал-жаны берекеге кенеліп, арта түседі. Бұл орайда зекет берушінің мал-дүниесін құдықтың суымен салыстыруға болады. Құдықтың бетіндегі суды қанша алсақ та, астынан тағы да шығып, толып отыратындығы сияқты, мал-дүниесін Алла жолында жұмсаған адамның дүниесіне де осылайша береке кірмек. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:

مَا نَقَصَتْ صَدَقَةٌ مِنْ مَالٍ، وَمَا زَادَ اللَّهُ عَبْدًا بِعَفْوٍ إِلَّا عِزًّا، وَمَا تَوَاضَعَ أَحَدٌ للَّهِ إِلَّا رَفَعَهُ اللَّهُ

«Садақа ешбір малды кемітпейді. Алла біреуге кешірім жасаған пендесінің абыройын асырады. Кімде-кім Алла үшін кішіпейіл болса, Алла оның дәрежесін көтереді», – деген (имам Мүслим).

 

Төртінші: зекет – жәннатқа жетелейтін іс

Расында зекет беру тақуалардың сипаты және адам баласын жәннәтқа жетелейтін, жәннатқа кіруге себеп болатын іс. Алла Тағала қасиетті Құранда:

إِنَّ الْمُتَّقِينَ فِي جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ.  آخِذِينَ مَا آتَاهُمْ رَبُّهُمْ إِنَّهُمْ كَانُوا قَبْلَ ذَلِكَ مُحْسِنِينَ.  كَانُوا قَلِيلًا مِنَ اللَّيْلِ مَا يَهْجَعُونَ.  وَبِالْأَسْحَارِ هُمْ يَسْتَغْفِرُونَ. وَفِي أَمْوَالِهِمْ حَقٌّ لِلسَّائِلِ وَالْمَحْرُومِ

«Шүбәсіз, Аллаға лайықты түрде тағызым ететін тақуа жандар жұмақ бақшаларында, бастау-бұлақтардың басында болады. Раббыларының өздеріне берген сый-сияпатын қуана-қуана алумен болады. Өйткені олар кезінде игілікті істер істейтін ізгілікке құштар жандар болатын. Сондай-ақ олар түнде аз ұйықтайтын (Раббыларына көп құлшылық ететін). Сәресі уақытында Алладан кешірім тілейтін. Олар қолындағы байлықтарында қайыр-садақа тілеген пақыр-міскіндер мен  садақадан мақұрым қалған кедей-кепшіктердің де ақысы бар екенін ұмытпайды», ­– деген («Зарият» сүресі, 15-19-аяттар).

Ибн Араби аятта келген «хаққун» (حَقٌّ) сөзін «Зекет» деп түсіндірген. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

خَمْسٌ مَن جَاءَ بِهِنَّ مَعَ إِيمَانٍ دَخَلَ الجَنَّةَ: مَن حَافَظَ عَلَى الصَّلَوَاتِ الخَمْسِ: عَلَى وُضُوئِهِنَّ وَ رُكُوعِهِنَّ وَ سُجُودِهنَّ وَ مَوَاقِيتِهِنَّ، وَ صَامَ رَمَضَانَ، وَ حَجَّ الْبَيتَ إنِ اسْتَطَاعَ إِلَيهِ سَبِيلًا، وَ أَعْطَى الزَّكَاةَ طَيِّبَةً بِهَا نَفسُهُ

«Кімде-кім иман келтірген күйде мына бес нәрсемен келетін болса, ол онда жәннатқа кіреді. Олар: кім бес уақыт намазға, ондағы дәретіне, рукуғ, сәжделеріне және уақыттарына берік болса. Рамазан айында ораза ұстаса, шамаса келіп қажылық жасаса, Зекет беріп, нәпсісін онымен көркемдесе», ­– деген (имам Әбу Дәуід). Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл хадисте жәннатқа жетелейтін маңызды амалдарды баян еткен.

 

Құрметті жамағат!

Зекет қоғамға үлкен пайда әкелетін, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін, экономикалық теңдікті арттырып, рухани дамуды қолдайтын құлшылық болып табылады. Сондықтан зекеттің экономикалық және әлеуметтік пайдасы зор. Ол тек мұсылмандарға ғана емес, жалпы қоғам үшін маңызды болып табылады. Зекет арқылы байлықтың әділ бөлінуін қамтамасыз ету, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті азайту және қоғамның рухани тұрғыдан дамуына ықпал ету – зекеттің басты мақсаты. Әрбір мұсылман зекетті орындау арқылы қоғамға пайдасын тигізіп, өз бойындағы адамгершілік қасиеттерді жетілдіреді. Зекет адамды табандылыққа баулиды және байлықтың арттырады. Шайтан адам көңіліне: «Егер зекет берсең, өзің аш-жалаңаш қалып, қиналасың», – деп қорқыныш салады. Алайда Алла Тағала бұл туралы:

الشَّيْطَانُ يَعِدُكُمُ الْفَقْرَ وَ يَأْمُرُكُم بِالْفَحْشَاءِ ۖ  وَاللَّهُ يَعِدُكُم مَّغْفِرَةً مِّنْهُ وَفَضْلًا

«Шайтан кедейлікпен қорқытып, сендерге жаманшылық жасауды бұйырады. Ал Алла сендерге өз тарапынан кешірім мен кеңшілігін уәде етеді...», – деген («Бақара» сүресі, 268-аят). Ал Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

ما نَقَصَتْ صَدَقةٌ مِن مالٍ

«Садақа мал-дүниені кемітпейді», – деп (имам Мүслим), зекет берудің кедейлікке жол ашпайтынын білдірген.

Дініміз осылайша мұсылмандардың өзара байланысының нығаюына, қоғамда қамқорлықтың артуына ерекше мән береді. Мысалы, намаздың жамағатпен оқылуы адамдардың бір-бірін көріп қана қоймай, өзара тығыз араласуына ықпал етеді. Ораза ұстап, күні бойы ішіп-жеуден өзін тыйған адам, бүкіл болмысымен қарны аш, мұқтаж адамдардың жай-күйін сезініп, оларға жәрдемдесуге тырысады. Зекет-садақа беру арқылы да қоғамда адамдар арасында өзара құрмет пен сыйластық артады. Алла қалаған пендесінің ризық-несібесін мол етіп байытады, қалаған пендесінің ғұмырына кедейшілік береді. Кім осы сынақты сабырлығымен, табандылығымен еңсерген болса және дәулетіне шүкір етіп, ақысын өтесе, Құдай Тағала ол пендені ерекше сый-сияпаттармен марапаттайды.

Сондықтан қасиетті Рамазан айында мейлінше зекет-садақамызды беріп, еселеген сауапқа кенелуге тырысқанымыз жөн. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті Рамазан айының түндерінде Жәбірейіл періштемен Құранды бастан аяқ қайталайтын болса, күндізінде ораза ұстап, адамдарға жәрдемдесіп, ерекше жомарттық танытатын болған. Яғни, хадисте келгендей Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдар арасында ең жомарт жан болатын. Рамазан айы келгенде, Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) періштемен жиі жолыққанда, одан өткен мәрт адам болмайтын. Жәбірейіл  періште Рамазан айының мүбәрак әр түнінде Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп, екеуі бірге Құран оқитын. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жәбірейіл періштемен жолыққан кездерінде жер бетіне береке әкелетін желден де жомарт болатын (имам Бұхари).

Алла Тағала қасиетті айда ұстаған оразамызды, берген зекет, садақамызды, тілеген дұға-тілектерімізді қабыл еткей. Әмин!

 

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы ОРАЗАНЫҢ ПАРЫЗ БОЛУ ТАРИХЫ

Тақырып аясындағы мақалалар

рамазан 2025 ОРАЗАНЫҢ ПАРЫЗ БОЛУ ТАРИХЫ
Рамазан айындағы ораза – исламның бес парызының бірі және барлық балиғат жасына жеткен мұсылмандарға міндетті құлшылық.
рамазан 2025 ПАЙҒАМБАР ﷺ СҮЙІНШІСІ - ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ
Исламдағы ең қасиетті айлардың бірі – Рамазан айы. Бұл ай – Алланың рақымы мен кешірімі молынан төгілетін, пенделердің күнәлары кешіріліп, сауаптары еселенетін ерекше уақыт....
рамазан 2025 ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ ҚАЗА ЕТКЕН ОРАЗАСЫН ӨТЕУ МӘСЕЛЕСІ
Ораза – Ислам дініндегі бес парыздың бірі, мұсылманның рухани тазалығы мен тақуалығын арттыратын ғибадат.
Жұма уағызы ОТБАСЫ БАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы ҚОҒАМДА АДАЛДЫҚТЫҢ, АДАЛ ЕҢБЕК ПЕН АДАЛ БОЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!  

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы ОТБАСЫ БАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы ҚОҒАМДА АДАЛДЫҚТЫҢ, АДАЛ ЕҢБЕК ПЕН АДАЛ БОЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Жұма уағызы ҚОҒАМДА МҰСЫЛМАННЫҢ РӨЛІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАРЫМ ЫРЫС
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ҚҰРАНДАҒЫ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ТӘУЕЛСІЗДІК – ҮЛКЕН НЫҒМЕТ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
14 Рамазан 1446
Миләди
14 наурыз 2025
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:15

44. Аль-Муджиб - Отвечающий на мольбы

Вам предписано сражаться, хотя это вам неприятно. Быть может, вам неприятно то, что является благом

X
5 нау. 2025

23. Вопрос о том, что деяния Аллаха являются результатом воли (выбора)

Да смилостивится над нами Аллаһ. Спасибо за предоставленную книгу

X
5 ақп. 2025

Урок 7: Фарды и суннаты гусля

Ас саламу алейкум ва рахматуЛлахи ва баракятух. Женщинам нельзя промывать внутреннюю часть половых о

X
14 қаң. 2025

Переговоры по предстоящему сезону хаджа прошли в Джидде

О ,Аллах забери меня в Хадж

Саид
10 қаң. 2025

Разъяснение касательно ситуации, произошедшей во время пятничной молитвы в Алматы

Ин шаа Аллах я совершу Хадж ради Аллаха ,когда Он меня пригласит и даст ризк

Саид
10 қаң. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi