ҚОҒАМДА МҰСЫЛМАННЫҢ РӨЛІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 05:56
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:17 12:06 15:07 16:49 18:09
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Раджаб 1446
Миләди
18 қаңтар 2025

Мақалалар

ҚОҒАМДА МҰСЫЛМАННЫҢ РӨЛІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

| A | +

 الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!

Мұсылман адам Алла Тағаланың өзіне парыз еткен құлшылық-ғибадаттарды өтегеннен кейін қоғамға да пайда әкелетін ізгі істер атқаруы тиіс. Алла Тағала қасиетті Құранның «Кәһф» сүресі, 30-аятында: 

إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ إِنَّا لَا نُضِيعُ أَجْرَ مَنْ أَحْسَنَ عَمَلًا

«Расында иман келтіріп, ізгі іс істейтіндерге келсек, Біз жақсылық істейтіндердің сауабын әсте зая етпейміз», – деп айтқан. Яғни, иманды адамның бойынан өзгелер үшін пайда тигізетін жақсы, ізгі амалдар көрініс табуы қажет. Әр адам қоғамның мүшесі болғандықтан, олардың мүдделері де ортақ. Сондықтан да асыл дініміз адамның жақсылығы жеке өз басына ғана емес, өмір сүріп жатқан қоғамды да қамтуы тиіс екенін үйретеді. Мұхтар Әуезов: «Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бәйтерекше, тұл болады да қалады», – деген екен. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

وَمَنْ كَانَ فِي حَاجَةِ أَخِيهِ كَانَ اللهُ فِي حَاجَتِهِ

«Кім бауырының мұқтаждығын өтесе, Алла да оның мұқтаждығын өтейді», – деп мұсылманның өзгелерге көмек қолын-созып, жәрдемші болуы керектігін айтқан (имам Бұхари).

Халқымыздағы: «Өзін ғана ойлаған жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған адамдықтың белгісі» немесе «Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді, атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді», – деген нақыл сөздер әр адамға елдің, қоғамның қамын ойлауға шақырып, оның дамуы мен өркендеуі үшін бар қолдан келер жақсылығын аянбауға үндейді. Майлықожа ақын:

Жақсылық отқа күймес, суға батпас,

Гауһар тас жарық қылмай жерде жатпас,

Қолдан келсе етіңіз жақсылықты,

Жақсылықты еткендер жаман таппас, – деген сөздері ойланған жан үшін үлкен өнеге.

Бүгінгі жұма уағызымызда мұсылманның қоғамдағы орны мен өзгелерге тигізер пайдасы жайында сөз қозғайтын боламыз.

 

Бірінші: өзгелерге жанашыр болу

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне көрсеткен үлкен үлгілерінің бірі – өзгелерге жанашыр болу. Жанашыр адам өзге адамның босына қиыншылық, қайғы-қасірет келгенде уайымдап, жүрегі ауырып, бар күш жігерін салып жәрдемдесуге тырысады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресі, 128-аятында:

لَقَدْ جَاءَكُمْ رَسُولٌ مِّنْ أَنفُسِكُمْ عَزِيزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتُّمْ حَرِيصٌ عَلَيْكُم بِالْمُؤْمِنِينَ رَءُوفٌ رَّحِيمٌ

«Сендерге өз араларыңнан сондай бір хақ пайғамбар келді. Сендердің қандай да бір қиыншылыққа душар болғандарың оған ауыр тиеді. Ол сендерге өте ынтызар, мүминдерге сондай жанашыр, өте мейірімді», – деп айтқан.

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың өзгелерге жанашырлығы турасында: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеде өмірінің соңына дейін үш күн қатарынан тойып тамақ жеген емес. Қаласақ тойып жейтін мүмкіндігіміз бар еді. Бірақ өзгелердің қажетін өзімізден артық қоятын едік», – деген.

Алла Елшісін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлгі еткен мұсылман адам да өзгелер үшін жанашыр болып, қоғам үшін қам жей білуі тиіс.

Қоғам болғаннан кейін түрлі жағдайлар болады. Бір адам материалдық көмекке мұқтаж болса, енді бірі ақыл-кеңеске мұқтаж, ал тағы бір жандар қолдау, сүйенішке мұқтаж. Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаянын оқыр болсақ, осы аталған қызметтердің барлығы ол кісінің бойында болған. Барынша өзгелерге жәрдемші болып, қашанда сүйеу болуға тырысқан. Ендеше, ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлгі еткен біздің де бойымызда осындай мейірім, жанашырлық қасиет болуы қажет. Егер бір кісі көмекке мұқтаж болса, ең бірінші оның қасынан табылуға тырысайық. Қоғамдық көлікте үлкен кісіге орын беру, әлде бір кісінің көтере алмай бара жатқан затын көтерісу, суықта тонып тұрған адамды көлігіңіз болса, үйіне тегін жеткізу сияқты істерде үлкен сауапты іске жатады. Ең бастысы қиналған адамның дәл уақытында қасынан табылып, өзіңіздің тілектес екеніңізді білдіріп, жанашырлығыңызды таныту.

Қазір әлде бір осындай қиын жағдай туындап жатқанда, жығылғанға тірек, жәрдемші болудың орнына ұялы телефонға түсіріп, қызықтап, қарап тұратын жағдайлар кездесіп жатады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Мәидә» сүресі, 2-аятында:

وَتَعَاوَنُوا عَلَى الْبِرِّ وَالتَّقْوَى وَلَا تَعَاوَنُوا عَلَى الْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ

«Жақсылықта, тақуалықта бір-біріңе жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер», – деп айтқан.

Өзгелерге жәрдемі, тілекші болған адам әркез Алла Тағаланың жәрдемінде болады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

وَاللَّهُ فِي عَوْنِ الْعَبْدِ مَا كَانَ الْعَبْدُ فِي عَوْنِ أَخِيهِ

«Қандай да бір пенде бауырына жәрдемдескен сайын, Алла Тағала да ол пендесіне жәрдем етеді», – деген (имам Әбу Дәуіт).

Қоғамда адамдардың өзара жәрдемдесуі, қоғамның әркез береке мен бірлікте болуына ықпал етеді. Өйткені өзара жәрдемдесу арқылы адамдар бір-біріне жақындасып, сыйластықтары артады. Қиналған сәтте өзге адамның жасаған көмегі ол адамның жадында ешқашан ұмытылмайды.

 

Екінші: жомарт болу

Ғалымдарымыз жомарттық деп – мал-дүниені маңызы мол, пайдасы үлкен істерге жан дүниенің қиналмай, жеңілдікпен сарп етуін атаған. Жомарттық – имандылықтың, сонымен қатар адамның мал-дүниеге деген махаббатынан, қоғамға, халқына деген махаббатының жоғары екенінің шынайы көрінісі. Өйткені жүрегінде Алла Тағалаға деген сенім, өзгелерге деген жанашырлық, қоғамға қызмет ету деген түсінігі бар адам ғана шынайы пейілімен өзгелерге жәрдем береді. Қоғамның пайдасы үшін қалтасындағы дүниесін еш қиналмай шығара алады. Алла Тағала қасиетті Құранда мүминдерді:

الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِالْغَيْبِ وَيُقِيمُونَ الصَّلاَةَ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنْفِقُونَ

«Олар ғайыпқа иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) жұмсайды», – деп сипаттаған. 

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

وَالصَّدَقَةُ بُرْهَانٌ

«Садақа – дәлел», – деген.

«Садақа» сөзі Құран тілінде «الصدق» (әс-сидқу), яғни «шыншылдық» сөзімен түбірлес. Өйткені садақа – адамның иманының шынайылығын дәлелдейді.

Жалпы жомарттық қазақ халқының бойына сіңген асыл қасиеттердің бірі.  Ата-бабаларымыз талай қиын-қыстау замандарда өзінің туыс, жақын, ауылдастарына қол үшін беріп, жәрдемдесумен қатар,  қаншама ұлт өкілдерін бауырына басып, үй-жай, жейтін тамағымен бөліскендігіне тарих куә.

Мұқтаждарға жәрдемдесіп, жомарттық танытқан пенде үшін ақыретте берілетін сауаптар да өте үлкен. Алла Тағала қасиетті Құранда:

إِنْ تُقْرِضُوا اللهَ قَرْضًا حَسَنًا يُضَاعِفْهُ لَكُمْ وَيَغْفِرْ لَكُمْ وَاللهُ شَكُورٌ حَلِيمٌ

«Егер, Аллаға көркем қарыз берсеңдер (тиісті орынға мал сарып қылсаңдар), оны сендер үшін неше есе арттырады әрі сендерді жарылқайды. Алла шүкірлікті бағалаушы, өте жұмсақ», – деп айтқан («Тағабун» сүресі, 17-аят). 

Бұл аятта садақа беру «Алла Тағалаға қарыз беру» деген балама сөзбен қолданылған. Өйткені Алла Тағала садақа берушінің сауабын қияметте еселеп қайтарып, сол ісі арқылы күнәларын да кешіреді. Ендеше «Біреуге жапқан шапаныңмен өзіңнің жүрегің жылиды» дегендей өзгелерге жәрдем беру ең алдымен пенденің өзі үшін пайдалы болмақ.

 

Қисса

Бірде ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отбасы қой сойып, оның етін садақа ретінде таратады. Сол кезде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қойдың қанша бөлігі қалды?» – деп сұрағанда, Айша анамыз (Алла оған разы болсын): «Қойдың бір қолынан басқа ештеңе қалмады», – деп жауап береді. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қойдың бір қолынан басқасының бәрі бізге қалды», – деп айтсайшы деген сөзін арнаған. Осылайша берілген садақаның зая кетпей, керісінше өздеріне сауап болып жазылатындығын өсиет еткен. 

 

Үшінші: қоғамдық тәртіпті сақтау

«Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» деп айтылғанындай қоғамдық тәртіпті сақтауды діннің талабы деп білуі тиіс. Адамдардың дұрыс өмір сүруі үшін әрбір адам қоғамдық тәртіпті сақтауы маңызды. Қоғамдық тәртіпті сақтамай, өзгелерге зиян тигізу күнәлі іс. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ахзаб» сүресі, 58-аятында:

وَالَّذِينَ يُؤْذُونَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ بِغَيْرِ مَا اكْتَسَبُوا فَقَدِ احْتَمَلُوا بُهْتَانًا وَإِثْمًا مُبِينًا

«Сондай мүмин ер, мүмин әйелдерге жазықсыз зиян тигізгендер, әрине олар: жала жауып, ашық күнә арқалап алды», – деп айтқан.

Ислам тарихында орын алған Ухуд шайқасында садақшылардың Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан тәртіпке бағынбай, таудан түсіп кеткені үшін мұсылмандардың жеңіліске ұшырауы баршамызға үлкен ғибрат. 

Қоғамдық тәртіпті сақтауға заңға бағыну, адамдардың құқығына құрметпен қарау, жол ережесін бұзбау, өзгелерге зиян бермеу, табиғатты ластамау сияқты т.б. істер жатады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ағраф» сүресі, 56-аятында:

وَلاَ تُفْسِدُواْ فِي الأَرْضِ بَعْدَ إِصْلاَحِهَا      

«Жер беті түзетілгеннен кейін, онда бұзғыншылық жасамаңдар», – деп ескерткен.

Мұсылман адам өзге адамдарға зиян беретін кез келген іс-әрекеттен сақтануы тиіс. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)

اتَّقُوا اللَّعَّانَيْنِ  بِصِيغَةِ التَّثْنِيَةِ وَفِي رِوَايَةِ مُسْلِمٍ  قَالُوا : وَمَا اللَّاعِنَانِ يَا رَسُولَ اللَّهِ ؟ قَالَ : الَّذِي يَتَخَلَّى فِي طَرِيقِ النَّاسِ أَوْ فِي ظِلِّهِمْ

«Екі лағынеттеушіден сақтаныңдар!» – дегенде: «Уа, Алланың Елшісі! Екі лағынеттеуші дегеніңіз кімдер?» – деп сұрағанда, Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Олар адамдар жүретін жолға не олар көлеңкелеп отыратын жерлерге дәрет сындырушылар», – деген» (имам Мүслим). Тағы бір хадисте:

اتَّقُوا الْمَلَاعِنَ الثَّلَاثَةَ الْبَرَازَ فِي الْمَوَارِدِ وَقَارِعَةِ الطَّرِيقِ وَالظِّلِّ

«Лағынет әкелер үш істен сақтаныңдар, (олар) – бұлақтарға, жол ортасына және көлеңкеде дәрет сындыру», – деп айтылған (имам Әбу Дәуіт).

Хадистегі «көлеңке» деп – жаз мезгіліндегі ыстықта адамдардың жиналып отыратын көлеңкелі орындарды айтқан. Лағынет сөзінің мағынасы – Алла Тағаланың мейірімінен алыстау. Аяттар мен хадистерде бұл сөз әдетте үлкен күнәлі істерге қатысты қолданылады. Яғни, өзге адамдарға мейірімділік танытпай, оларға зиян беру, адамның Алла Тағаланың мейірімінен алыстауына себеп болады. Хадисте бұлақтар, жол ортасы, көлеңке сияқты адамдар қолданатын жерлерге дәрет сындыру күнә екенін түсіндіру арқылы Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қоғамдық тәртіпке шақырып, өзгелерге зиян тигізетін барлық істерден тыйған.

 

Төртінші: бауырмал болу

Қандай да бір қоғамда адами құндылықтардың жоғалуының басты себептерінің бірі – адамдар бір-бірінің қадірін бағаламау екені анық. Ағайынның, достың, әріптестің, тіпті мұсылман бауырдың сыртынан ғайбат айтып, күндеу, көреалмау, қызғану секілді жағымсыз әрекеттер қоғам тыныштығын бұзатыны сөзсіз. Қоғам дұрыс болу үшін әрбір мұсылман тілімен де, қолымен де ешкімге зиян тигізбеуі керек. Дініміз ислам мұсылмандардың бір-біріне бауыр екендігін жадына салып, өзара сүйіспеншілікті терең нығайтуға шақырады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресі, 103-аятында:

وَاذْكُرُوا نِعْمَتَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ كُنْتُمْ أَعْدَاءً فَأَلَّفَ بَيْنَ قُلُوبِكُمْ فَأَصْبَحْتُمْ بِنِعْمَتِهِ إِخْوَانًا

«Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені сендер бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен бауырға айналдыңдар», – деп айтқан.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) насихатының алғашқы кезеңінен бастап, мұсылмандардың өзара бауыр әрі туыс екендіктерін жариялаған. Бұл біздердің өзара бірлікте болып, бауырмал болуымыздың қаншалықты үлкен маңызға ие екендігінің көрінісі. Хадис шәріпте: «Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады», – делінген.

Демек нағыз мұсылман қоғамшыл, көпшіл, жанашыр келеді. Яғни адам баласы тілі мен қолы арқылы адам құқығын таптамай, оған құрмет ету арқылы қоғамның бейбітшілігі мен тыныштығын сақтайды деген сөз.

Абай атамыз:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.

Осы үш сүю болады имани гүл,

Иманның асылы үш деп сен тәхқиқ біл, – деп айтқан.

 

Қадірменді жамағат!

Тарихта ізі қалған ізгі адамдардың барлығының бойында өзгелер үшін өмір сүріп, қоғамға пайда келтіру деген жақсы сипаттың болғандығын көреміз. Өйткені адамның ақыл-парасаты кемел, мақсаты биік болғанда ол жеке басының қамы емес, қоғам үшін пайдалы болуды ойлайды. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

خَيْرُ النَّاسِ أَنْفَعُهُمْ لِلنَّاسِ

«Адамдардың жақсысы (өзге) адамдарға көбірек пайда тигізгендері»– деп, мұсылман адам жақсы деген сипатқа лайық болу үшін қоғамға пайдалы болуы керектігін айтқан (имам Табарани).

Хакім Абай: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың», – деп айтқан.

Алла Тағала баршамызды қоғамға пайдалы, ізгі істер атқаратын пенделерінің қатарынан етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!

 

 ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тегтер: жұма уағызы
Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы КВАДРОБЕРДІҢ ШАРИҒАТТАҒЫ ҮКІМІ

Тақырып аясындағы мақалалар

Жұма уағызы ҚҰРАНДАҒЫ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ТӘУЕЛСІЗДІК – ҮЛКЕН НЫҒМЕТ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ҚҰРАН ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Жұма уағызы ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ АР ІЛІМІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы УАҚЫП – САУАБЫ ҮЗІЛМЕЙТІН САДАҚА
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАРЫМ ЫРЫС
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ҚҰРАНДАҒЫ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ТӘУЕЛСІЗДІК – ҮЛКЕН НЫҒМЕТ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ҚҰРАН ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Жұма уағызы ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ АР ІЛІМІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Раджаб 1446
Миләди
18 қаңтар 2025
Намаз уақыттары
қазір

Таң 05:56

Имсакқа дейін 00:06

Урок 7: Фарды и суннаты гусля

Ас саламу алейкум ва рахматуЛлахи ва баракятух. Женщинам нельзя промывать внутреннюю часть половых о

X
14 қаң. 2025

Переговоры по предстоящему сезону хаджа прошли в Джидде

О ,Аллах забери меня в Хадж

Саид
10 қаң. 2025

Разъяснение касательно ситуации, произошедшей во время пятничной молитвы в Алматы

Ин шаа Аллах я совершу Хадж ради Аллаха ,когда Он меня пригласит и даст ризк

Саид
10 қаң. 2025

96. Ремесло и профессия

Ма шаа Аллах

Саид
10 қаң. 2025

О милостыне

Ассаламу алайкум варахматуллахи вабаракатуху ! Ма шаа Аллах , СубханаЛлах , Аллаху Акбар , Алхамдули

Саид
10 қаң. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi