МӘШҺҮР ЖҮСІП ЖӘНЕ ОНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:43
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:38 06:59 11:44 14:40 16:22 17:43
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
8 Джумада-сани 1447
Миләди
29 қараша 2025

Мақалалар

МӘШҺҮР ЖҮСІП ЖӘНЕ ОНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

| A | +

الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз.

Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

 

Қазақ топырағының тарихында талай ғасырдан бері қаншама ғұлама-ғалымдардың, діндар ойшылдардың, ақындар мен даналардың шыққаны мәлім. Әрқайсысы өз дәуірінің шамшырағы болып, халықтың руханиятын байытқан асыл мұра қалдырды. Сол асылдардың арасынан жүрегі иман нұрымен толған, сөзін хикметке, өмірін ғибратқа айналдырған бірден-бір тұлға ол – әулие Мәшһүр Жүсіп атамыз. Бүгінгі уағызымызда әулиенің мұрасына тоқталып, оның рухани әлемі туралы сөз қозғамақпыз.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – қазақ даласының діни және рухани кемеңгері, оның қалдырған мол мұрасы халықтың ұлттық санасының қалыптасуында, діни дүниетанымының тереңдеуінде ерекше маңызға ие. Ғұлама өз шығармаларында ислам дінінің имани негіздерін ғана емес, сонымен қатар қазақтың дәстүрлі мәдениетімен сабақтастығын жан-жақты ашып көрсетті. Ол дінді адам өмірінің барлық саласымен байланыстыра отырып, оны жеке тұлғаның рухани жетілуінің басты тетігі ретінде қарастырды.

Өздеріңізге мәлім, шариғатымызда әулиелер – Алла Тағаланың сүйген құлдары. Раббымыз оларды бұл дүниеде де, ақыретте де айрықша сипаттармен атап, дәрежелерін көтерген. Құран Кәрімде Жаратушы Жаббар Иеміз:

أَلَا إِنَّ أَوْلِيَاءَ اللَّهِ لَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ . الَّذِينَ آمَنُوا وَكَانُوا يَتَّقُونَ . لَهُمُ الْبُشْرَى فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَفِي الْآخِرَةِ لَا تَبْدِيلَ لِكَلِمَاتِ اللَّهِ ذَلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ

«Біліп қойыңдар, расында, Алланың әулие құлдары үшін ешқандай қорқыныш пен қауіп-қатер жоқ. Олар – шынайы түрде иман келтіргендер һәм тақуалықты ұстанғандар. Оларды бұл дүниеде де, ақыретте де сүйіншілейміз. Алланың сөздерінде (һәм үкімдерінде) өзгеріске жол берілмейді. Міне, ең ұлы жетістік, ең зор табыс – осы», – деген («Юнус» сүресі, 62-64-аяттар).

Демек, Алла Тағалаға берік иман келтіріп, тақуалық жолын ұстанған жандарды Жаратушымыз әулие деп атап, оларды мақтаған. Себебі тақуалық – Алладан шынайы қорқу деген сөз. Алла Тағала қасиетті Құранда:

...إِنَّمَا يَخْشَى اللَّهَ مِنْ عِبَادِهِ الْعُلَمَاءُ...

«Расында, Алладан құлдарының арасынан шынайы қорқатындар  –ғұламалар», – деген («Фатыр» сүресі, 28-аят).

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадис шәрифінде:

إِنَّ الْعُلَمَاءَ وَرَثَةُ اْلأنْبِياءِ، إِنَّ اْلأَنْبِياءَ لَمْ يُورِثُوا دِيناراً وَلَا دِرْهَماً إِنَّمَا وَرَثُوا الْعِلْمَ فَمَنْ أَخَذَهُ أَخَذَ بِحَظٍّ وافِرٍ

«Шынында ғұламалар – пайғамбарлардың мирасқорлары, пайғамбарлар динарды да, дирхамды да мұра ретінде қалдырмады. Олар ілімді мұра етіп қалдырды. Кімде-кім оған қол жеткізсе, үлкен үлеске қол жеткізгені», – деген (имам Термизи).

Бірінші: Мәшһүр Жүсіптің ғибратқа толы балалық шағы

Тал бесіктен тағылым алып, тағдырдың салмағын ерте еңсерген бала Мәшһүр туралы халық жүрегінде сақталған бір ғажайып дастан бар. Бұл – жүрегіне ғылым нұры шоқтай тұнып, зеректігімен жастайынан дараланып шыққан киелі перзенттің оқиғасы. Оның пешенесіне жазылғаны – ілімнің ұлы жолы, хикметтің нұрлы соқпағы, ақиқаттың тұнығынан сусындау еді.

Бала кезінен-ақ жүрегіне нұр қонғанын өзі:

Бес жаста «бісмілла» деп жаздым хатты,

Бұл тағдыр жастай маған тиді қатты… – деп жүректен шығарып қосқан. Сөйтіп, бес жасар жеткіншек Баянауылдың топырағына табан тіреп, Байжан Смағұлұлының медресесіне келеді. Сол жерде оның жүзіндегі жарықты таныған Нәжімуддин хазірет – даналардың данасы, көреген ғұлама – баланың бойындағы нұрды өзгеге қимастай бағалап, оған демеу көрсетеді.

Ол зерек баланың ойына лайықтап, күрделілігімен атақты «Шар»[1] атты ғылыми еңбекті ұстатады. Қиындығы көп бұл кітапты талапты жас меңгеріп, шамшырақтай жарқыраған ойы күн өткен сайын жаңа көкжиектерге жол ашып, ілімге деген ынтасы алаулай түседі.

Сегіз жасқа толғанда тағдыр оны тағы бір ұлы ұстаз – Қамаруддин хазіретке жолықтырады. Бұхарада оқып, он екі пәнге жетік болған, елге «ахун» атанған бұл ғұламаның өнегесі жас Мәшһүрдің рухани дүниесіне терең із қалдырды.

Сол кезден бастап-ақ оның жүрегінде жыр шырағы жанып, халық мұрасындағы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ер Тарғын» сынды жауһарларды жатқа айтып, қағазға түсіре бастайды.

Мәшһүр Жүсіп 8 бен 15 жас аралығында Қамар хазіреттен дәріс алып, дін, ғылым, араб, парсы, түркі тілдерін жетік меңгереді. Ал 16 жасында Әкімбек есімді азаматтың үйінде екі жыл тұрып, жалғыз баласы Қабылбекті оқытып, өзі әлі жас бола тұра ұстаздық жолға қадам басады.

Ғұламаның алғашқы өлеңі 15 жасында жазылған. Сол жастан өлең жаза бастағанын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Қазақ ішінде айтылған өлеңнің құлақтан құлаққа естілгені жетпей қалғаны жоқ. Он бес жаста ұйықтап жатқанымда өзіме танымал ақындардың бірі үш ауыз өлең үйретті. Үйге келсем, есімде даяр тұр, қағазға жаздым, содан соң-ақ еркіме қоймады, өлең жазуға түсіп кеттім. Ал енді Мәшһүр болмасқа немене?!» – деп баяндаған екен. Өлең-жырларында да осыны былайша жырлайды:

Жабысты маған өлең он бес жаста,

Жұрт айтты не қыласың, – деді – таста.

Сөйткенмен қоя алмадым бір білген соң,

Мінім жоқ, жұртқа қылған онан басқа.

Тағы бір жүйрік өлең жолдарында:

Бозбала, менің атым Мәшһүр Жүсіп,

Кетемін сөз сөйлесем желдей есіп.

Бәйгеден келіп жүрген келмей қалып,

Тұғырдан шабатұғын кеттім түсіп – деп жырлаған.

Демек, ғұлама жастайынан шығыс әлемінің білімімен сусындап, араб және парсы тілдерін жетік біліп, басқа да шет тілдерді терең меңгерген. Өзі өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, оны бастырумен де айналысты. Шежіре мен айтыс, көптеген тарихи жырды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды.

Осылайша, жастайынан нұрға бөленген бұл бала кейін халық даналығын тірілткен ұлы әулиеге айналады.

 

Қисса

Бір күні Мұса Шорманұлы Қамар хазіреттің үйіне келіп, қонақ болады. Қасында бірнеше адамдары бар, әңгіме-дүкен құрады. Сол жерге Мәшһүрді шақыртып алғызады. Келген соң Мұса Мәшһүрді өзіне жақын төр алдына отырғызып:

  • Шырағым, Жүсіп бала, сені өлең, қисса біледі дегеннен кейін шақыртып алғыздым. Кәне, қандай өлең-қиссалар білесің? – дегенде, бала Мәшһүр:
  • Иман – қой,

ақыл – қойшы,

нәпсі – бөрі,

Бөріге жегізбейді ердің ері.

Сол қойшық таяқты ұстап тұрса,

ала алмас еш жерінен шайтан-пері, – деп өлеңдете жөнеледі. Мәшһүрге шын көңілімен, сын көзімен қарап, ұнатқан Мұса мырза Мәшһүрдің әкесіне:

  • Сопы, мына баланың бас киіміне үкі тақтырып қойыңыз. Көз-тілге шет болмасын! Бұл өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен! – деп лепес қылған екен.

Міне, осылайша бір баланың жастайынан басталған ілім жолы кейін күллі елге жарық түсірген мәшһүр ғұламаға айналды деген қисса айтылады.

Екінші: Мәшһүр Жүсіптің білім жолы

Ғұлама 1875 жылдан бастап, біршама уақыт ұстаз болып, шәкірт оқытып дәріс береді. Яғни, 1875 жылдан бастап, ол оқытушы бола жүріп, шығармашылық жұмыспен айналысады. Мәшһүр Жүсіп 1875 жылдан бастап, біраз уақыт ауылда бала оқытып, қаражат жинайды. Білімін толықтыру мақсатымен 1886 жылы Бұхараға келіп, діни жоғары оқу орнында оқиды. Бұхарада атақты Көкілташ діни ордасында дәріс алып, ислам ілімдерін терең меңгереді. Бұл медреседе «Көмекей Әулие» аталып кеткен Бұқар Жырау бабамыздың білім алғандығы, басқа да көп қазақтың саңлақ дін ғұламалары ислам ілімдеріне терең бойлағаны тарихтан белгілі. Ғұламаның өзі бұл оқу ордасы жайында: «Көкілташта сытқамыт қылған адам не бай болып, не әулие болып, не молда болып шығады, құр алақан шықпайды», – деген.

Жалпы білім алу жолында ғұлама көп ізденеді. Жол ұзақтығына қарамай ілімнің көзі қай жерде болса, сонда барып алуды мақсат еткен. Сондықтан көп сапарлатып ғұлама-ғалымдардың білім нәрінен сусындайды. Ғұлама бас-аяғы Бұхара, Ташкент, Түркістанға үш рет сапар шегеді. Араб һәм парсы тілдеріндегі кітаптарды зерттейді. Ол осы сапары жөнінде:

Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап,

Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап.

Самарқанд, Бұхар, Ташкент – бәрін кезген.

Жасында бір кем отыз тәңірім айдап, – деген.

Екінші рет барғаны жайында тағы жырлап:

Жалғанды жалғыз кезген басым еді,

Бір асыл қолға түспес тасым еді.

Зыбарат шығыс бапқа бұл барғаным.

Жылым қой, отыз жеті жасым еді, – дейді.

Ендеше ғұламаның айтуынша ол 1895 жылы араға сегіз жыл уақыт салып қайта барған екен. Ақынның бұл екі сапары да оның білімін көтеру мақсатынан туғандығы көрінеді. Сондай-ақ Бұхара, Ташкентке 1907 жылы үшінші рет барғаны айтылады.

Ғұламаның өміріне зер салсақ, бір ақиқатқа көз жеткіземіз: «Алла Тағала адамды іліммен биік етеді, ал ілімнің қадірін білген жанды өз пенделерінің ішінен ерекше етіп таңдайды». Қасиетті Құранның алғашқы түскен аятының өзі білім алуға шақыруы бекер емес. Алла Тағала қасиетті Құранда:

اقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ(1)  خَلَقَ الْإِنْسَانَ مِنْ عَلَقٍ (2) اقْرَأْ وَرَبُّكَ الْأَكْرَمُ (3) الَّذِي عَلَّمَ بِالْقَلَمِ (4) عَلَّمَ الْإِنْسَانَ مَا لَمْ يَعْلَمْ

«Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді», – деген («Алақ» сүресі, 1-5-аяттар).

Ал білім алған адамның дәрежесі жоғары болатын жайында Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде:

مَنْ يُرِدِ اللّٰهُ بِهِ خَيْرًا يُفَقِّهْهُ  فِي الدّ۪ينِ

«Алла кімге жақсылық қаласа, дінді терең білуді нәсіп етеді», –  деген (имам Бұхари).

Мәшһүр атамыздың балалық шағынан бастап, өмірінің соңына дейін іздегені – Алланың разылығы, ар-намыстың тазалығы, халықтың амандығы еді.

Мәшһүр Жүсіп атамыздың өмірі бізге үш үлкен өнеге қалдырады:

Бірінші: жүрекке иман қонса – сөз де, іс те түзеледі. Ал Алланың сүйікті құлы болу – жүректі тазартып, нығметті ұмытпай, күнәдан қашу.

Екінші: ілім – мұсылманның шамшырағы. Ғұламаның бүкіл ғұмыры ізденіс, оқу, ғылым жолын қадірлеу екенін көруге болады. Ілімге талап – Аллаға жақындататын жол.

Үшінші: шын мұсылман – сөзі хикмет, ісі өнеге адам. Мәшһүр атамыздың әрбір жыры елге тәрбие болды, әр сөзі ұрпаққа аманат болды.

Үшінші: ұлы ойшылдың діни тұжырымдары

Тақуа Мәшһүр Жүсіп атамыз өз заманында «Алланы бір, пайғамбарды хақ», – деп ғұмыр кешкен. Өз жырларында:

Исламның бес парызы, біреуі – иман,

Таппайды бұл бесеуін, дүние жиған.

Ықтият, шын ниетпен жұмыс қылып,

Ерлерді айт Құдай үшін, жанын қиған – деп толғап қана қоймай, өзі де шариғат жолымен жүрген адам.

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан жол – Жаратушыны ақыл һәм нақылмен тану. Бұл сенім мектебі дәстүрлі Ханафи мәзһабы мен Матуриди ақидасымен сайма-сай. Мысалы, бір ой-толғамында Жаратушының бар екенін ақыл тұрғысынан дәлелдей келе:

«Ұшып келе жатқан ара гүлдің иісін, ажарлылығын ескерсе, ол Алла жаратуымен емес» – деп кім айта алады?! Киіктерді қасқыр қуғанда, неғұрлым жүйріктері құтылып, солар ғана ұрпақ жалғастыруға рұқсат алса, ал жүгіре алмайтын әлсіздерін қасқыр жеп, болашақ әлсіз, ауру ұрпақ келуіне тыйым салса, бұл да неғұрлым жақсы киіктер өсіп-өрбуі үшін Алла әмірімен болып тұр емес пе?! Киіктерді тазалаушы, реттеуші қасқырларға қандай алғыс айтсақ, көшеде сұлап жатқан маскүнемді көріп жиренгеннен кейін барып, баласына әкесі: «Арақ ішсең, жетер биігің – осы!» – деп сақтандырса, бұл да Алла берген мүмкіндікті түрліше пайдалану көрінісі емес пе?!» – деген.

Ислам дінін терең зерттеп-зерделеген ұлы ойшыл «Шайтанның саудасы», «Соқыр, саңырау және жалаңаш», «Жарты нан хикаясы», «Мәшһүрдің 46 жасында сөйлегені», «Нәпсi аждаһа», «Ғалымның ниеті», «Пайғамбардың соңғы тілегі», «Пайғамбардың өсиеті», «Нәпсіңді атқа мінгізбе», «Бес парыз», «Ібіліс шайтан хикаясы», «Миғраж дастаны» сынды ғибратқа толы терең философиялық, діни-дидактикалық өлең-жырлар жазып қалдыраған.

Дін ғұламасы «Алла құдіреті» деген шығармасында: «Мен Құдайды «бір» деп білемін, «күшті» деп білемін. Осы үшеуіне нанымым, сенімім күшті. Өзге нәрсеге: құлақпен естіген танық, көзбен көрген анық. Көзім көрмей нанбаймын», – деп баяндайды.

Демек ойшыл Жаратушының барын артық сөзбен дәлелдеудің өзі артық екенін, жүрекке ұялаған иманы бекем екенін жазып кеткен.  

Мәшһүр Жүсіп бабамыз Алланы тану жолдарын былайша тарқатады:

«Құдай қандай өзі? Не нәрсе? Оны білуге, оны тануға ақыл ойым, зейін пікірім жетпейді. Сонда да: «Танымаймын!» деп, тоқтап тұрып қалмаймын. Жаратқан нәрселерінен, Құдайлықпен қылған ісінен барлығын, бірлігін, күштілігін танып тұрсам керек. Көкті, жерді, айды, күнді, жұлдыздарды, тауды, тасты, отты, суды, желді, топырақты, ағашты, шөпті, хайуанатты, .... бәрін Құдай жаратты» («Мәшһүр-Жүсіп» Шығармалары. 13-том)

 

Қисса

Абай атамызға Мәшһүр Жүсіп атамыз сәлем бере келсе керек. Сонда Абай:

  • Мәшһүр деген атыңды естіп едім, сұрақ қояйын, сұрағыма жауап бер, – депті.

Мәшһүр:

  • Иә, қойыңыз.

Абай:

  • Алла қайда? Шайтан қайда? – депті.

Сондай зерек Мәшһүр Жүсіп атамыз іркілместен:

  • Алла менің жүрегімде, шайтан сіздің тіліңізде, – деген екен.

Абай атамыз қатты риза болып, жеке үй тіктіріп, құда күткендей күтіп, сыйлап жіберіпті.

Кейін үйіндегілердің біреуі:

  • Бір ауыз сөзіне бола мына жігітке осыншама құрмет көрсеттіңіз, оның не сыры бар? – дегеніне Абай атамыз:
  • Сендер түсінбеген шығарсыңдар, мына жігіт шынымен Мәшһүр деген атқа лайық екен, Алла жүрегімде дегені расымен адам Алланы жүрегімен таниды, ал Алла қайда деген сұрақты тілге шайтан салады деген екен...

 

Құрметті жамағат!

Біз бүгін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ілімге толы ғұмырынан бір тамшы ғана сыр шертіп өттік. Бірақ сол бір тамшының өзі тұтас бір мұхиттың тереңдігін сездіргендей. Өйткені Мәшһүр атамыз бір ауылдың яки аймақтың емес, тұтас қазақ руханиятының – шамшырағы. Оның жүрегіндегі иман нұры ғасырлардан асып, бүгінгі ұрпаққа да жол көрсетіп тұр.

Біз де дәл осы ұлы тұлғалар секілді жүрегімізге иман нұрын бекітіп, тілімізді тазалыққа, ісімізді әділдікке, ойымызды тақуалыққа бағыттай алсақ – өз заманымыздың кішкентай Мәшһүрі болуға еш бөгет жоқ.

Алла Тағала бізді өткен ғұламалардың ізімен жүруге, олардың даналығын бойға сіңіруге, ілімін қадірлеуге нәсіп етсін!

Раббымыз жүрегімізге иман, тілімізге хикмет, атқарар ісімізге шынайылық пен тұрақтылық берсін!

 

[1] Парсы тілінде жазылған чоһор (төрт) кітап: 1) Шәрәф әд-Дин Бұхаридің «Муқәддәимәт әс-Саләт» («Намаз туралы кіріспе»); 2) Жәләл әд-Дин Кишидің «Бедон» («Біл». Иман негіздері қамтылған); 3) «Муһиммәт әл-муслимин» («Мұсылмандардың аса қажеттіліктері»); 4) Фәрид әд-Дин Аттардың «Пәнднама» («Насихатнама»). Парсының «Чоһор» сөзі қазақтың дыбыс үндестігіне икемделіп «Шар» кітап болып аталып кеткен. Бұл кітап дәстүрлі медреселерде кеңінен оқытылған.

 

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тегтер: жұма уағызы
Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы ОТБАСЫЛЫҚ ҚАҒИДА ҚАЖЕТ ПЕ?

Тақырып аясындағы мақалалар

Жұма уағызы НАМАЗДЫҢ ҚАСИЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАМАҒАТПЕН ОҚУДЫҢ САУАБЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауат пен сәлем болсын!  
Жұма уағызы УАҚЫП – САРҚЫЛМАС САУАПТЫ ІС
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауат пен сәлем болсын!
Жұма уағызы ӘДЕТ-ҒҰРЫПТЫҢ ДІНІМІЗДЕГІ ОРНЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауат пен сәлем болсын!  
Жұма уағызы ЗЕКЕТТІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ПАЙДАСЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауат пен сәлем болсын!  
Жұма уағызы ОТБАСЫ БАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы ҚОҒАМДА АДАЛДЫҚТЫҢ, АДАЛ ЕҢБЕК ПЕН АДАЛ БОЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!  

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы НАМАЗДЫҢ ҚАСИЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАМАҒАТПЕН ОҚУДЫҢ САУАБЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауат пен сәлем болсын!  
Жұма уағызы УАҚЫП – САРҚЫЛМАС САУАПТЫ ІС
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауат пен сәлем болсын!
Жұма уағызы ӘДЕТ-ҒҰРЫПТЫҢ ДІНІМІЗДЕГІ ОРНЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауат пен сәлем болсын!  
Жұма уағызы ЗЕКЕТТІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ПАЙДАСЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауат пен сәлем болсын!  
Жұма уағызы ОТБАСЫ БАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы ҚОҒАМДА АДАЛДЫҚТЫҢ, АДАЛ ЕҢБЕК ПЕН АДАЛ БОЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!  
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
8 Джумада-сани 1447
Миләди
29 қараша 2025
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:43

Бамдатқа дейін 04:10

Урок 126. Глава 13. 129 хадис

Ваши ответы по теме урока - верные. Но мы не можем их оставить в комментарии, т.к. тогда пропадает с

Администратор Azankz
кеше

Назначен новый руководитель отдела по делам религии и анализа ДУМК

Timely report — this article highlights the recent leadership change at a major religious-anal

X
26 қар. 2025

О приоритетах

Great meaningful piece reflecting on one’s true priorities and obligations — very though

X
4 қар. 2025

22 урок: О дополнительных земных поклонах

"В случае, если молящийся выполнил 5 ракаат, т.е. совершил и руку и саджда, а затем вспомнил, что ош

Al Almaty
7 қыр. 2025

Урок 22: Вторая клятва при Акабе

(+++++)

Амир Холматов
2 қыр. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi