СӨЗ ТҮЗЕЛСЕ, АДАМ ТҮЗЕЛЕДІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

СӨЗ ТҮЗЕЛСЕ, АДАМ ТҮЗЕЛЕДІ

| A | +

Сөз түзелсе - жүрек түзеледі. Жүрек түзелсе - иман түзеледі. Иман түзелсе - дінің түзелер. Дінің түзелсе - ақыретің түзеледі...

Жаратушы адамдарға сөйлеу нығметін беріп қойған. Данышпандарымыз: «Адам мал-дүниесімен жақсылық жасамақшы болса, байлығы бір күнде таусылып қалуы мүмкін. Алайда адамда бір таусылмас қазына бар, қанша жерден жұмсаған сайын еш таусылмайды. Ол - шырын сөз», - деген екен.

Біздер ауыздан шыққан әрбі сөзіміз үшін жауаптымыз. Кезінде тақуалығымен аты шыққан Баязид Бистәми Алланы зікір етерден алдын: «Дүние сөздерін біраз сөйлеген едім», - деп, аузын үш рет шайып барып қана зікірін толтыратын болған деседі. Адамдар арасында, мейлі қоғамда болсын, түрлі келеңсіз жағдайлар өз орнын таппаған сөздер нәтижесінде болары сөзсіз. Алла Тағала Құранда «Исра» сүресінің 53-ші аятында: «Пенделеріме айтқын, көркем сөз сөйлесін. Өйткені шайтан олардың арасына бұзақылық жасайды», - деген.

Осы бір аятта Жаратушымыз мұсылмандарды өзара қарым-қатынастарында тәтті тіл, яғни дұрыс сөздер сөйлеуді бұйыруда. Әрі ондай адамдардың достары да көп болады.

Тіл адамның ең кіші ағзасы болғанымен, үлкен уәзипаға ие мүше болып табылады, әрі жүрекке де жақын, яғни екеуінің байланысының нәтижесінен ауыздан дұрыс сөз шығады. Өйткені өсек, ғайбат айту, өтірік айту, мақтану мен шағымдану секілді басқа түрлі жамандықтың баршасы осы тіл арқылы орын алады. Сол үшін де Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тілді жаман сөздерден тыю жайында бұйырып: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, тек жақсы сөздерді ғана сөйлесін, ия болмаса үндемесін», - деген. Демек, адамның сөзі мен іс-амалы бір болуы, бір жерден шығуы тиіс.

Перзенттерімізді шынайы мүмін, иманды етіп тәрбиелеу жолында, оларға дұрыс сөз сөйлеудің де шарттарын түсіндіргеніміз абзал.Тіл деген қалаған тарапына қарай бұрмалана береді. Өйткені тілде сүйек жоқ. Тілдің әсерінен небір жүректер қуанышқа, нұрға толуы мүмкін, не болмаса небір көңілдер төмен түсіп, ойранға айналуы мүмкін.

Бір патша түс көріпті, түсінде барлық тістері түсіп қалыпты. Ұйқыдан тұрған соң жанындағы екі уәзірін шақырып алып, көрген түсін айтып, жорып берулерін бұйырады. «Жорығанда да тек шындық жағымен жорыңдар», - депті. Уәзірінің бірі: «Хан Ием! Бұл жақсылықтың белгісі емес, барлық туған-туыстарыңыз, жақындарыңыз түгелдей қайтыс болады, ал сіз жалғыз өзіңіз ғана аман қаласыз!»,- депті. Патшаның бұл жауапқа қатты ашуы келіп, уәзірін зынданға тастатыпты. Екінші уәзірі: «Уа, Патшам! Бұл түсіңіз сізге көптеген жақсылықтар әкеледі деп ойлаймын. Жақын туыстарыңыздың ішінде Алла сізге ең көп ғұмыр береді. Ұзақ ғұмырыңыз құтты да берекелі болсын!»,- депті. Бұл жауапқа разы болған патша қатты қуанып, уәзіріне сый-құрмет жасап, еш азап бермепті.

Байқағанымыздай, бір мағыналы сөзді екі түрлі жолмен жеткізіп тұрған екі уәзірдің біреуі терең сөзден ұзақтау, сөйлегенде де әдеппен жеткізе алмауының салдарынан азапқа душар болуда. Ал екіншісі айтар сөзін дұрыс жеткізгеннің нәтижесінде игілікке кенелді. Сөз дұрыс болса қоғам да, жұрт та тыныш болатынына осы бір хикая мысал болғандай әсер қалдыруда.

Адам баласы қандай да бір сөз айтатын болса, әркез асықпастан, даналықпен, әдеппен сөйлегені абзал екен. Тек жақсы сөз сөйлеу Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті болып табылады. Кезінде үнемі көркем сөз сөйлеуді әдетке айналдырған Ибн Аббас (р.а.) Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мақтау да алған екен.

Мына бір жәйтті айта кеткім келеді, кейбір жас бауырларымыз қартайған өз әке-шешелерін «кемпір», «шал», «шалды шәйға шақыр», «кемпірдің зейнетақысын ала келіңдерші», - деп айтып жатқандарына куә болып жатамыз. Өміріміздің жәннаты, үйіміздің жауһары, мейірбан болған әкелеріміз бен аналарымыз қартайғанда «кемпір», «шал» бола қалғаны ма? деген үлкен ойға кенелесің.

Айша (р.а) анамыз айтады: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) анық, әрі байыппен сөйлейтін еді, егер Оның (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөйлеген әрбір сөздерін санамақшы болсаңсаңыздар, санына жеткен болар едіңіздер», - дейді. (Имам Муслим риуаяты).

Кейбір хадистерде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ақылдарына (деңгейлеріне) және сауаттарына (білімдеріне) қарап сөйлескендігі жайлы да айтылады. Оған дәлел, Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) келген мына бір риуаяттан байқауға болады: «Сен қандай да бір қауымның ақылына сыймайтын сөзді айтатын болсаңдар, ол сөз олардың кейбіреулері үшін фитна болады»,- деген екен. (Дәйлами)

Жақсы сөз - жан азығы. Адамның жүрегі таза болатын болса, оның тілінен де жақсы сөз шығады. Әр адамның сөйлеген сөзіне қарап оның қандай адам екендігін байқауымызға болады. Бұл жайында хадисте: «Адамның сөзі дұрыс болмаса, иманы дұрыс болмайды»,- дейді. (Имам Ахмад риуаяты).

Мұсылман адам әрбір айтқан сөзін аңдап, байқап айтуы тиіс. Өйткені әр сөзі үшін жауапты, әрі жазулы. Бұл жайында Қасиетті Құранның «Қаф» сүресінде: «Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы (періште) дайын», - делінген. (Қаф сүресі,18-аят) 

Бұл өмірде ешбір адамға сөзімізбен де, қолымызбен де еш зиянымыз тимеуі керек. Хадистердің бірінде: «Адамдардың жақсы амалдары сол, өзгелерге тілімен де, қолымен де еш зарарын тигізбегендері», - делінеді. Бұл хадистен аңғаратынымыз, әуелі тіл, сосын қол келтіруде. Демек, қолға қарағанда, тілдің азабы басымдырақ екендігін байқауымызға болады екен. Тіл тыйылмағанның нәтижесінде қол да әрекетке түсетіндігін айтуда. Сол үшін де тілімізге өте сақ болайық, тек пайдалы сөз айтуымызды Алла нәсіп етсін!

 

Данияр Мұсаев, 

«Қайрат» мешітінің бас имамы

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тегтер: мақала
Предыдущий Следующий
ӘЛІБАЙ АХУН ҚОСҚҰЛАҚҰЛЫ АНАМНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат ТӘКӘППАРЛЫҚ - ТЕРЕҢ ҚҰЗ
Тәкәппарлық – адамның өзіне, өзгелерге және өмірге деген қате көзқарастардың бір көрінісі. Бұл мінез-құлық адамның рухани және моральдық дамуына кедергі жасайтын терең құзға айналады. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны білдіре...
Әдеп (этика) КЕЛІННІҢ СӘЛЕМ САЛУЫ
Қазақ халқының рухани мәдениеті мен тұрмысында келіннің сәлем салуы ерекше орын алады. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақы тәрбиенің ажырамас бөлігіне айналған. Келіннің сәлем салуы тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар үлкенге ізет пен кішіпейілділіктің белгісі саналады. Бірақ бұл дә...
Ихсан ілімі ИМАН МЕН ИХСАН МӘСЕЛЕСІ
Дінге сенуші адамдардың арасында көптеген сұрақтар қойылады. Солардың ішінде «дін дегеніміз не?», «ихсан деген не?» «ислам деген не?». Әрине бұл сұрақтарға жауап беру үшін мақалалар, тіпті кітаптар жазылады....
Қоғам ҮШ ДЕРТ: КӨП СӨЙЛЕУ, ТАМАҚТАНУ МЕН КӨП ҰЙҚЫ
Ұлы Жаратушы, кемшіліктерден пәк Алла Тағала адам баласына аманат ретінде оның жаны мен тәнін бергеннен кейін, адам баласына жан мен тәнді тәрбиелеу мен ауру-сырқаудан емдеу жолдарын әділетті Пайғамбарлары арқылы көрсетіп берген. Адам баласының өмірі сынақ ретінде берілгендіктен, сынақтан өтудің жол...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан ілімі адамды немесе адам рухын кемелдендіретін хал ілімі ретінде сипатталады және ол Құран мен сүннеттегі қағидалардың толық орындалуымен түсіндіріледі. Ихсан ілімі қателік пен күнә жасауға себеп болатын адам бойындағы материалдық әрі рухани қуат көздерін тізгіндеп, оның орнына сауап пен ізгіл...
Пайым-парасат ҚҰРАН АЯТАРЫНДАҒЫ "ЖҮРЕК" ҰҒЫМЫ
Жүрек - ақыл, таным, білім, ниет, сенім, даналық және құрбандық тәрізді адам үшін өте маңызды мәселелердің жиынтығы. Егер жүрек тірі болса, бұл сезімдер де тірі болып саналады. Егер ол қандай да бір себеппен тоқтаса не күйзелсе, онда бұл өмірдің саған қойған белгісіз жоспарының сәтсіз жері  немесе қ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ТІЛ - БАПТАСАҢ БАҒЫҢДЫ АШАДЫ
«Шын мұсылманның тілі жүрегінен кейін тұрады, айтар сөзін (пайдасы мен зиянын) ойланып сөйлейді. Ал, екі жүздінің тілі жүрегінің алдында тұрады да, айтар сөзін (одан туындайтын салдар туралы) ойламай сөйлейді»,...
Пайым-парасат ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ - ЗАМАН ТАЛАБЫ
Бүгінгі күні елімізде туындап жатқан көптеген мәселелер бар. Солардың бірі дін жолындағы адасушылардыда айтсақ болады. Олар дінге, құлшылыққа үлкен бір мақсат-мұратпен, арман-қиялмен келгенімен, олардың дін үйретушілері қате жолды насихаттаса, ол адамның дін жолынан, сондай-ақ еліміздегі мұсылманда...
Пайым-парасат БІЛІМДІНІ, ҰСТАЗДЫ ҚҰРМЕТТЕУ
Аллаға мадақ, пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!
Пайым-парасат БІЛІМДІНІҢ МӘРТЕБЕСІ БИІК
Білім іздену – мұсылманға парыз. Пайғамбарлар да ілім іздеген. Алла Тағала қасиетті Құранда білім жолына түскен Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбардың тілінде былай баяндайды: «Мұса оған: «Өзіңе үйретілген жақсылыққа, тура жолға бастайтын ілім мен даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерсе...
Пайым-парасат ЖАРАТУШЫ АЛЛАҒА МАХАББАТ
«Уа, Алла! Маған сені жақсы көруді, Сені жақсы көрген пенделеріңнің махаббатын  және махаббатыңа жақындататын амалды жақсы көруімді нәсіп ет! Махаббатыңды маған өзімнен де, отбасымнан да тіпті салқын судан да жақсы көрсет!» (имам Тирмизи)...
Пайым-парасат МҰСЫЛМАН ҮШІН ЗАЙЫРЛЫ БІЛІМ АЛУ МАҢЫЗДЫ МА?
Дүние жүзіндегі мұсылмандардың алдында тұрған ең маңызды міндеттің бірі – білім алу. Білімді екі түрге бөлуге болады: біріншісі – өз дінін білу,  екіншісі – арнайы білім беру.   ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi