САУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ, САПАРҒА ШЫҚ!
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

САУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ, САПАРҒА ШЫҚ!

| A | +

Адам баласының рухтар әлемінен басталған сапары ақыретке дейін жалғасады. Күнделікті күйбең тірлікте жасап жатқан жолаушылығымыз осы сапардың бір бөлігі іспетті. Сапар дегеніміз –жолаушылық. Адам тұратын жерінен алыс жерге жолға шыққаннан бастап жолаушы саналады. Кез келген сапардың мақсаты мен себебі болады. Мұсылман адам сапар шегерде шариғат шеңбері ішінен шықпауы тиіс.

Сапарға шығудың мынадай түрлері бар: сауда-саттық сапары; ел, жер, табиғатты тамашалауға арналған сапар; білім алу жолындағы сапар; ғибадат сапары (қажылық және ұмра), туған жеріне, ата-анасына, туыстарына бару т.б. Сапарға шығудағы негізгі мақсат Алла Тағаланың ризашылығын табу әрі Оның тәлім етіп бұйырған шарттарынан шықпау болуы керек. Хақ Тағала Құран Кәрімде Өзінің ұлылығы мен құдіретін тани түсіп, бұрынғы өткен қауымдар мен тайпалардың жақсылықтары мен жамандықтарынан ғибрат алу үшін сапарға шығуға кеңес береді. Алла Тағала Құранда: «Олар жер-жаһанды кезіп, өздерінен бұрын өткен (кәпір) қауымдардың ақырының не болғанын өз көзімен көріп, ғибрат алмай ма? Анығында, олар бұлардан анағұрлым күшті еді. Жердің асты-үстін бірдей игеріп, бұлардан әлдеқайда ауқымды әрі ұзақ уақыт бойы жер бетін көркейткен болатын. Оларға да өз пайғамбарлары айқын дәлелдермен келген еді. Алла оларға зұлымдық жасамады, алайда олар өз-өздеріне зұлымдық жасаумен болды» («Рұм» сүресі, 9-аят), «(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Жер бетін шарлап, (пайғамбарларды һәм солар арқылы жеткен ақиқаттарды) өтірік деп, жалғанға шығарғандардың ақыры не болғанын өз көздеріңмен көріңдер!» – деп айт» («Әнғам» сүресі, 11-аят), «Оларға: «Уа, адамдар! Жер бетін шарлап, Алланың әу баста жаратылыс атаулыны қалай жаратқанына зер салыңдар, ой жүгіртіңдер! Кейін Алла жаратылыс атаулыны екінші рет (дәл солай) қайта жаратады. Шүбәсіз, Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді» («Әнкабут» сүресі, 20-аят) деген аяттар келтірген.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде сапарға шығу жайлы былай дейді: «Сапар – қиыншылықтың бір бөлшегі. Ол сендерді ас-ауқаттан, сусыннан, ұйқыдан тыяды. Кімде-кім сапардағы қажеттілігін аяқтаған болса, отбасына дереу оралуға асықсын», – деген (Бұхари, Мүслим). Тағы бір хадисте Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үш адам бірге сапарға шықса, араларындағы біреуді басшы етіп сайлап алсын», – деген (Әбу Дәуіт). Әнас (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте Алла елшісі: «Алыс жолға шыққанда түнделетіп жол жүріңдер, өйткені жер түнде түріледі», – деген (Әбу Дәуіт). Әбу Һұрайра (Алла одан разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаға және ақырет күніне иман еткен әйелдің қасында ет жақыны болмаса, (кем дегенде) бір күн, бір түнге созылатын сапарға шығуына тыйым салынады», – деген (Бұхари, Мүслим).

Сапарды жақын жердегі және алыстағы деп екіге бөліп қарастыруға болады. Жақын жердегі сапарға тұрғылықты мекеннен шықпай қала ішінде жасалған сапар жатады (туған-туысқа, дос-жарандарға т.б. бару).

Жақын жердегілерге сапарлаудың мынадай әдебі бар: баратын үйге алдын ала хабар беру, дәрет алып шығу, киім-кешегіне мән беру, намаздың уақытын назарға ала отырып шығу, мүмкіндік болса ерте шығу. Жолға неғұрлым ертерек шығуға қамдану керек. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алла Тағалам! Үмметіме таңертең, күннің әуелгі сәттерінде берекесін бер», – деп дұға тілейтін. Сонымен қатар Алла елшісі біреуді сапарға шығарып саларда немесе адамдарын бір жаққа жіберерде таңертең ерте жіберген. Халқымызда «Ерте тұрған еркектің ырысы артық» деген сөз бар.

Сауда жасау үшін сапарға шығатын болса, не алатынын алдын ала белгілеп жазып қою керек. Сонымен қатар үйінен шығарда сапар дұғасын оқыған абзал. Әнәс ибн Мәликтің (Алла одан разы болсын) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім үйінен шыққанда «Тәуәккәлту ъаләллаһи лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ» деген дұғаны оқыса, оған періште «Бұл саған жеткілікті әрі қорғаудасың», – дейді. Шайтан ол адамнан алыс жүреді», – деді. Сол секілді әйелдер сапарға шыққанда киім-кешегіне мән беруге, ер адамдармен аралас отырмауына, шаруаларын уақылы атқарып, бос нәрсемен шұғылданбауға, үйге қайтарда дұға жасауға, үйге кіргенде сәлем беріп кіруге міндетті. Алла Тағала Құранда: «...Үйлердің табалдырығынан аттағанда, Алланың атынан һәм Оның бұйырғанындай құт-берекең орнауына себепкер болған игі ниетпен бір-бірлеріңе сәлем беріңдер»,­ – деген болатын («Нұр» сүресі, 61-аят).

Ұзақ жерге сапарға шығудың да әдебі бар. Алысқа жолға шыққан адам өзіне керек заттарды ұмытпағаны жөн. Алла Тағала Құран Кәрімде қажылық үкімдерін баян еткен кезде: «Және (қажылыққа шыққанда жолға) азық алыңдар. Негізінде азықтың жақсысы – тақуалық», – деген. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кезінде Йемен халқы қажылық парызын жасағанда, өздерімен бірге азық алмай: «Біз Аллаға тәуекел еттік», – деп шығып Меккеге келгенде жергілікті халықтан азық сұраған екен. Сол кезде осы аят түскен. Осы аят түскенде бір кісі Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алланың елшісі! Азықтан не алайық?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: «Жүзіңді адамдарға қаратпайтындай азықтанып ал. Азықтың ең жақсысы – тақуалық», – деп жауап берген болатын.

Аптаның бейсенбі күні жолға шыққан жақсы. Бұл – сүннет амал. Сахаба Кәәб ибн Мәліктің (оған Алла разы болсын) айтуына қарағанда, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сапарға көбіне бейсенбі күндері шыққан екен. Сондай-ақ жолда әдеп, мәдениет сақтап, ұрыс-жанжалдан аулақ болу керек. Қисынсыз жағдай туса, байыппен, парасатпен шешуге тырысқаны абзал. Сол секілді сапардың жолға шықпас бұрын ет жақындарымен ақылдасу, истихара намазын оқу, үй іші, туған-туыс, дос-жаран, көршілермен қоштасу, мүмкіндік болса ғұсыл-дәрет алу, садақа беру, екі ракағат сапар намазын оқу, жолаушылардың мазасын алатын іс-әрекеттерден аулақ болу, сапарда күнәлі істерден сақ болу, зікір, тәффәккур ету, парыз намаздарды қысқартып оқу, ізгі жандармен сапарлас болу секілді шарттары бар. Сонымен қатар баратын жерге уақытында бару керек. Сапардан оралған соң шүкір намазын оқуы тиіс. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сапардан сәске уақытта қайтуға мән берген. Сапардан қайтқанда мешітке барып екі рәкат намаз оқып, содан кейін үйіне барған.

 

Адам баласы сапар сынағына төзу арқылы өзін сабырлыққа тәрбиелейді. Адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы білмегенін үйренеді. Түрлі жерлерді көру арқылы ғибрат алып, санасы толығады. Бишр әл-Хафи (Алла оған разы болсын): «Уа, ғұламалар қауымы! Жер бетінде саяхат жасаңдар, сонда тазарасыңдар! Себебі су ағатын болса, таза болады. Ал бір орында ұзақ тұрса, бұзылады», – деген болатын.

 

Нұрболат ДҮЙСЕБАЕВ,

РАНТ мүшесі

Иман журналы №10 (231) 2023 жыл

 

Тегтер: мақала
Предыдущий Следующий
ЕҢБЕК ЕТКЕН ЕР АБЫРОЙЛЫ АЛЛАНЫҢ НАЗАРЫ – ЖҮРЕКТЕ

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат ТӘКӘППАРЛЫҚ - ТЕРЕҢ ҚҰЗ
Тәкәппарлық – адамның өзіне, өзгелерге және өмірге деген қате көзқарастардың бір көрінісі. Бұл мінез-құлық адамның рухани және моральдық дамуына кедергі жасайтын терең құзға айналады. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны білдіре...
Әдеп (этика) КЕЛІННІҢ СӘЛЕМ САЛУЫ
Қазақ халқының рухани мәдениеті мен тұрмысында келіннің сәлем салуы ерекше орын алады. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақы тәрбиенің ажырамас бөлігіне айналған. Келіннің сәлем салуы тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар үлкенге ізет пен кішіпейілділіктің белгісі саналады. Бірақ бұл дә...
Ихсан ілімі ИМАН МЕН ИХСАН МӘСЕЛЕСІ
Дінге сенуші адамдардың арасында көптеген сұрақтар қойылады. Солардың ішінде «дін дегеніміз не?», «ихсан деген не?» «ислам деген не?». Әрине бұл сұрақтарға жауап беру үшін мақалалар, тіпті кітаптар жазылады....
Қоғам ҮШ ДЕРТ: КӨП СӨЙЛЕУ, ТАМАҚТАНУ МЕН КӨП ҰЙҚЫ
Ұлы Жаратушы, кемшіліктерден пәк Алла Тағала адам баласына аманат ретінде оның жаны мен тәнін бергеннен кейін, адам баласына жан мен тәнді тәрбиелеу мен ауру-сырқаудан емдеу жолдарын әділетті Пайғамбарлары арқылы көрсетіп берген. Адам баласының өмірі сынақ ретінде берілгендіктен, сынақтан өтудің жол...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан ілімі адамды немесе адам рухын кемелдендіретін хал ілімі ретінде сипатталады және ол Құран мен сүннеттегі қағидалардың толық орындалуымен түсіндіріледі. Ихсан ілімі қателік пен күнә жасауға себеп болатын адам бойындағы материалдық әрі рухани қуат көздерін тізгіндеп, оның орнына сауап пен ізгіл...
Пайым-парасат ҚҰРАН АЯТАРЫНДАҒЫ "ЖҮРЕК" ҰҒЫМЫ
Жүрек - ақыл, таным, білім, ниет, сенім, даналық және құрбандық тәрізді адам үшін өте маңызды мәселелердің жиынтығы. Егер жүрек тірі болса, бұл сезімдер де тірі болып саналады. Егер ол қандай да бір себеппен тоқтаса не күйзелсе, онда бұл өмірдің саған қойған белгісіз жоспарының сәтсіз жері  немесе қ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат САЛАУАТТЫЛЫҚ – ЖАН МЕН ТӘННІҢ ҮЙЛЕСІМІ
Кез келген адам өмірінің берекелі және жақсылыққа толы болғанын қалайды. Өмірде жетістікке жету үшін жан-жақты ізденеді. Салауатты өмір сүруге дағдыланады. Әркім салауаттылықты әр түрлі түсінеді. Кейбір адамдар үшін салауаттылық денінің саулығы болса, басқалар салауаттылықты білімді болу деп ұғады. ...
Пайым-парасат ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ АСЫЛ ҚАСИЕТ
Тауазу – қарапайым, кішіпейіл болу, Алланың ұлылығының алдында өзіңің түкке тұрмас әлсіз екендігіңді білу деген мағынаны білдіреді. Адам баласы өзіне берілген ілім, мансап және байлық сияқты кез келген бір нығметтің арқасында бұлардан мақрұм болған кісілердің алдында өзін олардан жоғары санап, зұлым...
Пайым-парасат АДАЛ АС – ЖАНҒА ШИПА
Тағам – адамның дене жасушаларын қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етіп, ағзаның дұрыс өсуі мен дамуына тікелей әсер ететін негізгі қажеттіліктің бірі. Адам баласының туу және өліміне дейінгі барлық өмірлік циклі тікелей тағаммен байланысты....
Пайым-парасат АҒАЙЫННЫҢ АРЫЗЫ - ЕЛДІҢ СӘНІН КЕТІРЕР
Бұқар жырау; «Ағайынның арызы елдің сәнін кетірер, абысынның арызы ауыл сәнін кетірер», – деп айтқандай, ағайын-туғанның араздасып, арадағы байланыстарын үзуі Алланың қаһарына ұшыратып, елдің берекесін кетіреді....
Пайым-парасат СӨЗ ТҮЗЕЛСЕ, АДАМ ТҮЗЕЛЕДІ
Сөз түзелсе - жүрек түзеледі. Жүрек түзелсе - иман түзеледі. Иман түзелсе - дінің түзелер. Дінің түзелсе - ақыретің түзеледі...
Пайым-парасат ТІЛ - БАПТАСАҢ БАҒЫҢДЫ АШАДЫ
«Шын мұсылманның тілі жүрегінен кейін тұрады, айтар сөзін (пайдасы мен зиянын) ойланып сөйлейді. Ал, екі жүздінің тілі жүрегінің алдында тұрады да, айтар сөзін (одан туындайтын салдар туралы) ойламай сөйлейді»,...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 00:58

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi