ҚҰРАН ЖӘНЕ ТАБИҒАТ
Риддер
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 16:25
Риддер
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Риддер
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:34 04:13 11:29 16:25 18:36 20:16
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Шавваль 1446
Миләди
22 сәуір 2025

Мақалалар

ҚҰРАН ЖӘНЕ ТАБИҒАТ

| A | +

Табиғат – тіршілік атаулының құтты қонысы, жер бетіне көрік беріп тұрған Алланың жаратылысының бірі. Айналамызға көз салсақ, кездейсоқ болуы мүмкін емес керемет сұлулықты, үйлесім мен ерекше жүйені байқаймыз. Алла Тағала Құранның «Фатиха» сүресінің 2-аятында: «Әлемнің Раббысы Аллаға мақтаулар болсын», – деп Өзінің бүкіл жаратылыстың, әлемдердің Иесі екенін айтқан. Ал табиғатты біздің пайдалануымыз әрі ғибрат алуымыз үшін жаратқан.

Алла Тағала Құранда: «Сондай-ақ көктер мен жерді және олардың арасындағыларды алты күнде жараттық әрі (одан) Бізге еш шаршау болған жоқ» («Қаф» сүресі, 38-аят), – деген. Алла Тағала бұл әлемді жаратып қана қоймай, оны ерекше сұлу, көркем еткен. Құран Кәрімде жаратылыс туралы айтылған аяттардың бірінде: «Адамдардың қолымен істегенінен (күнәларының кесірінен) құрлық пен теңізде бүлік (апаттар, кесел-кесапаттар) пайда болды. (Ондай апаттар) олардың істегенінің бір бөлігін (жазасын) татуы үшін (пайда болды)! Бәлкім, олар (тәубеге) қайтар» («Рум» сүресі, 41-аят). Тәпсір ғалымдары бұл аяттағы «бүлік» сөзі адамдардың күнәсі мен қарсылығының кесірінен қуаңшылық, өрт және селдің салдарынан көбейіп, берекенің жоғалып, зиянының көбеюі деген. Өйткені жер мен көктің түзелуінің адамдардың бағынуына қатысы бар.

Құранда экологиялық жауапкершілік пен табиғатқа қамқорлық туралы да айтылады. Алла Тағала: «Жер түзетілгеннен соң, жер бетінде бұзақылық жасамаңдар. Алладан қорқып, Оның мейірімінен үміт етіп Оған дұға қылыңдар»,– деген («Ағраф» сүресі, 56-аят). Бұл табиғатты қорғау, оған зиян келтірмеу керектігін білдіреді. Өйткені адамзат қоршаған ортасыз, табиғатсыз өмір сүре алмайды. Алланың мейірімен адам баласы табиғатты пайдаланып, өз қажеттілігін алады. Сондай-ақ Алла Тағала Құранда табиғаттың даналықпен жаратылғаны жөнінде былай дейді: «...Ақиқатында, осыларда, сөзсіз, түсінетін адамдар үшін жер бетінде белгілер бар» («Рағыд» сүресі, 4-аят). Бұл табиғаттың бізге ұсынатын сабақтары мен даналығына көз жеткізу үшін оны зерттеп, түсінуіміз керек екенін көрсетеді.

Құранда табиғат Алланың мейірімі мен құдіретінің белгісі екені айтылады. Алла Тағала былай дейді: «Жерді жемісті ету үшін сендерге көктен жаңбыр жаудырды, одан сусын берді және сол арқылы мал жаятын өріс шығарды» («Нәхл» сүресі, 10-аят). Бұл – Алланың мейірімі. Адамзаттың игілігі үшін барлығын жаратқан Аллаға шүкір етуімізді еске салады.

Табиғатқа жанашырлықпен қарау – құлшылық әрі үлкен сауап. Алла Тағала адам баласын жер бетін көркейтуге, түрлі бүлінуден қорғауға шақырады. Шариғатта табиғи байлықтарды пайдаланудың өз ережесі мен заңдылығы бар. Құранның талабы бойынша, табиғатты пайдаланудың ең маңыздысы – ысырап етпеу және шектен шықпау. Алла Тағала Құранда: «Ішіп-жеңдер, бірақ ысырап етпеңдер», – деп әмір етеді. Ысырап және табиғи байлықтарды оңды-солды шашу – жаратылыс заңдылығына қайшы. Өйткені Алла өлшеп, белгілі дәрежеде жаратқаны жөнінде «Қамар» сүресінің 49аятында: «Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық», – дейді. Табиғи байлықты шектен тыс пайдалану әлемдік тепе-теңдікті бұзады. Сондай-ақ қоршаған ортаны бүлдіріп, зиян тигізу де экологиялық апаттарға алып келетінін ұмытуға болмайды.

Құранда табиғаттың Алланың бірлігі мен хикметінің белгісі екені айтылады. Алла Тағала Құранда: «Өздерің көріп жүрген көкті ешбір тірексіз жаратқан – Алла. Сосын Аршыны меңгерді. Және күн мен айды бағындырды», – дейді («Рағыд» сүресі, 2-аят). Аятта көктің ешбір тіреусіз Алланың құдіретімен тұрғаны айтылады. Бұл да – осыны жаратқан, бар еткен хикмет иесі болған Алланың бар екенінің бір дәлелі. Жаратушы Иеміз күнді де, айды да пенделеріне пайдалы етті. 

Құранда табиғатты қорғау және қалпына келтіру қажеттігін де атап өтеді: «Жер бетіндегі қандай да бір жануар не қос қанатты құстар; (барлығы да) өздерің (уа, адамдар) секілді үмбеттер» («Әнғам» сүресі, 38-аят). Алла Тағала «Уақиға» сүресінің 63-аятынан бастап егін, ағаш, су жайлы айта келіп 82-аятта: «Расында берген ризыққа шүкір етудің орнына оны жасынға шығарасыңдар ма?» – дейді. Бұл аяттар – Алланың жалғыз дара екеніне және құдіретіне дәлел. Табиғатты қорғау және қалпына келтіру қажеттігін айтып, қоршаған ортаға қатысты бағыт-бағдар береді. Бұл бағыт-бағдарлар адамдарға табиғатты сақтау мен қорғаудың мүмкіндіктері мен жолдарын түсінуге, оның берген мүмкіндіктеріне ризашылық білдіруге, өсімдіктерді қорғау мен қамқорлық жасауға бағытталған. Себебі нығметке шүкірлік ету оны сақтаумен, қорғаумен және
аялаумен іске асады.

Қорыта айтқанда, Құран мен табиғат бізге құлшылық пен шүкірлік туралы сабақ береді. Жаратқанның разылығы үшін жаратқанына шүкірлік етіп, табиғатқа зиян тигізбей пайдалануымыз керек. Табиғат Алланың хикметінің, бірлігінің белгісі екенін ұмытпайық!

 

Арман ҚУАНЫШБАЕВ,

РАНТ мүшесі

«Иман» журналы, №7, 2023 жыл

Тегтер: мақала
Предыдущий Следующий
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ - ЗАМАН ТАЛАБЫ ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат ПАЙҒАМБАР ﷺ ПЕДАГОГИКАСЫНДА БАЛАНЫ ҚИССАМЕН ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Адам жаратылыс тұрғысынан қисса тыңдауды және түсіндіруді жақсы көреді. Қиссада рухтарды баурайтын  бір ерекше тәлім бар. Бұл шындықты балалардан өте айқын көруге болады. ...
Дін мен дәстүр ИМАНДЫ ҰРПАҚ ЕЛІН ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕГЕ ТАНЫТАДЫ
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?» дегеніндей қазақ жастарына бағыт-бағдар көрсету – аға буынның еншісінде. Бүгінгі жастар ертең ел тізгінін ұстайды. Ұлттық құндылығымыз бен бабалар мұрасын арқалау – солардың міндеті. Тарихтың тағылымын бүгінгі...
рамазан 2025 ОРАЗАНЫҢ ПАРЫЗ БОЛУ ТАРИХЫ
Рамазан айындағы ораза – исламның бес парызының бірі және барлық балиғат жасына жеткен мұсылмандарға міндетті құлшылық.
рамазан 2025 ПАЙҒАМБАР ﷺ СҮЙІНШІСІ - ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ
Исламдағы ең қасиетті айлардың бірі – Рамазан айы. Бұл ай – Алланың рақымы мен кешірімі молынан төгілетін, пенделердің күнәлары кешіріліп, сауаптары еселенетін ерекше уақыт....
рамазан 2025 БҰРЫНҒЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ
Әр мұсылман жыл сайын сағына күтетін құлшылық ол - ораза. Бабаларымыздан бізге өнеге һәм өсиет және аманат болып қалған. Көкірегінде иманы бар барша адам парыз деп ұғып, қаза қылмай тұтқан ғибадат....
Қоғам ЖҰМЫСШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП – ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН СЕНІМ
Бірде Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар әйгілі Ніл өзенін артқа тастап, шөл далада жаяу келе жатты. Аяқ киімі жыртылып, жарамай қалғандықтан, жалаңаяқ жүруіне тура келеді. Жолай ішіп-жемге ештеңе таппай, нәр тартпай, ағаштың жапырағын жеуге мәжбүр болады. Осылайша Шұғайып (оған Алланың сәл...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Құран және тәпсір ҚҰРАНДАҒЫ НӘПСІ ТҮРЛЕРІ
Нәпсімен күресу, оны тәрбиелеу адам баласының екі дүниеде бақытты немесе бақытсыз болуын айқындап дәлелдейтін себептердің бірі. Сондықтан, нәпсімен күресу - дінімізде үлкен жиһад деп танылады....
Құран және тәпсір МУТАШАБИҺ АЯТТАРДЫ ТҮСІНУДЕГІ БЕС ӘДІС
Хәкім Абай Ғақлиясында: «Саниғын сұңғатына қарап білесіз. Бұл көзге көрілген, көңілге сезілген ғаламды қандай хикметпенен жарастырып, қандай құдіретпенен орналастырған, ешбір адам баласының ақылы жетпейді» деп Жаратушының шексіз құдіретіне таңданумен қатар Хақ Тағаланы тану жолының тәсілін баян етед...
Құран және тәпсір НАМАЗ – КӨЗІМНІҢ ҚАРАШЫҒЫ
Алла Тағала қасиетті Құранда: «Мүміндер сөзсіз мұратына жетті. Олар – намазда шын пейілімен мойынсұнып, барынша кішіпейілділік танытатындар» («Муминун» сүресі, 1-2 аяттар) деп намаздағы мұсылманның бейнесін баян етсе, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Намаз – көзімнің...
Құран және тәпсір ӘЛЕМГЕ ШУАҚ ШАШҚАН КІТАП
«Расында, сендерге Алла тарапынан  нұр және ашық кітап келді. Сол арқылы Алла тағала Өзінің разылығына ілескендерді амандық жолдарына салады және Өз нұсқауымен оларды қараңғылықтан нұрға шығарады әрі тура жолға салады», — деп баяндаған....
Құран және тәпсір ҚҰРАН ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
Құран адамзатты тура жолға бастаушы, һәм қараңғылықтан шығарушы, іші насихатқа толы әр бір әріпі сауап болған Алланың қасиетті сөзі. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Міне осы кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші» [1] деп Құранның адам баласы үшін құнды кітап екенің көрсетті....
Құран және тәпсір ҚҰРАН КӘРІМНІҢ ҚАДІР ҚАСИЕТІ
Алла Құран Кәрімде былай дейді: «Әй, адамдар! Жаратушыларыңнан сендерге насихат болған, жүректегі дертке дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау болған (Құран) келді»[2.б,57] деген....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Шавваль 1446
Миләди
22 сәуір 2025
Намаз уақыттары
қазір

Аср 16:25

Ақшамға дейін 00:17

Вопрос устазу: новые вопросы о посте

ранее задавала вопрос пишу повторноПо поводу своего вопроса хочу разъяснений так как данный вопрос

X
4 сәу. 2025

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Вы в чате задайте вопрос, вам устаз ответит

Администратор Azankz
2 сәу. 2025

44. Аль-Муджиб - Отвечающий на мольбы

Вам предписано сражаться, хотя это вам неприятно. Быть может, вам неприятно то, что является благом

X
5 нау. 2025

23. Вопрос о том, что деяния Аллаха являются результатом воли (выбора)

Да смилостивится над нами Аллаһ. Спасибо за предоставленную книгу

X
5 ақп. 2025

Урок 7: Фарды и суннаты гусля

Ас саламу алейкум ва рахматуЛлахи ва баракятух. Женщинам нельзя промывать внутреннюю часть половых о

X
14 қаң. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi