ҚҰРАНДАҒЫ НӘПСІ ТҮРЛЕРІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:48

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:55 14:43 16:25 17:48
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024

Мақалалар

ҚҰРАНДАҒЫ НӘПСІ ТҮРЛЕРІ

| A | +

Нәпсімен күресу, оны тәрбиелеу адам баласының екі дүниеде бақытты немесе бақытсыз болуын айқындап дәлелдейтін себептердің бірі. Сондықтан, нәпсімен күресу - дінімізде үлкен жиһад деп танылады.

Ислам тарихында орын алған “Табук” шайқасынан кейін сахабалар сусыз шөл далада шаршап-шалдығып қарындары аш күйде кері қайтып бара жатқанда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) :

رَجَعْنَا مِنَ اَلْجِهَادِ اَلْأَصْغَرِ إِلَى اَلْجِهَادِ   

«Кіші жиһадтан (жорықтан) үлкен жиһадқа нәспімен күресуге оралдық»,- деп айтқан (Суюти «Жәмиғу әс сағиру»).

قَدْ أَفْلَحَ مَنْ زَكَّاهَا  وَ قَدْ خَابَ مَنْ دَسَّاهَا

“Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды. Әлде кім оны кірлетсе, қор болды”,- деген (“Шәмс” сүресі, 9-10 аяттар).

Хасан әл-Басри (Алла оны рақымына алсын): “Жиһадтың ең абзалы - нәпсімен күресу”, “Жүгендеуге мұқтаж болған нәпсіңнен артық асау жоқ», - деген.

“Нәпсімнен үлкен дұшпанмен күресіп көрген емеспін. Кейде мен оны жеңемін, кейде ол басым түскен кездері де болады” (Суфиян әс-Саури).

Осы тұрғыда Құранда нәпсінің алты түрлі дәрежесі баяндалады:

1) ән-Нәфсул Әммара (күнәлі істерге бұйыратын нәпсі). Адам баласын түрлі арсыздық істерге итермелеп, содан рақат табатын нәпсі. Нәпсінің бұл түрі Юсуф сүресінің 53 аятында айтылады. “Әммара” сөзі - көп әмір етуші, үнемі бұйырып тұрушы деген мағыналарды білдіреді.

2) ән-Нәфсул Ләууама (сөгіс беруші нәпсі). Бұл нәпсі Құран Кәрімде былайша көрсетілген: “Жоқ сөгіс беруші нәпсіге ант етемін. ...Бірақ, адам баласы күнәні жалғастыра бергісі келеді”. (Қиямет сүресі, 2 аят). Бұл нәпсі көбінесе, діни бұйрықтарды орындап, құлшылығын жасап жүрген, бірақ, қателікке ұрынып, күнәға батып жүрген мұсылмандарға қатысты. Бұл нәпсінің артықшылығы, қандай да бір харам іске барып қойған болса, артынша өне бойын өкініш билеп, іштей өзін жегідей жейтін нәпсі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): “Адам баласының бәрі де қателесуші. Қателік жасаушылардың ең жақсылары - тәубеге келушілер” екенін ескертіп кеткен.

3) ән-Нәфсул Мулһәмә қажет кезде Алла тарапынан ақиқаттар илһам етілетін (білдірілетін, аян беретін) жамандықтардан арылған нәпсі. Яғни, ненің жаман, ненің жақсы екенін іштей сезініп, жақсылық жасауда жүреккке жәрдемші болатын, адамды жақсылыққа үндеп отыратын нәпсі. Жасаған құлшылықтарынан, тарқан зікірінен ләззат алатын нәпсі.

4) ән-Нәфсул Мутма 'инна иман негіздеріне сенетін, Исламның бұйрықтары мен тыйымдарына мойынсұнатын және күмәнданбайтын, сонымен қатар, тұрақты ғибадат ететін, Алламен рухани байланыс орнатып, ләззат алатын нәпсі. Әртүрлі күмәндардан ада, рухани дерттерден таза, күнәға бармайтын, жүрегі мен ақылы Алланы еске алумен шұғылданатын, соның себебімен, әрбір амалын Алла Тағаланың разылығына сай махаббатпен орындап, тыныштыққа қол жеткізетін нәпсі.

5) ән-Нәфсул Разия (разы болған нәпсі). Нәпсінің бұл деңгейінде адам Алла Тағаланың барлық талаптарын аса үлкен ынтамен, разы бола отырып орындайды. Яғни, Алланың қалауын өзінің қалауынан жоғары қояды. Біреуді жақсы көрсе Алла үшін жақсы көреді. Жек көрсе, Алла үшін жек көреді. Өмірде кездесетін әртүрлі сынақтарда сабыр етіп, Раббысына разы болады.

6) ән-Нәфсул Марзия (сүйіспеншілікті иелік еткен нәпсі). Нәпсінің бұл деңгейінде адам Раббысының ерекше миссиясын орындауға лайық болған пенделерінің қатарында болады. Мұндай нәпсі Алла Тағала разы болатын істерді ғана қалайды. Соңғы үш нәпсі иелеріне Алла Тағала: «Әй, орныққан нәпсі! Раббыңа, Ол сенен, сен Одан разы болған түрде қайт! Енді құлдарымның арасына кір! Сондай-ақ Жәннатыма кір!» - деп бұйырады. («Фәжр» сүресі 27-30 аяттар).

Сөз соңында Шал ақынның бір шумақ өлеңін келтіре кетсек:

Иман  – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі,

Бөріге қой алдырмас ердің ері.

Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,

Жоламас ешбір пәле, шайтан-пері.

Адамзаттың асылы, екі дүние сардары Алла Елшісі (соған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): “Нәпсіге жамандық қабілеті мен тақуалық қасиетін бергенге серт” деген аятты оқып: “Уа Аллам! Нәпсіме тақуалық бер. Нәпсімді пәктей гөр. Сен ең жақсы пәктеушісің. Сен жанымның Иесісің”,- деп дұға жасаған екен. Ендеше, құрметті бауырлар, келе жатқан қасиетті Рамазан айына өзімізді рухани дайындап, отыз күн оразамызды ұстап, нәпсімізді тәрбиелеуге үлкен мүмкіндік беріледі. Алла Тағала жоғарыда айтылған өзі разы болатын нәпсі деңгейіне жетуімізді нәсіп етсін!

Алматы Орталық мешітінің ұстазы

Ерлан Жеңісұлы Киізбаев

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
БІЗ ЖӘНЕ ҒАЛАМТОР САБЫР МЕН ШҮКІР ИМАННЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Құран және тәпсір МУТАШАБИҺ АЯТТАРДЫ ТҮСІНУДЕГІ БЕС ӘДІС
Хәкім Абай Ғақлиясында: «Саниғын сұңғатына қарап білесіз. Бұл көзге көрілген, көңілге сезілген ғаламды қандай хикметпенен жарастырып, қандай құдіретпенен орналастырған, ешбір адам баласының ақылы жетпейді» деп Жаратушының шексіз құдіретіне таңданумен қатар Хақ Тағаланы тану жолының тәсілін баян етед...
Құран және тәпсір НАМАЗ – КӨЗІМНІҢ ҚАРАШЫҒЫ
Алла Тағала қасиетті Құранда: «Мүміндер сөзсіз мұратына жетті. Олар – намазда шын пейілімен мойынсұнып, барынша кішіпейілділік танытатындар» («Муминун» сүресі, 1-2 аяттар) деп намаздағы мұсылманның бейнесін баян етсе, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Намаз – көзімнің...
Құран және тәпсір ӘЛЕМГЕ ШУАҚ ШАШҚАН КІТАП
«Расында, сендерге Алла тарапынан  нұр және ашық кітап келді. Сол арқылы Алла тағала Өзінің разылығына ілескендерді амандық жолдарына салады және Өз нұсқауымен оларды қараңғылықтан нұрға шығарады әрі тура жолға салады», — деп баяндаған....
Құран және тәпсір ҚҰРАН ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
Құран адамзатты тура жолға бастаушы, һәм қараңғылықтан шығарушы, іші насихатқа толы әр бір әріпі сауап болған Алланың қасиетті сөзі. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Міне осы кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші» [1] деп Құранның адам баласы үшін құнды кітап екенің көрсетті....
Құран және тәпсір ҚҰРАН КӘРІМНІҢ ҚАДІР ҚАСИЕТІ
Алла Құран Кәрімде былай дейді: «Әй, адамдар! Жаратушыларыңнан сендерге насихат болған, жүректегі дертке дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау болған (Құран) келді»[2.б,57] деген....
Құран және тәпсір АЛЛАНЫҢ ӨЗІ ДЕ РАС, СӨЗІ ДЕ РАС
 Алладан түскен қасиетті кітаптардың негізгі мағынасын қамтып, ең соңғысы болып түскені Құран Кәрім. Ол ішінде еш күмән мен күдік араласпаған Хақ болған Алланың сөзі. Алла Тағала: «Бұл Кітап – онда күмән жоқ, тақуалар үшін жолбасшы» (Бақара,1- 2 аяттар) және «оған (Құранға) өтірік алдынан да, артына...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:48

Бамдатқа дейін 04:07

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi