ӘЛЕМГЕ ШУАҚ ШАШҚАН КІТАП
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:41
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:34 06:55 11:42 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Мақалалар

ӘЛЕМГЕ ШУАҚ ШАШҚАН КІТАП

| A | +

  Құран адам баласына берілген теңдессіз Алла Тағаланың сыйы. Бүкіл әлемді жоқтан бар етіп, кемшіліксіз жаратқан Алла Тағаланың сөзі. Адамзатты жаратқаннан кейін, пенделерінің қайткен жағдайда ізгілікпен жақсылықта өмір сүретінін Алла Тағаладан артық ешкім білмесі анық. Құран адамзатты қараңғылықтан нұрға, адасудан тура жолға, надандықтан сауатты өмір сүруге жетелейтін Жаратушының қасиетті кәләмі. Құран Кәрімде:

قَدْ جَاءكُمْ رَسُولُنَا يُبَيِّنُ لَكُمْ كَثِيراً مِّمَّا كُنتُمْ تُخْفُونَ مِنَ الْكِتَابِ وَيَعْفُو عَن كَثِيرٍ قَدْ جَاءكُم مِّنَ اللّهِ نُورٌ وَكِتَابٌ مُّبِينٌ يَهْدِي بِهِ اللّهُ مَنِ اتَّبَعَ رِضْوَانَهُ سُبُلَ السَّلاَمِ وَيُخْرِجُهُم مِّنِ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ بِإِذْنِهِ وَيَهْدِيهِمْ إِلَى صِرَاطٍ مُّسْتَقِيمٍ

«Расында, сендерге Алла тарапынан  нұр және ашық кітап келді. Сол арқылы Алла тағала Өзінің разылығына ілескендерді амандық жолдарына салады және Өз нұсқауымен оларды қараңғылықтан нұрға шығарады әрі тура жолға салады», — деп баяндаған.

Бұл өмірдегі ең қымбат нәрсе, ол тура жол. Адамның тура жолда болуы үшін сана сезімі жоғары, дүние танымы кең, білімі терең, ойлау жүйесі дұрыс және өмірдегі өлшемдері ақиқатқа сәйкес келетін болуы тиіс. Соңдықтан Алла Тағала Құранға ерген адамды тура жолына бастау арқылы екі дүние бақытына кенелтеді. 

Құран жеке адамның өміріндегі кішігірім қағидаттардан бастап, әлемдік деңгейдегі халықтардың өмір сүру қағидаттарына дейін реттейтін және жан жақты дамытып, кемелдендіретін ғылымға толы мұғжиза кітап. Құран замандар өтуімен құнын түсірмейтін, керісінше уақыттың өтуімен адамзат оған мұқтаждығы арта түсетін және жер бетіндегі барлық елдердің жағдайларын ортақ қамтитын Тәңірдің тартуы. Әлемдегі ашылып жатқан таңғажайып ғылыми жаңалықтардың барлығы Құраннан бастау алатын және әлемде қандай мәселе туындаса да оған жауабы бар берекеге толы киелі нұсқау.  

Мұхаммед пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)  Құранды басшылыққа алып өмір сүру арқылы кіршіксіз ғұмыр кешті. Құранның мән мағынасын жақсы түсініп, Құранға жақын болған сахабалармен ғұлама ғалымдар бақыттыда мағыналы өмір сүрді. Қай заман болсада Құранға жақын болған пенделер екі дүниенің бақытына қол жеткізері сөзсіз.  Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):  

  عَنْ أَبِيْ سَعِيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ : قَالَ  رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ:" يَقُولُ الرَّبُّ عَزَّ وَجَلَّ: مَنْ شَغَلَهُ الْقُرْآنُ عَنْ ذِكْرِي وَ مَسْأَلَتِي، أَعْطَيْتُهُ أَفْضَلَ مَا أُعْطِي السَّائِلِيْنَ وَفَضْلُ كُلَامِ اللهِ عَلَى سَائِرِ الْكَلَامِ كَفَضْلِ اللهِ عَلَى خَلْقِهِ" (رواه الترمذي).

 «Құдіреті күшті әрі Ұлы Алла : «Кім Менен дүниелік мұң-мұқтажын тіленбей, Құран оқумен айналысса, оған тіленген адамдарға берген нәрседен де абзалырақ нәрсе беремін», – деп айтады. Алла Тағаланың сөзінің басқа сөздерден артықшылығы Алла Тағаланың жаратылыстардан артықшылығы сияқты», –  деген.

Әрбір пенде ізгілікке бөленіп жақсы өмір сүргісі келетіні белгілі. Сол үшін пенде шама шарқынша жанталасып әрекет етуде. Алайда, ізгілікпен жақсылыққа бөленіп өмір сүру жолын пайғамбарымыз Құран арқылы болатындығын үйреткен. Құран оқып Алла Тағаладан сұрап әрекет еткен пендесінің Жаратушымыз қамқорсыз қалтырмасы айдан анық. Сонымен қатар, Құран оқып, оған амал етіп жүрген пендесінің риздық несібесінің де берекелі болары сөзсіз.     

Шынымен Құранды оқып, мағынасын түсініп және оған амал еткен адам күмәнсіз бақытқа кенеледі. Алла Тағала Құран оқып жүрген адамды жақсы көреді. Құран жаттаған адамдар Алланың сүйікті пенделері деп есептеледі. Алла Тағала Құран оқыған пендесіне әрбір оқыған әріпіне сауап жазады. Абдулла ибн Масғудтан (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):

 عَبْدَ اللهِ بْنَ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ  يَقُولُ: قَالَ  رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: "مَنْ قَرَأَ حَرْفًا مِنْ كِتَابِ اللهِ فَلَهُ بِهِ حَسَنَةٌ وَالْحَسَنَةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا؛لَا أَقُولُ: الم حَرْفٌ وَلَكِنْ أَلِفٌ حَرْفٌ وَلَامٌ حَرْفٌ وَمِيمٌ حَرْفٌ" (رواه الترمذي).

  «Кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса, ол үшін оған бір сауап жазылады. Ал бір сауап он есеге артады. Мен «әлиф, ләм, мим – бір әріп» деп тұрған жоқпын. Әлиф –бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп», – деген.

Құран оқумен әрбір әріпіне Алла Тағала пендесінің өміріне береке кіргізеді. Құран оқыған сайын ұрпақтарының тәрбиелі болуына және отбасында сыйластықпен өмір сүруіне септігін тигізеді.  

Сонымен қатар, қиямет күнінің қиын қыстау күнінде Құран оқыған адамға оқыған Құраны жанашыр болып шапағат етеді. Әбу Умама әл-Баһили (р.а.): «Алла елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):

أَبُو أُمَامَةَ الْبَاهِلِيُّ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: "اقْرَءُوا الْقُرْآنَ فَإِنَّهُ يَأْتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ شَفِيْعًا لِأَصْحَابِهِ، اقْرَءُوا الزَّهْرَاوَيْنِ: الْبَقَرَةَ وَسُورَةَ آلِ عِمْرَانَ، فَإِنَّهُمَا تَأْتِيَانِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ كَأَنَّهُمَا غَمَامَتَانِ، أَوْ كَأَنَّهُمَا غَيَايَتَانِ، أَوْ كَأَنَّهُمَا فِرْقَانِ مِنْ طَيْرٍ صَوَافَّ تُحَاجَّانِ عَنْ أَصْحَابِهِمَا. اقْرَءُوا سُورَةَ الْبَقَرَةِ، فَإِنَّ أَخْذَهَا بَرَكَةٌ، وَتَرْكَهَا حَسْرَةٌ، وَلَا تَسْتَطِيعُهَا الْبَطَلَةُ. قَالَ مُعَاوِيَةُ: بَلَغَنِي أَنَّ الْبَطَلَةَ السَّحَرَةُ (رواه مسلم).

 «Құранды оқыңдар. Өйткені Құран Қиямет күні өзін оқыған адамдарға шапағатшы болып келеді. Құранның екі гүлі «Бақара» мен «Әли Имран» сүрелерін оқыңдар. Ақиқатында, Қиямет күні ол екеуі құдды бір екі бұлт сияқты немесе қалқалаған екі көлеңке сияқты не қанатын жайған екі топ құс сияқты келіп, өздерін оқып, оған амал жасаған адамдарды қорғайды. «Бақара» сүресін оқыңдар. Расында, бұл сүрені оқу берекет әкеледі. Ал оны оқымай ескерусіз қалдыру берекені қашырады...», – деп айтқанын естідім.

Қиямет күні пенделерге жеңіл болмасы белгігі. Сол уақытта не істерін білмей қиналған пендесіне оқыған Құраны шапағатын тигізіп жәрдем береді. Алла Тағалада Құранның шапағатын қабыл алады.

Бұл дүниеде барлық ата – ана ұрпақтарының тәрбиелі болуын қалайды. Сондықтан ұрпақтарына Құран үйретіп, әрдайым мән беріп отырса, онда берген тәрбиесі жүректеріне сіңіп иманды ұрпақтар болып өседі. Құран жаттаған ұрпақтың жақсылығын бұл дүниеде ғана емес, қиямет күнінде де ата-анасы көретін болады.

Абдулла ибн Бурайда әл-Әсламиден, ол әкесінен (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):

عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ بُرَيْدَةَ الأَسْلَمِيِّ ، عَنْ أَبِيْهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ ، قَالَ : قَالَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم : "مَنْ قَرَأَ الْقُرْآنَ وَتَعَلَّمَهُ وَعَمِلَ بِهِ أُلْبِسَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ تَاجًا مِنْ نُورٍ ضَوْءُهُ مِثْلُ ضَوْءِ الشَّمْسِ ، وَيُكْسَى وَالِدَيْهِ حُلَّتَانِ لاَ يَقُومُ بِهِمَا الدُّنْيَا فَيَقُولانِ : بِمَا كُسِيْنَا ؟ فَيُقَالُ : بِأَخْذِ وَلَدِكُمَا الْقُرْآن" (رواه الحاكم).

 «Кім Құранды оқып, одан тағылым алып, оған амал етсе, Қиямет күні оның ата-анасына нұрдан болған тәж кигізіледі. Ол тәждің нұры күннің нұры сияқты жарық болады. Және ата-анасына мына мұқым дүниенің құны жетпейтін киім кигізіледі. Ата-анасы таңданып: «Біз бұл киімді киюге қалайша лайық болдық?» – деседі. Оларға: «Балаларыңның Құранды жаттап, оған амал еткені үшін», – деп айтылады», – деген.

Алланың алдында ұрпағына Құран жаттату арқылы басына күннің жарығынанда жарық болған нұрдан тәж кию кез келген ата –ана үшін үлкен бақыт.

Бұл дүниеде адамдар әртүрлі жетістікке қол жеткізіп жатады. Үлкен жетістікке жеткен адамдарға қалған адамдардың қызығатыны да заңдылық. Алайда, пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) ең үлкен қол жеткізген жақсылықтың бірі Құран жаттап, әрі жаттаған Құранын күндіз түні оқып жүру екендігін айтқан. Міне, қызықса осындай адамға қызығудың орынды екендігі де үйреткен. 

 Абдулла ибн Омардан (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): 

عَبْدَ اللهِ بْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ:"لَا حَسَدَ إِلَّا عَلَى اثْنَتَيْنِ، رَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ الْكِتَابَ فَقَامَ بِهِ آنَاءَ اللَّيْلِ وآناء النهار، وَرَجُلٌ أَعْطَاهُ اللَّهُ مَالًا فَهُوَ يَتَصَدَّقُ بِهِ آنَاءَ اللَّيْلِ وَآنَاءَ النَّهَارِ" (رواه البخاري، ومسلم).

 «Екі адамға ғана қызығуға болады: «Алла Тағала Құранды нәсіп етіп, оны күні-түні оқып, амал еткен адам. Алла Тағала байлық нәсіп етіп, оны күні-түні садақаға жұмсаған адам», – деген.

 Күндіз түн  Құран оқып жүрген адам екі дүниеде де бақытқа кенеледі. Құран бақыттың жолы болғандықтан пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Құран оқушыға қызығуға кеңес берген.   

Сонымен қатар Құранды жаттаған қарилар өзімен бірге қаншама адамның жаннатқа кіруіне себепеші болатындығында пайғамбарымыз айтып өткен.     

Шынымен де Құранды жаттау үлкен бақыт. Ислам дінінің ерекшелігі мұсылмандардың арасында Алланың сөзі Құранды жаттаған адамдардың көп болуында. Қаншама мұсылмандар шоғырланған елдерде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін Құранды жатқа оқушылар өте көп екені белгілі. Аллаға шүкір еліміз егемендік алғалы бері елімізде қарилардың саны күн санап артып келеді. Қаншама Құран жаттау орталықтарыда жұмыс атқаруда. Құран жаттау хафиз болу оңай емес. Құран жаттаудың әр түрлі тәсілдері бар.  Алайда, барлығына ортақ қойылатын талап шәкірттің бойына Құранның қасиеттін сіңіре білу, өмірінің сонына дейін Құранды басшылыққа ала отырып күндіз түні оқып жүруге дағдыландыру, жан дүниесіне мөлшерден тыс салмақ салмай жаттата білу сынды талаптарға жауап беру міндет. Бұл дегеніміз шәкірттің психологиясы мен физиялогиясына мән бере отырып дұрыс педагогикалық тәсілдермен оқыта білу деген мағынаны білдіреді.  Сонымен қатар, шәкірттің күніне, аптасына, және жылына қанша уақыт демалуына мән беру. Ұстазбен шәкірттің арасындағы нәзік байланысты үйлесестіру арқылы баланың қабілетін аша білу. Оқу барысында шәкірттің кемшіліктерімен қалай жұмыс жасалу сынды ерекшеліктерге мән бергенде ғана ілім шәкірттің көңіліне дұрыс қонып, қоғамға пайдалы ізгі шәкірт тәрбиеленетіні белгілі.  

  Алла Тағала шәкірттерімізбен ұрпақтарымызды сауатты тәрбиелеу арқылы елімізде үлкен ғұлама ғалымдардың көп шығуын нәсіп етсін.  

 

Аманқұл ата мешітінің бас имамы

Ахмадиев Серікхан Рымханұлы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ПРАНК ЖАСАУҒА БОЛА МА? КҮНӘНІ ЖАСЫРУ ҮШІН ӨТІРІК АЙТУҒА БОЛА МА?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Құран және тәпсір ҚҰРАН ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
Құран адамзатты тура жолға бастаушы, һәм қараңғылықтан шығарушы, іші насихатқа толы әр бір әріпі сауап болған Алланың қасиетті сөзі. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Міне осы кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші» [1] деп Құранның адам баласы үшін құнды кітап екенің көрсетті....
Құран және тәпсір ҚҰРАН КӘРІМНІҢ ҚАДІР ҚАСИЕТІ
Алла Құран Кәрімде былай дейді: «Әй, адамдар! Жаратушыларыңнан сендерге насихат болған, жүректегі дертке дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау болған (Құран) келді»[2.б,57] деген....
Құран және тәпсір АЛЛАНЫҢ ӨЗІ ДЕ РАС, СӨЗІ ДЕ РАС
 Алладан түскен қасиетті кітаптардың негізгі мағынасын қамтып, ең соңғысы болып түскені Құран Кәрім. Ол ішінде еш күмән мен күдік араласпаған Хақ болған Алланың сөзі. Алла Тағала: «Бұл Кітап – онда күмән жоқ, тақуалар үшін жолбасшы» (Бақара,1- 2 аяттар) және «оған (Құранға) өтірік алдынан да, артына...
Құран және тәпсір «Кәһф» сүресінің 10 құпиясы
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Кәһф» сүресін («Үңгір») неліктен әр жұма сайын оқуды насихаттады деп ойладыңыз ба?! «Үңгір» сүресінің құпиясы неде жатыр?
Құран және тәпсір Құранға құрмет – мұсылманға міндет
Қасиетті Құран Кәрім – он төрт ғасырдан бері мұсылмандар үшін рухани бастама және шабыт көзі. Бұл – Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи ретінде түсіп, әлі күнге түпнұсқа күйінде сақталған бірден-бір кітап. Әрбір мұсылман үшін һәм жалпы мұсылман үмбеті үшін маңызды. ...
Құран және тәпсір ОЗЫҚ ТӘПСІР
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Еңсеру» атты кітабында бүгінгі өркениеттегі ислам қоғамдастығы тап болған қиындықтар туралы айта келе: «Құран – түсінуге әрі ұғынуға жеңіл қарапайым кітап емес, тіпті де: оны түйсіну үшін ең кем дегенде көне араб тілін өте жетік білу қажет» деп жазады....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:41

Ақшамға дейін 01:07

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi