ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ

| A | +

الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мадақ-мақтау әлемдердің Жаратушысы Алла Тағалаға тән, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын! 

Асыл дініміз мұсылмандардың өзара туыс екенін айтып, өзара бірлікте, қамқор болып, мұқтаж болғандарға жәрдемдесіп, зекет пен садақаларды беруге бұйырады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресі, 71-аятында

 وَالْمُؤْمِنُونَ وَالْمُؤْمِنَاتُ بَعْضُهُمْ أَوْلِيَاءُ بَعْضٍ يَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ وَيُقِيمُونَ الصَّلاةَ وَيُؤْتُونَ الزَّكَاةَ وَيُطِيعُونَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ أُولَئِكَ سَيَرْحَمُهُمُ اللَّهُ إِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ

«Мүмин ерлер мен мүмин әйелдер, бір-біріне шын жанашыр дос. Олар ізгілікті бұйырып, жамандық атаулыдан тыяды. Сондай-ақ олар намаздарын толық орындап, зекеттерін береді және Аллаға, Елшісіне бойсұнады. Міне, бұларды Алла мейіріміне бөлейді. Расында Алла бәрінен үстем (әзиз), Аса даналық иесі (хаким)», – деп айтқан.

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:

الْمُؤْمِنُ لِلْمُؤْمِنِ كَالْبُنْيَانِ يَشُدُّ بَعْضُهُ بَعْضًا وَشَبَّكَ بَيْنَ أَصَابِعِهِ

«Мүмин адамның мүмин адамға қатысы бір-бірін қуаттап тұрған құрылыс іспеттес деп, екі қолының саусақтарын бір-біріне кіргізіп айқастырды» делінген (имам Бұхари, Мүслим).

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейтін қазақ халқының бойында жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу ежелден қалыптасқан қасиет.

Мұсылманның өзге мұсылмандарға деген қайырымдылығы рухани әрі заттай да жүзеге асырылады. Бүгінгі жұма уағызымызда мұсылманның өзге мұсылманға деген қамқорлығы мен қайырымдылығының көрінісі деп табылатын кейбір істерге тоқталатын боламыз.

 

Бірінші: жанашырлық таныту

Қайырымдылық ең алдымен жанашырлықтан туындайды. Жанашырлық дегеніміз – бір адамның қиын жағдайға тап болған кезде туған-туыстарына, тілектес, ниеттес, сыйлас кісілеріне, айналасындағы барлық адамзатқа деген қамқорлығынан туындайтын іс. Зиян шегіп, шығынға ұшыраған немесе қайғы-қасіретке душар болған, сондай-ақ, қандай да бір ауыр қиындыққа тап болған адамдарға қамқорлық таныту, оларға қолдан келгенше көмектесу нағыз мұсылмандықтың белгісі. Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресі, 71-аятында:

وَالْمُؤْمِنُونَ وَالْمُؤْمِنَاتُ بَعْضُهُمْ أَوْلِيَاء بَعْضٍ

«Мүмин ерлер мен мүмин әйелдер бір-біріне шын жанашыр дос», – деп айтқан.  Тәпсір ғалымдары бұл аятқа қатысты: олар бірлікте болу арқылы, бір-біріне сүйіспеншілік таныту арқылы, жәрдем көрсету арқылы бір-біріне дос деген мағына берген.

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың өзгелерге жанашырлығы турасында: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты  мен сәлемі болсын) дүниеде өмірінің соңына дейін үш күн қатарынан тойып тамақ жеген емес. Қаласақ тойып жейтін мүмкіндігіміз бар еді. Бірақ өзгелердің қажетін өзімізден артық қоятын едік», – деген.

Алла Елшісін үлгі еткен мұсылман адам да өзге мұсылманның қал-жағдайын сұрайды, әлсіздеріне көмек қолын созады, зұлымдыққа ұшырағандарына көмектеседі, өзі үшін жақсылық тілеп, дұға ететіні секілді  өзгелер үшін де жақсылық тілейді. Көмекке мұқтаж болса, ешуақыт, көмексіз, жәрдемсіз қалдырмайды.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде былай деген:

«Ақырет күні Алла Тағала айтады: «Уа, адам баласы! Мен сырқат болдым, ал сен болсаң Менің көңілімді сұрап келмедің!» – дейді. Адам баласы сол кезде: «Уа, Раббым, Сен бүкіл Әлемнің Раббысы бола тұра, Сенің көңіліңді қалай сұраймын?» – дейді. Сонда Алла Тағала: «Сен менің пәленше деген құлымның ауырғанын біле тұра, оның көңілін сұрап бармадың? Егер сен оған барсаң, оның жанынан Мені табатын едің», – дейді.

«Уа, адам баласы! Мен сенен, Мені тамақтандыруды сұрап едім, ал сен болсаң Мені тамақтандырмадың?» – дейді. Ал адам болса: «Уа, Раббым, Сен бүкіл Әлемнің Раббысы бола тұра Сені қалайша тамақтандырар едім?» – дейді. Сонда Алла айтады: «Сен менің пәленше деген құлымның сенен тамаққа мұқтаждығын біле тұра, оны тамақтандырмадың. Егер оны тамақтандырсаң оған бергеніңді Менің құзырымнан табатын едің. 

Уа, адам баласы! Мен сенен су сұрап едім, ал сен болсаң Маған су бермедің?» – дейді. Ал адам болса: «Уа, Раббым! Сен бүкіл Әлемнің Раббысы бола тұра, Саған қалайша су берер едім?» – дейді. Сонда Алла айтады: «Сен менің пәленше құлымның сенен су сұрағанын біле тұра, оған су бермедің? Егер сен оған су берсең, оған бергеніңді әлбетте Менің құзырымнан табатын едің» – дейді».

Бұл хадисте мұсылманның мұсылманға деген жанашырлығы, қиналғанда қасынан табылып, көмектесуінің маңызы көрсетілген.

 

Екінші: көмекке зәру адамға жәрдем беру

Мұсылманның жәрдемге мұқтаж екенін естіген екінші мұсылман жәрдем бергенше асығуы қажет. Ол жәрдем жағдайға қарай кейде қаражатпен, кей жағдайда өзі барып, күш-қауқарымен жәрдем тигізуді қажет етуі мүмкін. Ал кейде ақыл-кеңеспен де болады. Ең бастысы мұсылманның ауыр жағдайға тап болғанын естігенде бей-жай танытпай, уайымдап, ниеттес, қамқор болуы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

  وَمَنْ كَانَ فِي حَاجَةِ أَخِيهِ كَانَ اللهُ فِي حَاجَتِهِ

«Кім бір бауырының мұқтаждығын өтесе, Алла да оның мұқтаждығын өтейді», – дейді. Тағы бір хадисінде:

مَثَلُ الْمًؤْمِنِينَ فِي تَوَادّهِمْ  وَ تَرَاحُمِهِمْ وَ تَعَاطُفِهِمْ مَثَلُ الْجَسَدِ إِذَا اِشْتَكَى مِنْهُ عُضوٌ تَدَاعَى لَهُ سَائِرَ الْجَسَدِ بِالسَّهْرِ وَالْحُمَّى

«Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады», – деген  (имам Мүслим).

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзіне бір адам қандай да бір қажетімен келетін болса, оның мәселесін шешпей, жібермейтін болған. Сахабаларына да соны үйретіп: «Сендердің біріңнің бауырының кажетінде болуы мына мешітімнен шықпай құлшылық жасағаннан қайырлы», – деп насихат айтқан.

Шағырай шешен:

Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.
Үлгілі сөз білмеген,
Надандықтың белгісі.
Бар-жоғына қарамас,

Анық жомарт, ер кісі– деп жомарт болуға үндеп, өзгені де өзіндей көріп жәрдемдесуді насихат еткен.

Ендеше, біз де мұқтаж мұсылманды көрсек оған жәрдемдесуге тырысып, мүмкіндігіміз болмаған жағдайдың өзінде дұға етіп, ниеттес, тілектес болуға тырысуымыз қажет.

 

Қисса

Баяғыда екі ағайынды жігіт егін егіпті. Күзде шыққан өнімдерін екеуі теңдей етіп он бес қаптан бөлісіпті. Біраз уақыттан кейін жасы кіші інісіне мынадай ой келіп: «Біз осы шыққан өнімімізді тең бөлісуіміз дұрыс болмады. Ағамның отбасы бар, ал мен болсам бойдақпын. Ағам менен қарағанда көбірек үлес алуы керек еді», – деп, түн ішінде білдірмей, өзіндегі бір қапты көтеріп, ағасының үйіне апарып, қаптарының арасына қойып кетеді.

Таң атқаннан кейін өзінің түндегі істеген ісіне дән риза болып, өзінде қалған қаптарды санаса, тура он бес, еш кемімегенін байқайды. Мұның сырын еш түсінбеген жігіт, тағы да қас қарайғаннан кейін бір қапты ағасының үйіне апарып, қаптарының ішіне қосып кетеді. Таң атқан соң өз қаптарын қайта санаса, әлі он бес, еш кемімеген. Жігіт таңданған үстіне таңдана түседі.

Келесі күні болып түн батқаннан кейін тағы өзіндегі бір қапты алып, ағасының үйіне бара жатқан жолда қап көтеріп келе жатқан ағасын жолықтырады. Сөйтсе, ағасы да: «Отыз мөшек қапты он бестен тең бөліп алғанымыз дұрыс болмады. Менің отбасым бар, бала-шағалымын, ал інім болса әлі аяғына да тұрмады, отбасын да құрмады, менен гөрі ол мұқтажырақ. Ендеше, ол маған қарағанда көбірек алуы керек еді», – деп інісінің жағдайын уайымдап, түн ішінде оның үйіне де бір қаптан тасып жүрген екен.

 

Үшінші: насихат сұраушыға насихат айту

Кейде адам материалдық көмекке емес, рухани насихатқа мұқтаж болуы мүмкін. Осы кезде сабырлыққа шақырып, демеп, насихат айтып, рухани жәрдемші болу да садақаға, яғни қайырымдылық көмекке теңелетін іс. Бір мұсылманның екінші мұсылманға насихат айтуы – шалыс басып кетпесін, дүниеде опық жеп, ақыретте өкініште болмасын деген шынайы жанашырлығынан туындайтын іс. Тіпті бұл мұсылманның мұсылманға деген  ақыларына жатады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

حَقُّ الْمُسْلِمِ عَلَى الْمُسْلِمِ سِتٌّ: إِذَا لَقِيتَهُ فَسَلِّمْ عَلَيْهِ، وإِذَا دَعَاكَ فَأَجِبْهُ، وإِذَا اسْتَنْصَحَكَ فَانْصَحْهُ، وإِذَا عَطَسَ فَحَمِدَ اللَّهَ فَسَمِّتْهُ، وإِذَا مَرِضَ فَعُدْهُ، وإِذَا مَاتَ فَاتْبَعْهُ

«Мұсылманның мұсылман алдында алты ақсы бар: егер кездестірсең сәлем бер, егер шақырған болса бар, егер насихат сұраса насихат айт, егер түшкіріп Алла Тағалаға мақтау айтса, оған жақсылық тіле, егер ауырып қалса, халін сұрап бар, егер қайтыс болса, соңғы сапарға шығарып сал», – деп насихат айтқан (имам Мүслим).

Әдетте насихатты кісі өзі жақын көретін, жанашыр деп танитын адамнан сұрайды. Осындай жағдайда мұсылман адам насихат сұраған адамға шынайы ниетімен, жанашырлықпен насихат айтуы қажет. Имам Нәуәуи (Алла оны рақымына алсын) аталмыш хадиске қатысты: «Егер сенен насихатты, дұрыс бағыт-бағдар беруді сұраса, оны насихат етіп, турасын кесіп айт, жағымпазданба, алдама және де насихат айтуға сараң болма», – деген.

Мұсылман арасында бауырмалдық, жылы қарым-қатынастың үзілмесі үшін насихатты да белгілі бір әдептердің аясында айтуымыз қажет. Өйткені кейде насихаттың дұрыс болмағандығынан емес, оның айтылу тәсілі дұрыс болмағандықтан екі адам арасында реніш туындап жатады. Насихат айтушы мейілінше жұмсақ, жүрегіндегі сүйіспеншілігін, қамқорлығын сезіндіріп, бауырының көңілін бағып, даналықпен айтқаны дұрыс. Бұл «Үмметім, үмметім» деп үмметі үшін жанашыр да қамқор болған ардақты Пайғамбарымыздың сүннеті. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресі, 159-аятында Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

فَبِمَا رَحْمَةٍ مِّنَ اللهِ لِنتَ لَهُمْ وَلَوْ كُنتَ فَظًّا غَلِيظَ الْقَلْبِ لاَنْفَضُّوا مِنْ حَوْلِكَ

«Алланың мейірімі бойынша сен оларға өте жұмсақ сыңай таныттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болғаныңда, олар маңайыңнан тарқап кетер еді», – деп айтқан.

Төртінші: қоғамға пайдалы іс жасау

Қоғамға пайдалы іс жасау – өзге адамдарға деген нағыз қамқорлық, қайырымдылықтың белгісі. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

خَيْرُ النَّاسِ أَنْفَعُهُمْ لِلنَّاسِ

«Адамдардың жақсысы (өзге) адамдарға көбірек пайда тигізгендері», – деп айтқан (имам Табарани).

Мұсылман адам біреуден қалай пайда көріп қалсам емес, әркез біреуге қалай пайдалы болсам, қалай пайда тигізсем деп ойлауы қажет. Бір танысымыз, жақынымыз кәсіп ашып жатса, одан қалай арзанға алып кетуді емес, қайта барып, өзгеден емес, сол адамнан сатып алып, тілектес болып, кәсібін жүргізуге тырысқаны жөн.

Бір танысыңыз жақсы бір мамандық иесі делік. Мүмкін ол жиһаз жасайды, мүмкін құрылыс саласының маманы болар. Оны алып келіп, тегін жұмыс жасатып алуды емес, қайта сол адамға тапсырыс беріп, жұмысын жүргізуді ойлайық.

Сол сияқты қоғамдық мәселе туындағанда, жеке басымыздан гөрі қоғамға пайда тигенін көбірек уайымдауымыз қажет. Халқымызда: «Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді, атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді», – деген нақыл сөздер біздерге осыны үйретеді.

Хакім Абай: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың», – дейді.

Дінімізде үзілмейтін сауап делінген түсінік бар. Яғни бір адам көпір салады, бір адам мектеп, мешіт-медресе, аурухана салады немесе бір тал егеді. Сол көзі тірісінде жасаған амалы ол адам дүниеден өтіп кетсе де көпшілікке пайдасы тиіп тұрғаны үшін себепкер болған адам сауабын алады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ешкімге зұлымдық жасамастан және біреудің ақысын жеместен, қандай да бір ғимарат тұрғызса немесе біреудің ақысын жемей, зұлымдық жасамастан ағаш отырғызса, Алланың жаратылыстары одан пайдаланған сайын, оған сауап барып тұрады», – деген.

Ендеше, әрбір адам осындай ізгілікті амал, ғибратты із қалдыруға немесе соған аз да болса себепкер болуға тырысуы қажет.

 

Қадірменді жамағат!

Өзгелерге қамқор, қайырымды, мейірбан әрі жанашыр болу – ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең үлкен сүннет амалдарының бірі. Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресі, 128-аятында:

لَقَدْ جَاءَكُمْ رَسُولٌ مِّنْ أَنفُسِكُمْ عَزِيزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتُّمْ حَرِيصٌ عَلَيْكُم بِالْمُؤْمِنِينَ رَءُوفٌ رَّحِيمٌ

«Сендерге өз араларыңнан сондай бір хақ (әзиз) пайғамбар келді. Сендердің қандай да бір қиыншылыққа душар болуларың оған ауыр тиеді. Ол сендерге өте ынтызар, мейірбан», – деп айтқан.

Қазіргі күні көп өңірлерімізде халқымыз су тасқынынан зардап шегіп, баспаналарынан айырылып, үлкен сынаққа тап болуда. Мұсылман өзінің бауырмалдығын, шынайы жанашырлығын осындай сын сағаттарда білдіруі қажет. Хакім Абай: «Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі», – деп айтқанындай, мұсылман адам өзге мұсылмандарды жүрегімен жақсы көріп, шынайы бауыр деп біліп, өзін ойлағанындай, өзгелерді де ойлап, қамқор, қайырымды болуға тырысуы керек. Шамамыз келгендеріміз сынақ көріп жатқан аймақтардағы халқымызға материалдық көмек берейік! Шамамыз болмай жатқандарымыз ең болмағанда дұға етіп, бірлігімізді, бауырмалдығымызды жылы сөзімізбен, тілегімізбен көрсетейік.

Алла Тағала сынаққа душар болған халқымызға жеңілдігін нәсіп етіп, жерімізді түрлі табиғи апаттардан сақтап, қасиетті жұма күнгі дұғаларымызды қабыл етсін!

 

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі

 

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тегтер: жұма уағызы
Предыдущий Следующий
МЕШІТ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ – БАРШАҒА МІНДЕТ ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Тақырып аясындағы мақалалар

Жұма уағызы ТӘУЕЛСІЗДІК – ҮЛКЕН НЫҒМЕТ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ҚҰРАН ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Жұма уағызы ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ АР ІЛІМІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы УАҚЫП – САУАБЫ ҮЗІЛМЕЙТІН САДАҚА
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ОТАНДЫ СҮЮ – ИМАННАН
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы ЗЕКЕТТІҢ ҚОҒАМҒА ПАЙДАСЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз.
Жұма уағызы ИСЛАМДА САУДА-САТТЫҚТЫҢ ОРНЫ МЕН ӘДЕБІ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы МҰСЫЛМАН ӨМІРІНДЕ АДАЛ ТАБЫС ПЕН АДАЛ АСТЫҢ МАҢЫЗЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы ИМАН ШАРТТАРЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы АЛЛАНЫҢ НАЗАРЫ – ЖҮРЕКТЕ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 05:11

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi