ИСЛАМДА САУДА-САТТЫҚТЫҢ ОРНЫ МЕН ӘДЕБІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:50
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:23 06:42 11:40 14:49 16:31 17:50
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
13 Джумада-авваль 1446
Миләди
15 қараша 2024

Мақалалар

ИСЛАМДА САУДА-САТТЫҚТЫҢ ОРНЫ МЕН ӘДЕБІ

| A | +

 الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!

Асыл дініміз мұсылмандарға еңбек етіп, ешкімнің ала жібін аттамай, қиянат қылмай, адал жолмен нәпақа табуды бұйырады. Адал ризық табудың жолдары өте көп. Қасиетті Құранда және ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде адам баласының береке-ризықын арттыратын істердің қатарында аталған кәсіптің бір түрі – сауда саттық. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 275-аятында:

          وَأَحَلَّ اللَّهُ البَيعَ وَحَرَّمَ الرِّبا

«Алла сауда-саттықты адал, өсімқорлықты арам етті», – деген.

Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі де саудамен айналысқаны жөнінде Пайғамбар сирасынан жақсы білеміз. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хазіреті Әбу Бәкір, Осман, Абдуррахман ибн Ауф сияқты т.б. сахабалары үлкен дәрежедегі кәсіпкер адамдар болған. Имам Ағзам Әбу Ханифа да (Алла оны рақымына алсын) саудамен айналысып, жағдайы жоқ шәкірттеріне жәрдемдескені тарихтан белгілі. Бұның барлығы – адал саудада береке-жақсылық бар екенінің көрінісі. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

تِسْعَةُ أَعْشَارِ الرِّزْقِ فِي التِّجَارَةِ

«Шын мәнінде ырыстың оннан тоғызы – саудада», – деп айтқан.

Ізденіп, өнер, кәсіп үйреніп, сауда-саттық жасап, адал ризықпен отбасымды асыраймын деген уайымдағы адамның өзге күнәлі іспен шаруасы болмайды. Бұны Абай хәкім қырық екінші қарасөзінде: «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі – жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді? Ол ауылдан бұл ауылға, біреуден бір жылқының майын сұрап мініп, тамақ асырап, болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар. Дүниелік керек болса, адал еңбекке салынып алған кісі ондай жүрісті қорлық көрмей ме?», – дейді.

Жалпы сауда сөзінің мағынасы – бір нәрсені екінші бір нәрсемен алмастыру. Шариғаттағы мағынасы – бағалы мал-мүлікті құнды мал-мүлікке айналдыру және өзара разылыққа сай ауыстыру. Ислам кәміл дін болғандықтан, сауда-саттыққа қатысты да дінімізде арнайы әдеп нормалары бар. Бүгінгі жұма уағызымызда осы сауда-саттықтың әдебіне тоқталатын боламыз:

 

Бірінші: Рухани құндылықтарды сауда-саттықтан жоғары қою

Мұсылман адамның сауда-саттық жасап, кәсіппен айналысуындағы мақсат – ешкімге мұқтаж болып, қол жаймау, дүниелік тәуелсіз болып, алаңсыз-ғибадат құлшылығын жасау. Сондықтан да мұсылман үшін сауда-саттық, дүние мәселесі ешуақыт рухани құндылықтардан жоғары тұрмайды. Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Жұма» сүресінің 9-10-аяттарында:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا نُودِيَ لِلصَّلاَةِ مِن يَوْمِ الْجُمُعَةِ فَاسْعَوْا إِلَى ذِكْرِ اللهِ وَذَرُوا الْبَيْعَ ذَلِكُمْ خَيْرٌ لَّكُمْ إِن كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ.  فَإِذَا قُضِيَتِ الصَّلاَةُ فَانْتَشِرُوا فِي الأَرْضِ وَابْتَغُوا مِنْ فَضْلِ اللهِ وَاذْكُرُوا اللهَ كَثِيرًا لَّعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ

«Уа, иман келтіргендер! Жұма күні азан айтылып, намазға шақырылған кезде, дереу Алланы еске алуға асығыңдар, шаруаларың мен сауда-саттықты доғара тұрыңдар. Біле білсеңдер, бұл сендер үшін әлдеқайда жақсы. Намаз өтелген соң, жер жүзіне таралыңдар да Алланың рақымынан ризық-несібелеріңді іздеңдер. Бұған қоса Алланы көп зікір етіңдер (еске алыңдар). Сонда құтылып, мұрат-мақсаттарыңа жетерсіңдер», – деп айтқан («Жұма» сүресі, 9-10-аяттар).

Бұл аяттарға назар салатын болсақ, мүмин адам жұма намазына дейін еңбек етіп, жұмаға азан шақырылысымен сауда-саттықты тоқтатып, Алла Тағаланың парызын өтеуге барады. Демек, рухани құндылықты дүниелік істерден жоғары қояды. Жұма намазы аяқталысымен қайтадан Алла Тағаланың несібесін іздеп, еңбек еуге кірісіп кетеді.

Халқымызда «Пайда ойлама, ар ойла», «Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа» дейтін нақыл сөздер бар. Мұсылман адам ешуақытта дүние үшін ар-намысын сатпайды. Әсіресе, халық қиын жағдайға тап болған уақытта соны пайдаланып, ақша тауып, дүние қармап қалайын деген пейілде болмайды.  Қайта басқаларға көмек қолын созуға мүмкіндігі бар болса, оны сауап алу үшін Алла Тағаланың берген игілігі деп түсініп, өзгелерге қол ұшын созып, көмектесуге тырысады.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

لَا تَحَاسَدُوا ، وَلَا تَنَاجَشُوا ، وَلَا تَبَاغَضُوا ، وَلَا تَدَابَرُوا ، وَلَا يَبِعْ بَعْضُكُمْ عَلَى بَيْعِ بَعْضٍ ، وَكُونُوا عِبَادَ اللَّهِ إخْوَانًا

«Бірі-біріңе көреалмаушылық пиғылда болмаңдар, бағаларды көтермеңдер. Бір-бірлеріңді жек көрмеңдер, бір-біріңнен теріс бұрылмаңдар. Бір-біріңнің саудаларыңның үстінен сауда жасамаңдар. Алланың құлдары, өзара бауыр болыңдар», – деген (имам Бұхари, Мүслим).   

«Бағаны көтеру» – «әт-танажушу» (تناجش) деп аталады. Мағынасы: қандай да бір адамның бір тауарды алатынын көргенде, алғысы келмесе де оған зиян келтіру үшін сатушыға әлгінің беретінінен жоғары баға ұсынуы.

 

Қисса

Әбу Бәкірдің халифалығы кезінде Мәдина қаласында аштық орын алады. Сол уақытта хазіреті Осман (Алла оған разы болсын) Шамнан жүз түйенің жүгіндей мөлшерде астық алып келеді. Бұл бидайды сатып алу үшін сахабалар оның қасына жүгіріп келеді. Бірақ Осман Зуннурәйн оларға: «Сіздерден жақсы, сіздерден де мол ақы беретін алушым бар», – дейді. Сағы сынып, ұнжырғасы түскен сахабалар бұны Әбу Бәкірге жеткізіп, Османның бұл әрекетіне ренішін білдіреді. Хазіреті Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) Османды бәрінен жақсы танығандықтан, оларға: «Ол Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) күйеу баласы болу арқылы құрметке ие болды. Сіздер оны қате түсінген боларсыздар. Жүріңіздер, бірге барып жағдайдың анық-қанығын өзінен сұрайық, – дейді. Халифа Әбу Бәкір хазіреті Османға барып: «Уа, Осман! Сахабалар сенің сөздеріңе ренжіпті. Олардың меселін неге қайтардың? – дегенде, Осман (Алла оған разы болсын): «Уа, Алла Елшісінің халифасы! Олардан жақсы алушым маған жеті жүз есе сауап береді. Мен де бидайды жеті жүз есе сауабын берушінің жолында жұмсадым», – деді. Осман Зуннурәйн бұл сөздерімен керуендегі мал-мүлкін Алла Тағаланың жолында садақа етіп бергенін айтқан еді. Хазіреті Әбу Бәкір бұған қатты қуанып, Османның маңдайынан сүйеді.

 

Екінші: Сауда жасауда әділ болу

Сауда-саттық жасайтын адам да әділдікті ұстанып, тауардың айыбын жасырмай айту, бағасын тым көтермеу, таразыда дұрыс өлшеу сияқты істерге аса мән беруі тиіс. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әнғам» сүресінің 152-аятында:

وَأَوْفُوا الْكَيْلَ وَالْمِيزَانَ بِالْقِسْطِ

«Таразыда өлшеуді дұрыс орындаңдар», – деп бұйырады. Сонымен қатар «Мұтаффифин» сүресінің 1-4-аяттарында:

وَيْلٌ لِّلْمُطَفِّفِينَ. الَّذِينَ إِذَا اكْتَالُواْ عَلَى النَّاسِ يَسْتَوْفُونَ. وَإِذَا كَالُوهُمْ أَو وَّزَنُوهُمْ يُخْسِرُونَ. أَلا يَظُنُّ أُوْلَئِكَ أَنَّهُم مَّبْعُوثُونَ

«Өлшеу, тартуда кеміткендерге нендей өкініш! Олар қашан өлшеп алса, толық өлшеп алады да. Қашан олар, өлшеп немесе тартып беретін болса, кемітеді. Олар қайта тірілетінін ойламай ма?» – деп айтылған.

Имам Құртуби (Алла оны рақымына алсын): «Бұл сүре Әбу Жухайна деп танылған, шынайы аты Амр деген кісіге байланысты түскен. Ол кісінің екі таразысы болған. Бірімен өлшеп алатын болса, екіншісімен өлшеп беретін еді», – дейді.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тауардың кемшілігін жасырып, қиянат жасағысы келгендерді көрсе, бірден ескертетін еді. Бірде Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) астық сататын базарға жолы түседі. Сатушының бидайын ұнатып, ұстап көрмек болып, қолын сұққанда астыңғы жағының дымқылдау екенін байқайды. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, бидайдың иесі, мұның не?» – дейді. Саудагер: «Уа, Алланың Елшісі! Астығым жауынның астында қалып, су болды», – деп ақталады. Ардақты Пайғамбарымыз: «Сол дымқыл жағын адамдар көруі үшін бидайдың үстіне шығарып қоймайсың ба? Бізді алдайтындар бізден емес», – дейді.

Осындай саудадағы әділдігімен танылған жандардың бірі де имам Әбу Ханифа (Алла оған разы болсын) болатын. Ол кісіге бір әйел келіп, киім сатпақшы болады. Имам қанша тұратынын сұрағанда әлгі әйел киімді 100 дирхамға бағалайды. Сонда имам Әбу Ханифа: «Бұл киім одан да қымбат тұрады, – дейді». Әйел: «Ендеше 200 дирхам», – дейді. Әбу Ханифа сөзін қайталап: «Бұл киім одан да қымбат тұрады», – дейді. Әлгі әйел 300, сосын 400 деп бағасын өсіре береді. Имам Әбу Ханифа: «Бұл киім одан да қымбат тұрады», – дей бергенде әлгі әйел: «Сіз мені мазақ етіп тұрмысыз?» – дейді. Сонда Әбу Ханифа: «Мен мұны 500 дирхамға сатып аламын», – деп жаңағы әйелдің тауарын лайықты бағасына сатып алған екен.

 

Үшінші: Тыйым етілген дүниені сатпау

Дініміздегі арам деп танылған арақ, доңыз еті сияқты заттарды қолданумен қатар, сатуға да тыйым салынады. Өйткені мұндай тыйым етілген заттарды сату арқылы адам харам іске себепші болады. Мысалы, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

لُعِنَتْ الْخَمْرُ عَلَى عَشَرَةِ وُجُوهٍ، لُعِنَتْ الْخَمْرُ بِعَيْنِهَا وَشَارِبِهَا وَسَاقِيهَا وَبَائِعِهَا وَمُشْتَرِيهَا  وَعَاصِرِهَا وَمُعْتَصِرِهَا وَحَامِلِهَا وَالْمَحْمُولَةِ إلَيْهِ وَآكِلِ ثَمَنِهَا

«Арақ он түрлі қырынан қарғысқа ұшырады: арақтың өзі, оны ішуші мен құйып беруші, сатушы мен сатып алушы, дайындаушы мен дайындатушы, әкелуші мен әкелдіруші және арақтан түскен пайданы жеуші Алла тарапынан қарғысқа ұшырады», – деп, арақты сатушы мен сатып алушы және оны ішушіні бір дәрежеге қойған (имам Әбу Дәуіт).

Сонымен қатар харам етілген заттарды жарнама етуге де тыйым салынады. Ол арқылы да адам өзгелердің тыйым етілген затты пайдалануына, олардың денсаулығы мен өміріне зиян тиюіне себепші болады.

Саудадағы адалдық көрінісінің бірі – алдау-арбау сияқты екі адамның арасына өшпенділік салатын істерден сақтану. Жаратушы Алла Тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресінің 29-аятында: 

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ لاَ تَأْكُلُواْ أَمْوَالَكُمْ بَيْنَكُمْ بِالْبَاطِلِ إِلاَّ أَن تَكُونَ تِجَارَةً عَن تَرَاضٍ مِّنكُمْ

«Уа, иман келтіргендер! Бір-біріңнің мал-дүниелеріңді арам жолмен жемеңдер. Ал өзара келісіп, ризашылықпен сауда-саттықтың жөні бөлек», – деп ескертті. Хәкім Абай:

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас,

Сұм нәпсiң үйiр болса, тез тыйылмас.

Зиян шекпей қалмайсың, ондай iстен,

Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас, – деп өзгенің ақысына қол салып, ұрлық жасаудан сақтандырған.

 

Қисса

Бір күні хазіреті Әли (Алла оған разы болсын) базарда бір адамға өзінің жылқысын аманаттап тапсырады. Қайта айналып келсе, жаңағы кісі жылқысының жүгенін ұрлап, қашып кеткен екен. Жүгенсіз жылқыны әзер дегенде ұстап, сол жердегі бір кісіге базардан жүген сатып алып келуіне өтініш жасайды. Сөйтсе әлгі кісі базардан хазіреті Әлидің өзі жоғалтқан жүгенін сатып алып келіпті. Сонда ол: «Мен бұл адамға жылқымды қарап бергені үшін сол жүгеннің құнындай ақша беруді ниет еткен едім. Бірақ өзінің адал жолмен табуға мүмкіндігі бар ризығын арам жолмен тауыпты», – деген екен. 

 

Төртінші: Тапқан табысын қанағат тұту

Мұсылман адам сауда немесе өзге кәсіп иесі болмасын, еңбек еткеннен кейін сол еңбегі арқылы тапқан нәпақасына ризалық танытып, қанағат етуі қажет. Қанағат деп адамның өзінде барына шүкір етіп, өзгенің мал-мүлкіне көз сүзбеуін, тойымсыз әрі ашкөз болмауын айтады. Қанағатшыл адамның жүрегіне тыныштық орнап, мал-дүниесіне береке кіреді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ибраһим» сүресінің 7-аятында:

          وَإِذْ تَأَذَّنَ رَبُّكُمْ لَئِنْ شَكَرْتُمْ لَأَزِيدَنَّكُمْ وَلَئِنْ كَفَرْتُمْ إِنَّ عَذَابِي لَشَدِيدٌ

«Сол уақытта Раббыларың: «Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты» деп жариялады», – деп айтқан.

Қазақ халқында да қанағат жайында «Жоқты бар десең – құт болар, Барды жоқ десең – жұт болар», «Қанағат қылсаң, қарның тоқ», «Қанағатшыл қарын тойғызар, қанағатсыз жалғыз атын сойғызар» деген мақал-мәтелдер көп.     Сүйінбай Аронұлы: «Қолдағыға қанағат-шүкір қылмасаң, Болады бар да – арманда, жоқ та – арманда», – деп, қанағат етпеген адам қолындағы барынан айырылатынын айтқан. Ыбырай Алтынсарин осыған ұқсас: «Аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат қылмасаң – көптен құр қаласың», – дейді.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

قَدْ أَفْلَحَ مَن أَسْلَمَ، وَرُزِقَ كَفَافًا، وَقَنَّعَهُ اللَّهُ بِمَا آتَاهُ

«Мұсылман болып, жеткілікті ризық-несібесі болған және Алланың бергеніне қанағат еткен кісі табысқа жетеді», – деген (имам Мүслим).

Бірде бір сахаба ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Мен адамдардың ішінде ең бай адам болғым келеді. Маған жол көрсетіңіз?» – дейді. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қанағатшыл бол. Алланың саған берген үлесіне разылық таныт», – деп жауап берген екен.

 

Қадірменді жамағат!

Әр істе әдеп сақтауға мән беретін асыл дініміз сауда мәселесінде де бізден әдепті болуды талап етеді. Ол әдеп мұсылманның саудада көркем мінез таныту, тым бағана көтермеу, шыншыл болу, өтірік айтпау, сатып алушыға жұмсақ сөйлеу, тауардың кемшілігін жасырмау сияқты істерінде көрініс табады. Мұндай ізгі ниетпен жасалған сауда-саттық құлшылық деп танылады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

التَّاجِرُ الصَّدُوقُ الأَمِينُ مَعَ النَّبِيِّينَ وَالصِّدِّيقِينَ وَالشُّهَدَاءِ

«Шыншыл әрі сенімді саудагер (ақыретте) пайғамбарлар, шыншылшылдар және шәһиттермен бірге болады», – деген (имам Дәрими).

Алла Тағала баршамызға адал ризық, мол несібе нәсіп етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!

 

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
АДАМ БОЙЫНДАҒЫ ИМАНДЫЛЫҚ БАРААТ ТҮНІНІҢ БЕРЕКЕСІ

Тақырып аясындағы мақалалар

Жұма уағызы УАҚЫП – САУАБЫ ҮЗІЛМЕЙТІН САДАҚА
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ОТАНДЫ СҮЮ – ИМАННАН
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы НЫҒМЕТКЕ ШҮКІР ЕТУ – ИМАНДЫЛЫҚ БЕЛГІСІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы КІСІ АҚЫСЫН ЖЕУ – КЕШІРІЛМЕЙТІН КҮНӘ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ӨЗГЕНІҢ АР-НАМЫСЫНА ТИМЕУ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаcына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы ИСЛАМНЫҢ ТІРЕГІ БОЛҒАН ТӨРТ ХАДИС
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаcына салауаттар мен сәлемдер болсын!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы МҰСЫЛМАН ӨМІРІНДЕ АДАЛ ТАБЫС ПЕН АДАЛ АСТЫҢ МАҢЫЗЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы ИМАН ШАРТТАРЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы АЛЛАНЫҢ НАЗАРЫ – ЖҮРЕКТЕ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ҚАНАҒАТ ҚАРЫН ТОЙҒЫЗАР
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ҚОҒАМҒА ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ
Аллаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
13 Джумада-авваль 1446
Миләди
15 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:50

Бамдатқа дейін 00:11

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi