МҰСЫЛМАН ӨМІРІНДЕ АДАЛ ТАБЫС ПЕН АДАЛ АСТЫҢ МАҢЫЗЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

МҰСЫЛМАН ӨМІРІНДЕ АДАЛ ТАБЫС ПЕН АДАЛ АСТЫҢ МАҢЫЗЫ

| A | +

الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

 

Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 

Асыл дініміз ислам адалдық пен тазалық діні болғандықтан біздерге күнделікті табысымыздың және жейтін асымыздың адал болуын бұйырады.

Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 168-аятында Алла Тағала:

يَا أَيُّهَا النَّاسُ كُلُوا مِمَّا فِي الأرْضِ حَلالا طَيِّبًا

«Уа, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің адалын әрі тазасын жеңдер!» – деп бұйырған.  

Қазақ халқында еңбек етуге шақыратын, адал кәсіппен табыс табуға үндейтін мақал-мәтелдер мен даналық сөздер көп. Өйткені кәсібінің басым бөлігі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болған көшпенді дала халқында еңбек етпеген жан ескерусіз қалатын. Мысалы, халқымыз  «Бейнет түбі – зейнет», «Еңбек етсең – емерсің». «Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды», – дейді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

طَلَبُ كَسْبِ الْحَلاَلِ فَرِيضَةٌ بَعْدَ الْفَرِيضَةِ

«Адал кәсіп табуға талпыну – парыздан кейінгі парыз», – деп, адал табыс табудың маңызын атап өткен (имам Бәйһақи).

Мұсылман адамның жейтін асы адал болуы үшін екі түрлі шарт бар:

  1. Жейтін астың адал болуы;
  2. Келу жолының адал болуы. Мысалы, нан – адал ас. Бірақ нанды ұрлық арқылы емденетін болса, ол харам болады. Сол себепті де адал ас жеуді көздеген адам ең алдымен кәсібінің, нәпақа табу жолының адал болуына назар аударуы қажет. Дінімізде құпталатын адал кәсіптің сауда-сатттық, егіншілік, диқаншылық, ұста, қолөнер, білім беру және т.б. сан алуан түрі бар. Мұсылман адам білім алып, мамандық иесі болып, сол арқылы адал кәсіп жасап, адал нәпақа табуды өмірдегі басты мақсаттарының біріне айналдыруы тиіс.

Адал кәсіптің маңызын түсінуі үшін әр адам оның мынадай артықшылықтары жайында білуі керек:

 

Бірінші:  Адал табыс – құлшылық

Дінімізде отбасын асыру үшін және өзгелерге пайда тигізу мақсатында еңбек етіп, адал ризық табу құлшылық деп танылады. Ал адал ризық табу ниетімен сапарға шыққан адам Алла жолына шыққан болып есептеледі.

Бірде ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасынан бір кісі өтеді. Ол адамның қайраты мен жігерін байқаған сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Мына адам Алланың жолында ма?» − деп сұрайды. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

إِنْ كَانَ خَرَجَ يَسْعَى عَلَى وَلَدِهِ صِغَارًا فَهُوَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، وَإِنْ كَانَ خَرَجَ يَسْعَى عَلَى أَبَوَيْنِ شَيْخَيْنِ كَبِيرَيْنِ فَهُوَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، وَإِنْ كَانَ يَسْعَى عَلَى نَفْسِهِ يُعِفُّهَا فَهُوَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، وَإِنْ كَانَ خَرَجَ رِيَاءً وَمُفَاخَرَةً فَهُوَ فِي سَبِيلِ الشَّيْطَانِ

«Егер жас балаларына нәпақа табу үшін жолға шықса, ол Алла жолында. Егер жасы ұлғайған қарт ата-анасының қамы үшін шықса, ол Алла жолында. Егер өз басын (тіленшіліктен, кедейшіліктен) сақтау үшін шықса, ол Алла жолында. Ал егер адамдарға көрсету үшін, риякерлік, мақтаншақтық мақсатында шықса, ол шайтанның жолында», − деп жауап береді (имам Табарани).

Хакім Абай өзінің жиырма тоғызыншы сөзінде: «Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі», – деп, адал еңбек етуді арлылыққа жатқызады. Ақын шығармашылығында адал еңбекке шақырып, жалқаулық, арам жолмен мал табу сияқты істерден сақтануды насихат еткен. Осындай өлең жолдарының бірінде:

Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,

Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.

Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,

Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек, – деп айтқан.

Сондықтан да бала-шағасына адал нәпақа табу үшін еңбек еткен адам құлшылық жасаушы деп танылады.  

Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір жолы Сағд ибн Мұазды (Алла оған разы болсын)  жолдан кездестіріп, екеуі қол алысып амандасқанда, сахабасының қолы тілімденіп, күстеніп кеткенін байқайды. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) одан себебін сұрағанда, Сағд отбасын асырау үшін еңбек етіп жүргенін, қолы содан тілімденгенін айтады. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оның жауабына сүйсініп, қолын алып: «Міне, Алла Тағала осындай қолдарды ұнатады», – дейді.

 

Екінші: Адал табыс берекені молайтады

«Береке» сөзі арту, көбею деген мағынаны білдіреді. Мысалы, мал-мүліктің молаюы, отбасы мүшелерінің көп әрі көркем мінезді болуы, уақыттың қадірлі болуы, денсаулықтың сау болуы, өмірдің ұзақ әрі ізгілікке толы болуы сынды істер берекенің артуының көріністері.  Халқымызда «Адал кісі арымас, арам кісі жарымас» немесе «Арамнан алған түйеден, адалдан алған ешкі жақсы» деп айтылған тәмсіл бар. Бұл даналық сөздерде адал ризықта береке бар екендігі баяндалуда.  Әюб ибн Тәмим әс-Сәхтияни (Алла оны рахымына алсын): «Еңбек етіп, адалдан тапқан табысы аз болса да, тіленіп, көп тапқан табыстан жақсы», – деген екен.

Өзгенің мүлкіне қол сұғу, таразыны дұрыс өлшемеу, кісінің ақысын жеу, ұрлық жасау, құмар ойын ойнау, өсімқорлықпен айналысу, өзгені алдап-арбау секілді жолдармен келген дүние харам болумен қатар, ондай жолмен келген нәпақада ешуақытта береке болмайды. Мұндай жолмен келген мал-мүліктің келуі қалай тез болған болса, кетуі де тез болады. Сондықтан Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кәсіппен айналысушыларға әркез адал табыс табуды ескертіп отырған.

Бірде ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) астық сататын базарға жолы түседі. Сатушының бидайын ұнатып, ұстап көрмек болып, қолын сұққанда астыңғы жағының дымқылдау екенін байқайды. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, бидайдың иесі, мұның не?» – дейді. Саудагер: «Уа, Алланың Елшісі! Астығым жауынның астында қалып, су болып қалды», – деп ақталады. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сол дымқыл жағын адамдарға көрсетіп, бидайдың үстіне шығарып қоймайсың ба? Бізді алдайтындар – бізден емес», – деп ескерту жасайды.

 

Қисса

Баяғыда кемемен қажылыққа бара жатқан бір кісінің әмиянын кемеде жүрген маймыл алып қашыпты. Әлгі кісі бар күшін салып маймылдың артынан қанша жүгірсе де ұстай алмайды. Бір уақытта маймыл кеме желкенінің ең төбесіне шығып, әмиянды ашып, ішіндегі бір дирхамды теңізге, біреуін жаңағы кісінің өзіне лақтырып, ақша таусылғанша ойнапты. Ақшасының жартысы ғана қалған әлгі кісі, кемедегі ғалымға барып, болған мән-жайды баяндап, қажылықтан кері қайтуға ақшасының жетпей қалғанын айтады. Сонда ғалым: «Сіз қандай кәсіппен айналысасыз?» – деп сұрайды. Әлгі кісі: «Сүт сатамын», – дейді. Ғалым: «Онда сүт сатқан кезде, оған су қосып тапқан ақшаңыз суға кетті, адал тапқаныңыз өзіңізде қалыпты», – деген екен.

 

Үшінші: Адал ризық ізгі іске ықпал етеді

Алла Тағала қасиетті Құранның «Муминун» сүресі, 51-аятында:

كُلُوا مِنَ الطَّيِّبَاتِ وَاعْمَلُوا صَالِحًا

«Таза нәрселерден жеңдер және ізгі іс істеңдер», – деп бұйырған. Аятта бірінші адал нәрседен жеуіміз бұйырылып, кейін ізгі іс жасау турасында айтылған. Өйткені адал ризық, адам бойынан ізгі істің көрініс табуына себепші болады.

Ғалымдарымыз: «Адал ас – жүрекке нұр, адамның жүзіне – сәуле, денесіне – қуат, ризығына береке әкеледі», – деп айтқан. Әли ибн Әбу Талиб (Алла оған разы болсын): «Көркем мінез үш қасиетпен келеді: арамнан аулақ болу, адалды талап ету және отбасына кеңпейілді болу», – деген екен.

Лұқман Хакім ұлына: «Балам, адал жолмен еңбек ет. Кедейшілікке салынып, өзгеге қол жаюдан сақтан. Өйткені кедей адам мына үш жағдайға ұшырайды: діні әлсірейді, ақылы әлсірейді, көркем мінезі жоғалады. Бұл үшеуінен де ауыры көпшілік оны келеке етеді», – деп өсиет айтқан.

Бұрынғы өткен ізгі жандардың барлығы да тапқан табысының, жейтін асының адал болуына ерекше мән берген. Қасиетті Құранның «Кәһф» сүресінде баяндалған үңгір иелері жайындағы қиссада, салиқалы жас жігіттер Алланың қалауымен 309 жыл бойы ұйқыда жатып, оянғаннан кейін араларындағы біреуін қалаға тамақ алып келуге жібереді. Ол жайында қасиетті Құран аятында:

  فَابْعَثُوا أَحَدَكُم بِوَرِقِكُمْ هَذِهِ إِلَى الْمَدِينَةِ فَلْيَنظُرْ أَيُّهَا أَزْكَى طَعَامًا فَلْيَأْتِكُم بِرِزْقٍ مِّنْهُ

«Мына ақшаларыңмен біреуіңді қалаға жіберіңдер.  Сонда тамақтың қайсысы тазарақ екендігін қарап, сендерге одан ризық алып келсін», – деп баяндалған («Кәһф» сүресі, 19-аят).

Аяттағы тамақтың сипаты болып келетін «әзкә», яғни «тазарақ» сөзіне қатысты ғалымдар түрлі мағыналар берген. Әйтсе де көпшілік ғалымдар  «әзкә» сөзі «адал» деген мағынаны білдіретінін айтқан.

Төрт мәзһаб имамдарының бірі Имам Ахмадтан (Алла оны рақымына алсын) адамдар: «Жүректің жұмсаруына не нәрсе себеп болады?» – деп сұрағанда, ол кісі «адал ас», – деп жауап берген екен.

Убайдулла Ахрардың ұлы: «Әке, қазір заманда хикмет пен ақиқат неге көп көрінбейді, сырын білесіз бе?» – деп сұраған екен. Сонда әкесі:  «Өйткені бұл дәуірде ішкі жан-дүниесі таза адамдар өте аз қалған. Кемелдік ішкі тазалықта. Ішкі тазалық, адал тамақ арқылы көрініс табады. Ал ол да қазір өте аз. Ендеше иләһи сырлар қалай көрініс тапсын?» – деген екен.

Тақуа иесі Әбу Бәкір Уаррақ (Алла оны рақымына алсын) бір әңгімесінде: «Таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін маңайымдағы кісілерге қарап, кімнің адал ас, кімнің арам ас жегенін ажырата аламын», – деді. Бұған таң қалған шәкірттері: «Ұстаз, оны қалай ажыратасыз?» – деп сұрағанда, ол: «Кімде-кім таң ата бос сөз, пайдасыз әңгімеге салынса, әркімді сырттай жамандап, бей әдеп сөз айта бастаса, оның бұл әрекеті арам ас жегендігінен туындауда деп түсінемін. Ал егер кімде-кім таңертең тұрғаннан кейін әуелі Алла Тағаланы зікір етіп, кешірім тілеп, истиғфар айтса, оның бұл әрекеті адал ас жегендігінен. Өйткені адал да, арам да адамның күнделікті іс-әрекетіне міндетті түрде әсер етеді», – деген екен.

 

Төртінші: Адал кәсіп – пайғамбарлар сүннеті 

Алла Тағала адамдарға адал табыс тауып, адал ас жеуді әмір еткеніндей Өзінің ең сүйікті құлдары болған пайғамбарларға да осы істі бұйырған.  Қасиетті Құранның «Муминун» сүресі, 51-аятында:

يَٰٓأَيُّهَا ٱلرُّسُلُ كُلُواْ مِنَ ٱلطَّيِّبَٰتِ وَٱعْمَلُواْ صَٰلِحًا

«Уа, елшілер! Таза нәрселерден жеңдер және игі іс істеңдер», – деп айтқан.  Сондықтан да әр пайғамбардың өзінің табыс табатын кәсібі болған.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

  مَا أَكَلَ أَحَدٌ طَعَامًا قَطُّ خَيْرًا مِنْ أَنْ يَأْكُلَ مِنْ عَمَلِ يَدَيْهِ وَإِنَّ نَبِيَّ اللهِ دَاوُدَ عَلَيْهِ السَّلاَمُ كَانَ يَأْكُلُ مِنْ عَمَلِ يَدَيْهِ

«Ешбір адам өз қол еңбегімен тапқан тағамынан қайырлы тамақ жемеген. Расында, Алланың пайғамбары Дәуіт (оған Алланың сәлемі болсын) те өз қол еңбегімен тамақ тауып жеген», – дейді.

Адам ата пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) жер бетіне түскен соң адал ризық табу үшін диқаншылықпен айналысты. Егін егуге қажетті жерді өңдейтін, құралдарды ағаштан жасады. Осылайша Адам ата жерді өңдеуді жетік меңгерді. Имам Қуртуби: «Адам (оған Алланың сәлемі болсын) егіншілікпен айналысты», – деген. Нұх пен Зәкария пайғамбарлар (оларға Алланың сәлемі болсын) ағаш ұстасы болған. Баршамызға белгілі, Нұх пайғамбардың заманында жер бетін топан су басты. Сол себепті Нұх пайғамбар Алла Тағаланың бұйрығымен иман келтіргендерді құтқару мақсатында алып кеме жасады. Себебі ол өз кәсібінің майталманы еді. Ыдырыс пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) тігіншілікпен айналысты. Адамдарға малдың жүнінен, терісінен қыстық, жаздық киімдер тігіп беретін еді. Һуд пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) саудагер болған. Салих пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) құрылысшы еді. Себебі оның қауымы тауларды тесіп үйлер салатын.  Ибраһим және Лұт (оларға Алланың сәлемі болсын) пайғамбарлар егіншілікпен шұғылданған. Сондай-ақ Ибраһим пайғамбар құрылысты да бір кісідей меңгерген еді. Алла Тағала оған Қағбаны тұрғызуды бұйырды. Сол кезде Ибраһимге ұлы Исмайыл (оған Алланың сәлемі болсын) көмектескен болатын. Исмайыл мен Жүніс пайғамбарлар (оларға Алланың сәлемі болсын) аңшылықпен, балық аулаумен айналысты. Ұстаған аңын, аулаған балығын базарға апарып саудалайтын. Исмайыл (оған Алланың сәлемі болсын) бірнеше тіл білген. Сол себепті оны «аудармашылардың атасы» деп атайды. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) перғауынның сарайынан кеткеннен кейін шопан болды. Жүсіп (оған Алланың сәлемі болсын) дәнді дақылдарды сақтайтын қойманың басшысы болған. Яғни дәнді-дақылдарды қалай сақтайтынын меңгерген. Дәуіт пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) темір ұстасы еді. Иса пайғамбарға (оған Алланың сәлемі болсын) Алла Тағала әртүрлі ауруларды емдейтін мұғжиза берді. Соның арқасында Иса (оған Алланың сәлемі болсын) емшілікті жоғарғы деңгейде меңгерді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жас кезінде басқа пайғамбарлар сияқты қой баққан. Хадисінде: «Алла қой бақпаған бірде-бір пайғамбарды жіберген емес», – деген. Сонда сахабалар: «Сізді де ме?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Иә, мен де азын-аулақ ақыға меккеліктердің қойын бағатынмын», – деген. Сондай-ақ Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) саудамен айналысты. Хадиша (Алла оған разы болсын) анамыздың сауда керуенін басқарып, Шамға барып, мол табыспен оралған.

Мұның барлығы біздер үшін үлгі. Алла Тағаланың таңдаулы құлдары, адамдарға ақиқатты жеткізуші пайғамбарлардың өзі «мен пайғамбармын» деп харекетсіз, еңбексіз отырмаған. Адал еңбек етіп, адал табыс тауып, сонымен қатар пайғамбарлық міндеттерін де атқарған.

 

Қадірменді жамағат!

Адал кәсіп пен табыс табудың, адал астан пайдаланудың дүниеде де, ақыретте де тигізер пайдасы мол. Арам дүниенің тигізер зияны өте үлкен. Осы себепті де ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметіне кәсібінің, жейтін асының адал-арамына мұқият болуға бұйырып, одан сақтандырып былай деп ескерткен:

يَأْتِي عَلَى النَّاسِ زَمَانٌ لا يُبَالِي الْمَرْءُ مَا أَخَذَ مِنْهُ أَمِنَ الْحلالِ أَمْ مِنْ الْحَرَامِ

«Адамдарға өз тапқанының адал ма, әлде арам ба екеніне көңіл бөлмейтін сондай бір заман келеді» (имам Бұхари).

Қорыта айтқанда, әрбір мұсылман заманға сай кәсіп иесі, өз саласының майталманы болумен қатар адал табысты басты орынға қоюы тиіс. Ахмет Байтұрсынұлы «Адал кәсіппен күн көре алмайтын я арам жемесе, басы ауыратындар қай жерде де болса табылады», – дейді. Арамдық, айлакерлік – әркімнің қолынан келуі мүмкін, ал адал табыс тауып, отбасын адал еңбекпен бағу – нағыз тақуа жанның сипаты.

Алла Тағала табысымыздың, жейтін асымыздың адал болуын нәсіп етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл алғай!

 

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
САҚТАНДЫРУДЫҢ ҮКІМІ МҰҚТАЖДЫҚ БІР СӘТ ҚАНА

Тақырып аясындағы мақалалар

Жұма уағызы СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы ИМАН ШАРТТАРЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы АЛЛАНЫҢ НАЗАРЫ – ЖҮРЕКТЕ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ҚАНАҒАТ ҚАРЫН ТОЙҒЫЗАР
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ҚОҒАМҒА ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ
Аллаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы АШУ – ДҰШПАН, АҚЫЛ – ДОС
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 05:24

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi