ӘДЕТ-ҒҰРЫПТЫҢ ДІНІМІЗДЕГІ ОРНЫ
Чапаев
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:09
Чапаево
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Чапаево
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:41 07:09 13:44 18:10 20:11 21:39
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
1 Шавваль 1446
Миләди
31 наурыз 2025

Мақалалар

ӘДЕТ-ҒҰРЫПТЫҢ ДІНІМІЗДЕГІ ОРНЫ

| A | +

 الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

 Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауат пен сәлем болсын!  

Әрбір ұлттың өзіндік дүниетанымы бар. Түрлі халықтардың тарихын зерттеген ғалымдар жер бетінде ешқашан дінсіз, наным-сенімсіз ел болмағандығына көз жеткізген. Адамзат түрлі халықтан, ұлт пен ұлыстан тұрады. Әрқайсысының өзіне тән ұлттық ерекшеліктері, тілі мен дәстүрі, діни наным-сенімі бар. Мұндай алуан түрлілік Алла Тағаланың хикметі. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:

يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاكُمْ مِنْ ذَكَرٍ وَأُنْثَى وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوبًا وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِنْدَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ خَبِيرٌ

«Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді танып білу үшін сендерді сан алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың құзырында ең ардақтыларың – тақуаларың! Шүбәсіз, Алла ­барлық істі толық білуші, бәрінен хабардар», – деген («Хұжұрат» сүресі, 13-аят).

Осы аятқа зер салсақ, мынадай қорытынды шығарамыз. Алла Тағала адамзатты түрлі ұлтқа бір-бірін тану үшін бөлген. Бір-бірін тануы арқылы олар өздерін таниды, ал өздерін тану арқылы Жаратушыны таниды.

Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның демекші салт дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне ерекше мән берген елдің іргесі қашанда берік, келешегі кемел болары сөзсіз.

Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамзатқа ізгі мұраттарды бекітіп, бұрыс ұғымдарды тоқтату үшін жіберілген. Сондықтан мұсылман халықтарындағы дәстүрлерді елеп-ежектейтін басты негіз шариғат болып саналады. Ал халық ұстанған дұрыс әдет-ғұрыптар Ислам заңнамасындағы құқықтық нормалардың бастауларының бірі болып саналады. Бұл тұрғысында Алла Тағала Құранда:

خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بِالْعُرْفِ وَأَعْرِضْ عَنِ الْجَاهِلِينَ

«Ғафу жолын ұстан, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал», – деген («Ағраф» сүресі, 199-аят).

Алланың Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлық түскен кезде араб халқының арасында да алуан түрлі әдет ғұрыптар, дағдылар бар болатын. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) олардың Алла Тағаланың әмір-тыйымына керағар келмейтінін қабылдап, қарсы келетініне тыйым салды. Сол себепті шариғатта халыққа үйреншікті болған жақсы дағдылар мен әдет-ғұрыптар дәлел ретінде келтіріледі. Мұны барлық мазһабтар да қолдайды.

Дініміздегі дін мен дәстүрдің сабақтастығын ұғынуымыз үшін мына жайттарды білуіміз аса маңызды:

 

Бірінші: әрбір халықтың әдет-ғұрпы бар

Адамзаттың түрлі ұлтқа бөлініп, түрлері мен түстерінің, нәсілі мен тегінің һәм тілі мен диалектісінің әркелкі болуы Алла Тағаланың айнымас аяттарының белгісі. Оларды мойындамау, теріске шығару Жаратушының заңына қарсы шыққанмен тең. Алла Тағала Құранда:

وَمِنْ آيَاتِهِ خَلْقُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَاخْتِلَافُ أَلْسِنَتِكُمْ وَأَلْوَانِكُمْ إِنَّ فِي ذَلِكَ لَآيَاتٍ لِلْعَالِمِينَ

«Көктер мен жердің жаратылысы және тілдерің мен түстеріңнің әр алуандығы Оның (Алланың) белгілерінен. Шындығында, осыны білгендер үшін сөзсіз, дәлелдер бар», – деген («Рум» сүресі, 22-аят).

Жоғарыда аятта айтылғандай халықтың әрбірінің тұрған жеріне, аймағына қарай өзіне тән тілдік, ұлттық ерекшеліктері, мәдениеті бар.

Мысалы, қазақ халқында да өзіндік дәстүрі, жөн-жоралғылары мен ғұрыптары қалыптасқан. Солардың ішінде көпшілігі дінімізбен сабақтасып жатыр деп айтуға болады. Айталық,

  • Азан шақырып ат қою. Қазақ халқы шыр етіп жарық дүние есігін ашқан сәбиге азан шақырып ат қояды. Мұндайда баланың басын құбылаға қаратып, оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтып, ата-анасы таңдап қойған есімді «мұның аты пәленше...» немесе «сенің атың пәленше...» деп үш қайтара айтатын болған. Осыған байланысты халқымыздың тілінде «азан шақырып қойған аты» деген тіркес кең тараған. Ал бұл өз кезегінде ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннет амалы болған. Шариғат бойынша нәрестенің оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтылады. Убайдулла ибн Әбу Рафиғ (Алла оған разы болсын) есімді сахаба өзінің әкесінен:

رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَذَّنَ فِي أُذُنِ الْحَسَنِ بْنِ عَلِيٍّ حِينَ وَلَدَتْهُ فَاطِمَةُ بِالصَّلَاةِ  

«Фатима Әлиұлы Хасанды дүниеге әкелгенде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оның құлағына намазға азан айтқандай азан айтқанын көрдім», – деген хадисті жеткізен (имам Термизи).

  • Тәбәрік. Тәбәрік сөзінің мағанасы «Береке тілеу» деген ұғымды білдіреді. Араб тілінің атақты ғалымы Ибн Манзур «тәбәрік» сөзіне: «Тәбәрік – адамға немесе басқа нәрсеге береке тілеп, дұға ету», – деп анықтама берген. Ал қазақ тіліндегі «тәбәрік» сөзінің мағынасын: қайтыс болған үлкен жастағы адамның құдайы асы кезінде алынатын затқа айтылады.

Әдебиеттерде: атамның көйлегін жұрт тәбәрікке үлестіріп әкетті. Олжа, үлес, сыйлық. Естелік үшін алынатын не пайдаланатын қастерлі зат деп түсіндіреді. Кейде тәбәрік тойдан да, бәйге, жарыстан жеңген қуанышты сәттерде де алынады. Тәбәрікті кейде сұрап алуға да болады. Қазақ халқы әдетте тәбәрікті көп жасап, салиқалы ғұмыр кешіп, немере-шөбере көріп қайтыс болған егде жастағы қария кісінің жерлеуінен кейін естелік ретінде, өзі де сол кісі сияқты ұзақ жасауды, өсіп-өнуді тілеп ырымдап алады. Алла Елшісінің шапанын себепкер етіп Алладан дұға тілеу сахабалар мен табиғиндердің заманында көрініс тапқандықтан халқымыздың бұл дәстүрін дінге қайшы деп жоққа шығара алмаймыз. Бұл дәстүр мұсылмандық дүниетаным негіздерімен сабақтасып, мәндесіп жатқандығы талас тудырмайды.

Қысқаша айтар болсақ, дінімізде ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шашын, қолданған ыдыстарын, киімдерін ұстау, сүрту арқылы тәбәрік жасауға рұқсат етіледі. Бұл істі сахабалар сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көзі тірісінде жасаған. Алла Елшісі мұндай іске тыйым салмаған. Себебі ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) денесі, киген киімі, пайдаланған ыдыс-аяқтары берекелі саналады. Бұл мәселе жайында ислам ғұламалары арасында ешқандай керағар пікір, келіспеушілік жоқ.

Сондықтан Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және салиқалы жандардың киімдерімен, ыдыс-аяқтарымен т.б. тәбәрік етуге рұқсат етіледі. Осыны негізге алып, қазақ халықының дәстүрінде жасы үлкен қария ата, әже дүние салғанда оның бір затын тәбәрік ретінде алу түсінігі қалыптасқан.

  • Ер баланы сүндеттеу. Қазақ халқында ер баланы үш, бес, жеті не тоғыз жасында «Ашамайлы атқа міндің, мұсылмандық таққа міндің» деп сүндетке отырғызып, сүндет той жасау дәстүрге айналған. «Сүндет» деп аты айтып тұрғанындай бұл рәсім ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінен бастау алады. Бұл дәстүр Ибраһим пайғамбардан (оған Алланың сәлемі болсын) келе жатқан ханифтік діннің рәмізі. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

الْفِطْرَةُ خَمْسٌ  – أَوْ خَمْسٌ مِنْ الْفِطْرَةِ: الْخِتَانُ ، وَالاسْتِحْدَادُ ، وَتَقْلِيمُ الأظْفَارِ ، وَنَتْفُ الإبِطِ ، وَقَصُّ الشَّارِبِ

«Бес нәрсе фитра саналады: (ер баланы) сүндеттеу, кіндік астындағы түкті қыру, тырнақ алу, қолтықтың түгін кетіру және мұртты басу», – деген (имам Бұхари). 

Міне, бүгінде халқымыздың ер бала тақ жасқа келгенде сүндетке отырғызып, ағайын-туыс, бауырларды шақырып, ас беріп бата сұрауы шариғатқа негізделген дәстүрдің бірі.

 

Екінші: ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Исламға қайшы келмеген дәстүрге тыйым салмаған

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  араб халқының Исламға дейінгі дәуірдегі шариғатқа қайшы келмеген әдет-ғұрыптарының сол қалпында қолданылуына рұқсат берген.

Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) мынадай хадис жеткен: «Бірде Әбу Суфиянның әйелі Хинд Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Әбу Суфиян сараң адам, егер мен оның рұқсатынсыз алмайтын болсам, ол маған және бала-шағама жететіндей нәпақа бермейді», – деді. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

خُذِي مِنْ مَالِهِ بِالْمَعْرُوفِ مَا يَكْفِيكِ أنْتِ وَوَلَدَكِ

«Өзіңе әрі балаңа ғұрыпқа сай (халық әдеті бойынша) жететін нәрсені ал!» – деп, жауап береді (имам Мүслим).

Имам Нәуәуи (Алла оны рақымына алсын) бұл хадиске қатысты: «Шариғатта нақты айтылмаған мәселелерде, салт-дәстүрге сүйену керек», – деп айтқан.

Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлық келмей тұрып Мекке халқының «Жиуар» делінген  әдет-ғұрпы болатын.  Ол пана сұрап, жан сауғалап келген адамды өз қамқорлығына алу деген сөз. Ислам діні келген соң, бұл әдет-ғұрып солайша сақталып қалды.

Сол секілді халқымыз күнделікті тіршілікте Исламға қайшы келмейтін дәстүр ретінде қолданып жүрген кейбір әдет-ғұрыптарға құрметпен қарап, қолдануға болатынын айта аламыз. Оларға баланың тұсауын кесу, бесікке салу т.б. айтуға болады.

 

Қисса

Әбу Талибтің қызы Уммү Һани Ислам дінін қабылдамай тұрып ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мүшріктердің қорлауынан үнемі қорғап жүретін. Үммү Һани Мекке азат етілген күні мұсылман болды. Бұл күні адамдар лек-легімен мұсылман болып жатты. Бәну Махзум руынан екі адам Үммү Һанидің үйіне қашып келіп, жан сауғалады. Олардың ізінше Әли келіп, оларды жазаламақшы болды. Алайда қарындасы ол кісілерге қорған болатындығын жеткізді. Себебі «Жиуар» деген аталған әдет-ғұрыпты орындау мәртебелі іс саналатын. Кейін болған оқиғаның мән-жайын сұрамақ болып Үммү Һәни ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келеді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Уммү Һаниді: «Уа, Үммү Һани! Қош келдің!» – деп қарсы алады. Үммү Һани: «Уа, Алла Елшісі! Мен қайын жұртымнан екі кісіге қауіпсіздік уәде етіп, қорған болдым. Алайда, Әли оларды жазалмақшы», – дейді. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сен қорған болған адамдарға біз де қорған болдық, уа, Уммү Һани», – деді (имам Бұхари).  

 

Үшінші: ғұрыпты шариғи дәлел ретінде пайдалану

Ислам шариғатында кейбір мәселелерді шешуде әдет-ғұрып айғақ ретінде қолданылады әрі бұл шариғат ғалымдары арасында мақұлданған. Ханафи мазһабының кейбір өкілдері шариғат ережесіне сай келген ғұрып нақтылы шарғи дәлел ретінде қарастырылатындығын айтқан. Бұл тұрғыда фиқһ негіздерін зерттеуші ғұламалар Құран Кәрімдегі «Ғафу жолын ұстан, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал», – деген аятты алға тартқан. Сонымен қатар, Абдулла ибн Масғудтан (Алла оған разы болсын) жеткен мына риуаятты дәлелге келтіреді.

فَمَا رَأَى المُسلِمُونَ حَسَنًا؛ فَهُوَ عِندَ اللهِ حَسَنٌ، وَمَا رَأَوا سَيِّئًا؛ فَهُوَ عِندَ اللهِ سَيِّئٌ

«Мұсылмандар жақсы деп есептеген нәрсе Алланың құзырында жақсы, мұсылмандар жаман деп көрген нәрсе Алланың құзырында жаман», – деген (имам Ахмад).

Ханафи мазһабының ғалымы Ибн Абидин «Уқуд рәсм әл-муфти» кітабында былай дейді: «Ғұрыптың шариғатта орны бар, кейде үкім соған орай орнығар».

Ислам ғұламалары әдет-ғұрыптың шариғатта дәлел ретінде қабыл алынуының бірнеше шартын келтірген. Олардың бастылары төмендегідей:

  1. Құран Кәрім мен сүннетке және мұсылман ғұламаларының ортақ ұйғарымдарына керағар келмеуі тиіс;
  2. Үкім шығарылған уақытта халық арасында кең қолданылатын болуы қажет;
  3. Қарастырылатын әдет-ғұрып бұқара халықтың арасында кең таралған, үйреншікті дағды болуы тиіс. Жекелей адамдар арасындағы әдеттердің заңдылық күші жоқ.

 

Құрметті жамағат!

Діннің де, дәстүрдің де мақсаты – тәрбие өзегі, іс-әрекет ережесі. Тіліміздегі «Дәстүр» сөзі де арабша (دستور) «дустур» деген сөздің қазақша баламасы. Арабша мағынасы іс-әрекет жасалатын ереже, заң дегенді білдіреді. Ал «Әдет» сөзі арабтың «әл-ъаада» (العادة) сөзінен шыққан. Мағынасы адамдар арасында көп қайталанатындықтан дағдыға айналған істер дегенді білдіреді. Әдет және ғұрып сөздерінің мағынасы бір десе болады. Кейбір шариғат кітаптарында «урф» сөзін қолданса, енді біреулері «әдәт» сөзіне басымдық берген.

Сондықтан дін мен дәстүр арасындағы сабақтастық мәдениеттің дамуына, қоғамның бірлігін сақтауға және ұрпақтар арасындағы байланысқа әсері мол. Діни сенімдер мен дәстүрлер халықтың өміріне терең еніп, оларды әрқашан бірге дамытып, толықтырып отырады. Дін мен дәстүрдің үйлесімділігі қоғамның рухани әрі мәдени өмірін байытып, оның ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев асыл дініміз хал­қымыздың бітім-бол­мысымен, таным-түсінігімен біте қайнасып жатқанына, ата-бабаларымыздан­ мирас болған салт-дәс­түріміз­бен сабақтас екенін былайша айтқан болатын:

«Осы қос құндылық, яғни дін мен дәс­түр – ұлттық бірегейлігіміз­дің мызғымас ті­ре­гі. Дәстүрлі ис­лам – қараңғылықтан ада, мейірім мен жасампаздықтың діні. Ұл­ты­мыздың атадан балаға жал­ғас­қан на­ным-сенімі адамгершілік құн­ды­лық­тарға не­гізделген. Солай болып қала береді ...».

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірнеше жылдан бері дін мен дәстүрге ерекше назар аударып, көптеген игі шаралар атқарып келеді. осы бағытта «Дін мен дәстүр» кітабының 3 томы жарыққа шықты. Көптеген мазмұнды мақалалар жарияланды. Мұның барлығы келешек ұрпақ тәрбиелеуде ұлт болып өркендеуіміз үшін аса қажет дүниелер.

Біздің халқымыз әрқашан құлшылығын да, тіршілігін де шариғатпен сабақтастырып отырған. Бұған қатысты көптеген зерттеу жұмыстарында да айтылған. Айталық, халқымыздың әуелгі күні құлшылықпен басталатындығы туралы шетелдік ғалымдар мынадай қызықты мағлұмат келтірген:

«Қазақтар күні таң атқаннан басталады. Таң жарығы шығар-шықпастан молда немесе ерте тұрған бір адам даусын созып азан айтады. Сол сәтте бүкіл киіз үйлердің есіктері ашылады. Оянған жандар дәрет алу үшін суға барады. Дәрет алған соң алғашқы намаз үйде немесе үй сыртында оқылады. Әйелдер жағы бұл кезде төсектерін жинап, от жағып, таңғы астың қамына кіріседі. Таңғы астан кейін үй иесі қолдарын жуып, «Аллаһу Әкбар» деп сақалын сипайды. Сосын әрқайсысы өз тіршілігіне кіріседі».

Қорыта айтқанда, дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Демек, дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым.

Ендеше, дін мен дәстүр үндестігін сақтау – бүгінгі ұрпаққа жүктелген үлкен міндет. Бұл екі асыл қазынамызды қадір тұтсақ, тарихымыз бен мәдениетімізді ұлағаттап, ата-бабалар қалдырған ұлы аманатты сақтаған боламыз.

Алла Тағала біздерді асыл дінімізді берік ұстап, салтымызды сақтаған, дәстүрімізді құрметтеген ұрпақтардан болуды жазып, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!

 

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тегтер: жұма уағызы
Предыдущий Следующий
ҚАДІР ТҮНІ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР АУЫР ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АДАМНЫҢ ОРАЗА ҰСТАМАУЫНА БОЛА МА?

Тақырып аясындағы мақалалар

Жұма уағызы ЗЕКЕТТІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ПАЙДАСЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауат пен сәлем болсын!  
Жұма уағызы ОТБАСЫ БАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы ҚОҒАМДА АДАЛДЫҚТЫҢ, АДАЛ ЕҢБЕК ПЕН АДАЛ БОЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Жұма уағызы ҚОҒАМДА МҰСЫЛМАННЫҢ РӨЛІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ҚҰРАНДАҒЫ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ТӘУЕЛСІЗДІК – ҮЛКЕН НЫҒМЕТ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы ЗЕКЕТТІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ПАЙДАСЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауат пен сәлем болсын!  
Жұма уағызы ОТБАСЫ БАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы ҚОҒАМДА АДАЛДЫҚТЫҢ, АДАЛ ЕҢБЕК ПЕН АДАЛ БОЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Жұма уағызы ҚОҒАМДА МҰСЫЛМАННЫҢ РӨЛІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАРЫМ ЫРЫС
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ҚҰРАНДАҒЫ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
1 Шавваль 1446
Миләди
31 наурыз 2025
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:09

Бесінге дейін 00:10

Вопрос устазу: новые вопросы о посте

Да, можно держать 6-дневный пост начиная с 31 марта

Администратор Azankz
29 нау. 2025

44. Аль-Муджиб - Отвечающий на мольбы

Вам предписано сражаться, хотя это вам неприятно. Быть может, вам неприятно то, что является благом

X
5 нау. 2025

23. Вопрос о том, что деяния Аллаха являются результатом воли (выбора)

Да смилостивится над нами Аллаһ. Спасибо за предоставленную книгу

X
5 ақп. 2025

Урок 7: Фарды и суннаты гусля

Ас саламу алейкум ва рахматуЛлахи ва баракятух. Женщинам нельзя промывать внутреннюю часть половых о

X
14 қаң. 2025

Переговоры по предстоящему сезону хаджа прошли в Джидде

О ,Аллах забери меня в Хадж

Саид
10 қаң. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi