Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #5
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #5

| A | +

БЕСІНШІ СӨЗ

Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы – жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі – «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал – адамның бауыр еті», «Малдының беті – жарық, малсыздың беті – шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым – береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз – құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр.

Бұл мақалдардан не шықты? Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап алмақ яки мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен. Малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен.

Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ, жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де өзіндей болмасақ, безеді екен. Іздеген еліміз сол ма?

Абай Құнанбайұлы

БЕСІНШІ ӨЛЕҢ

Дүние дертіменен жанып кетер,

Уайымға неге керек салып бекер.

Көкірек қайғыланса буынды алып,

Көзден жас, тілден сөз боп ағып кетер.

Жазам деп осылардың қалай дертін,

Жарасын жүрегімнің жалай бердім.

«Ә, Құдай, жас баладай қайғысыз қыл», –

дегенін бұл қазақтың талай көрдім.

Болмаса кеудедегі көңіл батыр,

Қайыры, қайғысы да жолында тұр.

«Өзіңде жоқ болғанда, әкең де жат», –

дейтұғын бос сөздері толып жатыр.

Көңілде тұрмаған соң жан, күй бекем,

Осынша мақал айту арзи ма екен.

Тыныштық, ғылым, білім үшін емес,

Мал үшін қайғы жұтып, қам жейді екен.

Жақын көр, я болмаса жат көр мейлі,

Құдай да мұндай іске бақ бермейді.

Мал үшін, кіндігінен жаратылған -

Әкесін жаулауды да ұят көрмейді.

Айтқанмен қанша жерден, тағы ұқпайды,

Кетеді жүрегіңе толып қайғы.

Жас бала қызыл оттан қорқушы еді,

Бұларың тозақтан да қорықпайды!

Әлібек Шегебай

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Имам Әбу Мансур әл-Матуридидің қандай еңбектері бар? Матуриди ақидасы – Қазақ халқының Хақ сенімі

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #4
Әуелі Құдайға сен, ең дұрысы, Екінші, қайрат қылар текті кісі. Тіленіп, көзін сүзіп, қулық саумақ, Өнерсіз ол-дағы бір иттің ісі!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #3
Қазақтың құлағандай Ар шынары, Таласқыш қызметке нан сұрары. Қайратсыз, қорқақ әрі надандықтан, Ешкімге достығы жоқ жан шығады.
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #2
Алдаумен атып босқа ақ таңымыз, Бос күлкі, дүрмек екен баққанымыз. Күйініп, күпірлікке күйеді ішің: «Қайда – деп, – бағанағы мақтанымыз!»
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #1
Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, танымал ақын Әлібек ШЕГЕБАЙ мүлде тосын қадамға барып, хакімнің қара сөздерін қазақтың кәдімгі қара өлең қалыбымен қайта өріп шығыпты. Мұны қастерлі Абай мұрасын тың тәсілмен тәпсірлеу, оған жаңа ғұмыр сыйлау деп бағалауға болар, бәлкім. ...
Эссе және жол жазбалар Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, ақын: "Кетсем бе екен, күнәсіз мекен іздеп!.."
«Тіршілікті біз қалай етеміз?» - деп, Неше көктем ауысты, неше күз кеп... Қия бассам кездесем қиянатқа, Кетсем бе екен, күнәсіз мекен іздеп!..
Эссе және жол жазбалар САНА ДЕҢГЕЙЛЕРІ (діни-пәлсапалық эссе)
Адам санасының деңгейін саралағандағы Құранның ғажаптығына таңқаласың. Бұл да, Құранның Жалғыз Жаратушыдан жіберілгенін дәлелдейтін бір айғақ.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 05:34

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi