Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, ақын: "Кетсем бе екен, күнәсіз мекен іздеп!.."
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, ақын: "Кетсем бе екен, күнәсіз мекен іздеп!.."

| A | +

КӨК МҰЗЫ ЕРІСЕ ДЕ...

 

Ел емес, өзімді айтам, өмірімді,

Қалдырдым анау қырға Бөрі күнді.

Темірді балқытқамын жастық шоқпен,

Тоқтаусыз баса түсіп көрігімді.

 

Күйбеңдеп күн кешпедім жығылардай,

Ақынмын айтары бар, жыры балдай.

Өртіне күйіп тұрмын өз тілімнің,

Тағдырым тамырыммен жұлынардай.

 

Жер бетін жағаласқан дау жайлады,

Оның да күл болады таудай бағы.

Жүректер кекке толған тоқтар бір күн,

Уақыт аялдамай заулайды ары...

 

Сыйластық сыртын беріп жылыстады,

Көкбеттер долданады жұлысқалы.

Адамдар ызғарланып бара жатыр,

Тас қала, тапшы тірлік, жұмыс бабы...

 

Еруде Антарктида сірескен мұз,

Ал, пенде қатаюда тірескен құз.

Жанымды аяз қарып, дауыл ұрды,

Айрылдық адамға тән жүректен біз.

 

Жандарға маңымдағы не сый еттім?

Есеппен қайырымды несие еттім.

Кек-сызы керіп жатыр көкіректі,

Көк мұзы ерісе де қос үйектің!..

 

ТАУ КӨШКЕНДЕ...

 

Бұлт шалмасын деп келем таң нұрыңды,

Табалаудан аулақпын тағдырыңды.

Су ластанды, оталды орман қирап,

Еркелері таулардың аң қырылды...

 

Ақша қонып жүрекке, иман үркіп,

Мұз байланды қасат қар миға күртік.

Берер зина, құмарға қолда барын,

Садақа мен Зекеттей сыйдан іркіп.

 

Сыйдан іркіп,

айналып ізгіліктен,

Ләззат іздеп ұмтылсаң мұз-мүліктен,

Толқын тұрар мұхитта сунами боп,

Құрлық таудан құлатып құзды үгіткен!..

 

Құдіреттің күшіне басымды иіп,

Арманымды аңсаймын асыл биік!

Ниет және дұғамен дұрысталар,-

Ғапылдықтан жанып тұр ғасыр күйіп.

 

Тау қозғалып, топырақ сең көшуде.

Құлап келіп кім кепіл көмбесіне?

Опырылып ортасы сырғанады,

Көрсетілген бұл сынақ пендесіне!

 

Ұлықтадық Құранға қарсыларды,

Соның бәрін көріп тұр ғаршы мәңгі.

Көмкерілген көк шыммен милион жыл,

Жер қыртысын көрдің бе, аршығанды!..

 

Сілкіністер, ағыстар, аударылған,

Ескерту бұл пендеге тау-жағынан.

Жаратқанға жалынам, кешірегөр,-

Бір Аллаға құл басым арға құрбан!

 

КҮНӘСІЗ МЕКЕН

 

Аяқ тұсап тастады, мойын байлап,

Босқа іріп шіри ме, ойым қаймақ?!

Аңға айналған адамнан алыс кетіп,

Тартсам ба екен, елсізге қойымды айдап...

 

Арасында алжаспай азғындардың,

Сақтасам ба, иманның аз күнгі әрін!..

Көк жайлауын орманын бір Алланың,

Шиырласам қайтеді, саз-құмдарын?!

 

«Теңге, теңге, теңге...» деп тепеңдеген,

Мазағына мас болып өтем бе мен?

Қаза болды қанша ма парыздарым,

Қалды қанша құлшылық өтелмеген?

 

«Тіршілікті біз қалай етеміз?» - деп,

Неше көктем ауысты, неше күз кеп...

Қия бассам кездесем қиянатқа,

Кетсем бе екен, күнәсіз мекен іздеп!..

 

Қанжығаға қан пезер сойыл байлап,

Бассыздыққа белшеден тойынды аймақ.

Қаламым мен құшақтап Құранымды,

Естімеске кетсем бе, қойымды айдап?!.

 

ҚАЛАДЫ

 

Қалады бәрі, қызық пен қиын бұл жалған,

Қалады тауың, ағашың көктеп бүр жарған.

Сарайың, тағың, күркеше жүдеу лашығың,

Қалады тегіс қол созған әсем түрлі арман...

 

Қалады мақтан, алданыш, арбау аздаған,

Нені де болса, мәңгілік саған жазбаған.

Пәниді біліп, бақиды білмей пенделер,

Қалды ма адам баласы жерде азбаған?

 

Тек қана біздер кетеміз тәннен бөлініп,

Құтылармыз да жататын күннен Бөрі ұлып.

Жанымыз анау жеті қат көкке жол шегер,

Тәніміз қалар топырақ Текке көміліп.

 

СЕНІҢ АРҚАҢ

 

Тауы мен өрі қалқан,

Жерімде елі дарқан,

Өмірге келгендігім,

Қойнында кені бар сан,

Бастырған мені балпаң,

Иә, Алла, сенің арқаң!

 

Ұлы боп көшпендінің,

Ұлан боп өскендігім,

Бақытым бүршік жарып,

Өкініш өшкен мұңым,

Дегенім сенім артам,

Иә, Алла, сенің арқаң!

 

Қатені «қой!» дегенім,

Тапқаным ой кененін,

Мойындап құлдығымды,

Шүкір деп сөйлегенім,

Рухымның шөлі қанса,

Иә, Алла, сенің арқаң!

 

Орнатсам діл бекімді,

Жалғасам тілге тілді,

Қалыпты адам болып,

Атқарсам міндетімді,

Өмірді тегін алсам,

Иә, Алла, сенің арқаң!

 

Ғаламның мыңнан бірі,

Жер шары тұрғандығы,

Ту ұстап қазақстан,

Елдігін құрғандығы,

Атқаны келіп әр таң,

Иә, Алла, сенің арқаң!!!

 

КӨДЕК АТАМША КӨСІЛСЕМ!

 

Ойласам биіктепті күнәм бастан,

Түсінбей өтер едім ұрандатсам.

Қайырлы тірлік болсын ғұмырыма,

Не тілек болушы еді мұнан басқа?!

Өткіздік оразаны отыз күндік,

Иманым нәпсімменен мың арбасқан.

Шайтандар шабуылын ертең бастар,

Шынжырда жатып еді тұра алмастан.

Іргемді Ібілістен аулақ салдым,

Білдірмей арымды кеп бұлап жатқан.

Жазылған өмір сүру ережесі,

Көремін соның бәрін Құранды ашсам.

Сендерді ренжітсем қателігім,-

Алланың рақымы ұнап жатсам.

Өзімнің аңғырттығым деп білемін,-

Өмірді бей мезгілде тұмандатсам.

Ұнайды екі әлемге көркем мінез,

Бес намаз, әр күнімді құмандатсам.

Шапалақ Құдіреттің назарығой,

Иә, Раббым, жеңілден бер сынап жатсаң.

Қалтқысыз қайырымды болу бақыт,

Қасыма жан жуымас сұлап жатсам.

Осынау ортамызды берекемен,

Ізгі амал жасауменен шығандатсам.

Еліміз қуаттанып, көркейсе екен,

Беріп тұр соның бәрін Бір Алла асқан!

Келесі Рамазанға жетсек екен,

Түспестен бір қауырсын Қыран бастан!

Түсіндім Абай сенген Хақ дінімді,

Жүректе нұрым тасып, күмән қашқан.

 

МІНАЖАТ

 

Құл едік жақын өткен күнәға тым,

Жазасы «вирус» деген мына жат үн.

Инсандық мінезбенен азғындадық,

Кеміді ғибадат пен Мінажатым.

 

Асқынған аранымыз ашкөздікпен,

Құмартты дүниеге Бас, Көз біткен.

Тіршілік тек нәспсіге бағыт алды,

Іздедік бақыт, шаттық басқа ендіктен.

 

Ұмытып Иемізді әмір еткен,

Тыңдадық Ібілістің әнін өктем.

Күндестік, зұлымдық пен ұятсыздық,

Ұрпақтың жүрегіне дәнін еккен.

 

Патшалар, билеп билік, жемеңгерлік,

Көсемнен қожырады кемеңгерлік.

Қаңғырып қалды жұртта қараша жұрт,

Соншалық енжарлықпен төмендедік.

 

Пендеден инсап кетті, пейіл кетті,

Бұл қоғам алаяққа бейімдепті.

Алға озып хайуандық пен дөрекілік,

Әдеп пен ақыл, иман кейіндепті.

 

Еркекті еркек алды еріккеннен,

Әйелге әйел тиді желіккеннен.

Айналып зинақорлық жәй әдетке,

Сумаңдап суық жүріс өрістеген.

 

Ұл-қызды бақылаусыз жібергеміз,

Көнбедік тиым, тежеу, шідерге біз.

Құлдырап құндылықтар төмен түсіп,

Айнала шимай-шатпақ Жын өрген із.

 

Ауытқып Хақ жолынан қауым кетті,

Әр кеуде соқтыруда дауыл кекті.

Сүйенер өз Иеңнен бет бұрған соң,

Борбайлап жауың жетті, дауың жетті.

 

Адамзат көмілді кір ластыққа,

Дағдарып рухани тұр аштықта.

Апатпен сыналуда өзі іздеген,

Кездесті үрей, күдік, рас жұтқа.

 

О, Шапи, о, Мухаймин, о, Раббым,

Ешқандай шара таппай аңырамын.

Қайғыдан қазағымды құтқар өзің,

Алаңсыз күндерімді сағынамын!..

 

Адамзат қылмысына жаза алуда,

Жауырдай Ертоқымға қажалуда.

Ескерсең екі әлемге бірдей қажет,-

Мойныңда парызыңды қаза қылма!

 

Басқаша бұйрықтарың, жиналысың,

Қол созған адам барма, иман үшін?

Жүректер сол баяғы бітеу қалпы,

Ар-намыс кеткен екен мидан ұшып.

 

Шошытты «вирус» деген мына жат үн,

Алашым абайсызда құламасын!

Апаттан арашала Алла бізді,

Жетсе екен, Даргайыңа Мінажатым!

 

Ақын туралы ақпарат:


Дәулетбек Байтұрсынұлы – 1964 жылы 8 наурызда ҚХР, Іле қазақ облысы, Тәңір тауы бөктерінде дүниеге келген. Ақын 1994 жылы тәуелсіз Қазақстанға біржолата көшіп келді. 1996 жылдан Қазақстан Республикасының азаматы.

 

Өлеңдері 1988 жылдан ҚХР және ҚР-дағы мерзімді баспасөзде үздіксіз жарық көріп келеді, «Жас толқын» жинағына енген.

 

«Күнәсіз мекен», «Мәңгілік мекен», «Ләтипа лүпілі», «Сенің арқаң», «Топыраққа сіңген нұр», «Ясин нұр», «Ақыреттің егіні» қатарлы жыр жинақтары, «Өлместің суы бар ма?», «атты әңгіме-эсселер жинағы және «Төлеген жазған хат» деп аталатын публистикалық ой-толғаулардан тұратын екі прозалық кібаты жарық көрді. Бірқатар шетел авторларының шығармаларын ана тілімізге аударған.

 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, «Алматы» телеарнасы ұйымдастырған жыр мүшайраларының жүлдегері, Түркияның Елазық қаласында өткен түркі мемлекеттерінің халықараалық «Һазар чиір акшамлары» фестивалінің дипломаты. Қырғыз Республикасының «Молда Бағыш» атындағы әдеби сыйлығының лауреаты (21 мамыр 2014 жылы), Түрксойдың «Тактумқұли Фраки» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Ұйғыр медсенаттар клубының тағайындаған халықаралық 1-дәрежелі «Ильһам» сыйлығының, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» медалінің иегері.

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
135 жыл бұрынғы Құранның алғашқы аудиоазбасы (ВИДЕО) Данияр ЖҰМАБАЕВ. Білім алудың дініміздегі орны

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Эссе және жол жазбалар САНА ДЕҢГЕЙЛЕРІ (діни-пәлсапалық эссе)
Адам санасының деңгейін саралағандағы Құранның ғажаптығына таңқаласың. Бұл да, Құранның Жалғыз Жаратушыдан жіберілгенін дәлелдейтін бір айғақ.
Эссе және жол жазбалар Бауыржан МЫРЗАҚҰЛ: Абай есімі – Ибраһимнің қысқарған түрі
Абай есімі – қазақ һәм әлем тарихындағы ең ұлы есімдердің бірі десек артық айтқандық емес. Оған Абайдың ғибратты ғұмыры мен артында қалған өлмейтін, өшпейтін рухани мұрасы дәлел. Біз кейде қазақтықты айтқанда Абайды мысалға келтіріп жатамыз. Бұл дегеніміз – нағыз қазаққа жаны ашыған, қазақтың маңдай...
Эссе және жол жазбалар «7» саны несімен қасиетті?
Құран Кәрімді тілдік, методикалық, тарих, грамматикалық және т.б қай қырынан алып қарасаң да – толып тұрған мұғжиза. Жер бетінде Құран секілді түбегейлі зерттелген, әлі де зерттеліп келе жатқан бірде бір кітап жоқ. Оның адамзатқа түскеніне 14 ғасыр болса да, мазмұны толықтай жіті ашылмады. Осынша уа...
Эссе және жол жазбалар КІТАП ТУРАЛЫ ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Имам Бұхари 600 мың хадис жинақтаған. Соның ішінде 100 мың сахих, 200 мың дағиф хадистерін жатқа білген. Бұхари хадистерді жинақтау барысында 90 мыңнан астам адаммен жолығып, хадис риуаят еткен....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi