САНА ДЕҢГЕЙЛЕРІ (діни-пәлсапалық эссе)
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

САНА ДЕҢГЕЙЛЕРІ (діни-пәлсапалық эссе)

| A | +

ТОБЫРЛЫҚ САНАДАН ҰЛТТЫҚ САНАҒА ДЕЙІН...

(діни-пәлсапалық эссе

Сана деңгейлері

 

Адам санасының деңгейін саралағандағы Құранның ғажаптығына таңқаласың. Бұл да, Құранның Жалғыз Жаратушыдан жіберілгенін дәлелдейтін бір айғақ.

 

Өйткені, адамдардың өз санасын өзі саралаған өлшемдері үнемі өзгеріп, ескіріп жатады: Ертедегі мифтік өлшемдерде адам санасын құдайлардың санасы мен құлдық санаға ғана бөліп қараған, мұны қазір мойындайтындар жоқтың қасы.

 

Ал, Тарихи материализм теориясы адам санасын таптық саналарға яки қоғамдық формацияларға бөлді яғни сананы тұрмыс билейді деп дәлелдегені, өзін ақтай алмады. Практикада сондай коммунизм деген әділ қоғамды қанды төңкеріс арқылы жасамақ болғаны бүкіл адамзатқа қасірет әкелді.

 

Енді, бұл заманда адам санасын технократиялық интелектіге жеткізсе бәрі шешілетін секілді ғылыми қиялдармен адамдар алдануда... Алайда, бұл да алдыңғы теориялар секілді бір жақты өлшем екенін Құран өлшемін көргенде еріксіз мойындауға тура келеді.

 

Себебі, Құрандағы өлшемдер уақыттан тыс. Бұл дүние жаралғанға дейінгі уақытсыз кезеңді және бұл дүние аяқталған соңғы мәңгілік бақи кезеңді қамтыған абсолют өлшеммен сөйлеген.

 

Және, Құран өтпелі уақыттың үш шағын да өзіне түгел сиғыза алған. Сүрелердегі замандарды суреттеген қиссаларда өткен шақ та, осы шақ та, келер шақ та бір сәтте қатар баяндалады. Бұндай керемет синтезбен баяндауға адамның ақыл шамасы жетпейді.

 

Әрі, Құран аяттары эволюциялық дамуды жоққа шығарады. Ұлы Жаратушының адамзат баласын топырақтан жаратып, өз рухын үрлеп бірден кемелдікке жеткізгенін терең ілімдерімен дәлелдейді. Құранда Адам Атаны жаратқан соң Құдай оған айнала дүниедегі барлық затты, құбылысты өзі үйретті, дейді. Яғни, ата-анасы жоқ Адам атаның ұстазы Жаратушының өзі. Сондықтан, бүкіл діни кітаптарда Адам Атаны «сапи адам» яғни кемелденген адам деп, атауы тегін емес.

 

Құран бүкіл адамзатты үш ұлтқа яғни үш топқа ғана бөледі: Сенуші, Сенбеуші және екеуінің арасында жүретін Алдаушы, деп.

 

Және, адамзаттың бұл дүниедегі жаратылу мақсатын Құранның басынан аяғына дейін өте айқын айғақтармен үзбей айтады: Адамзат мәңгі ақырет дүниесіндегі ғажайып мекен Жәннатқа лайықты болу үшін жаратылған. Ол үшін Жатарушының жолдаған бұйрықтарын бұлжытпай орындап, жіберген елшілеріне бағыну шарт, дейді. Ондай адамдар бұ дүниеде рухани кемелдікке жетеді. Қияметте қайта тірілгенде тәнімен, бүкіл дене мүшелерімен, бұрынғы рух-жанымен мәңгілік ғажайып өмірге қауышады. Адамның жаратылуының, бұ дүниеде өмір сүруінің ең жоғарғы мақсаты осы екенін Ұлы Жаратушы Құран арқылы хабарлайды, уәде етеді, серт береді.

 

Ал, осы басты мақсатқа бағынғандар мен бағынбағандардың сана деңгейін мынандай нақты өлшемдермен анықтайды:

 

Сәбилік сана, бүкіл адамзаттың балиғатқа толмаған балалары пәк, күнәсіз. Егер, олар бұл дүниеде бала шағында өлсе, мәңгі ақырет дүниесінде асыл маржандардай әдемі, сүйкімді қалпы Жәннат балалары болып, мәңгілік өмірі жалғасады. Өйткені, Жаратушы адамдардың рухын жаратып, өзін оларға таныстырғанда бүкіл рух иесі бір ауыздан «Сен біздің Жаратушымызсың» деп, рухани иманға келгендіктен сәби балалар түгелдей иманды саналады.

 

Тұрмыстық сана, бүкіл адамның басынан өткізетін ең төменгі сана, ішіп-жеу, ойнап-күлу, көбею үшін қарекет етушілер. Олар өзінің адамдық мақсатын бір күндік тірлік, бұл дүниелік күнелту, деп біледі.

 

Кәсіптік сана, адамдарға Жаратушының берген қабілеті бойынша, көптеген адамдардың әртүрлі кәсіби мамандыққа жетуі. Бұлар да өмір сүру мақсатын материалдық деңгеймен өлшейді, өз мақсаттарын жақсы тұрмыс құру, жайлы әлеуметтік жағдайға жету дегеннен ары аса алмайды. Рухани құндылықтарды жақсы тұрмыстың насихатшысы, қызметшісі деп, пайымдайды.

 

Ғылыми сана, яғни логикалық сана бұл Жаратушыдан ерекше қабілет берілген адамдардың жететін деңгейі. Олар Жаратушының бұл дүниедегі қойған заңдарын ашады, мәселен математика, химия, физика, астрономия, медицина, философия, қоғамтану, тарих, кәсіби жазушылық... секілді көптеген пән ғылымдарын игереді. Бұндай санаға жеткендер де адамзат қоғамында ғылыми төңкерістер жасап, қарапайым тұрмыстан жоғарғы технологияға жеткізуді, бұл дүниеде жоғарғы адамгершілікпен, гуманистік моральмен өмір сүруді басты мақсат етіп қояды.

 

Имандылық сана, адамзат қоғамындағы ең жоғарғы сана осы. Бұл сана иелері Ұлы Жаратушыдан жолданған ақиқатты бірден қабылдап, соған жан-тәнімен мойынсұнатын ерекше адамдар. Ондай адамдар өзіне берілген дана қабылеті арқылы айнала дүниенің бәрі де Жаратушыны тану үшінгі көрініс, құбылыс екенін түсінеді. Өзінің бұл дүниеге келуінің кездейсоқтық емес екенін, бұл өмір мәңгі ақырет дүниесіне дайындық үшін берілгенін жете ұққан адамдар осылар. Олар Хақ діннің ақиқат қағидалары бойынша Имани жоғарғы санаға жетеді, Жаратушысын танып, Соған ғана жалбарынады, ғибадат етеді. Ондай адамдар өзін рухани жетілдіруге бүкіл күш-жігерін жұмсайды. Өзін өзі жете тани алады. Ондай санаға жеткендер бұл дүниедегі материалдық жетістіктен рухани жетістікті жоғары қояды. Өтпелі өмір үшін емес, ақыреттегі мәңгі ғұмыр үшін саналы өмірін арнайды. (Қазақтың рухани көсемдерінің дана сөздерінен мұны анық көре аламыз).

 

Әулиелік сана, бұл адамзат баласы жете алатын ең жоғары сана деңгейі. Яғни, бұл атаудың мәнісі Жаратушының жақын досы дегенді білдіреді. Мұндай адамның бүкіл болмысы Ұлы Жаратушымен ғана байланыста, оған бүкіл болмысымен берілген достықта болады. Мұндай адамдардың тәні пәни дүниеде өмір сүрсе де, рухани жан дүниесі рухтар әлеміндегі пәк жандармен бірге бола алады. Олар Жаратушысын хақ діннің ақиқаты бойынша ақылмен ғана емес, адамға берілген басқа тылсым сезімдері арқылы да толық таныған кемел адамдар. Қазақ халқының Құдайдан кейін әулие адамдарды пір тұтуы осыдан. Өйткені, ондай адамдар Жаратушыдан жақсылық қана тілейді, бүкіл адам баласын бауырым деп, біледі. Жасаған дұғасы ең қабыл болғыш ізгі адамдар.

 

Ал, адамдардың осы аталған сана деңгейлері бір-бірімен жалғасқан түрде қоғамдық көріністермен ғана танылады. Ұлы Жатарушы адамдардың мал-бастарын арттыру не кемітумен, соғыстар мен жұт-қуаңшылық жіберумен, ауру-сырқау мен апаттар болдырумен сынайтынын Құрандағы аяттарда тамаша баяндаған.

 

Жоғарғы имандылық сана мен әулиелік санаға жеткендер Ұлы Жаратушының жаратылғандарға ұқсамайтын теңдессіз сипаттарын тани алады:

Ұлы Жаратушының дара жалғыздығын; ұқсасы болмайтынын теңдессіз екенін; мінсіз-мұңсыз, мұқтажсыз болатынын; Жаратушының өзі тумаған, өзінен тудырмаған серіксіз екенін; жоқтан бар ететін құдіретін; шексіз естуші, көруші екенін; ілімімен бәрін қамтитынын; не қаласа соны болдыратынын; адамды махаббатымен жаратып, оған ойлайтын қабілет беріп, кемел пішін сыйлаушы екенін; өлтіріп-тірілтуші, өмір беруші Ие болғандығын және шексіз жаратылыстағы құбылыстар Оның киелі есімдерінің айнасы екендігін; ең соңғы қияметқайым сағатында саналы жаратқандарының бәрін бір сәтте қайта тірілтіп есеп алып, мәңгі өмірде сый мен жаза беруші шексіз билікке ие екеніндігін... түсіне алады, хикметті іліммен санасына сіңіріп кемелдікке жетеді. Имани саналылар өзіндегі адами ерекшеліктерді толық таныған, оның пайдасын іске асырған біртуар адамдар. Ондай адамдар өзін тудырған халықтың рухани көсемі, ұлтының көшбасшысы ретінде өшпес қызметтер атқарады. Мұндай тұлғалар қазақ тарихында аз болмаған.

 

Пайғамбарлық сана, бұл адамзаттың ең ақырғы жоғарғы сана иесіне жатады. Алайда, оған жететіндер Ұлы жататушының сүйген құлдары ғана яғни мұндай мінсіз сананы адамға Жаратушының өзі нәсіп етеді, оған біліммен, еңбекпен ешкім де жете алмайды.

 

Мәселен, бүкіл адамзаттың ақырғы пайғамбары Мұхаммедке с.а.у. пайғамбарлық келген кезде ол кісі қырық жаста еді алайда, жаза алмайтын, оқи да алмайтын сауат ашпаған адам болатын. Иса алейһис сәлам тіпті, сәби кезінде даналық сөз айтып, пәндік білімі болмаса да ғылым ғажайыптарын көрсете алатын еді.

 

Пайғамбарлық сана иелері жеке халықтар мен бүкіл адамзатқа Жаратушыдан арнайы жіберген арнайы рухани ұстаз болғандықтан олардың қалдырған тағылымы мен адами үлгілері, салып кеткен сара жолы екі дүниенің бақытына қатар жеткізетін кемелдік мектебі саналады.

 

Ал, бұған дейінгі саналардың деңгейінің бәрі де адамның өз талабымен, қажырлы рухани еңбегімен жете алатын биігі. Қарапайым адамнан кемел адамға дейінгі жете алатын рухани аралық, рухани деңгей. Яғни, мұндай Құрани сана деңейлерін адамдардың бақыт деп бағалап жүрген, мансап пен байлық, атақ пен сыйлық, саулық пен қызық секілді материалдық өтпелі өлшеммен салыстыруға келмейді.

 

Бұл сана иелерінің жеке-жеке мысалы Құран сүрелеріндегі қиссаларда айтылғанын оның тәпсірінен анық танып, ұғуға болады.

 

А.Мауқараұлы

islam.kz

Предыдущий Следующий
«Пайғамбарымызға 1 000 000 салауат» жобасы басталды Мәуліт бидғат па?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Эссе және жол жазбалар Бауыржан МЫРЗАҚҰЛ: Абай есімі – Ибраһимнің қысқарған түрі
Абай есімі – қазақ һәм әлем тарихындағы ең ұлы есімдердің бірі десек артық айтқандық емес. Оған Абайдың ғибратты ғұмыры мен артында қалған өлмейтін, өшпейтін рухани мұрасы дәлел. Біз кейде қазақтықты айтқанда Абайды мысалға келтіріп жатамыз. Бұл дегеніміз – нағыз қазаққа жаны ашыған, қазақтың маңдай...
Эссе және жол жазбалар «7» саны несімен қасиетті?
Құран Кәрімді тілдік, методикалық, тарих, грамматикалық және т.б қай қырынан алып қарасаң да – толып тұрған мұғжиза. Жер бетінде Құран секілді түбегейлі зерттелген, әлі де зерттеліп келе жатқан бірде бір кітап жоқ. Оның адамзатқа түскеніне 14 ғасыр болса да, мазмұны толықтай жіті ашылмады. Осынша уа...
Эссе және жол жазбалар КІТАП ТУРАЛЫ ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Имам Бұхари 600 мың хадис жинақтаған. Соның ішінде 100 мың сахих, 200 мың дағиф хадистерін жатқа білген. Бұхари хадистерді жинақтау барысында 90 мыңнан астам адаммен жолығып, хадис риуаят еткен....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi