Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #2
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #2

| A | +

ЕКІНШІ СӨЗ

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе – шаршап, жаяу жүрсе – демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген… не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп. Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық – бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», – деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі – бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?

Абай Құнанбайұлы

ЕКІНШІ ӨЛЕҢ 

Арқадан үй салам деп, қамыс артқан,
Боқтасып бірін-бірі таң бозартқан.
Атқа мінсе шаршаған ноқай неме,
Сасыр бас, елге шауып шаңды ұзартқан.

Құлақта қиқулары жаңғырған көп,
Сөздерге сайқымазақ сән құрған тек.
Сарт пенен тәжік, ноғай, орысты да,
Ойлаушы ем «ой, неғылған, антұрған» деп.

Адамның аласармас ізеті – еңбек,
Бұл күнде ойларымды түзетем көп.
Сонда мен ойлаушы едім: «Ей, Құдай-ай,
Ең тәуір текті халық біз екен», – деп.

Бұл күнде қарап тұрсам бәрі басқа,
Соларда еккен егін, дәмді ас та. 
Бірімен бірі ешбір жауласпайды,
Иіліп сәлем берер танымасқа.

Дінменен дегдарлығын тағалаған,
Білім мен өнерді де бағалаған.
Балаға қимайтұғын малыңды да,
Кірелеп солар айдап, жағалаған.

Алдаумен атып босқа ақ таңымыз,
Бос күлкі, дүрмек екен баққанымыз.
Күйініп, күпірлікке күйеді ішің:
«Қайда – деп, – бағанағы мақтанымыз!»

Әлібек Шегебай

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #3 Әл-Азһардың тұңғыш түлегі Ғабдолғазиз Мұсағалиұлы

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #1
Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, танымал ақын Әлібек ШЕГЕБАЙ мүлде тосын қадамға барып, хакімнің қара сөздерін қазақтың кәдімгі қара өлең қалыбымен қайта өріп шығыпты. Мұны қастерлі Абай мұрасын тың тәсілмен тәпсірлеу, оған жаңа ғұмыр сыйлау деп бағалауға болар, бәлкім. ...
Эссе және жол жазбалар Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, ақын: "Кетсем бе екен, күнәсіз мекен іздеп!.."
«Тіршілікті біз қалай етеміз?» - деп, Неше көктем ауысты, неше күз кеп... Қия бассам кездесем қиянатқа, Кетсем бе екен, күнәсіз мекен іздеп!..
Эссе және жол жазбалар САНА ДЕҢГЕЙЛЕРІ (діни-пәлсапалық эссе)
Адам санасының деңгейін саралағандағы Құранның ғажаптығына таңқаласың. Бұл да, Құранның Жалғыз Жаратушыдан жіберілгенін дәлелдейтін бір айғақ.
Эссе және жол жазбалар Бауыржан МЫРЗАҚҰЛ: Абай есімі – Ибраһимнің қысқарған түрі
Абай есімі – қазақ һәм әлем тарихындағы ең ұлы есімдердің бірі десек артық айтқандық емес. Оған Абайдың ғибратты ғұмыры мен артында қалған өлмейтін, өшпейтін рухани мұрасы дәлел. Біз кейде қазақтықты айтқанда Абайды мысалға келтіріп жатамыз. Бұл дегеніміз – нағыз қазаққа жаны ашыған, қазақтың маңдай...
Эссе және жол жазбалар «7» саны несімен қасиетті?
Құран Кәрімді тілдік, методикалық, тарих, грамматикалық және т.б қай қырынан алып қарасаң да – толып тұрған мұғжиза. Жер бетінде Құран секілді түбегейлі зерттелген, әлі де зерттеліп келе жатқан бірде бір кітап жоқ. Оның адамзатқа түскеніне 14 ғасыр болса да, мазмұны толықтай жіті ашылмады. Осынша уа...
Эссе және жол жазбалар КІТАП ТУРАЛЫ ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Имам Бұхари 600 мың хадис жинақтаған. Соның ішінде 100 мың сахих, 200 мың дағиф хадистерін жатқа білген. Бұхари хадистерді жинақтау барысында 90 мыңнан астам адаммен жолығып, хадис риуаят еткен....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 00:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi