ОТБАСЫ ТІРЕГІ СЫЙЛАСТЫҚ ПЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ОТБАСЫ ТІРЕГІ СЫЙЛАСТЫҚ ПЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК

| A | +

Отбасындағы дұрыс мәміле - отбасы мүшелерінің бір-бірімен ара-қатынасының байланысын білдіреді. Адамның ең жақындары ата-анасы, жолдасы және бала-шағалары. Бір-бірлеріне осыншалықты жақын адамдардың қарым-қатынастарындағы негізгі тірек - сыйластық пен сүйіспеншілік екені анық. Сонда ғана адамдардың өмірі баянды болып, бақытты өмірге қол жеткізбек.

Отбасы болудың негізгі мақсаттарының бірі де адамның жанының жай тауып, тыныштықта өмір сүруі. Бұл туралы Алла Тағала Құранда: «Сондай-ақ Оның (құдіретінің шексіздігін көрсететін) айқын дәлелдерінің бірі – оларға бауыр басып, жандарың жай тапсын деп, сендер үшін өз болмыстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік һәм мейірім сезімін ұялатқандығы. Міне, осының өзінде ақылға салып ойланатын қауым үшін ап-айқын дәлелдер мен талай ғибрат бар»[1], - деп баяндаған. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Іштеріңіздегі ең ардақтыларың отбасына ең жақсы қарағандарың»[2], - деп айтқан.

Көптеген Құран аяттарында Аллаға иман келтіріп, құлшылық етуден кейін ата-анаға көркем мәміледе болуды және оларға жақсылық жасауды бұйырғандығын көреміз. «Раббың бір Өзіне ғана құлшылық етуді, ата-анаға барынша жақсылық жасауды үкім етті. Егер олардың біреуі немесе екеуі бірдей қолыңда қартайса, (оларды ауырсынып немесе жақтырмаған сыңай танытып) тіпті «Түу!» деп те кеюші болма, сондай-ақ оларға зекіп ұрыспа! Керісінше, оларға жанға жағымды жылы сөз айт! Олардың алдында барынша мейірімді, мейілінше кішіпейіл әрі тіл алғыш бол! Һәм олар үшін: «Уа, Раббым! Олар мені бала күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, Сен де оларды дәл солай мейіріміңе бөлей көр!» – деп дұға ет»[3] - деп келетін аяттардан ислам дінінің ата-анаға қаншалықты мәртебе бергендігін анық байқай аламыз. Керісінше ата-анаға қарсы келіп, құрметсіздік таныту болса, Аллаға серік қосумен қатар айтылып, мұсылман баласы үшін ең ауыр күнә екендігі айтылады. Осы бір құндылықты терең түсінген дана халқымыз: «күтсең ата-анаңды күт, кешірер атаң қатаңды», «ата-ананың қарызы, ұрпақтың өмірлік парызы», - деп тұжырымдаған.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйдегі мәмілелері арқылы отбасы мүшелерінің барлығына үлгі болған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отбасындағы жақындарын өте жақсы көретін. Мысалы өзі жас күнінде айырылған анасын еш ұмытпай, үнемі қабірін зиярат ететін. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) немере ағасы Әбу Тәлібті де қатты сыйлайтын. Оны ренжітетін әрекетке мүлдем бармайтын және оған барынша көмектесуге тырысатын.

Отбасы сүйіспеншілікпен баянды болмақ. Өзара сыйластық пен сүйіспеншілік болмастан баянды ғұмыр да болмайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отбасы мүшелерімен ұрысып, кикілжіңге бармайтын. Өйткені ол отбасындағы жандарды жақсы көріп, оларға аса құрметпен қарайтын. Ол тамаша отағасы, өте мейірімді әке болды. Үйінде қарапайым адам ретінде үй жұмыстарына көмектесуден ләззат алатын. Үйдегі аналарымыз бен сахабалары оның барлық жұмыстарын істеп беруге дайын болса да, оларға қалдырып қоймастан Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жұмыстарын өзі істейтін. Бір күні Айша анамызға (р.а) бір кісі келіп Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйде қандай жұмыстармен айналысатыны туралы сұрады. Сонда Айша анамыз (р.а) ол кісіге былай деп жауап қатты: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйде болған кезінде киімдерінің жыртығын жамап, үйді сыпырып, ешкіні сауады. Базарға барып сауда-саттық жасап, аяқ киімі мен түбі тесілген су ыдыстарын жамайды. Түйелерді байлап, олардың жем-шөбін береді. Үйдегі жұмыстардың барлығына қол ұшын беріп жүреді», - деп жауап берген еді.[4]

Алла Елшісі (оған алланың салауаты мен сәлемі болсын) отбасында бала-шағаларды алалауды мүлдем құптамайтын. Бұл туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алладан қорқыңыздар. Балаларыңды алаламай, барлығына бірдей қараңыздар»[5], - деп ескерту жасаған. Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа мына оқиға өте тамаша үлгі. Хз. Али былайша баяндайды: «Алла Елшісі (оған алланың салауаты мен сәлемі болсын) бізді зиярат етіп келіп, біздің жанымызда түнеді. Хасан мен Хусейін ұйқтап жатты. Бір уақытта Хасан оянып су ішкісі келді. Алла Елшісі (оған алланың салауаты мен сәлемі болсын) дереу орнынан тұрып, бір ыдыстағы суды қолына алып, оған бермекші болғанда Хусейін оянып, бірден сол ыдыстағы суды ішпек болды. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) суды оған бермей Хасанға берді. Мұны көрген Фатима шыдай алмай, Хасанды Хусейіннен артық көретін секілдісіз дейді. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жоқ, олай емес, алдымен Хасан сұрады» деп жауап берген еді».[6]

Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үй шаруасына араласуы, әйелдері мен балаларына және немерелеріне деген көркем мәмілесі, сондай-ақ марқұм анасына деген құрметі арқылы отбасының ұйытқысы, негізгі тірегі болғанын аңғарамыз. Шаңырағымыздың шаттыққа толып, бақыт пен берекеде болуымыз үшін Алла Елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйренеріміз көп.

 


[1] Рум сүресі, 21 аят.

[2] Ибн Мәжә, Никах 50.

[3] Исра сүресі, 23-24 аяттар.

[4] Сахих әл-Бұхари, 676. Сахих Ибн Хиббән, 5677.

[5] Сахих әл-Бұхари, 2587.

[6] Сияр әғлам ән-нубала, Заһаби. 4/335 б.

 

 

Абай Құнанбайұлы мешітінің ұстазы

Қалибек Біржан

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тегтер: отбасы мақала
Предыдущий Следующий
МҰСЫЛМАННЫҢ БАУЫРЫНДАҒЫ АЛТЫ АҚЫСЫ ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАТЫН АЙ

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат ТӘКӘППАРЛЫҚ - ТЕРЕҢ ҚҰЗ
Тәкәппарлық – адамның өзіне, өзгелерге және өмірге деген қате көзқарастардың бір көрінісі. Бұл мінез-құлық адамның рухани және моральдық дамуына кедергі жасайтын терең құзға айналады. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны білдіре...
Әдеп (этика) КЕЛІННІҢ СӘЛЕМ САЛУЫ
Қазақ халқының рухани мәдениеті мен тұрмысында келіннің сәлем салуы ерекше орын алады. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақы тәрбиенің ажырамас бөлігіне айналған. Келіннің сәлем салуы тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар үлкенге ізет пен кішіпейілділіктің белгісі саналады. Бірақ бұл дә...
Ихсан ілімі ИМАН МЕН ИХСАН МӘСЕЛЕСІ
Дінге сенуші адамдардың арасында көптеген сұрақтар қойылады. Солардың ішінде «дін дегеніміз не?», «ихсан деген не?» «ислам деген не?». Әрине бұл сұрақтарға жауап беру үшін мақалалар, тіпті кітаптар жазылады....
Қоғам ҮШ ДЕРТ: КӨП СӨЙЛЕУ, ТАМАҚТАНУ МЕН КӨП ҰЙҚЫ
Ұлы Жаратушы, кемшіліктерден пәк Алла Тағала адам баласына аманат ретінде оның жаны мен тәнін бергеннен кейін, адам баласына жан мен тәнді тәрбиелеу мен ауру-сырқаудан емдеу жолдарын әділетті Пайғамбарлары арқылы көрсетіп берген. Адам баласының өмірі сынақ ретінде берілгендіктен, сынақтан өтудің жол...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан ілімі адамды немесе адам рухын кемелдендіретін хал ілімі ретінде сипатталады және ол Құран мен сүннеттегі қағидалардың толық орындалуымен түсіндіріледі. Ихсан ілімі қателік пен күнә жасауға себеп болатын адам бойындағы материалдық әрі рухани қуат көздерін тізгіндеп, оның орнына сауап пен ізгіл...
Пайым-парасат ҚҰРАН АЯТАРЫНДАҒЫ "ЖҮРЕК" ҰҒЫМЫ
Жүрек - ақыл, таным, білім, ниет, сенім, даналық және құрбандық тәрізді адам үшін өте маңызды мәселелердің жиынтығы. Егер жүрек тірі болса, бұл сезімдер де тірі болып саналады. Егер ол қандай да бір себеппен тоқтаса не күйзелсе, онда бұл өмірдің саған қойған белгісіз жоспарының сәтсіз жері  немесе қ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Исламдағы отбасы ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРІҢ ҚҰЛПЫНАЙДАЙ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...
Қазақ «Үйлену оңай, үй болу қиын» дейді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Пенде үйленсе, дінінің тең жартысы кемелденеді. Енді қалған жартысына сақ болсын», – деген. Бұл риуаят сахаба Әнас ибн Мәліктен (Алла оған разы болсын) жеткен. Үйлену арқылы шаңырақ көтерген ад...
Исламдағы отбасы ҚАЗАҚИ САЛТ-ДӘСТҮРДЕГІ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Отбасы адамзат тарихында әрқашан маңызды орынға ие болып, адамдардың қоғам болып қалыптасуына себепші болды. Тарихқа көз жүгіртсек, алғашқы қоғам отбасынан құрылғанын көреміз. Құранда осы мәселеге тоқталып, ең алғаш жаратылған адам баласының отбасы болып өмір сүргені де айтылады....
Исламдағы отбасы "Мәһір – қалыңдықты саудалау емес, Құдайдың берген құқығы". Имам мешітте неке қидыру ережелерін түсіндірді
Қалыңдық пен күйеу жігіт мешітке неке қидыруға келгенде өзімен бірге міндетті түрде АХАТ құжатын ала келуі тиіс.
Исламдағы отбасы ЫНЖЫҚ ЖӘНЕ ПЫСЫҚ БАЛА
Алла Тағала адам баласын дүниеге сынақ үшін жіберген. Сынақ, Адам атадан басталып күнімізге дейін, тіпті ақыр заманға дейін жалғаса береді. Бала тәрбиесіндегі сынақ, ерлі-зайыпты болып, отбасы құрудан, шыр етіп перезент үнінің естілуімен басталады....
Исламдағы отбасы БАЛА АТА-АНАҒА ҚАРАП БОЙ ТҮЗЕЙДІ
Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әрбір бала (иман) болмысымен туады. Ал, ата-анасы баланы яхуди я болмаса христиан немесе отқа сиынушы етеді. Міне бұл, жануардан жануар туғаны сияқты. Төлдің құлағы кесілген күйде туғанын көрдіңдер ме?[1]», - деген....
Исламдағы отбасы БАУЫРЫҢ ҚАТЕЛЕССЕ, КЕШІРЕ БІЛ...
Бауырмалдық – Алла Тағаланың мұсылман үмбетіне берген ұлы нығметінің бірі. Шынайы бауырмалдық – ықыласты, тақуа пенделерге Алла тарапынан берілетін сый. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Ол (Алла) мүміндердің жүректерін қосты. Жер жүзінің байлығын түгелдей жұмсасаң да, олардың жүректерін дәл осылай ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi