ПАЙҒАМБАР ﷺ СҮЙІНШІСІ - ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ
Тереңөзек кенті
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 12:47
Тереңөзек кенті
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Тереңөзек кенті
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:00 06:20 12:47 17:15 19:10 20:30
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
1 Шавваль 1446
Миләди
31 наурыз 2025

Мақалалар

ПАЙҒАМБАР ﷺ СҮЙІНШІСІ - ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ

| A | +

Исламдағы ең қасиетті айлардың бірі – Рамазан айы. Бұл ай – Алланың рақымы мен кешірімі молынан төгілетін, пенделердің күнәлары кешіріліп, сауаптары еселенетін ерекше уақыт.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл айдың жақындағанын үмбетіне сүйіншілеп жеткізген. Салман әл-Фариси (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Шағбан айынын соңғы күні Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бізге құтба оқыды. Құтбасында былай деді: «Ей, адамдар! Ұлы да берекелі ай жақындап келеді. Бұл айда мың айдан да қайырлы түн бар. Алла оның оразасын парыз, ал түнгі намазын нәпіл етті. Кімде-кім бұл айда бір жақсылық жасаса, ол басқа айларда бір парызды орындағанмен тең. Ал кім бұл айда бір парызды орындаса, ол басқа айларда жетпіс парызды орындағанмен тең. Бұл – сабыр айы, ал сабырдың сыйы – жәннат. Бұл – өзара жанашырлық айы, бұл айда мүміннің ризығы көбейеді. Кім бұл айда ораза ұстаған адамға ауыз аштырса, оның күнәлары кешіріліп, тозақтан құтқарылады, әрі оның сауабынан еш нәрсе кемімей, сол адамның сауабындай сауап беріледі».

Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Бәрімізде де ораза ұстаған адамға ауыз аштыратын нәрсе табыла бермейді ғой», – дегенде, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла бұл сауапты ораза ұстаған адамды бір жұтым сүтпен, бір құрмамен немесе бір жұтым сумен ауыз аштырған адамға да береді. Кім ораза ұстаған адамды тойдырса, Алла оны менің хаузыма (Кәусар бұлағына) апарып, одан ішкізеді, содан кейін ол жәннатқа кіргенге дейін шөлдемейді. Бұл айдың басы – мейірім, ортасы – кешірім, соңы – тозақтан құтылу. Кім бұл айда қол астындағы қызметшісінің жұмысын жеңілдетсе, Алла оны кешіріп, тозақтан құтқарады», – деп жауап берді. Бұл хадис Рамазан айының қадірі мен қасиетін көрсетіп, мұсылмандарды осы айда құлшылықтарын күшейтуге ынталандырады.

Рамазан – береке мен мейірім айы

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) басқа бір хадисінде Рамазан айының келуімен қуанып, сахабаларына бұл айдың қадірін түсіндіріп, былай деген: «Сендерге Рамазан айы келді. Ол – берекелі ай. Алла сендерге осы айда ораза ұстауды парыз етті. Бұл айда жәннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылады және шайтандар кісенделеді. Сондай-ақ бұл айда мың айдан да қайырлы Қадір түні бар. Кімде-кім осы айдың игілігінен мақрұм қалса, ол шынында да үлкен нығметтен құр қалады. жақсылық жасап, Алланың разылығына бөленсе, оның күнәлары кешіріледі.» (Бухари, Муслим) Бұл хадистен Рамазан айының мұсылмандар үшін ерекше мейірім мен сауап айы екенін түсінеміз.

Оразаның маңыздылығы

Рамазан айындағы ең маңызды құлшылық – ораза ұстау. Ораза – мұсылманның тақуалығын арттырып, сабыр мен рухани тәрбиеге жетелейтін ғибадат. Алла Тағала Құранда: “Ей, иман келтіргендер! Сендерге ораза парыз етілді, бұрынғыларға парыз етілгендей. Бәлкім, тақуа боларсыңдар.” (Бақара сүресі, 183-аят)

Ораза тек аштық пен шөлге шыдау емес, сонымен қатар жан мен жүректі тазартып, жаман әдеттерден арылуға мүмкіндік береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): “Кімде-кім Рамазанда шын ниетпен, сауабын Алладан күтіп, ораза ұстаса, оның өткен күнәлары кешіріледі.” (Бұхари, Мүслім) Сондықтан мұсылмандар бұл айда шынайы ықыласпен ораза ұстап, Аллаға жақындауға ұмтылады.

Рамазандағы ерекше құлшылықтар

Рамазан айында мұсылмандарға жасалатын құлшылықтардың орны бөлек. Солардың ең маңыздылары:

          1.       Құран оқу және тыңдау

– Рамазан – Құран түсірілген ай. Осы айда мұсылмандар Құранды көбірек оқып, оның мағынасын түсінуге тырысуы қажет.

          2.       Тарауих намазы

– Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Рамазан айында тарауих намазын оқуға ерекше мән берген. Бұл – құптан намазынан кейін оқылатын қосымша намаз.

          3.       Қайырымдылық пен садақа беру

– Рамазан – жомарттық айы. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл айда ерекше жомарттық танытқан. Мұсылмандарға зекет беріп, мұқтаждарға көмектесу – үлкен сауап.

          4.       Қадір түнін қарсы алу

– Рамазанның соңғы он түнінде Қадір түні бар. Бұл түнде жасалған дұға мен ғибадат мың айдан да артық сауап әкеледі.

 

Рамазан – сабыр мен рухани тазару айы

Рамазан мұсылман үшін рухани кемелдену айы. Бұл айда адам өз нәпсісін тыйып, сабыр, кешірім, мейірім, тәубе және жақсылыққа ұмтылуды үйренеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: “Ораза – сабырдың жартысы.” (Ибн Мәжа)

Яғни, Рамазан айында мұсылманның тақуалығы артып, жүрегі тазарады. Бұл ай – Алланың разылығына жетудің ең жақсы мүмкіндігі.

Рамазан – Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйіншілеген ерекше мейірім мен кешірім айы. Бұл айда мұсылмандар өздерін тәрбиелеп, нәпсіні тізгіндеп, Аллаға жақындауға тырысады. Рамазан айын тек қана ашығып, сусыз жүрумен емес, шын жүректен құлшылық етіп, жақсылық жасау арқылы өткізсек, оның берекеті өмірімізге әсер етеді.

Алла баршамызды Рамазанның берекесімен сусындатып, күнәларымызды кешірсін! Әмин!

 

 

Наурызбай ауданы «Әбу Бәкір» мешітінің бас имамы

Көптілеуов Бақытжан

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҚАЖЫЛАРҒА СӘТ САПАР ТІЛЕУ ЖАСТАРҒА НАСИХАТ (АҚЫТ ҚАЖЫ ҮЛІМЖІҰЛЫ)

Тақырып аясындағы мақалалар

Сұрақ-жауап АУЫР ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АДАМНЫҢ ОРАЗА ҰСТАМАУЫНА БОЛА МА?
Аузы берік адам (ауыр жұмыс істеу арқылы) қатты шөл мен аштыққа шалдығып, сол үшін өмірінен не есінен айырылатындай жағдайға душар болса, онда оған оразасын бұзуға рұқсат етіледі. Кейіннен бұл күннің қазасын ғана өтейді. Тек өзін әлсіретуге өзі себепші болып, тіпті ауыз ашуға дейін алып барса, әрі б...
Сұрақ-жауап ЖАС БАЛАЛАРҒА ОРАЗА ҰСТАУ МІНДЕТ ПЕ?
Балиғат жасына жетпеген жас бала мен ақыл-есінен ауысқан адамға ораза тұту парыз емес.
Сұрақ-жауап ОРАЗАҒА ТҮНДЕ НИЕТ ЕТПЕЙ НЕМЕСЕ ҮШ КҮН КЕШІГІП ҰСТАСА, КӘФФАРАТЫН ӨТЕЙ МЕ?
Рамазан айында екенін біле тұра, оразаға ниет етпей таңды атырып бесінге бір сағат қалғанша ниет етпесе, оразасы дұрыс болмайды.
Жұма уағызы ЗЕКЕТТІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ПАЙДАСЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауат пен сәлем болсын!  
рамазан 2025 ОРАЗАНЫҢ ПАРЫЗ БОЛУ ТАРИХЫ
Рамазан айындағы ораза – исламның бес парызының бірі және барлық балиғат жасына жеткен мұсылмандарға міндетті құлшылық.

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

рамазан 2025 БҰРЫНҒЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ
Әр мұсылман жыл сайын сағына күтетін құлшылық ол - ораза. Бабаларымыздан бізге өнеге һәм өсиет және аманат болып қалған. Көкірегінде иманы бар барша адам парыз деп ұғып, қаза қылмай тұтқан ғибадат....
рамазан 2025 ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ ҚАЗА ЕТКЕН ОРАЗАСЫН ӨТЕУ МӘСЕЛЕСІ
Ораза – Ислам дініндегі бес парыздың бірі, мұсылманның рухани тазалығы мен тақуалығын арттыратын ғибадат.
рамазан 2025 ІЗГІЛЕРДІҢ НАСИХАТТАРЫ
Замана күшейтсе де тығырықты, Көрсетпе сен ешкімге мұз қылықты, Ізінен адаспайсың аталардың, Өмірге өзек қылсаң ізгілікті!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
1 Шавваль 1446
Миләди
31 наурыз 2025
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 12:47

Екінтіге дейін 03:41

Вопрос устазу: новые вопросы о посте

Да, можно держать 6-дневный пост начиная с 31 марта

Администратор Azankz
29 нау. 2025

44. Аль-Муджиб - Отвечающий на мольбы

Вам предписано сражаться, хотя это вам неприятно. Быть может, вам неприятно то, что является благом

X
5 нау. 2025

23. Вопрос о том, что деяния Аллаха являются результатом воли (выбора)

Да смилостивится над нами Аллаһ. Спасибо за предоставленную книгу

X
5 ақп. 2025

Урок 7: Фарды и суннаты гусля

Ас саламу алейкум ва рахматуЛлахи ва баракятух. Женщинам нельзя промывать внутреннюю часть половых о

X
14 қаң. 2025

Переговоры по предстоящему сезону хаджа прошли в Джидде

О ,Аллах забери меня в Хадж

Саид
10 қаң. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi