МЕДРЕСЕДЕ ТӘЛІМ АЛҒАН АЛАШ ТАРЛАНДАРЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

МЕДРЕСЕДЕ ТӘЛІМ АЛҒАН АЛАШ ТАРЛАНДАРЫ

| A | +

Исламда дін мен білім егіз ұғым. Діндегі білім алудың маңыздылығы, артықшылығы, оны үйретудің талабы зор. Қасиетті Құран кітабында да алғашқы түскен аяттың оқу туралы екені белгілі. Яғни, "Алақ» сүресінде «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы!»  - деген. Осы аяттың Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түсірілген сәтінен бастап, ілім алу, дінді тану, үйрету, ұстаздық ету секілді істер жүзеге аса бастады деуге болады.

Сондай-ақ Раббымыз Алла Тағала білім алудың артықшылығы туралы «Зумар» сүресінің 9 аятында «Білетіндер мен білмейтіндер тең ба?» деп білімді адамның дәрежесінің жоғары екенін айқындайды.

Пайғамбарымыз да (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде: «Бесіктен қабірге дейін білім алыңдар» деп бұйырған. Дінімізде білім алушы ғана емес, сол білімді өзгелерге таратушы, өзгелерге білім үйретуші де сауапқа кенеледі. Пайғамбарымыздың  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  сахабаларына ілім үйретіп, оған сай амал етуді насихаттағаны Ислам тарихынан белгілі.

Біздің мақаламызға арқау болатын тақырып Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) білім алу мәселесі емес, осы Ислам дінінің таралуына, мәртебесінің көтерілуіне, ғалымдардың білім алуына бірден – бір құтты мекен болған білім ордалары – медреселерден білім алған Алаш қайраткерлері туралы болмақ.

Қазақ даласында қаншама ғалымдар, білімді, данышпан тұлғалар медреселерден шариғи тәлім – тәрбие алған. Тарих беттері мен әдебиеттерден оқып, біліп жүргеніміздей Алаш қайраткерлерінің, көзі ашық, көкірегі ояу, ел –жұртқа жол нұсқаған зиялылардың ауыл молдаларынан білім алғанын, сауат ашқанын көреміз.

Атап айтар болсақ, Әлихан Бөкейхан, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Ғұмар Қараш, Сұлтанмахмұт Торайғыров.

Абай атамыз айтқандай «баламды медресеге біл деп бердім», демекші қазақ зиялыларының білім алу жолы медресемен байланысты болған. Мысалы, Мағжан Жұмабаевты алар болсақ. Сол кезеңдегі қазақ зиялыларының басым көпшілігі білім алған «Ғалия» медресесінде Мағжан да білім алған. Сол медресенің түлегі.

Мағжан Жұмабаев ауыл мұғалімінен хат танығаннан кейін Қызылжардағы медресеге 1905 жылы түсіп, оны жақсы аяқтап, білімін жетілдіргісі келеді.  Осылайша, талаптанып, оқу іздеп Уфаға аттанып, осындағы «Ғалия» медресесіне оқуға түседі. Бейімбет Майлиннің өмір жолында оның да осы  «Ғалия» медресесінде оқып, шәкірттермен бірге білімін шыңдап, әдеби үйірмелерге қатысып, «Садақ» журналын шығарғаны айтылады. Осы «Садақ» журналына өзінің танымал болған, оң баға алған «Шұғаның белгісі» туындысын жариялайды.

1906 жылы ашылған Уфадағы осы «Ғалия» медресесі талай қазақ балаларының білім алатын ордасы болып қана қоймай, зиялылардың тырнақ алды шығармаларының жарық көруіне, шабытының шыңдалуына да себепкер орта бола білді. Бұл медреседе тек ислами ілім ағана емес, геометрия, алгебра, физика, химия, орыс тілі, педагогика сияқты ілімдерді де оқыту жолға қойылған еді. 1911 жылы «Ғалия» медресесіндегі қазақ шәкірттерінің қаражатымен «Әліппе яки төте оқу» атты қазақша оқу кітабы жарық көрді.

Осы жылы медреседегі қазақ шәкірттерінің көмегімен Ғұмар Қараштың «Өрнек» атты кітабы басылып шықты.

Зерттеушілердің дерегіне қара­ғанда, 1906-1919 жылдары Уфа­дағы "Ғалия" медресесінде жалпы саны 154 қазақ ұланы білім алған. Ақпаратқа сүйенсек, әйгілі Мұхтар Әуезов "Ғалия" медресесінде оқыған жастарды - "қазақтың ерте оянған тобы" деп бағалаған еді.

Мағжаннан басқа көрнекті ұлт зиялыларымен, башқұрттың талантты ақын-жазушылары Шайықзада Бабич және Сайфи Құдашпен бірге оқыған қазақ жазушысы – Бекмұхамед Серкебаев.  Қазақ, татар, башқұрт, шәкірттерін оқу-ағарту, әдебиет, мәдениет істеріне тарту мақсатында «Шымытыр» атты қолжазба журнал шығып, өзі оның редакторы болады.

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұзафар Әлімбаевтың – әкесі Әлімбаев Әлімбай  да осы медреседен сауат ашқан. Ол «Ғалия» медресесін бітірген соң өзі туып-өскен Павлодар облысы, Маралды ауылына мектеп салып, балалардың сауатын ашуға септігін тигізген тұлға.

1917 жылы  Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, «Алаш ұранын» жариялаған, медресе білім алған  қазақтың ағартушы ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров  1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесінде білім алады.  Сол кезеңдерде науқас болғандықтан толық білім ала алмасада ақындыққа ден қояды. Оның  «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Мағынасыз мешіт», «Жарлау», «Досыма хат», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Түсімде», «Жазғы қайғы», «Қымыз», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды.  «Қамар сұлу» романын жазады. 

Қазақ халқының ертеңіне алаңдаған «Алаш» партиясының құрамына кірген қазақ зиялыларының білімін шыңдап, жанашырлық сезімін оятуда медреселердің орны ерекше болды. Сонымен қатар, шығармашылықтарын дамытып, елге таратуда рухани орта тапты деуге болады. Жалпы, қазақ зиялыларының медреседе білім алуы, ең алғаш шариғи сауатын ашуы олардың әділ шешім қабылдауына, елге дұрыс жол көрсетуіне үлкен септігін тигізді.

Жалпы, елімізде Алаш қайраткерлерін, ел ертеңі үшін намысты қолдан бермеген зиялыларды ұмытпау, келер ұрпаққа таныту үшін мәдени шаралар ұйымдастырылып, атаулы күндер де аталып өтіледі. Қазақ халқы басынан небір зұлмат жылдарды өткізгені тарихтан аян. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету қаупі де болғанын тарихшылар тілге тиек етеді.

Осыншама зобалаң жылдарды, ашаршылықты, жойылудың алдында тұрған кезеңдерді, небір шайқастарды басынан кешкен халқымыз бейбітшіліктің қадірін жақсы біледі, батырларын ұмытпайды. Осы орайда, елімізде 1997 жылдан бастап, 31 мамыр -  Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу  күні болып жарияланды. Осы күні саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған іс-шаралар өтіп, ұрпаққа батырлар туралы насихат айтылып, еске алу рәсімі ұйымдастырылады.

Тарихшылардың деректеріне сүйенсек, қуғын-сүргін кезеңінде 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылған. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты  қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды.

Оларды «халық жауы» деп қуғанға ұшыратып, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары қолданылып, отбасына да қысым жасалды. Бүгінгі таңда еліміз егемендік алып, ащы шындықтың беті ашылып, ұрпақ санасына олардың ерлігі білім арқылы жеткізілуде. Тарих қатпарларындағы осынау зұлмат жылдар зобалаңы мен ұлт зиялыларын өскелең ұрпақ ұмытпайды деп білеміз.

 

Әуезов ауданы «Ақсай» мешіті

Аманкұлов Жеңісхан

 

 

         

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ИМАМ АҒЗАМ ӘБУ ХАНИФАНЫҢ ӨМІРІ МЕН ӨНЕГЕЛІ ӨСИЕТТЕРІ ЖАРАТУШЫ АЛЛАҒА МАХАББАТ

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат БІЛІМДІНІ, ҰСТАЗДЫ ҚҰРМЕТТЕУ
Аллаға мадақ, пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!
Құран және тәпсір Фото: Нұрланған жүрек
Көп жағдайларда бір нәрсенің қадірін оны жоғалтқан кезде ғана біліп жатамыз. Өзімізде бар нәрсеге шүкіршілік етудің орнына жоқ нәрсеге ынтығып жүреміз. Күн сайын, ұйқымыздан оянған сәттерде, қоршаған айналамызды көре алатынымыздың қаншалықты нығымет екенд...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ғұламалардың өмірбаяны ДЕШТІ ҚЫПШАҚТЫҢ ДАРА ПЕРЗЕНТІ – БЕЙБАРЫС СҰЛТАН
Қос харамның қорғаны болған Бейбарыс сұлтанның туғанына биыл 800 жыл толып отыр. Баба ерлігін ұлықтап, еңбектерін жас ұрпаққа паш ету мақсатында бабамыздың ата қонысы Атырау топырағында «Ұлы дала барысы – Бейбарыс сұлтан» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткіздік. ...
Ғұламалардың өмірбаяны ХАСАН БАСРИ ҒИБРАТЫ
Аса Қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Ғұламалардың өмірбаяны ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ - ДИУАНИ ХИКМЕТ ЕҢБЕГІ
Қожа Ахмет Ясауи XII ғасырда өмір сүрген Түркі әлемінің сопылық дүниетанымның негізін қалаушы, ақын, ойшыл, ұстаз, ағартушы, ғұлама пір. Толық аты-жөні: Ахмет бин Ибраһим бин Иляс....
Ғұламалардың өмірбаяны ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ЖӘНЕ ИХСАН ІЛІМІ
ІХ ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Яссы, Сауран, Сығанақ, Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзгент және тағы басқа қалаларда Ислам діні өркендей бастады. Х ғасырдан бастап Ислам ілімі жолында тәлім-тәрбие беретін медреселер бой көтеріп, көркем мінез ұстанымдар қалыптаса бастады. Сол кездегі Исл...
Ғұламалардың өмірбаяны Құнанбай, Абай, Ыбырай, Әлихан, Шәкәрім ораза, намаз, пітір садақа жайлы не жазды?
Оразаның қадір-қасиеті, мейір-шарапаты жайлы имам-ұстаздар жақсылап БАҚ бетінде жазып та, мешіт мінберінен айтып та жатыр. Аллаға шүкір, ораза жайлы маңызды мәліметтер жетерлік. Әсіресе ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалай ораза ұстағаны, жанындағы серіктері сахаб...
Ғұламалардың өмірбаяны АБАЙ ТАНЫМЫНДАҒЫ ТАУХИД
Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазды 1913 жылғы «Қазақ» газетінде жарияланған мақаласында. Алаш зиялыларының жетекшісі Хәкім Абайдың тек ақын емес, ислам ғұламасы һәм заманыны...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 01:17

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi