АБАЙ ТАНЫМЫНДАҒЫ ТАУХИД
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

АБАЙ ТАНЫМЫНДАҒЫ ТАУХИД

| A | +

Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазды 1913 жылғы «Қазақ» газетінде жарияланған мақаласында. Алаш зиялыларының жетекшісі Хәкім Абайдың тек ақын емес, ислам ғұламасы һәм заманының озық ойшылы екенін білгенінде шүбә жоқ. Алайда, Абай мұрасын сақтап А.Байтұрсынұлының өз тілімен айтқанда: «Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу» үшін ақындық қырын ғана жазуда. Өйткені, кешегі қанды жүйе қазақ руханиятының талай тарландарының есімі мен еңбектерін тарихтан біржолата жойып жіберді.

Абайды жалпы жұрт ақын деп, оның еңбектерінің ақындық тұсы ғана зерттелді. Бүгінде, Хәкім мұрасын исламтанушылар зерттеуі кезек күттірмес мәселе. Бұл өте өзекті. Өйткені, Абайдың шығармасы тұнып тұрған шариғат. Алайда, Ахаң айтпақшы: «Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалады». Абайды түсіну, оның орамды ой толғауларын жұртшылыққа түсіндіру оңай шаруа емес. Заманының заңғар тұлғасының қаламынан туындаған ойларын түсіну діни білімді қажет етеді. «Даналық – мұсылманның жоғалтқан меншігі» деген мағынадағы хадисте айтылғандай, ислам ойшылдары еңбектерінің бір парасы даналық, яғни хикметтер деп аталады. Мәселен, Ахмет Ясауидің «Диуани хикметі» сияқты. Абайдың да шығармасы даналықтар топтамасы болғандықтан оны Хәкім десе керек. Ойшылдың қара сөздерінің бір атауы ғақлия. Ата дініміз исламда діни таным нақыл және ақыл жолымен үйретіледі. Абайдың ғақлиясы шариғат мәтіндері жайлы ой толғауын көруге болады. Ғұламаның ғақлиясы теңдесі жоқ туынды.

Абайдың танымындағы таухидке зер салсақ. Ол қалың бұқара халыққа қарапайым тілмен күрделі тақырыптарды жеткізуде. Мәселен, он екінші сөзінде мұсылманшылық жайлы: «Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз», - деп ой қозғайды. Десе де, құлшылық толыққанды болуы үшін: «Әуелі – иманның иғтиқатын махкамлемек керек, екінші – үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды», - деп екі шартты баяндайды. Демек, құлшылық дұрыс болуы иғтиқат (ақида) дұрыс болуымен өлшенеді. Ал, он үшінші сөзінде: «Иман деген – Алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ» деп яқини иман мен тақлиди иман жайлы жазады.

Ойшыл сөзін жалғастыра келе: «Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз?» деп яқини немесе тақлиди иманы жоқ кісінің сенімін ұрлау немесе ең сорақысы бұрмалау оңай екенін айтып, сақтандыра келе «Әрнешік білмек керек, жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ» деп иманның осы екі түрінен басқа сенім жоқтығын айтады.

Ал, жиырма жетінші сөзінде Сократ пен Аристодим сұхбаты арқылы тәфәккур, яғни Жаратушы жайлы ойлауды түсіндіреді. Аталмыш сұхбатта ұстаз сұрақ қою арқылы шәкіртіне имани дәріс беруде. Әуелі, өнері және қабілеті арқылы қалың жұртшылықты таң қалдырған тұлғалар жайын сұрайды. Аристодим Гомер, Софокл және Зевксис жетістіктерін өнердің ең биік шыңы дегенде ұстазы: «Олай болса, кім артықша ғажайыптануға лайықты: жансыз, ақылсыз, құр пішінді жасайтұғын суретші ме? Я жан иесі, ақыл иесі адамды жаратушы ма?» деп айтпақ ойын тереңдете түседі. Мұнан соң он сегіз мың әлемнің шағын нұсқасы адам жаратылысына зер салуға шақырады. Дәлірек айтқанда, хауаси хамса, яғни адамның бес сезімі жайлы тәфәккур етеді. Ұстазы адамның жаратылуы асқан шеберліктің айқын белгісі екенін түсіндіреді. Сонда шәкіртінің «тахқиқ ойлап тексергенде, адамды жаратушы артық хикмет иесі екендігіне һәм махаббатыменен жаратқандығына шүбәсі қалмады», - дейді.

Зер салсаңыз, Хәкім Абай осы сұхбат арқылы Жаратушыны жаратқан туындысы арқылы тану иманды күшейтетіндігін көрсетуде. Ақида кітаптарында: Алланы танимын десең, Оның заты туралы емес, жаратқан туындыларын ойлау арқылы таны, - дейді. Он сегіз мың ғаламды махаббатпен жаратқан Алланың мейірімі шексіз екенін айтады. Демек, иманның бастауы – Жаратушыға деген махаббат. Хәкім Абай:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.

Осы үш сүю болады имани гүл,

Иманның асылы үш деп сен тәхқиқ біл, - дейді.

Аллаға иман ету – Рахман һәм Рахим Алланы жақсы көру. Әрбір мұсылманға бауырлық мейіріммен қарау. Үшіншісі, әділетті сүю. Ал енді, иманға залалы тиетін пиғылдар жайлы: 

Осыларды бұзатын және үш іс бар:

Пайда, мақтан, әуесқой - онан шошы.

Руза, намаз, зекет, хаж - талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті

Қылғанменен татымды бермес жеміс, - деп түйіндейді.

Демек, исламның негізі, бес парызының төртеуі имансыз пайдасыз. Дана Абайдың шығармасын талдау, түсіну ешуақытта маңыздылығын жоймайтын мәселе.

 

 

Авторы Төлеби Оспан

Алматы қаласының бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ӨЗГЕРІС ОЙДАН БАСТАЛАДЫ ЕРЕЖЕП – БЕРЕКЕЛІ ҺӘМ ҰЛЫҚ АЙ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ғұламалардың өмірбаяны ФИЛОСОФТАРДЫҢ ҚОЙҒАН ҮШ САУАЛЫНА ШӘМСІ ТӘБРИЗИДІҢ БЕРГЕН БІР ЖАУАБЫ (ҒИБРАТ)
Мәуләнә Жәләлуддин ар-Румидің рухани ұстазы Шәмсі Тәбризи мешітте өзінің шәкірттеріне саман кірпішке қалай таяммум соғылатындығын үйретіп жатқан екен. Сол уақытта бір топ құдайсыз философтар Шәмсі Тебризидің жанына келіп, үш сұрақ қойғылары келгенін айтады....
Ғұламалардың өмірбаяны ДӘСТҮРІМІЗДІҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ - ӘБУ ХАНИФА
Ханафилік құқықтық мектебі исламдық доктриналық мектептердің ең маңыздылардың бірі екендігі баршаға мәлім. Бұл, ең алдымен, ханафилік бағытта ұстанушылар санының орта ғасырлар мен қазіргі кезеңдегі басқа да құқықтық мазхабтардың ұстанушылары санынан бірнеше есе көп болуымен түсіндіруге болады....
Ғұламалардың өмірбаяны ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘБУ ХАНИФАНЫҢ РӨЛІ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев көптеген стратегиялық құжаттарда және әртүрлі деңгейдегі форумдарда сөйлеген сөздерінде ханафи мазхабының мәнін қазақстандық қоғамның бірігуі мен дінаралық бірлігіне ықпал ететін либералды, ашық исламдық диалог стратегиясы ретінде анықтайды....
Ғұламалардың өмірбаяны ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМНЫҢ ЖАРҚЫН ӨКІЛІ ИМАМ МАТУРИДИ
Толық есімі – Әбу Мансұр Мұхаммед б. Мұхаммед б. Махмуд әл-Матуриди әс-Самарқанди әл-Ханафи ретінде айтылуымен бірге «Әламул-худа», «Имамул-худа», «имамул мутакаллимин», «Мусаххиху ақаидил муслимин», «Райсу Ахлис сунна» секілді түрлі аттармен де аталуда. Матуриди бүгінгі Өзбекстанның Самарқанд қалас...
Ғұламалардың өмірбаяны Жырақта ғұмыр кешкен Насрулла ат-Тарази
Еліміз 1991 жылы ұзақ жылдарға созылған бодандық езгіден соң үстемдік құрған алпауыт қызыл империя ыдырап, қандас-бауырлары егемендік алғанда жүрегі жарыла шаттанған, шабыттанған Каирде тұратын 69 жастағы зиялы, профессор Насрулла ат-Тарази еді. Ол шынайы, риясыз сезімін, жан-тәніндегі тебіреністі п...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi